(Көрініспен ашылады) «Шөл даладағы ғылыми орталық»
Шөл далада ғылымды игергендер,
Дән сеуіп, егіс жинап терлегендер,
Бүгінгі қуаныш той құтты болсын,
Еңбекпен бағы жанған еңбеккерлер!
Вавилов нұсқауымен ірге салған Малюгин,
Коликовтар тың жол құрған
Гаельдің көмегімен қанат жайып,
Бұл станса талайларға үлгі болған
Қауылжыр, Лайғақ, Шиелі даласында
Зерттелді талай істер танаптарда
Дзюбенко, Құсайынов, Сағатовтар
Тер төкті егістердің алқабында
Шалқарға үлгі болды еңбектері
Халық та үлгі алып, егін екті
Көшкінді құмдарды да тоқтатуға
Изен мен сексеуілдің сортын екті.
Мал азығын ерінбей дайындады
Бау – бақшадан жоғары өнім алды
Халқына аянбастан еңбек еткен
Сіздерге елдің көп қой алғыстары.
Құрметті жиналған қауым! Бүгін Арал маңы тәжірибе станциясының құрылғанына 80 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Шөл даланың шабытты шаттығы» тақырыбында ғылыми – практикалық конференцияны ашық деп жариялаймыз.
Алғашқы құттықтау сөз мектеп директоры Оңғаров Мұхтар Досбергенұлына беріледі.
Ғылыми – практикалық конференцияға келіп отырған қонақтармен таныс болыңыздар.
Арал маңы тәжірибе станциясының ғылыми қызметкерлері
Шалқар аудандық тарихи – өлкетану мұражайының қызметкерлері
Аудандық мектеп мұражайларының мұражай қызметкерлері
Аудандық Шалқар газетінің тілшісі –
Мектеп ұстаздары және жоғарғы сынып оқушылары
Тамаша аспанменен жер қандай?
Зеңгір тау, дария мен көл қандай?
Орман, тоғай, гүлденген бақшалары,
Пайдаланған бұлармен елі қандай?!
Ән: «Қазақ елі»
Орындайтын: Мырзағұлова Ақжүніс
Қазіргі таңда Шалқар тәжірибе станциясының ғылыми - зерттеу жұмыстарының маңызды бағыттары: Өсімдіктердің гендік қорының коллекциясын толықтыру, өсімдіктерді тұқым түрінде сақтау, жабайы өсімдіктердің шөлге төзімді түрлерін іріктеу, станциядағы дақылдардың ақпарат базасын қалыптастыру. 80 жылдық тарихы бар Шалқар тәжірибе станциясы еліміздің ауыл шаруашылығы ғылыми саласының өркендеуіне өзінің үлесі бар ғылыми мекеме.
Ғылыми жоба
Тақырыбы: «Арал маңы тәжірибе станциясы». Мырзағұлова Ақжүніс
Ғылыми жоба.
Тақырыбы: «Жантақ». Алдашев Тұрсынбек.
Туған жер ыстықсың – ау қасиетті,
Төсіңде ойнақтатып, еркелеттің.
Кір жуып, кіндік кескен төскейіңді,
Қазанғап қоңыр күйін бебеулетті.
Қазанғаптың күйі «Рұқсат берші Балжан қыз».
Орындайтын: Нұрғалиев Жансейіт
Шаттыққа толы - Шабытты Шалқар,
Батырларымен даңқты - Шалқар
Сымбатты ұл - қыз өсірген - Шалқар,
Талай тарихты кешірген – Шалқар.
Иә, Шалқар жері - білгенге киелі де, қасиетті, төскейіне мал қонған, бауырына құт қонған құдіретті мекен.
Ән: «Туған ел». Орындайтын Жақияева Ақнұр
«Шалқар өсімдіктерінің табиғаты, оны өсірудің қыр – сырлары» тақырыбы бойынша биология пәнінің мұғалімі Сейтқалиева Гүлмираға беріледі.
Еңбектерің өрлей берсін шарықтап,
Еңбек еткен адам қалай жалықпақ?
Елбасының үндеуіне үн қосып,
«Жасыл елді» дамытыңдар барын сап.
Мал азықтық дақылдарың көбейсін,
Өсімдіктер гендік қоры кеңейсін.
Атақтарың асқақтасын, өрлесін!
Көкөністің алуан түрін еккейсің!
Шалқар халқы өздеріңмен мақтанар
Өркендесін ұрпақтарға жалғассын
Жақсы іске жанашыр жан жол табар!
Ендігі сөзді бүгінгі кешіміздің құрметті қонақтарына берелік!
Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін, станция Қазақстанның ауыл шаруашылық ғылыми – академиясының қарауына өтіп, ал 1996 жылы ұлттық – аграрлық зерттеу академиялық орталығының құрамына енді. 2003 жылдан бастап, Қазақстан Ауыл шаруашылығы Министрлігіне қарасты, «Оңтүстік - батыс ауылшаруашылық ғылыми - өндірістік орталығының» құрамында жұмыс жасап келеді.
Шалқарым - шұғылалы құт – мекенім,
Өзіңнен қуат алып, көктегенмін.
Қойнауың - құт, құмдарың – қасиетті,
Өзіңді аялаумен мен өтермін.
Туған елім, асыл байлық қазынам,
Құмыңды иіскеп, топырағыңа бас ұрам
Ер Есеттер атой салған жерімді,
Мақтан етем, ұрпақтарға тапсырам.
Ән: «Шалқар вальсі», сөзі Ү. Уайдиндікі, әні Е. Терековтікі.
Орындайтын: Сұлтанов Асхат.
Арал маңы тәжірибе станциясы алдағы уақытта да өзінің ғылыми жұмыстарының көлемін ұлғайтып, Мемлекеттік қабылданған «Агроөнеркәсіп кешені саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер» бағдарламасы аясында өз жұмыстарын жалғастыра бермек.
Бізді анамыздай асырап, әлпештеген елді сүю қасиетті парыз. Өз туған елін жан – тәнімен сүю – адамшылықтың асқар шыңы.
80 жылдық тарихы бар Арал маңы тәжірибе станциясына арналған «Шөл даланың шабытты шаттығы» атты ғылыми – практикалық конференциясы аяқталды.
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы,
Ә.Жангелдин атындағы орта мектебінің мұражай меңгерушісі
Меңдіқұлова Алмагүл Жақсылыққызы
Шөл даланың шабытын шалқытқандар
- 87718512115
- 17 мам 2017
- 1981
- 0
- 0
Ілмек сөздер: шалқар, конференция, туған жер
Ұқсас жаңалықтар:
Мен сені көп іздедім, АСЫЛ БАБАМ!
Ғасырлар тоғысы мен ұрпақтар сабақтастығы арасындағы алтын көпір - бабалар аманаты....Жезқазған аймағының экологиялық проблемалары
Қарағанды облысы, Шет ауданы, Талды жалпы білім беретін орта мектебінің 3 сынып оқушысы Жұмажанова Әмина Жетекшісі: Алшынбаева Жанбала Шуйкенқызы...«Ұлттық бас киім - Сәукеле» атты ғылыми зерттеу жұмысы
«Ұлттық баскиім. Сәукеле атты ғылыми зерттеу жұмысының негізгі мақсаты қазақтың ұлттық бас киімдерінің ерекшеліктеріне, ерлер мен әйелдердің бас...Шұғылалы Шалқар
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, №6 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қожағұлова Гүлжаһан Қожағұлқызы Сабақтың тақырыбы: Шұғылалы Шалқар Сабақтың...Туған жер
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, №6 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Нұрмашева Салтанат Тақырыбы: Туған жер Қ. Мырза Әли Мақсаты: «Отан»,...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.