Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы,
«Болашақ бөбекжайы» Ән - саз жетекшісі:
Эльмира Джумагулова Сансызбаевна
Тақырыбы: «Өнерлі отбасы!»
(Ата - аналармен балаларға арналған музыкалық ойын - сауық кеш)
Жүргізуші: Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев болашақ ұрпақ тәрбиесіне ерекше мән бере қарап, олардың ертеңінен үлкен үміт артып отыр. Елбасының балабақша жайында тілге тиек етуі, мектепке дейінгі тәрбие саласындағы күні бүгінге дейін қордаланып қалған өзекті мәселенің оң шешімін табуға жол ашты. Еліміздің айқын мақсаттарының бірі - бәсекеге қабілетті жас ұрпақты жан - жақты жетелеген, парасатты азамат етіп тәрбиелеу деген екен.
Міне осы қанатты сөздің дәлелі ретінде балабақшамызда бүгін керемет мереке ұйымдастырылды.
Қазіргі жаңа технологияларды пайдалана отырып, ата - ананың қызығушылығын арттыру, баланың тілдерін жаттықтырып, ой - өрісін кеңейту үшін және өнерге баулу мақсатында ұйымдастырылып отыр. Ойын - сауық кештерді балалармен және отбасымен бірлесіп өткізгенді жөн санадым, себебі ата - аналарды ұйымдастырып, балаларының балабақшадағы өмірінің тәрбиесіне белсене қатысуларын сұраған болатынбыз. Құрметті ата - аналар келгендеріңізге көп - көп рақмет айтамыз.
Мақсаты: Ата - аналар мен балалардың өнерге деген қызығушылықтарын арттыру және біріккен шығармашылық жұмысын қалыптастыру, жас ұрпақты өнерге баулу. Ата - аналардың өзара қарым - қатынасын жақсарту, сөйлесу мәнерінің тәрбиесін жетілдіре түсу және тапқырлық, өнерпаздық, ойшылдық қабілеттерін ашу, эстетикалық талғамын дамыту.
Жүргізуші: Құрметті ата - аналар және сүйкімді бүлдіршіндер! Балабақша арасында өзгеше бір мерекелік кеш өтпекші. Оны біз ата - аналармен балаларға арналған «Өнерлі отбасы»атты музыкалық ойын - сауық кеш деп атадық. Құрметті қонақтар, ата - аналар, бүлдіршіндер және әріптестер бүгінгі мерекемізге қош келдіңіздер! Қазір қатысушылар дайындалуда, олар толқу үстінде. Оларды қолдап, қолпаштап әсем әннің ырғағымен ортаға шақырайық!
Шалқытып мерекеде ән салайық,
Өнерпаз өрендерге тамсанайық
Бүгінгі «Өнерлі отбасына!»
Қошеметпен бәріміз, қол соғайық!
Байқауға қатысушы өнерлі отбасын таныстыруға рұқсат етіңіздер!
Олай болса музыкалық ойын - сауық кешімізді бастайық. Байқаудың жүрісімен таныстырып кетейін, байқау 7 кезеңнен тұрады: 1 Таныстыру 2 «Бірге ән шырқайық!» 3«Бәрінен бұрын біз ата - анамыз» атты викториналық сұрақтарға жауап беру 4 «Өнерлінің қолы алтын, өлеңшінің сөзі алтын» 5 «Әуенді жалғастыр» ойыны 6 «Биші болам өскенде!» 7 «Тыңда және көрсет»
Енді осы байқаудың әділ шешімін беретін әділ - қазы алқаларымен таныстыруға рұқсат етіңіздер!
1. ------------------------------------------------------
2. ------------------------------------------------------
3. ------------------------------------------------------
1 Таныстыру (музыкалық аспаптардың сүйемелдеуімен, балаңызбен бірге немесе жеке дауыста)
Балалық шақ қызық, көңілді,
Сүйемін шексіз ол жаз өмірді.
Бақытты менің балғын шағым,
Арманым менің шаттық әнім.
2 «Бірге ән шырқайық!»атты бөлімде ата - ана баласымен бірге ән салып беруі керек.
Жүргізуші: Біздің ата - аналар мен балаларымыз шетінен әнші екен. Біздің балаларымыздан болашақта Қазақстанның халық әртістері шығады деп мен сенемін жарайсыңдар, балалар! Кешімізді әр қарай жалғастырайық;
3 «Бәрінен бұрын біз ата - анамыз» атты викториналық сұрақтарға жауап беру.
Жүргізуші: Құрметті ата - аналар мен сіздерге қазір неше түрлі сұрақтар қоямын ал сіздер толық және шынайы жауап беруге тырысыңыздар (дайынбыз ба әр ата - анаға бір - бірден сұрақ қою)
1. Бала кезіңіздегі алғаш айтқан әніңіз немесе тақпағыңыз не болмаса биіңіз есіңіз де ме? Соның бір шумағы мен қайырмасын орындап бере аласыз ба?
Олай болса әнді барлығымыз бірге орнымыздан тұрып орындайық(ән айту ережесін сақтай отырып) «Қошақаным»әні орындалады.
2. Балаңызға ұйықтар алдында бесік жырын немесе ән айтып бересіз бе? Ол қандай ән, орындап бере аласыз ба?(ата - ананың жауабы) немесе балаңызды кішкене кезінде қандай әнмен ұйықтататын едіңіз?
Әлди, әлди бөпешім,
Әнімді айтып берейін.
Аялап, сені жүрейін,
Өскеніңді, көрейін.
Былдырлаған тіліңнен,
Айналайын бөпешім.
Таптым, бақыт өзіңнен,
Ұйықтай ғой, енді көкешім.
Әлди, әлди бөпешім,
Бақыт саған тілегім
Ұйықтай ғой енді көкешім,
Алтын менің бөпешім.
3. Сіз қазақтың ұлттық аспаптарын ойнай аласыз ба? Қандай аспапта ойнайсыз соны орындап бере аласыз ба? (Бірнеше күйді тыңдатып, соның атауларын сұрау және кімнің күйі екенін атап өту мысалы; Құрманғазының «Адай»күйін, Тілендиевтің «Аққу» күйін)
4. Қазіргі эстрада жұлдыздарының ішінде қай әнші ұнайды? Сол әншінің әнін орындап бере аласыз ба?
5. Балаңыздың балабақшада айтып жүрген әнін орындап бере аласыз ба немесе балаңыз қандай әнді сүйіп орындайды шырқап беруіңізді сұраймын?
(мыс; «Қазақстан,» «Ел қорғауға әзірміз,» «Достар,» «Ертегілер,» «Анашым»т. б әндер)
6. Слайдтан эстрада жұлдыздарының немесе ақынның суреттерін көрсету. Сіз осы өнер адамын танисыз ба? қандай әнін не болмаса өлеңін білесіз айтып беруіңізді сұраймын? (Роза, Мақпал, Мұқағали Мақатаев, Шәмші Қалдаяқов)
7. Сіз балаңызбен бірге дүкенге кірдіңіз, балаңыз сөреде тұрған музыкалық аспаптарға қатты қызықты: мысалы домбыра, сырнай, гитара, қобыз т. б аспаптар. Сол аспаптардың бірін сізден ойнап беруін өтінді, сіз балаңызға қалай жауап қайтарар едіңіз?
8. Балаңыздың жалпы ойын үстінде қандай іс - әрекетті жасағанын байқайсыз?(корсетіп бере аласыз ба?)
А. әуен тыңдайды
Ә. Ән салады
Б. Би билейді
В. Музыкалық аспаптармен ойнайды
Жүргізуші: Жарайсыздар құрметті ата - аналар! Сұрақтардың барлығына толық жауап бердіңіздер, сіздерге сұрақ қиын болған жоқ па?
4 «Өнерлінің қолы алтын,
Өлеңшінің сөзі алтын» демекші үйден әр түрлі музыкалық аспатарды жасап алып келу болатын. Олай болса құрметті ата - аналар әділ - қазы алқаларына өз қолымызбен дайындап әкелген музыкалық аспаптарды ұсынайық! Әділ - қазылар әділ шешімін береді деп мен сенемін.
5 «Әуенді жалғастыр» ойыны.
Ойынның шарты:
Мен сіздерге алдымен ойынның шартын таныстырып өтейін. Бір әнді үнтаспадан жасырамын, ал сіздер сол әннің қалай аталатынын, кім орындайтынын тауып жалғастырып айтасыз және алдарыңыздағы белгіні көтеріп жауап берулеріңізге болады.
Толық нұсқасын жүктеу
Өнерлі отбасы!
- aiboll
- 15 маусым 2016
- 9720
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Өнерлі отбасы, ата аналармен балаларға арналған, музыкалық ойын сауық кеш
Ұқсас жаңалықтар:
Топжарған білім сайысы
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Алдашбай-Ахун ауылы № 10 Балабақша тәрбиешісі Қияс Ардақ...Аяулы -анашым
Тақырыбы: «Аяулы аналар»...Алтын күз ханшайымы, Алтын күз ханзадасы
Терістіктен желдетіп, Жаңбырлатып, селдетіп, Шаттандырып біздерді, Шат шадыман күз келді....Ынтымақты отбасы
Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №9 «Балауса» балабақшасы Мүберекова Шынар Тыныштыққызы Мақсаты: Ата- аналар мен балаларды сайысқа қатыстыра отырып,...Жастай берген тәрбие, жас шыбықты игендей.
Қызылорда облысы,Қазалы ауданы, Ақтан батыр ауылындағы №190 қазақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Демеубай Рая Әлқуатқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.