Хихметова Гульназ Каировна
Сынып сағатының тақырыбы: «Менің Отаным - Қазақстан»
Мақсаты: Отанын сүюге, құрметтеуге, қорғауға, еліміздің рәміздерін қастерлеуге тәрбиелеу
Көрнекілік: еліміздің картасы, суреттер қанатты сөздер т. б
Әдісі: Сұрақ – жауап, әңгімелеу, түсініктер беру, сөз жұмақтар шешу
Барысы: Құрметті оқушылар бүгінгі 1 қыркүйек – білім күні құтты болсын! Бүгін міне сендер бастауышпен қоштасып орта буын оқушылары болдыңдар, бірінші күніне бастап оқулықтарымызға ұқыпты қарап, барлық зейіндеріңді тек қана білімге арнау керек.
Оқушыларды үш топқа бөліп аламын. парақшаларда Қазақстанның қалалары, өзендері және таулары жазылған. Оқушылар парақшаларды таңдап алып өз топтарын тауып алуы керек.
Топпен жұмыс:
Балалар біздің Отанымыз қалай аталады? Қазақстан
Қазақстан жері қандай?
Дұрыс айтасыңдар, Қазақстан жері батыстан шығысқа қарай 300 000 км, солтүстіктен оңтүстікке қарай 17 000 км – ге созылып жатыр. Дүниежүзі бойынша Қазақстанның дархан даласын көлемі бойынша 9 орында тұр.
Қанекей балалар мемлекетіміз туралы кім не біледі екен?
Дилназ:
- ҚР – Евразия құрылығындағы мемлекет. Солтүстігінде Ресей Федерациясымен, оңтүстігінде Түркіменстан, Өзбекстан, Қырғызстан республикалармен, шығысында Қытай мемлекетімен шектеседі. Республикамызда 131 ұлт пен ұлыс өкілдері тұрады. Ел ордасы - Астана
Біздің еліміз – жерінің кеңдігімен қатар, табиғи байлығы да мол мемлекет. өріс толы мал, тайдай тулаған балығы, теңіздей толқыған егіні, орманы мен даласында аңдары да жеткілікті. Мысалы Қарағанды мен Теміртау қалаларында көмір мен темір. Алматыда алма, Оңтүстікте ақ мақта, Қызылордада күріш өсіреді.
Балалар сендер «Отан» деген сөзді қалай түсінесіңдер?
Ия, осы сұрақтың жауабы мына өлең жолдары десек те болады.
Көп аузынан түспейтін, Отан – сенің ата – анаң,
Отан деген немене? Отан – досың, бауырың.
Оның тұл8ға түс кейпін, Отан – өлкең, астанаң,
Досым білгің келе ме? Отан – аудан, ауылың
Қане балалар сендер Отан туралы қандай өлең білесіңдер?
Әр топтан оқушылар өздері жаттап келген өлеңдерін оқиды.
Оқушылар айтыңдаршы біздің тұрып жатқан жеріміз қалай аталады?
Дұрыс айтасыңдар Қушоқы кенті деп алады. Осы Қушоқы кенті Отанымыз Қазақстанның кішкентай бір бөлшегі болып саналады. сендердің араларыңда осы ауылда дүниеге келгендеріңде бар, сондықтан бұл кент туған жер деп аталады. Қанекей балалар туған жер туралы нақыл сөздер немесе мақал - мәтелдер білетіндерің
бар ма?
Туған жер - тұғырың, Туған ел – қыдырың. Туған жер – алтын бесік. Т. б
Қазақ елінде тұратын барлық азаматтардың Отаны – Қазақстан Республикасы.
Қазақстан – туымен тұғырлы
Елтаңбасымен еңселі,
Әнұранымен айбатты.
ҚР рәміздері қашан қабылданды(1992 жылы)
Тудың түстерін қалай түсінесің?
Көк түс – ашық аспан бейбітшілікті білдіреді.
Туымыздың авторын білеміз бе? (Шәкен Ниязбеков)
Елтаңба авторлары? (Жандарбек Мәлікұлы, Шота Уәлиханов. Елтаңбадан еліміздің тарихы, дәстүр - салты, рухы толық таңылған. сондықтан да ортасында шаңырақ тұр. Қазақта шаңырағың биік, босағаң берік, керегең кең болсын деген сөз бар. Осы ұлы тілек негізінде алған.)
Әнұран авторлары кімдер? (Сөзі Жұмекен Нәжімеденов, Н. Назарбаев, әні Шәмші Қалдаяқов)
Қанекей балалар біз Отанымыз туралы қаншалықты сауатты екенбіз тексерелік:
ҚР Қандай мерекелерін білесіңдер?
16 - 17 желтоқсан – Тәуелсіздік күні
1 - 2 қаңтар Жаңа жыл
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні
22 наурыз - Наурыз мейрамы
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні
9 мамыр – Жеңіс күні
4 маусым – ҚР рәміздер күні
30 тамыз – ҚР Конститутция күні
ҚР Конститутциясы қай жылы қабылданды? 1995 жылы 30 тамызда
ҚР кім басқарады?Президент
ҚР ең жоғарғы өкілді органы не? Парламент
ҚР қанша облыс бар? 14
ҚР қанша қала бар? 85
Енді балалар бәріміз бірге сөзжұмбақ шешіп көрелік
1.. Ұлт (Қазақ)
2. ҚР мемлекеттік рәмізі (Елтаңба)
3. Көктем мерекесі (Наурыз)
4. Қазақтың ұлы ақыны (Абай)
5. Космодром (Байқоңыр)
6. Қазақстанның астанасы (Астана)
7. ҚР рәмізі (Ту)
8. Қазақстандағы теңіз(Каспий)
9. ҚР мемлекеттік рәмізі (Әнұран)
- Мінекей балалар бүгін біз Отанымыз - Қазақстан туралы кейбір деректерге тоқталып өттік, ҚР туралы бір сағатта барлық деректерді айтып шығу мүмкін емесін барлығымыз білеміз.
Біздің Отанымыз заңғар, кең. Сендер сол егемен елдің жас жеткіншектері сендерсіңдер, ата – бабаларымыз қысық қаны қалғанша қорғап келген Отанымыз - Қазақстанды сүюге, құрметтеуге, қадірлеуге, қажет болған жағдайда оны қорғауға тиіс екенімізді есімізден шығармайық.
Байтақ дала жерім менің
Арта берсін даңқың сенің
Көк байрағың желбіресін Егеменді елім менің – дей отыра бүгінгі «Менің Отаным - Қазақстан» атты сынып сағатын аяқтаймыз.
Менің Отаным - Қазақстан
- ramuk_b
- 6 қаңтар 2016
- 5605
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Отан, Қазақстан туралы тәрбие сағаты
Ұқсас жаңалықтар:
Менің Отаным
Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай - қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін...Қазақстан - менің Отаным
Тақырыбы: Қазақстан - менің Отаным Мақсат: Оқушыларды 1 қыркүйек Білім күнімен құттықтау. Елін, жерін, Отанын сүюге, құрметтеуге баулу Тәуелсіз ел...Мемлекеттік рәміздер. Тест 2 сынып
1) Мемлекеттік рәміздерге не жатады? А) Әнұран, рәміз, президент Б) Әнұран, ту, гимн Ә) Әнұран, елтаңба, ту 2) Елтаңбаның авторлары? А) Шәмші...Менің Отаным - Қазақстан
Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай - қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін...«Туған жерім – Қазақстан»
«Мемлекеттік тілде оқытатын Заречный орта мектебі» КММ Мектепалды даярлық тобы Тәрбиеші: Естекова Ж.С Тақырыбы: «Туған жерім – Қазақстан» ...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.