Абай орта мектебі
Сынып жетекші: Чингисова Маржан
Сабақтың тақырыбы: Менің елім – мәңгілік ел
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділігі: жас ұрпақты Отанды сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай – қуатты ел екендігіне мақтан етуге, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыруға тәрбиелеу:
2. Дамытушылығы: танымдық ойлау қабілеттерін арттыру. Топта жұмыс жасай отырып, бірінің пікірін бірі тыңдай білуге үйрету. Ой - өрісін кеңейту, ауызша сөйлеу мәдениетін өрістету.
3. Тәрбиелігі: елін, жерін, салт - дәстүрін құрметтейтін жаны таза, рухы мықты азамат тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас, тәрбие сағаты
Сабақтың әдісі: топпен жұмыс, ортақ мақсатқа бағыттау, түсіндіру.
Пәнаралық байланыс: әдебиеті, өзін - өзі тану, қазақ тілі.
Сабақтың көрнекілігі: ҚР - ның физикалық картасы, бейнелі суреттер, слайд, таратпа парақшалар, интербелсенді тақта.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.
1. Тренинг: Оқушылар шеңбер құрып тұрып бір - біріне сәттілік тілейді.
Аспанға қарап ай көрдім,
Төменге қарап жер көрдім.
Оңға, солға бұрылып,
Егеменді ел көрдім!
Топтастыру стратегиясы.
Оқушылар таратпа қағаздар арқылы «Ынтымақ», «Достық», «Бірлік» топтарына бөлінеді.
ІІ. Үй жұмысын тексеру:
Кезеңнің мақсаты: үйге берілген тапсырмаларды дұрыс орындауын тексеру.
Қазақстан Республикасының туы мен елтаңбасы, Конституциясы туралы әңгімелеу.
Өткен сабақтағы «Қазақстанның туы, Әнұраны, Конституциясы» тақырыбы бойынша үй тапсырмасын сұрау.
«Ынтымақ» тобы: Мемлекеттік ту туралы ойларын ортаға салады.
«Бірлік» тобы: Елтаңбамыз туралы дайындықтарын көрсетеді.
«Бірлік» тобы: Еліміздің басты құжаты – Конституциямыз туралы пікірлер тыңдалады.
ІІІ. Жаңа тақырып:
Кезеңнің мақсаты:
1. Оқушылардың қызығушылығын ояту.
Сөзжұмбақ шешу.
1) Біздің туратын облысымыз? (Жамбыл)
2) Қазақтың батыр қызы? (Әлия)
3) Саят құратын адам? (Аңшы)
4) Қазақстан қандай ел? (Егемен)
5) Кішіпейілдік сөзінің екінші баламасы? (Ізгілік)
6) Қыз өссе елдің көркі,... өссе жердің көркі. (гүл)
7) Өнім алқабы? (егістік)
8) Қазақстан Швейцариясы? (Көкшетау)
9) Астана қаласындағы өзен? (Есіл)
10) Қазақстан халқының шаруашылығы? ( Мал)
Сонымен балалар бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Менің елім мәңгілік ел». (Слайд). Орнымыздан тұрып, Қазақстан Республикасының Әнұранын орындаймыз.
(Тақырыпқа байланысты слайд көрсетіліп тұрады).
Бұрын Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғанға дейін Кеңестік Республикалар Одағы деген ірі империяның құрамында болған. Мұнда 15 одақтас ел болды. Дүние жүзіндегі барлық халықтардың ой - арманы - бостандық, тәуелсіз болу, ешкімге кіріптар болмау, ата - баба салттарын бойға сіңіру, өз байрағын көкке көтеру. Сондықтан біз өз тәуелсіздігімізді алдық. Осы жолда қазақ елі көп қиындықтарды бастан кешірді.
Біздің Отанымыз Қазақстан Республикасы. Ол көне замандардан басталған тарихы, аса бай ел. Қазақ елі - ержүрек, достыққа адал, бауырмал, қонақжай халық. Ынтымағы жарасқан көптеген ұлт өкілдері тұрады. Мемлекетіміз көп ұлтты болып саналады. Олар: орыстар, өзбектер, ұйғырлар, кәрістер, гректер т. б ұлт өкілдері қазақ халқымен тату - тәтті өмір кешуде. Қазақстанда өмір сүріп жатқан әрбір адам өз Отанын жанындай жақсы көреді, сүйеді, көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады.
Қазақстан халқының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Қазақ тіліміз арқылы күллі әлем мәдениетін, тарихын, әдебиетін танимыз.
16 желтоқсанда еліміз Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі күнін атап өтеді.
Оқушылар Бекболат Тілеуханның «Менің елім» өлеңінің видео сюжеттің қарайды. (видео сюжет бойынша ой - қозғау). Осы үзіндіден қандай ой түйіндедіңдер?
Оқушылар жаттап келген өлең шумақтарын мәнерлеп оқып береді.
Оқушыларға өз таңдауы бойынша топқа бөлінеді. 1 - ші Астана қаласындағы Назарбаев университетінде оқу, 2 - ші АҚШ - тағы Кембридж университетінде оқу. Оқушылар өз ойларын айтады.
ІҮ. Автор орындығы: «Болашақ Қазақстан» туралы өз ойларын айтады.
Ү. Постер қорғау: Мәңгілік ел болу үшін не қажет
ҮІ. Академиялық дау - дамай:
Мақсаты: осы сұраққа жауап іздей отырып, жаңа тақырып бойынша алған білімдерін қорытындылайды, белгілі бір мәселені шешуге, жоғары белсенділіктерін дамыту, өз пікірін айтуға үйретеді.
Оқушылар өздерінің үйден дайындап келген сұрақтарын талқылайды. Өз ойларын айтады.
ҮІІ. Сабақты қорыту
1. Қазақстанның мемлекеттік тілі? Қазақ тілі
2. Қазақстанның рәміздері? Ту, Елтаңба. Әнұран
3. Қазақстан халқының ұлттық ақшасы? Теңге
4. Қазақстан халқының бас қаласы? Астана
5. Әнұран қалай айтылады? Қолды жүрек тұсына қойып тұрып айтылады
6. Астана қаласы қай өзеннің бойында орналасқан?(есіл)
7. Мерекелерде, спорттық жарыстарда рәміздің қай түрі жоғары көтеріледі? Әнұран.
ҮІІ. Кері байланыс
Үйге тапсырма беру
Менің елім мәңгілік ел
- маржан
- 16 ақпан 2016
- 6502
- 0
- 20
Ілмек сөздер: Менің елім мәңгілік ел, менің Отаным Қазақстан туралы
Ұқсас жаңалықтар:
«Мен – өз Отанымның патриотымын»
Мақсаты: – Оқушыларды Ұлы дала елін сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз елінің тарихын білуге, бай — қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған...Тәуелсіздік күні
16 желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып, Қазақстан тәуелсіздігін талап етті. Осының нәтижесінде 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан...Менің Отаным - Қазақстан
Мақсаты: Білімділік: Отан туралы білімдерін кеңейту. Тәуелсіз, бейбіт ел туралы ұғым қалыптастыру. Кең - байтақ жеріміз, пайдалы қазбаларымыз жөнінде...Менің Отаным
Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай - қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін...Менің Отаным- Тәуелсіз Қазақстан
Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным – Тәуелсіз Қазақстан...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.