Сайтқа кіру Тіркелу

Жыр арнадым еліме!

Жыр арнадым еліме!
1 - жүргізуші: Армысыздар құрметті әріптестер және қадірменді қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған «Жыр арнадым еліме!»
атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!
Бабалар мұра еткен елдігіне,
Тамсандық ағалардың ерлігіне.
Қан төгіп, жан қиып жатқан Тәуелсіздік
Бүгінде 25 жасқа толды міне.

2 - жүргізуші:
Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік - ел бақыты, ертеңі,
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!

1 – жүргізуші:
Қуан халқым! Қуанатын күн бүгін,
Серпін таста мұңды жүрек түндігін
Шарықтайық, шаттанайық, тынбайық
Тәуелсіздік күнін бүгін, халқым бірге тойлайық!

2 – жүргізуші:
Шайқалмасын ешкімнің шаңырағы,
Бақыт көрсін Отанның сан ұланы.
Енді ағайын, көгінде қалықтасын,
Қазағымның қастерлі - Әнұраны!
ҚР мемлекеттік әнұраны орындалады.

1 – жүргізуші:
Бүгін біздің бақшамызда дүбірлі той,
Ден қойып тыңдаңыздар, көңілді қой,
Жырдан шашу шашылсын, күй күмбірлеп,
Қош келдіңіздер, халайық, сергісін бой.

2 – жүргізуші: Бүгін біздің балабақшамызда тамаша кеш өткелі отыр. Бұл кеште «Ақбота», «Құлыншақ», «Сұңқар», «Шағала», «Сандуғаш» тобының бүлдіршіндері ата – аналарымен бірге сайысқа түскелі отыр. Құрмет пен қошемет көрсетіп, сайыскерлерімізді ортаға шақырайық.

1 – жүргізуші:
Шалқытып мерекеде ән салайық,
Өнерпаз өрендерге тамсанайық.
Әділдік пен шындықты арқа тұтқан,
Әділқазы алқасын таныстырайық. - деп сайысты бастамас бұрын байқауымызды бағалап, өнерпаздарымыздың өнеріне төрелік ететін әділқазыларымызды таныстырып өтсек:

2 – жүргізуші: «Жыр арнадым еліме!» атты мерекелік іс - шарамыз сайыс түрінде өтеді. Сайыстың өту ережесімен таныстырып өтейік. Әр кезең 3 минуттан аспауы керек және осы кезеңдерге берілетін жоғарғы ұпай саны 5 ұпай. Құрметті қатысушылар сандықшаның ішінен реттік нөмірлеріңізді алсаңыздар.

Сайысымыз 5 кезеңнен тұрады.
1.«Сұрасаң менің тегім» Таныстыру
2.«Толғауы тоқсан қызыл тіл» (мәнерлеп өлең оқу)
3.«Өнер - өмір өрнегі» (Ән, би, қойылым көрсету)
4.«Сөздің көркі - мақал» (Отан, туған жер, ынтымақ – бірлік, білім, ерлік – батырлық тақырыптарында мақалдар айту)
5.«Шебердің қолы алтын»
Көп сөйлеп жөн - жобадан аспайық біз,
Ән шырқап, би - билеуден қашпайық біз.
Ал енді сіздер рұқсат етсеңіздер,
Сонымен кешімізді бастайық біз.
Барлық қатысушыларымызға сәт сапар тілеп, сайысымызды бастаймыз!

1 – жүргізуші:
Бәйге, жарыс деген соң жарысайық,
Мәреде бәрімізде табысайық.
Бұл байқауды биссмиллә деп бастау үшін,
Алдымен қатысушылармен танысайық – деп сайысымыздың «Сұрасаң менің тегім» кезеңін бастайық.
Барлық қатысушыларымыздың тамаша таныстыруларына көрермендер де риза болды. Сайысымызды одан әрі жалғастырамыз. Құрметті әділқазы алқалары сіздерден бірінші кезеңнің бағаларын сұраймыз.

2 – жүргізуші:
Өзгеге көңілім, тоярсың
Өлеңді қайтып қоярсың.
Сені айтқанда толғанып,
Іштегі дертті жоярсың – деп ұлы ақын Абай Құнанбаев атамыз айтқандай сайысымыздың келесі кезеңі «Толғауы тоқсан қызыл тіл» деп аталады. Бұл кезеңде сайысқа қатысушылар Отан, туған жер, туған ел, тәуелсіздік туралы өлеңдер оқиды.. Оқылған өлеңнің тақырыпқа сай болуына, өлең оқыған қатысушының жүріс - тұрысына, сахнадағы мәдениетіне, дауыс мәнері мен ырғағына назар аударылады. Ендеше ортаға бірінші нөмірлі қатысушыларымызды шақырамыз.
Қатысушыларымыз өз елі, жері, отаны туралы өлеңдерді оқуда өз шеберліктерін көрсетті деген ойдамыз. Әділқазы алқаларынан баға сұраймыз.

1 – жүргізуші:
Жан дауасы кетеді екен жазыла,
Өнер деген – сарқылмайтын қазына.
Жан бар ма екен тебіренбес, толқымас
Ән мен жырдың, би мен күйдің сазына.
2 – жүргізуші:
Он саусақтан өнер тамған шебер болу керемет,
Өлең айтып, би билеп жасап жатқан текемет.
Өнеріңді көрсетші қатысушыларым қәнекей,
Сөз берейік қатысушыларға жекелеп,- деп «Өнер – өмір өрнегі» кезеңін бастаймыз. Ортаға бірінші нөмерлі қатысушымызды шақырайық.
Енді кезекті әділ - қазыларға береміз.

1 – жүргізуші:
Шебер болсақ, тіл байып,
Шешендіктер бір ғайып.
Мақал - мәтел үйреніп,
Тілімізді шыңдайық – деп «Сөздің көркі мақал» сайысын бастасақ. Бұл сайыста қатысушылар өздеріне берілген тақырыпта мақал айтады. 1 мақал 1 ұпай болып есептеледі.
Мақал – мәтелдердің тақырыптары
Отан туралы
Туған жер туралы
Ынтымақ – бірлік туралы
Ерлік – батырлық туралы
Оқу, білім туралы
2 – жүргізуші:
Бұйымдармен заттарды
Сәндеу үшін көрнекті.
Қиында болса қиналмай
Менде үйрендім өрнекті – деп сайысымыздың «Шебердің қолы алтын» кезеңін бастасақ. Бұл сайыста сіздер «Тәуелсіздікке тарту» тақырыбында қолөнер бұйымын жасайсыздар.
1 – жүргізуші:
Әлемге той деп бүгін жар саламыз,
Қонақтарды құрметпен қарсы аламыз.
Төрлетіңдер достарым төрлетіңдер,
Тәуелсіздікке біз бүгін ән саламыз – деп қатысушыларымыз дайын болғанша кезекті тамаша әнге берейік.

«№138 бөбекжай - балабақшасы» КМҚК тәрбиешісі
Иманкулова Мадина Еркиновна

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×