Сабақтың тақырыбы: «Наймандар, керейіттер, жалайырлар»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:- Оқушыларды найман, керейіт, жалайыр мемлекеттерінің құрылу тарихы, қоғамдық құрылысы, шаруашылығы мен мәдениетіндегі ерекшеліктерімен таныстыру.
Дамытушылық:- Мемлекеттердің өзіндік ерекшеліктері мен ұқсастықтары туралы айта отырып, оқушылардың мемлекеттер тарихын салыстырып, қорытынды жасау қабілеттерін дамыту..
Тәрбиелік:- Қазақ халқының этникалық құрамында басты рөл атқарған найман, керейіт, жалайырларда елдің басын қосып, бірлікке, өнерге баулыған білімді мемлекет басшыларының ісін үлгі ете отырып, оқушыларды білім алуға, ізденуге, тәлім - тәрбие алуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты өз бетінше меңгерту.
Сабақтың әдістері: Сұрақ - жауап, интерактивті әдіс, топтық жұмыс, деңгейлік тапсырма, іскерлік ойын, жоба қорғау, танымдық тапсырмаларды орындау.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, электронды оқулық, тірек - сызбалар, тарихи терминдер.
Пәнаралық байланыс: География, қазақ әдебиеті, экономика.
Сабақтың жүргізілу барысы:
I. Ұйымдастыру. 1. Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушыларды түгендеп, журналға белгілеу.
3. Оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстыру.
II. Үй тапсырмасын тексеру:
«... Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз
сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек...»
Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан - 2050»Жолдауынан
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев айтқандай, бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін: біздің қосатын үлесіміз сабақты жақсы оқу, білімді, сауатты болу, ендеше біз өз білімімізді сынап көрелік. Бүгін сіздерді мемлекетіміздің дамуына үлес қосатын білімді азамат болуға шақырамын.
Сабақтың бұл кезеңі «Олимпиада ойындары» деңгейлік ойыны арқылы жүргізіледі. Бұл ойынға екі топ қатысады, олар өзара жарысады, медаль жинаулары қажет. Өздерінің тапқан табыстарын молайту керек. Ойыншылар бес айналымнан өтіп тапсырмаларды орындауға тиіс. Әр айналымның өзіне тиісті шарттары бар. Шарттары ойын барысында түсіндіріледі.
I - айналым «Ауылдық спартакиада». «Баламалы тест» Жауап «иә», «жоқ» парақшаларды көтеру арқылы алынады.
№ Тапсырмалар, сұрақтар
1. Соғдылар Жетісуға қоныс аударған иран тілдес халық
2. «Түрік» этнонимі 603 жылдан бастап қытай деректерінде кездеседі.
3. Арабтар түргештің Үшлік қағанына «сүзеген» деген ат берді.
4. 751 жылы Атлах шайқасы болды.
5. Батыс Түрік қағанатында сот істерін бектер атқарды.
6. Түргештер екіге бөлінді: қара және сары түргештер
7. Оғыздардың астанасы Суяб қаласы болды.
8. Қимақтар Жетісуді мекендеді.
9. Дың ескерткіштері Қарахан мемлекеті кезінде басым болды.
10. Дамыған орта ғасыр V - IX ғ. қамтиды.
№ Тапсырмалар, сұрақтар
1. Сардоба – қазақ үйге ұқсас ғимарат.
2. 960 ж. Сатұқ Боғра хан ислам дінін жариялады.
3. Дінбасылар мен әскербасылар жерлерін «вакфтық» жерлер деп аталды.
4. Көне түрік жазуы – араб жазуы.
5. 756 - 940 ж. ж. Қимақ қағанаты өмір сүрді.
6. Оғыздың жоғарғы билік иесі сюбашы деп аталды.
7. Қарлұқтар Ұйғыр қағанатына қарсы күрес 20 жылға созылды.
8. Атлах шайқасында арабтар қытайларды қолдады.
9. Қарахан мемлекет құрылуында басты рөл атқарған тайпа – түргештер.
10. Ерте орта ғасыр – X - XIV ғ. ғ. қамтиды.
II - айналым «Аудандық спартакиада»: Әр топ мүшелері марапатталғаннан кейін, «аудандық спартакиадаға»жолдама алды. Екі топқа екі түрлі тапсырма. Әр топ капитаны өз таңдауларында.
1 - топ 2 - топ
1 - қола
2 - күміс
3 - алтын
1 - топ тапсырмасы: Ерте орта ғасырдағы мемлекеттер. Берілген атаулар қиылып дайындалған, дұрыс тауып төмендегі кестеге жабыстыруы керек, толтыру белгілі уақытта екі топ бірдей бастап, қанша тапсырманы дұрыс орындайтынына байланысты марапатталады.
№ Қола тапсырмасы
Мемлекет атауы Күміс тапсырмасы
Хронологиялық ауқымы Алтын тапсырмасы
Билеушілері
2 - топ тапсырмасы:«Тарихи домино» ойыны. Жеке - жеке сөздер домино ретінде берілген, дұрыс жауабын тауып қою керек. Терминдермен жұмыс
1. Коммендация -
2. Икта -
3. Вакфтық жерлер -
4. Сюбашы -
5. Бұрықтар мен тархандар -
6. Қаңқаш -
7. Сардоба -
8. Күлеркіндер -
Мысалы:
III - айналым: «Облыстық спартакиада» алтын - күміс - қола
Қазіргі әрбір қазақстандық азаматтардың шет тілін оқып - үйренуге толық мүмкіндігі бар. Бұл елбасының үш тұғырлы тіл саясаты аясында жүзеге асады.
III - айналым тапсырмалары 5 сұрақтан тұрады, тест жауабы үш тілде орындалады. Тестің әр үш тілдегі дұрыс жауабы алтын медальмен марапатталады.
Сұрақтары:№1
1. 603 жылы Түрік мемлекеті 2 - ге бөлінді:...
(Батыс, Шығыс - Восток, Запад - West,
2. «Қара бұдын» деген кімдер?....
(Халық – Народ – Реорle)
3. 960 жылы Мұса Боғра хан қандай жаңалық енгізді?...
(Дін – религия – religious
4. Түргеш қағанатының орталығы....
(Қала – город – city/town)
5. Түрік қағанаты...
(Мемлекет – Государство – country`
№2
1. Ақшалы сауда айналысының болғандығын неден білеміз?....
(Археологиялық қазба жұмыстарынан - работа - work `
2. Қарлұқ қағанаты неше жыл өмір сүрді?...
(200 жыл - год - year`
3. Қыстаулар қандай жерде орналастырылды?....
(ірі өзен бойларына - река - river
4. Шегу қаған қағанаттың шығыстағы шекарасын Алтай тауына дейін, ал батысын қай жерге дейін жеткізді?...
(Памир тауына дейін - горы - mountains
5. Түріктер неге табынған?...
(Отқа – огонь - fire`
IV – айналым «Республикалық спартакиада». Жаңа сабақ түсіндіру. «Наймандар, Керейіттер, Жалайырлар»
Жаңа сабақты оқыту жоспары:
1. Тайпалардың орналасуы.
2. Найман, керейіт, жалайырдың саяси тарихы.
3. Қоғамдық құрылысы.
4. Шаруашылығы.
Жаңа сабақты өткен сабақпен байланыстыра отырып, оқушыларға сұрақ беріледі.
1. Найман, керейіт, жалайыр туралы не білесіңдер?
2. Қарахан мемлекеті құлағанда Шығыс хандық кімдердің қол астына өтті?
Оқушылардың жауабын толықтыра отырып, тірек - сызбалар арқылы түсіндіру.
Электрондық оқулықты, сызбаларды пайдалана отырып, түсіндіру, толықтыру.(сызба 1)
Түртіп алу стратегиясы:
Негізгі оқиғалар:
VIIIғ.- жазба деректерде сегіз тайпа бірлестігі Орхон өзені мен Алтай тауының аралығында өмір сүрген.
X ғ.- бастап бұл тайпалар Қазақстанға қоныстана бастады.
XIIғ. 2 - жартысы - Найман мемлекетінің аты шыға бастады.
1201 ж.- қырғыз, меркіт, найман тайпалары құрылтайға жиналды.
1204 ж.- Монғол ханы Даян ханға қарсы жорыққа шығып, оны біржолата жеңеді.
XI - XIIғ. ғ - Керейіт хандығы Монғол хандығымен жақсы қарым - қатынас құрады.
X - XIIғ.- Керейіт мемлекетінің шарықтау шегі болды.
1202 ж. Шыңғыс хан керейіттерді басып алды.
Негізгі ұғымдар:
«Найман» сөзі - монғолша «сегіз» деген мағына білдіреді.
«Керейіттер»- Керулен өзені бойында қоныстанғандықтан сол өзен атымен аталған.
«Монғолдардың құпия шежіресі» кітабында -«Керейіттер Монғол хандығымен жақсы қарым - қатынаста болып, екі хандық одақтаса отырып, меркіт, найман және т. б. тайпаларға шабуыл жасаған..»- деп жазған
Рашид ад - Дин -« Монғол жерінде өмір сүрген керейлер – күшті дамыған ел.... Олар тек Шыңғыс хан әскерінен әлсіреді. Олардың мәдениеті өте жоғары болып, көне түрік жазуларын пайдаланған.»- деп жазған
Шерби – ұлыстардың ішкі істерін жүргізді.
Бекіту тапсырмасы: «Фишбоун» әдісі «Балық сүйегі.» деп аталады. Екі топ осы тапсырманы
орындайды. 1 - топқа «Наймандар», 2 - топқа «Керейлер»
Фишбоун (балық сүйегі): басы – негізгі тақырып, жоғарғы сүйектері – тақырыптың негізгі
ұғымдары, төменгі сүйектері – ұғымдарға түсініктеме, құйрығы – қорытынды, немесе
сұрақтың жауабы қысқа ұғымдар арқылы жазылуы тиісті.
«Шығармашылық иірімдер» әрбір топ түсіндірілген жаңа сабақтан танымдық тапсырмалардан тірек – сызбалар дайындап, талдайды және оны топ жетекшісі жарнамалап, оқушылар алдында қорғайды.
Бағалау. Оқушылардың білімін бағалау «төреші» - сынып жетекшісі, пән мұғалімі, топ басшыларымен медальдарды есептеп, жеңген топқа «білім кубогын» тапсырады.
Үйге тапсырма: §12 53 - 58 беттер. Тақырыпты оқып келу. Жалайыр тайпасы туралы материал жинақтау. Дәптерге конспект жазу.
Қорытынды: «Азығы бір күнге жететін айламен емес,
Білімі мың жылға жететін пайдамен өмір сүрейік!»
Наймандар, керейлер, жалайырлар
- Нургуль-76
- 16 қаңтар 2013
- 20727
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Найман, керей, жалайыр, ру, тарих, тегіңді білу
Ұқсас жаңалықтар:
Атлах-талас шайқасы
Қазақстан жерінде құрылған ежелгі түрік мемлекеттерінің бірі Түргеш қағандығы еді....Қарлұқ қағанаты
Қазақстан жерінде өмір сүрген қарлұқ қағанатының құрылу тарихын баяндай отырып, қағанаттың жер аумағы, халқы, саяси жағдайы мен әлеуметтік...Қарахан мемлекеті
Ақмола облысы, Атбасар ауданы, Мариновка қазақ орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Берденова Қалиман Дүйсекқызы...«Тарих- ғасырлар куәсі»
Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы, Қарасу ауылы №83А. Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Игенбаева Динара Маратқызы...“Қазақ” атауы мен қазақ жүздерінің пайда болуы
Сабақтың тақырыбы: §12. “Қазақ” атауы мен қазақ жүздерінің пайда болуы....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.