Сайтқа кіру Тіркелу

Ғұндар

Сабақтың мақсаты: Оқушылар ғұн мемлекетінің ерте кезеңі, мемлекеттік құрылымы, ғұн тайпаларының бірлестігі туралы, шаруашылығы, мәдениеті, жауынгер халық екендігі туралы мағлұмат алады, ғұндар туралы төменгі сыныпта өткендерін, білетіндерін толықтырады.
Сілтеме: Оқулық, дидактикалық құралдар.
Күтілетін нәтиже. Ғұн мемлекеті туралы толық мәліметтер алады, білімдерін толықтырады, Ғұн мемлекетінің құрылуы, халқының этникалық құрамы мен шаруашылығымен танысады және алған білімдерін өздігінен талдап, қорытынды жасауға дағдыланды.

Сабақтың жабдықтары. Интербелсенді тақта, сызба - кестелер, постер, стикер қағаз, маркер, слаид т. б

Топқа бөлу: Алтын Орда - Батый. Ақ Орда - Орда Ежен, Моголстан - Тоғылық Темір. Ханталапай - хан сайланғанда мал - мүлкін таратып алу. Сойырғал - мұрагерлікпен сыйға берілген жер. Хараж - егіншілерден алынатын салық. ХIV - XV ғасырдағы тарихи ескерткіштер - Алаша хан, Жошы хан, Дурбек -«Жүсіп - Зылиха», Өтемісқажы еңбегі - «Шыңғыснама».
1.«Ассоциация» әдісі «Ғұндар»сөзі жазылады оқушылар өз білімдерін ортаға салады. Қызығушылығы оянады.
2.«Джигсо» әдісі, консеп карта. Топтарға мәтін таратылып, білімін толықтырады. консеп картаға түсіріп, қорғайды..
3. Тест. Жаңа сабақты бекіту мақсатында алынады.
4.«Ыстық орындық» әдісі бір оқушы шығады да жаңа тақырып хронологияны топтарға қояды.

Ғұндар тарихы
Ғұндар, хундар – ежелгі дәуірдегі тайпалар одағы, түркі халықтарының арғы тегі. Б. з. б 1 - мыңжылдықта қалыптасқан. Қытай деректерінде Солтүстік Қытайда, Моңғолияда, Байкалдан Ордосқа дейінгі аралықты мекендеген ғұн тайпалар бірлестігі б. з. б 4 - 3 ғасырларда құрылған. Б. з. б 3 ғасырдың соңына қарай ғұндар өздерінің мемлекетін құрды. 24 руға бөлінді. Қазақстан жеріне б. з. б 1 ғасырдың соңы мен 1 ғасырда келген.
Қоғамдық құрылымы;
1. Жоғары билеушісі «тәңірқұты» қытай деректерінде «шаньюй» деп аталды.
2. Түменбасы - ру басшысы, он мың атты әскер басшысы (шаньюйдің ұлдары, інілері, жақын туысқандары) Түменбасыны шаньюй тағайындаған. Ал түменбасы мыңбасы, жүзбасы, онбасыны тағайындаған.
3. Мыңбасы
4. Жүзбасы
5. Онбасы
Империяның басқару тобы ақсүйектерден тұрды. Жылына үш рет ақсақалдар кеңесі шақырылды. Ғұндар мемелекеті әскери жүйе бойынша 3 - ке бөлінді:. Сол қанат, орталық қанат, оң қанат
Қоғамдық құрылысы: Ғұн тайпаларында әлеуметтік теңсіздік болды. Көшпелі патриархалды ел. Тақ мұраға қалдырылды. Ауыр қылмыс пен опасыздық жасағандарға өлім жазасы кесілді. Ұрлық жасағандардың беті тілінді.
Ғұндар әскери қуаты
Ғұндар әскерінің негізі атты әскерден тұрды. Ғұндардың жауынгерлік құдыретінен сескенген қытайлықтар Б. з. б 3 ғасырда Ұлы Қытай қорғанын салдырды. Қорған 4000 шақырымға созылған. Биіктігі 10 метр, 60 - 100 метр сайын күзет мұнарасы қойылған. Қытайлар мен Ғұндар 300 жылдан астам соғысты. Ғұндар соғыс кезінде қорған бұзғыш машинаны, тас атқыш техниканы (катапульта) қолданды. Қарулары садақ, қылыш, найза, қалқан.
Ғұн билеушілері
Мөде Б. з. б 228 - 174 жылдары өмір сүрген.
Ғұн мемлекеті негізін қалаушы. Әскери реформа жүргізуші. Байкал көлінен Тибет тауына дейін, Шығыс Түркістан Хуанхэ өзеніне дейінгі жерлерді ғұндарға бағындырды. Мөде өз әскерлерін «ысқыратын жебесін» қайда жетсе, сол жаққа атуға бұйырды.
Б. з. б. 209 жыл. Мөде шаньюй билікке келеді. 203 - 201 ж. Қырғыз тайпасын бағындырды. Негізгі қарсыласы - Қытай мен юэчжтлер болды. Мөде тұсында халық саны 300 мыңға жетіп гүлденеді
Чжи - Чжи Б. з. б 1 ғасырда ел биледі. Б. з. б 55 жылы ғұндар екіге бөлінді. Оңтүстіктегі ғұндар Хань әулеті қол астына өтті. Солтүстіктегі ғұндар Чжи - Чжи (Шөже) басқаруымен тәуелсіздігін сақтап қалу үшін күресті. Қаңлы тайпасымен келісімге келіп, Талас өзенінің шығысына қоныстануға мүмкіндік алды. Солтүстік ғұндардың бір бөлігі 5 ғасырда Оңтүстік Қазақстан мен Орталық Азияда өз мемлекетін құрып, Ауғанстан мен Иранды, Үндістанның біраз бөлігін жаулап алды. Оңтүстік ғұндар 304 ж. Лю - хан атты өз мемлекетін құрды. Оңтүстік ғұндар 4 ғасырдың соңына қарай қайта күшейді. Б. з 1 ғасырда ғұндардың і жылжуы басталды. Дунай арқылы Еуропаға жетті. Шығыстан батысқа жылжуы б. з. б 2 - б. з 4 ғасырға дейін созылды. Халықтардың ұлы қоныс аударуы ғұндардың жылжуынан басталады.
Атилла (Еділ) 400 — 453 жылдары өмір сүрген. Румыния мен Венгря елдеріндегі ғұндарды біріктірді Еуропаны Рим үстемдігінен азат етті. Ол әскери - демократиялық мемлекет құрды. 451 жылы Галлиядағы Каталаун даласында римдіктерді, франктер т. б біріккен күштерін жеңді. 453 жылы Аттила өлгеннен кейін Ғұн мемлекеті ыдырап кетті.
Ғұндардың мәдениеті мен тұрмысы және деректер
Жылқының асыл тұқымдарын өсіріп, ат баптауды жетік меңгерген, қой өсірген, ғұндардың ішінде отырықшы тұрмыс кешіп, егіншілікпен шұғылданғандары да болған. Кен қазып, металл қорытқан. Қолөнері мен бейнелеу өнері жоғары деңгейде болған. Көк тәңіріне табынып, дәстүрлі құқық жүйесін қалыптастырды. Олардың негізгі баспанасы киіз үйлер. Киіз үйдің төрінде қамшы. Ағаштан жасалған қынабы бар семсер, садақ, жебе т. б іліп қойған. Астық сақтайтын ұралары үйдің ішінде болған. Жүннен кілем, төсеніш тоқыған. Олар зергерлік алтын әшекей жасауда үлкен жетістіктерге жеткен. Зерлеу – бұйым бетіне алатын түйіршіктерді дәнекерлеу.
Бұйымға ширатылған сымды дәнекелеп отырған, бұйымға түрлі - түсті затты жапсыру - безендіруді қолданды. Мүндай стиль «полихромдық стиль» деп аталды. Ғұндар мен Қытай арасында айырбас сауда жүріп тұрды. Бұл, әсіресе ғұндарға тиімді еді. Біздің заманымызға дейін 158 жылы шекарадағы сауда көздерін кеңейту мақсатында тәңіркұты Қытайға қарсы соғыс ашты. Біздің заманымызға дейін 152 жылы ғұндармен тағы сауда жөніндегі шартқа қол жеткізеді. Шекаралық аймақтарда сауда орындары ашылады Ғұндардың қол өнер кәсібі күшті дамыған (металдан, сүйек пен мүйізден, тас пен саздан, ағаштан, керамикадан жасалды). Сауда дамығандығын жібек маталар, айналар, нефриттен істелген бұйымдар көрсетеді. Ғұндардың діни - наным, сенімдері ата – бабаның аруағына сенді. Жалпы ғұн тайпалары пұтқа табынған, тәңірілік дінді ұстанып, түркі жазуын тұтынған. Сөйлеу тілі де түркі тілі болған.

Сабақтың толық нұсқасын жүктеу
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×