Әке, Ана үш - ақ әріп тіршілік, үш әріптен үлбірейді гүл шығып...
9 сынып
Сілтеме: Ғаламтор материалдары, www. wikipedia. kz
Жалпы мақсаты: Отбасы - өмірдің ұйтқысы, киелі қасиетке ие болу сыры, отбасы тәлімінің мәні туралы түсініктерді қалыптастыру.
Оқу нәтижесі: Оқушылардың сөйлеу қабілеті артады, отбасылық құндылықтар туралы түсініктері толықтырылады, Отбасы тәрбиесінің мән - маңызын, ұлттық салтты, дәстүрді сақтауға үйренеді.
Сабақта қолданылатын материалдар: Үлестірме қағаздар, топ аттары, фломастер, ақ қағаз, «Бала тәрбиесі туралы» бейнеролигі, мультимедиа кешені.
1. Ұйымдастыру кезеңі
Тәрбие сағатының жүру барысымен және мақсатымен таныстыру. Оқушыларды топтарға бөлу.
Қане, қане, тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық.
Тұрып үлкен шеңберге
Алақанды ұрайық.
- Балалар, біз неге шеңберге тұрып, сабақты бастадық?
Шеңбер – бұл әлемдегі мейірімділік, жақсылық. Шеңбер арқылы – бір – бірімізге күлімдеп қарап, бақыт, қуаныш, жылылық тілейміз. Шеңбер – сонымен қатар, қай әріпке ұқсайды?
«О» - әрпіне ұқсайды.
«О» - әрпінен басталатын сөздер айтайықшы. («Отан», «Отбасы» т. б.) Отбасын кімдер құрайды? Отбасы ошақтың үш тағаны сияқты, олар - әке, ана, бала. Үшеуінің бірлігі - отбасының бірлігі. Олай болса, бүгінгі, шарамыз да отбасы тақырыбына арналмақ. Қазір мен сіздерге парақшалар таратамын, осы әріптерден сөз құрап, шешуін табасыздар. Сол сөз бойынша топтарыңызға жайғасыңыздар.
Сөздер: Шырақ, бұлақ, құрақ
2. Негізгі кезең
II. Ой қозғау.
«Отбасы» сөзіне ассоциация құрғызу
1. «Әке»тобы (киіз үй): «Отбасы»деген ұғымды қалай түсінесіз?
2. «Ана» тобы (алақан): “Отбасының берекелі болуы кімге байланысты?
3. «Бала» тобына (жүрек): Отбасы негізі неде деп ойлайсыз? (жүрек, киіз үй, алақан суреті бейнеленген парақшалар )
III. Бейнеролик «Бала тәрбиесі туралы»
Тапсырма: Осы бейнероликтің желісі бойынша әр топ атына сәйкес өз позицияларын қорғайды.
«Ана» тобы - Ана бейнесін
«Әке» тобы - Әке бейнесін
«Бала» тобы - Бала бейнесін
IV. Сергіту сәті.
Тренинг “ Ашулы шарлар “ жаттығуы
Әр балаға шарлар беріліп, үрлеу тапсырылады. Одан соң сол үрленген шарларының ішіндегі ауасын өз қалауларынша шығару тапсырылады.
( шардағы ауаны шығару кезінде қалай шығарғандары назарға алынады.
- Егер қатты дыбыс шығарып немесе үшкір заттармен жарса ол адам тез ашуланшақ екенін білдіреді
- Егер шарды ауаға ұшырып жіберсе, қайтымы тез екенін білдіреді.
- Егер жай ауасын шардың аузынан жіберсе ашуын сыртқа шығармай іштей тынатынын білдіреді.
5. Шығармашылық жұмыс.
1. «Әке» тобына мақал - мәтелдерді жалғастыру.
2. «Ана» тобына қалдық заттарды пайдаланып тұрмыста қолданатын нәрсе жасау.
3. «Бала» тобына мозайка құрастыру, берілген тапсырманы орындау.
4. «Құндылық құнын ұғыңдар» деп аталады.
(кеспе қағазбен жұмыс)
Отбасымда ең сыйлы..........................................
Ең қымбатты........................................................
Ең ақылды................................................................
Ең сүйкімді...............................................................
Ең құрметті..............................................................
Ең құнды..................................................................
Ең қажетті................................................................
Y. «Әке, Ана» өлеңі хормен орындалады.
6. Қорытынды.
Халқымыздың сан ғасырдан бергі даналығына құлақ ассақ, «Адамның бақыты – балада» деген екен. Кез келген адам өмір бойы қуып жете алмайтын бақыт деген құдіретті сөздің өлшемі, өмірінің жалғасы ұрпағымен келетініне мән бермеуі мүмкін. Біреу бақытын байлықтан тапқысы келсе, екінші біреуі даңқ пен атақтан, мансап пен қызметтен іздестіреді. Мұның бәрі түсінген адамға қолдың кірі сияқты нәрсе. Адамға нағыз бақытты – тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлай алады. Олай болса адам өмірінің мәні - өз ұрпағы. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев: «Отбасы - адам өмірінің тамаша жақтары жүзеге асатын, адамның ең басты шаттығы болып саналатын балалардың өсіп, өмір сүретін орны»деген. Баланың ең алғашқы ұстазы - ата - анасы екені анық. Отбасы - шағын мемлекет. Ол - тәлім мен тәрбиенің үлгі мен өнегенің мейірімділік пен адамгершіліктің ордасы.
Толық нұсқасын жүктеу
Әке, Ана үш - ақ әріп тіршілік, үш әріптен үлбірейді гүл шығып...
- aiboll
- 28 ақпан 2017
- 3449
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Отбасы, отбасы мүшелері, ата ана мен бала қарым қатынасы
Ұқсас жаңалықтар:
Өнеге – тәрбиенің алтын арқауы
Өнеге адамдардың тәлім – тәрбиелілігі, үлгілілігі, саналылығы ережелерінің жиынтығы ретінде көрінеді. Ұрпаққа өнеге көрсететін иманды, зерделі,...Отбасы құндылығы
Қ. А. Яссауи атындағы №123 мектеп - гимназия мұғалімі Жақсылықова Г. Ж....Өзін-өзі тану тренинг
Қызылорда қаласы, № 211 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Маутаева Жұмакүл Ширекқызы...Ата-ана бақыты балада
Ата - ана - отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Тәрбиенің ең тамаша жері отбасы екенін, олардың бала тәрбиесіндегі мүмкіндіктерінің жоғары...Адам және отбасы. Отбасы қатынастарын құқықтық реттеу
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Сүттіқұдық ауылы, №52 Б. Аралбаев атындағы орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Ералиева Гүлганым...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.