Сайтқа кіру Тіркелу

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз

«Ұлыстың ұлы күні – Наурыз»

Асқар: - Наурыз құтты болсын!
Айзада: - Ежелгі күн мейрамы
Наурыз құттты болсын!
Ахмед: - Жыл басы - ұлыс тойы
Құтты болсын! Құт береке
Мейрамы Наурыз жасасың

Айзада: Жігіттер, бір - бірімізді құттықтап жатырмыз, ал көрермендер ше?

Ахмед: Айзада, Асқар неге тұрмыз сахнаға шығайық халықты, ел - жұртымыздщы құттықтап, мерекелік іс - шарамызбен бір көңілдерін көтерейік.
Асқар: Ал ендеше мен бастайын: Уа, халайық, халайық! Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекелеріңіз құтты болсын! Наурыз мейрамына шақырамыз! Келіңіздер!
1жүргізуші. Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!
Босқа қарап тұрмаңыздар,
Наурыз тойы басталды.
Береке де осында!
Мереке де осында.
Мәшһүр бабам ауылында
Көргендер де арманда
Көрмеген де арманда
Қызықтан тыс қалмаңыздар!
Мерекемізді ашатын
Қыздар биін қарсы алыңыздар!

1 - жүргізуші:
Көргенде қуанасың таза әуені,
Құлаққа естілгендей жаз әуені.
Жыл сайын тойланатын мәңгі – бақи,
Наурызың құтты болсын, қазақ елі.

2 - жүргізуші:
Жақсылық жүрегіне жыр еселер,
Биікке шарықтатар киелі өнер,
Наурызың құтты болсын, апа - әкелер,
Наурызың құтты болсын, ата - әжелер.
(ӘУЕН ОЙНАП ТҰРАДЫ)

3 жүргізуші: Қанекей әжелер, шашуларыңызды шашыңыздар!
Уа, халайық, халайық,
Ақ сандықты ашайық.
Бұл мереке, бұл тойдың
Шашуларын шашайық!

2 Жүргізуші:
Шашу, шашу. Көп шашайық шашуды,
Жауғандай көк аспаннан нөсер жаңбырдай.
Уа, жамиғат жинап ал несібеңді,
Ризығың болсын көл - көсір.
Қашанда құт - береке орнасын деп,
Тойларда шашу шашу - салты елімнің,
Уа, халайық теріп ал мәмпәсиді,
Қабыл қылсын халқымның ақ тілегін.

Сахнада, Түлектеріміздің орындауында «Домбыра» әнін қабыл алыңыздар

1 - жүргізуші:
Уа, халайық, халайық!
Мұнда назар салайық.
Мерекесі халықтың
Наурыз тойын бастайық!
Құтты болсын мереке,
Болсын думан береке!- дей келе Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толуына орай, 1465 жылыдардағы қазақ елінің «Бұйымтай» атты салтымызды тамашалаңыздар.

2 - жүргізуші:
Келе жатыр жылымыз,
Мейрамдаймыз мұны біз.
Жас балаша нұрланып,
Жадырасып бәріміз.- дей келе Ерғалым мен Ахмедтің орындауында «Жаса Қазақстан» әнін қабыл алыңыздар!

Айзада: Қараңдар, балалар, анау келе жатқан Қыдыр ата емес пе?
Асқар: Иә дұрыс айтасың, Айзада, Қызыр ата ғой келе жатқан.
Ахмед: Асалаумағалекум, Ата! Наурыз тойы құтты болсын! Қош келдіңіз!
Қызыр ата: Уағаликумассалам, балалар, ағайын! Бүгінгі күн мен түні, жарлы мен бай, хан мен қара теңескен қасиетті Наурыз мерекесі баршаңызға құт әкелсін! Жер - ананы мекен еткен барша мұсылмандардың қасиетті мейрамы – Әз Наурыз әр отбасына береке әкелсін! Жыл 12 ай, 365 күн асыға, аңсай күткен, жер жүзі мейірге, жылылыққа шомылған, қыз - бозбала құлпырған киелі Наурыз сендерді шаттыққа бөлесін!
(Осы кезде Тазша бала мен Алдар көсе ортаға шығады)
Тазша бала: Ассалаумағалейкум, Қызыр ата!
Қызыр ата: Уағаликумассалам, Алдар көсе, Тазша балам, екеулерің бастарың қосылып қалыпты ғой. Жақсылыққа болғай.
Алдар көсе: Қызыр ата, біз жай қыдырып жүрген жоқпыз, ұлттық дәстүр, ән - жырды еске түсіріп, жастарға таныстырып жүрміз.
Менің бір әнімді тыңдап көріңіз
Мен Алдармын, алдармын,
Сайтанды да алдаймын.
Уа, жараңдар, жараңдар,
Ана жаққа қараңдар.
Той қазанын көтрген,
Бұл не қылған адамдар?
Бұл кім десем батыр,
Шығайбай ғой, апыр - ау!
Меңсұлу қызы қасында
Шықбермес қой расында.
Алдар көсе: (шапанымен қазанды жауып жатқан Шығайбайдың қасына келіп)
Не істеп отырсың, байеке?
Жұмыртқа басқан тауықтай.
Қазанға жапқан шапаның
Отқа жанса қауіп қой.
Шығайбай: Қазан жоқ бұл жерде....
Алдар көсе: Қуын қара байекеңнің, Наурыз тойында қазанын қорғамақ!
(Сол кезде дабыл қағылады)
Алдар көсе: Аттан! Аттаныңдар!
Байеке, бол, тез аттан,
Қасқыр шапты қойыңа!
Шығайбай: Ойпырмай, бұл қалай!
(Алқына жүгіріп шығып кетеді)
Алдар көсе: Бай асығыс кетті ғой қасқыр қуып,
Алыңдар тамақ суып қалмасын.
Қызыр ата, байқаған шығарсыз өнерімді.
Қызыр ата: Алдарым - ай, мына тұрған мені де алдап кететін түрің бар - ау!
Тазша балам, сен қандай өнер көрсетесің?
Тазша бала: Менің қолымнан келмейтін іс жоқ. Мереке күні қонақтарды билетіп, ойнатып күлдіріп жіберемін.
Қызыр ата: Жарайсың, Тазша бала, ойыныңды ойната ғой.
Тазша бала: Наурыз той болғаннан кейін, бір арқан тартысып күші сынассақ қайтеді а, Алдар!
Алдар көсе: Дұрыс айтасың.
Тазша бала: Қазір ортаға 5 адам, ер мұғалімдер немесе қонаққа келген әкелерімізді шақырғым келеді.
Келесі жаққа өзімнің құрдастарым шықсын деймін.
Ал қане, бастайық!
Тазша бала: Бәрекелді! Қатысқандарыңыз үшін рахмет! Ал жемпаздарымызды қалай марапаттасам екен. А?
Аааа, былай істейік. Жеңілген топ, қазір жеңімпаздарға қара жорға биін қойып берсін иә? Келісесіңдер ме жеңімпаздар?/Қара жорға қойылады/
Алдар Көсе: Ата, мына біздің жастар өздерінің наурызға баталарын дайындап алып кепті. Мен, мен берейін батамды деп таласуда.
Ата, сіз тыңдап көріңізші, ең мағыналы батаны таңдап, жеңімпазды анықтап көрсек деймін.
Қызыр ата: Дұрыс балам, жастарымыз, бата айтып үйренгені дұрыс. Қане, тыңдайық.
(ортаға 3 сыныптың бата айтатын оқушылар шығады)
Алдар Көсе: Қане жігіттер, шығып мына қағаздардың біреуін таңдаңдар!
Қызыр ата: Бата беру - ақ ниеттен туған жарқын салт. Ол жамандықтан қашық болуға үндейді. Бәрекелді, балалар! Батаменен жер көгерер демекші, Өте керемет, бата тілектерің тек орындала берсін дегім келеді. Келген қонаққа қай бата ұнаса соны таңдаймын дегім келеді.
Алдар Көсе: ал, қанекей, қай батаны жөн көресіздер?
- рахмет, Ата ойыңыз дұрыс болды. Енді мына жастар дауласпайтын болды. Қайта көптеген бата тілектерді жаттайтын болды.
Алдар Көсе: Ал енді, Қызыр ата, Тазша бала ортаға отырып біздің оқушыларымыздың дайындаған өнерін тамашалайық. Келіп Төрлетіңізідер!
1 - жүргізуші:
Уа, халайық! Бүгін ұлыстың ұлы күні. Ата - бабаларымыздың сөзімен айтсақ, ақ түйенің қарны жарылған күн. Наурыз мейрамы. Наурыз салтанаты.
2 - жүргізуші:
Наурыз - жаңа күн, яғни жаңа жылдың алғашқы күні. Жыл басы. Бұл біздің халқымызда Күн мен Түн теңелер мезгіл - Наурыз айының 22 - ші жұлдызына сәйкес келеді. Бұл күні аталарымыз бен әжелеріміз үй - үйді, ауыл - ауылды аралап, наурыз көжеден дәм тататын. Үлкен - кішіге ақ баталарын беріп ізгі тілек тілесетін.
3 - жүргізуші:
«Ұлыс күні қазан толса, ол жылы ақ мол болар,
Ұлы кісіден бата алса, сонда олжалы жол болар» деп нақыл айтып, ауыл арасын ауыз бірлікке, татулыққа, ынтымаққа шақыратын. Жыл басы - Наурыз күні айтылған бұл тілектер ақ болып, толық орындалады деп ырым ететін.
Ғасырлар бойына атадан балаға мұра болып жатқан дәстүрлі осы Наурыз тойы бүгін, міне тағы есігімізді ашып отыр.
Айзада: Әже, не істегелі жатсыз?
Әже: Балама - ау, алас - алас бәле жаладан сақтасын! Жаңа жыл басталғалы жатыр, Наурыз келді, жамандықтан елімізді сақтасын деп аластап жатырмын.
Әжелер адыраспанмен аластайды.
әже:
Алас, алас, көзі жаманның көзінен алас,
Алас, алас, тілі жаманның тілінен алас.
О, құдайым, зарыға күткен жаңа жылым келді.
Жаңа жыл жарылқа,
Ескі жыл есірке!
Менің ұрпақтарымды аман ет!
Пәле жаладан сақтай гөр!
Жамандық әрі кет, әрі кет!

(Халыққа қарап иіледі де, сахнадан шығып кетеді)

3 - жүргізуші.
Күннің жаңа нұры бар,
Мұның ғажап сыры бар.
Халық сүйген мейрамды
Қарсы алайық Наурызды!- дей келе Мұхамедәли мен Ерғалымның орындауында «Қазақ жастары» атты әнін қабыл алыңыздар.

1 - жүргізуші:
Қауышып қайта оралған Наурызға,
Ерніміз әрең тиді сары уызға.
Науалап нәр құйылып, нұр жүгірді,
Ағарып бара жатқан қанымызға.
2 - жүргізуші:
Ұлтының мерекесін ұмытқан жұрт,
Жоғалмай басымыздан кіріптарлық.
Намысын наурызында жанып алсын,
Шашуын ән думанның тыңдап алық.
3 - жүргізуші:
Жуанның жіңішкерген бұл шағында,
Қазағым, көп көжеге сусадың ба?
Іңгәлап Наурызым ұзақ жатты - ау,
Толғатқан Тарих - Ана құрсағында.- дей келе Ұлы Жеңіс күніне 70 жыл толуына орай 1941 жылы «Аманат дәстүрімізді 11 сынып орындауында тамашалаңыздар.

Айзада: Мұхамедәлидің орындауындағы әнді тамашалаңыздар.

1. жүргізуші. Көптің көз алдында өтетін сөз жарысы, өнер сайысы. Екі жақтан айтысқа түскен ақындар өлеңді қолма - қол суырып салып айтуы шарт. 9 - сынып оқушылары қоятын «Айтыс» өнерін тамашалаңыздар!
3. Жүргізуші. Бәрекелді. Айтыс тартысты өтті. Ал, көрермендер сіздер қалай шештіңіздер? Көрерменнің шешімі бойынша. 1 Айтыскер жеңіске жетіп, 2 айтыскер көреремендер көзайымы болып шешілді. Айтысқандарыңызға рахмет, өркендерің өссін.
1. жүргізуші.
Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен,
Маңдайымнан сүйіп жатыр күн көктем.
Жарығыңмен, шуағыңмен күн - ана,
Алып келді жер бетіне гүл көктем.

2ж. Қазақстан Халық ассамблеясының құрылғанына 20 жыл толуына орай, халық арасында орындалатын «Ауылдың алты ауызы» атты әдет - ғұрпымызды тамашалаңыздар!

1 - жүргізуші:
Наурызды тәңір бізге нәсіп еткен,
Мейірін танысын деп тасып өткен.
Наурыз - сән - салтанат, ұлттық рух,
Бақытты наурызы бар халқым неткен!

2 - жүргізуші:
Халықтың пейілінен жаралғандай,
Сұлу күн шуағынан таралғандай.
Ел мен жер елжірескен, қуанысқан,
Наурызда ажар қандай, арай қандай!
3 - жүргізуші
Ауру да сырқатынан суығардай,
Жоқ - жітік уайымсыз тойынардай.
Наурыздың шаттық шашқан шашуынан,
Қыс қыспаққа дәу нүкте қойылардай.

1жүргізуші «Алаш! Алаш!» деп айбатын асырған ер қазақ, «Абылайлап» ел шақырған өр қазақ, «Қара қазан, сары баланың қамы үшін» деп ұран салған нар қазақтың тарихта табан тірер бұдыры, тереңге тартқан түбірі, тамыры бар ұлт, шежірелі халық екенімізді білдіретін айғақты мейрамы - наурыз!
2 - жүргізуші:
Қазақстанымыздың шаңырағы биік, босағасы берік болып, ынтымағы мен бірлігі жарасқан елге айналып отырғаны Елбасымыздың арқасы екені де әрине, баршамызға аян.
Келесі сөзімді -------------------- атындағы жалпы орта білім беру мектебінің директоры ------------------------------- береміз.
1ж. Наурыз құтты болсын!
Дендеріміз сау, мықты болсын.
Наурыз тойы келе берсін!
2ж. Барлық халық бақытты болсын,
Еліміздің несібесі көп болсын!
3ж. Қош, сау болыңыздар, халайық,
Көріскенше күн жарық болсын!

Наурыз әні Бақыттың орындауында.

Павлодар облысы, Баянауыл ауданы,
Жаңажол ауылы, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы атындағы
жалпы орта білім беру мектебінің информатика пән мұғалімі
Аюпов Данияр Хамзаұлы
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×