12 сәуір – Ғарышкерлер күніне арналған 2 - 4 сыныптар арасындағы «Жас ғарышкер» атты сайысы
Сабақтың тақырыбы: Жас ғарышкер
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: XX ғасырдың 2 - шы жартысындағы адам баласының ғарышты игерудегі жетістіктері, оның ғылыми маңызы жайында бiлiм беру.
Дамытушылық: Ғылыми жаңалықтардың маңызын түсіне білу қабілеттерін дамыту. Тәрбиелік: Жас ұрпақтың патриоттық, отаншылдық сезімін оята отырып, елін, жерін, сүюге, кұрметтеуге тәрбиелеу, ғарышкерлерге деген құрмет сезімге баулу. Көрнекіліктер: безендірілген сынып, ғарыш суреті, макет Түрі: сайыс
Барысы: Кіріспе: Армысыздар ата - аналар, ұлағатты ұстаздар, оқушылар. Бүгін міне, 2, 3, 4 – сыныптар арасында «Жас ғарышкер» атты сайыс өткелі отыр. Ғарыш туралы кішкене түсінік беріп өтсем.
Жерді қоршаған бүкіл дүние – Әлем немесе Ғарыш деп аталады. Ғарышты адам игілігіне пайдалану үшін адамдар көп еңбек етті. Аспан әлемін зерттеу ерте кезден басталған. Бірақ әлі күнге дейін ғарыш құпиясы ашылған жоқ.
Адамдар ғарышқа ұшуды армандайтын. Ғарышқа жол 1957 жылы 4 қазанда ашылды. Бұл күні бұрынғы Кеңес Одағының Жердің жасанды серігі ұшырылды. Ал 1961 жылы 12 сәуірде адам баласы тарихында тұңғыш рет Ю. А. Гагарин "Восток" ғарыш кемесімен Байқоңыр ғарыш алаңынан ғарышқа Жер шарын айнала ұшты. Ол Жерді айналып ұшып, 1 сағ 48 минуттан кейін Жерге қайта қонды. Сондықтан да 12 сәуір тарихқа «ғарышкерлер күні» деген атпен енді.
Лайка - ғарышқа сапар шеккен әлемдегі тұңғыш тіршілік иесі.
1957 жылдың 3 - қарашасында ғарышқа салмағы алты келі, жасы екі жастан асқан Лайканы Спутник - 2 ғарыш кемесімен ғарышқа аттандырып жіберді. Ғарыш кемесі ұшырылғаннан кейін, шамамен 5 - 7 сағаттан соң Лайка ғарыштағы температураның күрт артуы мен стресстің салдарынан өледі. Сынақты ұйымдастырушылар о бастан - ақ Лайканың жерге қайтуын күткен жоқ. Олардың жоспарлауынша Лайка ғарышта бір аптаға жуық уақыт сүру керек болатын.
Кеңес одағының ғалымдары Лайкамен бірге екі итті жаттықтырған болатын. Олар: Белка және Стрелка. Осынау үлкен сынақты іске асыру үшін Лайканы ұшырылуынан біраз жылдар алдын ала комиссия құрылып нақты шараларды анықтап отарды.
Ғарышқа қазақ ғарышкерлері де ұшқан. Тоқтар Әубәкіров және Талғат Мұсабаев деген ағаларымыз. Бұл кісілер біздің еліміздің мақтаныштары. Олар ержүрек, батыр, халық қаһармандары. Осы кісілер сияқты батыл, ержүрек болу үшін, білімді, тәртіпті үлкен азамат болуымыз керек.
Тоқтар Әубакiров Қазақстандық бағдарлама бойынша ғарышқа жол тартты 1991ж 2қазанда «Союз ТМ - 13»кемесімен ұшып, 1991ж 10қазанда Жерге қайтып оралды. Ұшу ұзақтығы 7 тәулік 22 сағат 12 минут 40 секунд болды. Тоқтар Әубакiров тұңғыш қазақ ғарышкері атанды.
Бiз қазақ ғарышкерi Талғат Мұсабаевты да мақтан етемiз. 1994 жылғы 1 шілде Талғат Мұсабаев Байқоңыр ғарыш айлағынан «Союз ТМ - 19»кемесімен орбитада 126 тәулік бойы жұмыс істеді. Ашық ғарышта 11 сағат 7 минут болды
Әлемдегі тұңғыш ғарышкер - әйел, Ресей Мемлекеттік Думасының депутаты Валентина Терешкова 6 наурыз күні 75 жасқа толды. Ол 1963 жылы 16 маусымда «Восток - 6» ғарыш кемесімен үш тәулік ғарышта болды.
Мінекей, балалар, ғарыш әлемі мен ғарышкерлер туралы мәлімет алдыңдар. Ал, енді мына сұрақтарға жауап беріңдерші:
- Балалар, қазір көктемнің нешінші айы?
- Екінші айы.
- Осы ай қалай деп аталады?
- Сәуір айы деп аталады.
- Иә, бұл сәуір айында бір үлкен мереке бар. Ол – ғарышкерлер мерекесі.
Ғарышкер дегеніміз олар ғарышқа, аспан әлеміне ұшатын адамдар.
Олар ғарыш кемесімен Байқоңыр ғарыш айлағынан аспанға ұшып, аспан кеңістігін зерттейді екен. Ғарышкерлердің бәрі сол жерден ғарышқа ұшады. Байқоңыр ғарыш айлағы ол біздің Қазақстанда, оның ішінде өзіміздің Қызылорда облысында орналасқан.
Ғарыштағы адам үстіне арнайы киім, яғни скафандр киеді. Ғарыш кеңістігінде ауа жоқ, сондықтан ол жақта тек осындай арнайы киіммен ғана жүруге болады.
Біз бүгін ғарышкер ағаларымызға ұқсау үшін «Жас ғарышкер» сайысын өткізгелі отырмыз.
Алдымен сайыскерлерді ортаға шақырып алайық:
Көрсең біздің Нұрланды, Спортшы өзі жан - жақты. «Гол соғам» деп қуалар, Жел айдаған қаңбақты – деп ортаға № 1 сайыскер 2 «А» сынып оқушысы Түркменбай Нұрланды шақырамыз.
Санжар әнші жезтаңдай, Ортаға шығар жасқанбай Тыңдайды жұрт ынтығып, Құмары қанып, ес қалмай - деп ортаға №2 сайыскер 2 «Ә» сынып оқушысы Айтимов Санжарды шақырамыз
Біздің Алишер інісін, Тым жақсы көреді. Күн сайын есебін, Шығарып береді - деп ортаға №3 сайыскер 2 «В» сынып оқушысы Уракбаев Алишерді шақырамыз
Бағалауда әр рет, Талайдан озды Адилжан. Ретті, таза, қадірлеп Ұстайды кітап, дәптерді - деп ортаға №4 сайыскер 3 «А» сынып оқушысы Пирназаров Адилжанды шақырамыз
Қазақ елін тәуелсіз боп танылған, Бақыт құсы ұшпаса екен бағымнан. Көрерменге көрсететін өнерін, Сайыскердің бірі ортада Нұржан - деп ортаға №5сайыскер 3 «Ә» сынып оқушысы Сапармұрат Нұржанды шақырамыз
Думан үйінің, Үлкені перзенттің Сабақтан кейде «5» алып Қуандырып жүреді - деп ортаға №6 сайыскер 3 «В» сынып оқушысы Шалантай Думанды шақырамыз
Су да құйып көшетке, Жем де берер көжекке Ибрагим біздің елгезек, Жарағалы әжетке.- деп ортаға №7 сайыскер 4 «А» сынып оқушысы Тангирбергенов Ибрагимді шақырамыз
Бірінші партада отырып ап, Тынышсыз еді бұл бала. Сабақты жақсы оқиды, Жанатбек деген ұл бала ортаға №8 сайыскер 4 «Ә» сынып оқушысы Розум Жанатбекті шақырамыз
Дауысың қандай сырлы еді. Табиғатты тыңдатқан. Көркің қандай нұрлы еді, Таң шолпанмен астасқан,- деп ортаға №9 сайыскер 4 «В» сынып оқушысы Әлмурадов Маратты шақырамыз.
Бүгінгі сайысымыздың әділ - қазылар алқасымен таныс болыңыздар:
1. Сарманова Р. Т.- ОІО
2. Абдубайтова Ф - ТІО
3. Болатбекова С - кітапхана меңгерушісі
Сайыс шарттарымен таныс болыңыздар. Сайыс 5 кезеңнен тұрады:
1. Таныстыру
2. «Ғарыш кемесін құрастыру» Сұрақ - жауап сайысы
3. «Мен суретшімін» Көзді байлап ғарыш кемесінің суретін салу.
4. «Мақал - мәтел сайысы» 2 - сыныпқа - 10 мақал, 3 - сыныпқа - 15 мақал, 4 - сыныпқа 20 мақалдан кем болмау керек.
5. «Менің өнерім» Өз өнерін көрсету.
Сыналар, ер жігіттер, келді кезің, Сәулең болса, бермен кел, талапты ерің. Жан құмары дүниеде немене екен, Соны білсең, әрнені білдіргенің - деп ұлы Абай атамыз айтқандай, бүгінгі «Жас ғарышкер» сайысына қатысқалы отырған жігіттеріміз әдеп - ғұрып төңірегіндегі біліктілік, ақыл - парасаттылық, өнер - жігерлік пен батырлық саласында күш сынасып, тапқырлық көрсетуі керек және де ана тілін қастерлейтінін байқау.
Ендеше, сайыскерлерге сәттілік тілейік.
1кезең: Сайыскерлер өздерін таныстырады.(Әділ қазылар бағаларын береді)
2 кезең «Ғарыш кемесін құрастыру» Сұрақ - жауап сайысы(Әділ қазылар бағаларын береді)
2 - сыныптарға арналаған сұрақтар:
1. 7 жоқты атап бер. (аспанда тіреуіш жоқ, аллада бауыр жоқ, жылқыда өт жоқ, аққуда сүт жоқ, таста тамыр жоқ, тасбақада талақ жоқ, жерде өлшеуіш жоқ. 2. Екі бала 2 сағат шахмат ойнады. Ал, әр бала қанша сағат ойнады деп ойлайсың? 3. Елтаңбаның авторын ата.
1. 7 қазынаны атап бер. 2. Әтештің екі аяғымен тұрғандағы салмағы 4 кг, ал бір аяғымен тұрғанда әтештің салмағы қандай? 3. Қазақтың ұлттық аспабын ата.(домбыра, қобыз)
1. Назови автора флага Республики Казахстан. 2. На столе стояла три стакана вишни. Лена сьела один стакан вишни. Сколько стаканов осталось? 3.. Назови автора Флага Республики Казахстан?
3 – сыныптарға арналаған сұрақтар:
1. Қазақтың 5 арысын ата? ( А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Жұмабаев, Ш. Құдайбердиев, Ж. Аймауытов) 2. Үстел беті төртбұрышты, оның бір бұрышын арамен кесіп алсақ, неше бұрыш қалады? (5) 3. 7 жұтты атап бер. (1. Құрғақшылық
2. Жұт /мал қырылу/
3. Өрт
4. Оба /ауру/
5. Соғыс
6. Топан су
7. Зілзала)
1. Қазақстанның ең тұңғыш астанасы қай қала? (Орынбор) 2. Ағаш үстінде 10торғай отыр. Аңшы 1 торғайды атып қалды. Неше торғай қалды?(0 торғай) 3. Қазақтың 3 бәйтерегін ата.(С. Сейфуллин, И. Жансүгіров, Б. Майлин)
1. Новую Конституцию когда приняли? (1995ж. 30 тамыз) 2. На столе стояло 5 горевших свеч. Две свечи потушили. Сколько осталось свеч? (2свеч, остальные три свечи сгорели)) 3. Назови правила имя прилагательного. Приведи примеры
4 – сыныптараға арналаған сұрақтар: 1. Әлемнің 7 кереметін ата (Хеопс пирамидасы, Александрия манары, Семирамиданың аспалы бағы, Галикарнас кесенесі, Родос алыбы, Артемиданың ғибататханасы, Зевс мүсіні) 2. Бір жанұяның 5 баласы бар және олардың әрқайсысының қарындастары бар. Жанұяда қанша бала бар? (6 бала) 3. Наурыз көжеге неше түрлі дәм салынады. Атап бер.
1. Қазақ жері қанша шаршы жерді алып жатыр? (2млн. 724км) 2. Бөлменің 4 бұрышында 4мысықтан отыр. Әр мысықтың алдынд 3 мысықтан отыр. Бөлмеде барлығы неше мысық бар? (4 мысық) 3. Қазақ тілінде қанша септік бар? Сұрақтарымен қоса атап бер.
1. Сколько есть планет в солнечной системе. Назови их (Марс, Юпитер, Сатурн, Плутон, Нептун, Жер, Уран, Шолпан, Меркурий) 2. Две лошади запряженные в одну телегу пробежали 40 км. Сколко километров пробежала одна лошадь? (40км) 3. Назови падежи с вопросами
(Әділ қазылар бағаларын береді)
3 кезең «Мен суретшімін» Көзді байлап ғарыш кемесінің суретін салу. (Әділ қазылар бағаларын береді)
4кезең «Мақал - мәтел сайысы» 2 - сыныпқа – 10 мақал, 3 - сыныпқа – 15 мақал, 4 - сыныпқа 20 мақалдан кем болмау керек. (Әділ қазылар бағаларын береді)
5кезең «Менің өнерім» Өз өнерін көрсету. (Әділ қазылар бағаларын береді)
Келді бүгін ұлдарымыз байқауға, Сыналып, үлкендерден үлгі алуға. Салты бар өнерлі осы орында, Берер деп әділқазы әділ баға,- деп жеңімпаздарды атау үшін сөз әділқазылар алқасына беріледі.(әділқазы сөз сөйлеп болған соң, сайыскерлерді марапаттау) Сайысқа қатысушылар«Жас ғарышкер» номинациясын жеңіп алған 4 «Ә» сынып оқушысы Розум Жанатбек
Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданы Игілік ауылы «Т. Аубакиров атындағы жалпы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі Полатова Айгүл
Жас ғарышкер
- ramuk_b
- 16 сәуір 2016
- 7226
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Жас ғарышкер атты сайысы, ғарышкерлер күніне арналған сайыс
Ұқсас жаңалықтар:
12 Сәуір - Ғарыш күні презентация
Ғарышкер ит – Лайка. Лайка — ғарышқа сапар шеккен әлемдегі тұңғыш тіршілік иесі....12 - сәуір ғарышкерлер күні
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың Отанына деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, қазақ тілінде таза сөйлеуге, сөздің мағынасын түсініп тапсырманы дұрыс...Ғарышқа ұшу, ғарышты игеру
Тақырыбы: «Ғарышқа ұшу, ғарышты игеру.» Мақсаты: а) ғарыш, ғарышты игеру деген ұғымдармен таныстыру. Әлемдегі тұңғыш ғарышкер туралы, Қазақстанның...Тоқтар-тұңғыш ғарышкер
Білімділігі: Өлеңнің мазмұнын түсіне отырып, Байқоңыр ғарыш аймағы туралы түсінік беру. Дамытушылығы: Сөздік қорын, тіл байлығын дамытуға,...Ғарышкерлер көктемі
Мақсаты: Қазақстан еліндегі Байқоңыр ғарыш айлағының және ғарышкер мерекесіне орай Кеңес үкіметінің және қазақ еліндегі тұңғыш ғарышкерлер туралы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.