Сабақтың мақсаты: Үйлесімді байланыс арқылы сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу. Сынып ішінде ауызбіршілікті сақтауға шақыру.
Міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға қамқорлық, жақсылық, ауызбіршілік қасиеттерін түсіндіру;
Дамытушылық: Оқушылардың ауызбіршілігін нығайтып, қамқорлық танытуға, жақсы істер жасай білу іскерліктерін дамыту;
Тәрбиелік: Оқушылардың қарым - қатынасын нығайтуға, қамқорлыққа, ауызбіршілікке және сүйіспеншілікке жақсы көруге тәрбиелеу.
Тәрбие сағаттың барысы:
1. Тыныштық сәтi «Нұрға бөлену»
- Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ - қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз.
Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
- Жаймен көзіңізді ашуға болады.
- Рахмет.
- Балалар қандай сезімде болдыңыздар?
Шаттық шеңберін құрып:
«Апайдың еркелеген ұл мен қызбыз,
Қол ұстасып тұрамыз бәріміз біз,
Қалаймыз бәріміз бір уықтан шаңырақты,
Тату - тәтті боламыз бәріміз.»
- Балалар сіздерге арнап мен түрлі - түсті жүректер жасап алып келдім. Әр бір жүрекшеде жақсы қасиеттер жазылған (білімді, ұқыпты, мейірімді, әдепті, тәртіпті, қамқор, еңбекқор, шыншыл және т. б.), соны бір - біреуден өздеріңе жақын қасиеттерді таңдап алып, жүрекшенің түсіне қарай 3 топқа бөлінейік.
1. Оқушылар аудиториясы не дейді?
Тақырыпты ашу сұрақтары:
1) Досың бар ма? Ол қандай?
2) Достық шынайы сезім бе, әлде жай ұғым ба?
3) Досыңыздың басына қиындық түсті, не істейсіз?
4) Жақсы дос, жаман дос қандай болады?
5) Менің достарым көп болу үшін не істеуім керек?
6) “Дос деген кім?” сауалына сызба арқылы жауап беру.
7) Достық дегенді қалай түсінеміз? (жауапты әр топтың өздері салған сурет бойынша түсіндіреді, қорғайды)
2. «Шағын лекция».
- Балалар, мен сендерге Дастан деген баланың басынан кешкен мына оқиғаны айтып берейін.
«Бір күні Дастан әжесіне қонаққа барады. Аулаға шықса, сол ауланың балалары ойнап жүр екен. Олармен ойнағысы келген Дастан, балаларға жақын келіп:
- Салем! Мен Дастанмын. Мен сендермен ойнаймын - дейді. Балалар Дастанның өз - өзіне сенімді бұйыра сөйлегенін, менсінбеген түрін ұмытпай онымен достаспады. Ренжіген бала әжесіне келіп, әжесі немересіне өзінің білетін әдеп сақтау құпиясын әңгімелеп берді. «Кеудеңді көтерсең, достарыңнан айрыласың». Бұл оқиға сендердің де естеріңде болсын».
- Қалай ойлайсыңдар Дастанның сөзінен кейін балалар ойнайды ма? Неге?
- Дастанның орнында сіздер болсаңдар не істер едіңіздер?
Сергіту сәті. «Жақсылық табиғатына» саяхат жасайық (Жай әуен ойнап тұрады, керемет табиғаттың суреттері слайд көрсетіледі, 10 - 11 дана).
“Жалғастырып көр” ойыны.
І топ. Әрбір адамға дос керек. Өйткені...
ІІ топ. Менің сыныптастарыма немесе досыма тілегім...
ІІІ топ. Сыйластық бар жерде...
3. Топпен ән айту.
- Балалар, бізге жақсылық жасайтын адамдар кімдер деп ойлайсыңдар? – Достар,..... -........... Дұрыс айтасыздар, кішкентайымыздан бірге өскен, қуанышымызды да, қайғымызды да бірге бөлісетін жан досымыз, олай болса бәріміз «Жан досым» әнін айтайық:
Жан досым
Сөзі: Т. Молдағалиев
Әні: С. Бәйтереков
Iздегенде табылатын қасыңнан,
Көңілі бар қызғалдақтай ашылған.
Көрiспесек сағыныштан жүдейтiн,
Кiм бар екен бала күнгі досыңнан!
Қайырмасы:
Жан досым, үстем болсын мерейің,
Әрқашан жеңiсiңді көрейiн,
Сырымыз да бiтпесiн,
Жырымыз да бiтпесiн, жырымыз да бiтпесiн!
Қос бұтағы секiлденiп ағаштың,
Қатар жүріп сырымызды сан аштық.
Жол тапсақ та бiрге жүрiп жол таптық,
Адассақ та бiрге жүрiп адастық.
Қайырмасы:
Жан досым, үстем болсын мерейің,
Әрқашан жеңiсiңді көрейiн,
Сырымыз да бiтпесiн,
Жырымыз да бiтпесiн, жырымыз да бiтпес
4. Рефлексия «Кешірім»
Балалар еркін жүріп, достарынан, мұғалімдерден ренжіткені болса, кешірім сұрап, құшақтасады.
5. Қорытынды.
Дос емес достың сөзін көтермесе,
Саған жердің түбінен жетем десе.
Не қылып дос атына қосылады,
Көтермей бір сөзіңді бүйтем десе.
Нағыз дос бірін – бір жамандамас,
Араға көп өкпе сап табандамас,
Көңілі татулықтың шабандамас.
Жақсының әрбір сөзін қайырмаңыз,
Жасыған жездей болып мойымаңыз.
Сыр алмаған біреумен дос болам деп,
Сыр алған досыңыздан айрылмаңыз.
- Балалар, бүгінгі тәрбие сағатына қатысқандарың үшін көп рахмет! Сау болыңыздар!
Доссыз өмір бос
- aigul_80
- 28 сәуір 2016
- 4711
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Доссыз өмір бос, достық туралы тәрбие сағаты
Ұқсас жаңалықтар:
Адал достық. Д. Матайқызы
өзара сыйластық қарым - қатынастарын дамыту; мейірімділік, ізеттілік, бірлік, ынтымаққа тәрбиелеу;...Өзіңмен үйлесімді өмір сүру
Өз – өзімен үйлесімді өмір сүру туралы түсініктерін кеңейту. Оқушыларға үйлесімді өмір сүру туралы түсінік беру;...Ойнай білу де - өнер
- шыдамдылық, сабырлық, ақылдылық адами қасиеттердің өмірдегі маңыздылығын түсіндіру - жағымды қарым - қатынас жасау іскерліктерін дамыту -...Іздегенде табылатын қасыңнан
№249 мектеп – лицейінің мұғалiмі Жанибек Раушан Жанибеккызы...Аялай біл, сен деп соққан жүректі
Құндылық: Сүйіспеншілік Қасиеттері: Мейірімділік, аялау, адамгершілік қасиеттерді жете түсіну Мақсаты: Жаныңда жүрген жақын адамдарды ( отбасы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.