Тақырыбы: § 18. Ежелгі Үндістан.
Мақсаты:
1) Үндістан түбегі, онда қандай өзендер бар? Үндістандағы касталық жүйе туралы оқушыларға мағұлмат беру.
2) Оқушылардың өткен сабақтардан алған білімдерін пайдалана отырып, сұрақ қою, жаңа материалдармен байланыстыру арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін, қосымша материалдар ұсына отырып, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
3) Оқушыларды ұқыптылыққа, елжандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: СТО тех. дамыту, сұрақ - жауап, баяндау. Топтастыру т. б
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер, карта, кесте.
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру.
Сыныпты түгендеп, назарларын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
§ 17. Парфия патшалығы.
Үй тапсырмасы тест тапсырмасын орындау арқылы тексеріледі.
1. Б. з. б ІІІ ғасырда....... көршілес орналасқан Парфия жерінде жаңа мемлекет пайда болды?
А) Бактрияның батыс жағында
Б) Вавилонның оңтүстігінде
С) Тәжікстан мен Ауғанстан жерінде.
2. Парфия патшалығының негізін қалаған кім?
А) Тиридат
Б) Сурен
С) Арсак
3. Арсак өлген соң таққа кім отырды?
А) Тиридат.
Б) Диодот
С) Сурен.
4. Бактрия билеушісі ІІ Диодот пен Тиридат қандай келісім жасады.
А) Селевкілерді талқандау туралы келісім
Б) өзара соғыспау туралы келісім
С) Римнің шығысқа жорығын тоқтату туралы келісім жасады
5. Көшпелі сақтар мен Парфия арасындағы келіспеушіліктің себебі неде?
А) Сирия жерін тең бөлісі алмағандықтан
Б) Сақтар Парфияға бағынғысы келмеді
С) Парфия билеушісін көмекке кешігіп келдіңдер деп кінәлап, келісілген төлемді беруден бас тартады.
6. Парфияда патша билігі неліктен шектеулі болды?
А) халыққа шектен тыс салық салып тұрғандықтан
Б) көшпелі тайпалардың қысымынан
С) ақсүйек рулардың ақсақалдарымен, дінбасыларымен ақылдасып, пікірлерімен санасып отырғандықтан
7. Парфияда мемлекет жері бірнеше аймаққа бөлінді. Осы аймақтар қалай аталады?
А) сатраптар. Б) диз. С) митра
8. Б. з. б 130 жылы Парфияға жорық жасаған ел?
А) Рим
Б) Сирия
С) Селевкі патшалығы
9. Сатыраптар бірнеше аудандарға бөлінген, Аудандар қалай аталады?
А) нана б) диз с) митра
10. Парфия мен Римнің арасындағы соғыс қай жылы, қалай аяқталды?
А) б. з. б 53 жылы Парфияның жеңісімен аяқталды.
Б) б. з. б 51 жылы Римнің жеңісімен аяқталды.
С) б. з. б 44 жылы екі жақта тең аяқталып, соғыспау туралы келісімге келді.
ІІІ. Жаңа сабақ.
§ 18. Ежелгі Үндістан.
І. Ой қозғау. Ассоциация - Ежелгі Үндістан мемлекеті туралы не білеміз?
ІІ. Мағынаны тану. (Мәтінмен жұмыс).
1. Табиғат жағдайлары.
2. Ең ежелгі қалалары.
3. Үнді мемлекетінің құрылуы.
4. Шаруашылығы.
5. Әлеуметтік қатынастар.
Тақырыпты пысықтау мақсатында топтық тапсырмалар беріледі.
І – топ: «Сөздікпен жұмыс».
Пенджаб - бес өзен елі.
Брахма – үнді құдайының аты
Кшатрий – жауынгерлер тобы.
Вайший – егіншілер тобы.
Варна - өз дәрежесі бойынша өмір сүруге тиісті тұйық топ.
Сакхари – қант құрағын үнділіктер осылай атаған
Раджа – тайпа көсемі.
ІІ – топ: Суретпен жұмыс. (Тәж – махалдың суреті бойынша тарихын әңгімелеп беру)
ІІІ – топ: Кестемен жұмыс. Ежелгі Үндістандағы әлеуметтік қатынастар.
Үнді қоғамы
Брахмандар жауынгер егіншілер шудралар
ерекшелігі ерекшелігі ерекшелігі ерекшелігі
ІҮ. Бекіту: Сөзжұмбақ шешу."Брахмандар"
1. Үнді өзенінің жоғарғы ағысына бес өзен келіп қосылады. Бұл аймақ қалай аталады?
2. Үндістанға солтүстіктен келген көшпелі тайпаларды ата?
3. Үнді қыздарының ұлттық киімі қалай аталады?
4. Б. з. б ҮІ ғасырларда Ганга өзенінің төменгі ағысы бойында пайда болған мемлекет?
5. Үндістанның Агра қаласында орналасқан тарихи ескерткішті атаңыз?
6. Үндістанның солтүстігінен басталып, оңтүстік шығысқа қарай ағатын өзен?
7. Өз дәрежесі бойынша өмір сүруге тиісті тұйық топ?
8. Үнділерде тайпа көсемдері қалай аталған?
9. Маурия әулетінің негізін қалаған кім?
10. Брахма құдайдың аяғынан жаралған төртінші топ өкілдері?
Ү. Тапсырма: § 18. Ежелгі Үндістан. «Тәж - махал» реферат. Қосымша деректермен жұмыс жасау.
ҮІ. Бағалау.
Ежелгі Үндістан
- Прекеева
- 3 сәуір 2013
- 13666
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Ежелгі Үндістан, тарих
Ұқсас жаңалықтар:
Ежелгі Ассирия мемлекетінің қалыптасуы
Ежелгі Ассирияның табиғаты мен шаруашылығы жайында, Ассирия патшалығының қалыптасуы жайында анықтап біледі. Оқушылардың басым бөлігі: Б. з. б ХV...Парфия патшалығы
Парфия патшалығының кұрылуы, көшпелі тайпалардың ұрпағы Арсак құрған Парфия патшалығы билеушілерінің өз шекарасын үнемі ұлғайтып отырып Римнің...Ежелгі Бактрия
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Сүттіқұдық ауылы №52 Б.Аралбаев атындағы орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі: Әбуова Гүлназ...Сақтар
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы №25 Тұрар Рысқұлов атындағы мектеп - гимназиясының тарих пәні мұғалімі: Байдосова Айнұр...Ежелгі Үндістан
ШҚО,Үржар ауданы, Благодарное орта мектебінің тарих пән мұғалімі Қасенова Нұргүл Берікқазықызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.