Сайтқа кіру Тіркелу

Атырау Ұлы отан соғысы жылдарында

Тақырыбы: Атырау Ұлы отан соғысы жылдарында (презентациясымен)

Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға Кеңес - Герман соғысының тарихи маңызы, ірі шайқастары, Қазақстандықтардың жеңіскен қосқан үлесін, оның ішінде жерлестеріміздің есімдерін, өшпес ерліктерін дәріптеу. Ел есінде мәңгі сақталатындығын таныту.
Сабақтың міндеттері:
1. Кеңес - герман соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың қайтпас - қайсарлықтың үлгісін көрсеткендігін, олардың ерліктерін насихаттау, тарихи танымдарын арттыру.
2. Оқушылардың осыған дейінгі білгендерін еске түсіре отырып, Атырау халқының жеңіске қосқан үлесі, жауынгерлеріміздің өшпес ерліктері туралы қосымша деректермен таныстыру. Оқушылардың ой - өрісін дамыту және іздену қабілетін арттыру.
3. Оқушыларды Отан қорғау жолындағы батырлардың ерліктеріне бас ие отырып, өз елін, жерін сүюге және құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: ерлік, кездесу сабағы
Сабақтың түрі: жаңа білім беру
Сабақтың әдіс - тәсілдері: баяндау, сұрақ - жауап, топпен жұмыс, ойтолғау, ин -
серактивті тақтамен жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: Дүниежүзі картасы, Ұлы Отан соғысы картасы,
Атыраулық батырлардың және жерлестеріміздің суреттері,
«Атырау» энциоклопедиясы, «Боздақтар» кітабы, интерактивті тақта
Пәнаралық байланыс: Дүниежүзі тарихы, география, қазақ әдебиеті

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру Оқушыларды түгендеу
ІІ. «Ой шақыру» сұрақтары:
1.«Соғыс» деген сөзді қалай түсінеміз?
2. Ұлы Отан соғысы қашан болды?
3. Ұлы Отан соғысы қай елдердің арасында болды?
4. Ұлы Отан соғысы қай елдің жеңісімен аяқталды?
5. Ұлы Отан соғысының аяқталуына биыл неше жыл толады?
6. Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақстандық батырларды атайық.
7. Өз ауылымыздан Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлер деп кімдерді атар едің?

ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту.
Жоспары:
1. Ұлы Отан соғысының басталуы
2. Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысы жылдарында
3. Атырау соғыс жағдайында болған жалғыз облыс
4. Атыраулықтардың жеңіске қосқан үлесі

Жаңа сабақты баяндау:
Адамзат тарихында екі дүниежүзілік соғыс болды.
1. 1914 - 1918жылдары 38 мемлекет қатысты
2. 1939 - 1945жылдар 61 мемлекет қатысты.
Екі соғысқа ортақбелгі: халыққақасірет әкелді, көпшығынболды, басқыншы - лық сипатта болды. Соғысты бастаушы ел Германия, жеңілген ел де Германия мен одақтастары.
1939жылы қыркүйекте КСРО мен Германия арасында бір - біріне шабуыл жасаспау туралы келісімге қол қойылды. 1940жылы Германия «Барбаросса» жоспарын дайындады.
Мақсаты: КСРО - ға соғыс ашу. Кеңес елінқұлату, халқын құлдыққа салу, дүниежүзіне үстемдік орнату.
1941 жылы 22 маусымда таңғы сағат төрт шамасында фашистік Германия әскері КСРО – ның батыс аймағынан Ленинградты қоршады. Кинохроника
көрсетіліді. Германияның КСРО – ны басып алу жоспары «Барбаросса» деп аталды. Ол бойынша КСРО - ны алты, сегіз аптада жаулау алу жоспарланды. Бұл соғыс Германия тарапынан әділетсіз, агрессиялық соғыс болды. Кеңес елінің тарихында «Ұлы Отан» соғысы деп аталды. «Бәрі майдан үшін, бәрі жеңіс үшін»- әрбір кеңес адамы осы ұранмен еңбек етті. Өзге республикалар мен бірге қазақстандықтарда қатысты. Еліміздің қалаларында жиындар өткізіліп, фашистік Германияны айыптады. Армия қатарына 1196164 қазақстандық алынса, әрбір бесіншісі майданға аттанды. Жалпы есеп бойынша 1мил870мың қазақстандық жаумен шайқасты. Соғыстың алғашқы күнінен бастап отандастарымыз ірі шайқастарға қатысып, ерлік көрсетті
Дайын слайдтар бойынша соғыстың басты шайқастары, қазақстандық батырлар туралы баяндалады.
Жамбыл Жабаевтың «Ленинградтық өренім»өлеңін оқу.
Ұлы Отан соғысындағы ерліктері үшін 11600 адамға Кеңес Одағының Батыры атағы берілсе, оның 497 - сі қазақстандық, оның ішінде 97 - сі қазақ.
110 қазақстандық Даңқ орденінің толық иегері.
Ұлы Отан соғысы тарихында зеріттелмеген ақтаңдақтар беті жеткілікті. Соның бірі Қазақстанда соғыс жағдайында деп жарияланған жалғыз облыс Гурьев(Атырау) болғаны. Өлке тарихын зертеуші, тарих ғылымдарының докторы Х. Б. Табылдиев ҚР Президенті архивінен бұны дәлелдейтін құжаттарды тауып, баспасөзге жариялады.
1942жылы тамызда жау Сталинград түбіне жеткенде кеңес басшысы И. В. Сталиннің бұйрығымен Атырау өңірі соғыс жағдайында деп жарияланады. Гитлер Сталинградты алумен бірге мұнайға бай өлке Атырауды алуды көздеді. Еділ мен Жайық аралығын «Еділ - Жайық»мемлекетін құрмақшы болды. 1942жылы 1қыркүйектегі бұйрыққа сәйкес 5 адамнан құрылған Гурьев Қорғаныс Комитеті, оның төрағасы Мырзахмет Бекжанов күн - түн жұмыс жасады.( «Атырау»газетінен үзінді оқу)
Атыраудан 42505 адам майданға аттанып, оның 13287 - сі оралмады. Облысымыз бойынша 9 адам Кеңес Одағының Батыры атағын, 4 адам Даңқ орденінің толық иегері, 344 - і орден, медальдармен марапатталды. 2004жылы желтоқсанда ҚР Президенті жарлығымен Хиуаз Доспановаға «Халық Қаһарманы»атағы берілді.

Атыраулық Кеңес Одағының батырлары
Аты - жөні Туған жері, туған жылы Қай жерде шайқасқаны
1. Смағұлов Қ. Махамбетауданы, 1919 Керчь үшін
2. Нысанбаев Б Индер ауданы, 1916 Орел облысы
3. Баймұханбетов М. Қызылқоға ауданы, 1910 Ленинград майданы
4. Мазуров Ф. С Құрманғазы ауданы, 1903 Днепр үшін
5. Канцев Г. Ф Махамбет ауданы, 1907 Венгрия үшін
6. Мұсаев М. Құрманғазы ауданы, 1919 Беларус майданы
7. Афанасьев А. Н Құрманғазы ауданы, 1914 Воронеж майданы
8. Мохоркин М. Ф Индер ауданы, 1916 Украин майданы
9. Березин И. В Индер ауданы, 1916 Беларус майданы
10. Доспанова Х. Құрманғазы ауданы 1922 Марина Раскова басқарған 46 - гвардиялық
полкінің құрамында

Атыраулық " Даңқ" орденінің толық иегерлері
р/с Аты - жөні Туған жері, жылы
1. Полынин Е. М Индер ауданы 1923
2. Шамин Г. Т Қызылқоға ауданы 1923
3. Еркінов Ш. Құрманғазы ауданы 1924
4. Әліпов Қ. Жылой ауданы 1914

ІҮ. Суреттер сыр шертеді. Оқушылар жерлес батырларымыз туралы әңгімелейді.
Қосымша:
Б. Нысанбаевтың суретін ұлты неміс Никель апасы Биғайшаға қарап салған. Г. Шамшиеваның «Ер Боран туралы жыр»дастанынан үзінді оқу. Ғ. Мүсірепов «Қазақ солдаты»романы басты кейіпкері Қайрош(Қайырғали Смағұлов) туралы, МұратЖәкібаев«Жеңіс тарихы»деректі фильм(Х. Доспановаға арналған) үзінді көрсету.
V. «Ешкімде ұмтылмайды»жерлестерімізге арналған мемориалдық белгі соғысқа қатысқан ауыл азаматтары туралы баяндалады. Ауылымыздан 200 - ден астам адам майданға аттанып, 100 - ден астамы елге оралмаған.
1.. Көшербаев Қидас
2. Оразалин Сәулен
3. Асанов Тапан
4. Есжанов Оспан
5. Есжанов Қайыр
6. Есқалиев Шәки
Бұл жерде жоғарыда аты аталған майдангерлердің соғыстан аман оралып,
шаруашылықтың түрлі салаларында еңбек еткені айтылады. Сонымен бірге жеңіске өз қаржысымен үлес қосқан ауылдасымыз Жексемалив Баймырза
туралы немересі, мектебіміздің мұғалімі Жексемалиева Айкерім өз атасымен
әрдайым мақтанатынын айтса, ардагер Зинуллин Мұқанбетжан соғыстан оралмаған әкесінің өзінің дүниеге келгенін соғыста жүріп естігенін айтады.

VІ. Жаңа сабақ бойынша сұрақтар мен тапсырмалар орындау.
1. Ұлы Отан соғысы қашан басталып, қашан аяқталды
2. Қандай ірі шайқастар болды картадан көрсету.
3. Қазақстаннан қанша адам майданға аттанды
4. Атырау облысы соғыс жағдайында деп неге жарияланды
5. Ауылымыздан аттанған майдангерлерден кімдерді атай аласың Оларды есте қалдыру мақсатында қандай шаралар жасалды
6. Ұлы Отан соғысында қазақтардың жасаған ерліктері лайықты бағаланды
деп ойлайсың ба

Сандар сөйлейді:
1418, 1мил870мың, 497, 42508, 13287, 10, 4, 200 - ден астам
Сәйкестендіру тестісі
Б. Нысанбаевтың туған жері Махамбет ауданы
Атырау облысы соғыс жағдайында 2004жыл
Х. Доспановаға «Халық қаһарманы»берілді 1942жыл
Қ. Смағұловтың туған жері Индер ауданы
Атыраулық батырлар саны 4
Жерлестеріміз атындағы көше саны 14

Ой - толғау
«Ауылымыздан шыққан майдангер»
«Қанатты қыз»
Оқушылар өз ойларымен, тақырып барысындағы мәліметтермен толықтыра баяндады.
VІІ. Сабақты қорытындылау
1. Оқушыларды бағалау
2. Үйге тапсырма: түсінік айту, қосымша әдебиеттерді оқу
Өз ата - әжеңнен Ұлы Отан соғысы кезіндегі елдің жағдайы туралы сұрап, «Біздің жанұя Ұлы Отан соғысы жылдарында» әңгіме құрастыру.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Қазақша презентация (слайд): Тоғызыншы 9 Мамыр - Жеңіс күні

Қазақша презентация (слайд): Тоғызыншы 9 Мамыр - Жеңіс күні

Фашистік Германия 1941 жылы 22 маусымда соғыс жарияламастан, тұтқиылдан КСРО - ға шабуыл жасады. Кеңес Одағының Ұлы Отан соғысы басталды....
Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында (1941 - 1945)

Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында (1941 - 1945)

Қазақстанның Ұлы Отан соғысына қатысуы, қазақ халқының батырлары туралы түсінік беру...
Қазақ халқының ерлік істері

Қазақ халқының ерлік істері

Атырау қаласы, №11 Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебі Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қосымбаева Қатира Жауынқызы...
Қазақстан 1941 - 1945 жылдары Ұлы Отан соғысы жылдарында

Қазақстан 1941 - 1945 жылдары Ұлы Отан соғысы жылдарында

БҚО, Теректі ауданы, Подстепный ауылы, Подстепный қазақ жалпы орта білім беретін мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Жумагалиева Жайнагул Сагынкожиевна...
Соғыс қаншалықты керек еді

Соғыс қаншалықты керек еді

1940 жылы 18 желтоқсанда А. Гитлер құпия кеңесте “Барбаросса ” жоспарын бекітті. Герман қарулы куштері 6 - 10 аптаның ішінде Кеңестер Одағын тас -...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×