Сабақтың тақырыбы: Ежелгі Рим өнері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Римдегі мектеп, оқу жүйесі туралы, әдеби шығармалар мен шешендік өнер жөнінде, құқық дамуы туралы оқушыларға тарихи мағлұмат беру.
Дамытушылық: Рим өнеріне басқа елдер мәдениетінің әсері, өнер түрлері, олардың ерекшеліктері, даму жолдары.
Тәрбиелік: Тиянақты білім алуға деген құштарлыққа, шешендік өнер мұра - ларына деген құрмет сезіміне, поэзияны түсіне білуге, құқықты сақтауға баулу. Бұлардың бәріне жалпы адамзаттық мұра, құндылықтар ретінде қарауға тәрбиелеу.
Психологиялық: Оқушылармен қалыпты психологиялық климат және санитарлық - гигиеналық талаптарды орындау.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес.
Сабақтың әдісі: СТО - ң стратегияларын пайдалану.
Көрнекілігі: карта, плакаттар, бейнетаспа.
Сабақтың барысы:
І. Қызығушылықты туғызу. Оқушылар алдын ала 4 топқа бөлініп, әрқайсысына үйге іздену үшін жеке тапсырма беріледі.
1) 1-ші топ тікелей сұхбат.(Интервью алу). Жоғарғы, орта, төменгі буыннан интервью алынады.
1. Ежелгі Рим туралы не білесіз?
2. Ежелгі Рим мектебі туралы не айтар едіңіз?
3. Ежелгі Рим қаласының негізі қашан қаланды және оның алғашқы патшасы кім?
4. Әрі қолбасшы, әрі шешен Гай Юлий Цезарь туралы қандай құнды мәлімет айтар едіңіз?
ІІ. Мағынаны ашу.
1. Тақырып таңдау.
а) Рим мектебі.
ә) Рим поэзиясы.
б) Шешендік өнер.
в) Құқық.
Оқушылар: 1) Тақырып таңдайды; 2) Іштей оқиды; 3) Түсініп оқиды; 4) Ойланады; 5) Жауап береді.
2) Тәуелсіз зерттеу. 2-ші топ үйге берілген тапсырма бойынша Вергилий, Гораций, Цицерон, Цезарь туралы қосымша мәлімет жинақтайды. Оқушы: 1) Ізденеді 2) Оқиды 3) Жазады 4) Айтады.
3) Қойылым 3-ші топтың үйге берілген тапсырмасы.
Басқарушысы: Октавиан Августің Меценат атты бай досы болыпты. Ол ақындарға қамқорлық жасап жүріпті. Ең атақты ақынның бірі Гораций өте кедей еді.
Меценат: Г. Ю. Цезардің тақ мұрагері, императорымыз Октавиан Август императорлық билікті нығайту үшін ақындарды өз жағына тартып, өлеңдер жазғызып жатыр. Мен сіздің император Августің тапсырмасы бойынша «жүз жылдық ойын» мерекесі кезінде үлкен хор орындайтын салтанатты ән ұранының өлеңдерін жазғаныңызды білемін. Сіздің өнеріңізге тәнтімін! Барлық күш - қуатыңды өлең шығару ісіне арнау үшін Гораций сізге мен шағын имение(жер бөлігін) сыйлаймын.
Басқарушы: Гораций өз өлеңдерінің уақыт қысымына бағынбайтын ескерткіш болып қалатынын білген.
Гораций: Менің ескерткішім орнатылды. Ол мыстан да мәңгілік. Пирамидадан да салтанатты. Оны жаңбыр тамшылары да, екпінді жел де, өткен жылдардың шексіз шиыры да қирата алмайды. Жоқ, мен зымзия құрып кетпеймін! Менің ең асыл бөлшектерім жерге көмілмейді...
Басқарушы: Меценаттың есімі жомарттықтың үлгісіне айналған. Қазіргі заманда да ақынға, суретшіге, әртістерге көмек көрсетушілерді Меценат деп атайды.
4) Жоба плакат. 4-ші топқа «Ежелгі Рим өнері» деген тақырыпта жоба плакат жасауға үйге тапсырма берілді. Оқушылар: 1) Жоба плакат жасайды; 2) Қорғайды.
1. Жүрегіміз соғып тұрғанда, ұрпақ жалғастығы тоқтамақ емес. Сондық - тан Ежелгі Рим өнерін жүрек тұсына орналастырдық.
2. Сананы жетілдіру жолы - білім. «Білекті бірді, білімді мыңды жығады» деген қазақ мақалына сай, әрі білімге ақыл - ой, еңбек арқылы жететін болғандықтан білімді жоғары қойдық.
3. «Мың рет естігеннен бір рет көрген артық» деген сөзге сүйене отырып,
әрі құқық нормаларының сақталуын қадағалайтындықтан құқықты көзге бейнеледік.
4. Поэзияны құлаққа салған себебіміз, кішкентайдан естіп, құлаққа сіңіріп өсуге септігін тигізетіндіктен.
5. Шешендік өнерді тілге салған себебіміз, қазақта шешен адамды «тілінен бал тамған» деген теңеуге байланысты.
6. Дінді мойынға салған себебіміз, дін ерте кезден пайда болып, қазірге дейін мойнымыздан түспей келе жатқандықтан.
7. Сәулет өнері мен мүсін өнері қолмен жасалатын болғандықтан, қолға салдық.
8. Латын тілі римдіктер сөйлеген тіл. Б. з. V ғасырында Рим империясы жойылып, латын тілі француз, итальян, португал, румын т. б. тілдерге жіктеліп кетсе де қазірдің өзінде медицина т. б. салаларда халықаралық терминде қалмай қолданылып келе жатқандықтан аяққа салдық.
Сол сияқты осыдан 2000 ж. Бұрын Г. Ю. Цезарь жасатқан күнтізбедегі ай аттары әлі күнге дейін пайдаланылып келе жатқандықтан аяққа салдық. «Сентябрь» жетінші, «декабрь» оныншы дегенді білдіреді. Өйткені, римдіктер жылдың басын наурыз айынан бастап есептеген. Себебі, февраль айы өлім құдайы Феврустің атымен аталғандықтан оны 28күннен тұратын ғана етіп, жылдың ең соңғы айы деп есептеген.
Июль Цезардің құрметіне, ал август айы император Октавианның құрметіне осылай аталған.
ІІІ. Ой – толғаныс.
РАФТ. Оқушылар: 1) Ойланады; 2) Жазады; 3) Айтады.
Роль – Ежелгі Рим халқынан.
Аудитория – 6 «А» сынып оқушыларына.
Форма – хат.
Тақырып. Алғыс хат.
Құрметті 6 «А» сынып оқушылары! Сіздердің, біздің, яғни Ежелгі Рим өнерін жақсы меңгергендеріңізге ризамыз, әрі алғысымызды білдіреміз!
Алдағы уақытта білімнің кемесімен көп жерді шарлап, ұлттық рухы мықты, парасатты азамат болып өсулеріңізге тілектеспіз.
Бағалау.
Үйге тапсырма: Грек және Рим мектебін салыстыра отырып, аргументі эссе жазу.
Ежелгі Рим өнері
- Гаухар84
- 10 ақпан 2013
- 9952
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Ежелгі Рим өнері, тарих
Ұқсас жаңалықтар:
Ежелгі Ассирия мемлекетінің қалыптасуы
Ежелгі Ассирияның табиғаты мен шаруашылығы жайында, Ассирия патшалығының қалыптасуы жайында анықтап біледі. Оқушылардың басым бөлігі: Б. з. б ХV...Египеттегі ғылыми білім негіздері
Египеттік жазудың шығуы мен дамуын зерттеу арқылы оқушылардың білім, білік дағдысын қалыптастыру. Египетте дамыған ғылыми білімдердің түрлері жайында...Тізбектелген сабақтар топтамасын орта мерзімді жоспарлау (Кембридж бағдарла ...
Қызылорда қаласы, № 211 А. Байтұрсынов атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Болатбаева Мирамкүл...Ежелгі грек өнері
Оңтүстік Қазақстан облысы, Төлеби ауданы, Көксәйек арнайы негізгі орта мектебінің тарих - география пәнінің мұғалімі Жолдасова Эльвира Берлесқызы...Ежелгі грек мектебі мен ғылыми білімдері
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы Сүттіқұдық ауылы, №52 Б. Аралбаев атындағы орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі Оразгелдиева Ботакөз...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.