Ұлы даланың ұлы тұлғасы - Әбу Насыр әл - Фараби – ғұлама ғалым
Елбасы Н. Ә. Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында тарихи сананы жаңғыртуда, ең бірінші, ұлт қаһармандарының өнегелі өмірі мен құнды еңбектерін елге, жас ұрпаққа кеңінен насихаттауды әрі үлгі тұтуды тапсырып, «Ұлы дала Әл - Фараби мен Ясауи, Күлтегін мен Бейбарыс, Әз - Тәуке мен Абылай, Кенесары мен Абай және басқа да көптеген ұлы тұлғалар шоғырын дүниеге әкелді», - деп жазған. ҚР Президенті Қасым - Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына алғашқы Жолдауында 2020 жылы халқымыздың ұлы перзенттері Әбу Насыр әл - Фарабидің 1150 жылдық, Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойларын атап өтуіміз керек және ғұлама тұлғаларымыздың еңбектерін халық арасында дәріптеуіміз керек деп айтқан болатын. Президент Қ. Тоқаевтың өткен жылдың 26 тамызында «Әбу Насыр әл - Фарабидің 1150 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы» жарлығына сәйкес ЮНЕСКО қолдаған бұл шара ресми түрде қаңтар айынан бастап – әлемдегі «екінші ұстаз» атанған даңқты тұлға - Әбу Насыр әл - Фараби есімімен аталатын киелі Қазақ ұлттық университетімізден басталғаны бәрімізге мақтаныш!
Ұлы даланың ұлы тұлғасы - Әбу Насыр әл - Фараби философия, медицина, психология, музыка, физика, астрономия, ботаника, лингвистика және т. б. ғылымдарды оқып, зерттеп, еңбектер жазып әлемге танылған, сонымен қоса оның ғылыми және мәдени мұралары ғасырлар бойы ардақталып, ұрпақтан - ұрпаққа мұра ретінде өтіп келе жатыр.
Ұлы ойшыл ғылымның дамуына баға жетпес үлес қосып, әртүрлі ғылым саласына байланысты 150 - ге жуық еңбектер жазып, артына өшпес мұра қалдырған. Оның медицина туралы жазған еңбектері болашақта медицинаны дамытуға үлкен әсер етті. Көптеген ғалымдар оның теорияларын алға тартып дамытты. Атақты медицина ғалымы Ибн Сина (Авиценна) солардың бірі болды. Авиценна Фарабиді өзінің ағартушы тәлімгері деп атауға мақтанған. Сонымен бірге аты әлемге әйгілі ғұламаның «Химия өнерінің қажеттігі жайлы», «Философиялық сұраулар және оған жауаптар», «Бақытқа жету туралы», «Ақылдың мәні туралы», «Әріптер туралы кітап», «Геометриялық трактат» сынды еңбектері біраз тілге аударылған және бұл еңбектер қазіргі уақытта да өзектілігін жоймаған.
Әлемдегі «екінші ұстаз» атанған даңқты тұлға - Әбу Насыр әл - Фараби ғылым жолына өз үлесін қосып, бүкіл әлемді шарлап, ғылым мен білімнің құпия сырларын жетік меңгеріп, кейінгі ұрпаққа өшпес өнеге, өлмес мұра, ең құнды асыл қазына қалдырды. Әл - Фараби - ұлы ғалым, өнер әлемін, оның ішінде музыка дүниесін терең зерттеген, дін әлемінің басты тұғырнамаларын философиялық тұрғыдан негіздеген, осы бағытта көптеп еңбек еткен ұлы даланың ұлы тұлғасы болып табылады. Оның аманат етіп қалдырған ең ұлы шығармаларын, әлі де зерттелмей жатқан ұлы мұраларын терең зерттеп, келешек ұрпаққа жеткізу болашақ жастар біздің еншімізде!
Шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр әл - Фарабидің қайталанбас ғажап туындыларының жастардың мәдени және рухани дамуына ықпал етуде, ұлттық сана - сезімін дамытуда, шығармашылық қабілеттерін арттыруда, ғылыми ізденіске себепкер болуда маңызы зор.
Өзенбек Еркебұлан
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Тарих, археология жəне этнология факультетінің
Ғылыми тарих мамандығының 3 - курс студенті
Ғылыми жетекші: әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - нің қауымдастырылған профессоры, т. ғ. к. Абикенова Г. Е.
Ұлы даланың ұлы тұлғасы - Әбу Насыр әл - Фараби – ғұлама ғалым
- ramuk_b
- 21 желтоқсан 2020
- 2154
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Ұлы даланың ұлы тұлғасы, Әбу Насыр әл-Фараби, ғұлама ғалым
Ұқсас жаңалықтар:
Әл - Фараби – ғұлама ғалым
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ ЖОО дейінгі білім беру факультеті Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы шетелдік тыңдаушылар...Ғылым мен білімнің дамуы
Атырау қаласы, №34лингвистикалық мектеп - гимназиясының мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары және тарих пәні мұғалімі Орынбасарова...Әбу Насыр әл - Фараби
Мақсаты: Оқушыларды ұлы ғұлама Әбу Насыр әл - Фарабидің өмірімен таныстыру. Тілдік, сөздік қорын молайту, танымдық ойлау қабілеттерін арттыру....Әл-Фараби Шығыстың ғұлама ғалымы
Атырау қаласы, Еркінқала орта мектебі Өтепова Тойған Қуанышқызы...Әл - Фараби – Шығыстың ғұлама ғалымы
Абжаппарқызы Мира Алматы облысы, Ақсу ауданы, Көкөзек ауылы. Қ.Терібаев атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығының тарих пәні мұғалімі...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.