1 – жүргізуші:
Кеш жарық құрметті ұстаздар мен оқушылар!
Бүгінгі «Жігіттер сұлтаны» атты сайысымызға хош келдіңіздер! Енді сіздердің рұқсаттарыңызбен бүгінгі кеште өз өнерлерін көрсететін өнерпаздарымыздың өнерін әділ бағалайтын әділ қазылар мүшелерін сайлап алайық. (Әділ қазылар мүшелерін сайлап алады.)
Армысың, айналайын дана халқым,
Сақтаған ұлтымыздың берік салтын.
Тіл ұшына ілінер кездескенде,
«Сәлем – сөздің анасы»деген нақыл.
Топ алдына шыққанда басын иіп,
Сәлемдесу – парызы әрбір жастың.
Өнерлерін паш етер жігіттермен,
Сәтте келіп қалғандай танысатын - дей отырып, ортаға 6«А»сыныбының намысын қорғайтын жігіттерімізді ортаға шақырамыз.
І байқау «Таныстыру»( Жігіттер ортаға шығып, өздерін таныстырып өтеді.)
2 – жүргізуші:
Жігіттер өздерін таныстырып өтті, кезекті әділ қазылар алқасына берейік. жоғарғы ұпай 5 ұпай.
1 – жүргізуші:
Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық.
Ата жолын жалғайық,
Әдеп - дәстүрін қолдайық.
Жігіттер шықсын ортаға,
Бүгін сұлтан атанбақ.
2 – жүргізуші. ІІ байқау «Білгенге маржан» деп аталады.
«Мектеп – кеме, білім - теңіз»- деп дана халқымыз бекер айтпаған. тағы да халық: «Білікті бірді жығады, білімді мыңды жығады» дейді. ендеше жігіттерімізді ортаға шақырып білімдерінің және қазақ халқының салт - дәстүрін қаншалықты жетік білетінін пайымдайық. Бұл байқау шарты бойынша әрбір сайыскер тақтадағы шаршыларды өз қалауы бойынша таңдайды. Әрбір шаршының ішінде сұрақтар жасырылған және дұрыс жауап берген жағдайда сайыскер сыртындағы ұпайды өз қанжығасына байлайды. әрбір сайыскердің алған ұпай санын әділ қазылар өздеріңізге жазып отырыңыздар.
(Жүргізуші: ал бастайық бірінші оң жақтан бастайық.)
Батырдың қару – жарақ түрлері бөлімі.
1. Батырдың үстіне киетін киімі? (сауыт) 40ұпай
2. кеудесін қорғаушы (Қалқан) 30 ұпай
3. Алыстан түйрейтін қару (садақ) 20 ұпай
4. Өткір үлкен пышақ түрі (Қанжар) 10 ұпай
Әртүрлі бөлімі.
1. Аптаның жеті күнін ата(дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі. 10 ұпай
2. Әлемдегі ең үлкен көл?(Каспий) 20 ұпай
Имандылық бөлімі
1. Бес мезгіл оқитын араб сөзі. (намаз) 10ұпай
2. Қырық күн тамақ ішпейтін кезең? (Ораза) 20 ұпай
3. Балалар топталып әр үйге айтатын өлең? (жарапазан) 30 ұпай
4. 30 күн аштықтың 3 күн тоқтығы бар ол не? (айт) 40 ұпай
Салт — дәстүр бөлімі
1. Жеті атаңды атап шық. 10 ұпай
2. Жаңа бұйымға берілетін нәрсе(байғазы) 40 ұпай
3. Қуанышты хабар айтқанда берілетін нәрсе? (сүйінші) 30ұпай
4. Мұсылманның жаңа жылы қалай аталады? (наурыз) 20 ұпай
2 жүргізуші: Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
әнді сүйсең менше сүй.- деп Абай атамыз тамсанған ән өнеріне жігіттеріміз қаншалықты қабілетті екенін көрелік.
ІІІ байқау «Ән - көңілдің ажары» деп аталады.
1 жүргізуші:
Ән мен күйді қатар берген санамызға,
Құштар - ау өнерге үлкен, балаңыз да.
Өнердің ең әсемін би деп айтсақ,
Жігіттер биден құр қол қаламыз ба?!
Кәне жігіттер сайысымыздың «Сұлу би – сымбат мүсін айғағы» деп аталатын ІҮ байқауда да өзімізді бір көрсетіп өтелік.
(Ортада музыка ойнап тұрады жігіттер шығып би билейді.)
2 жүргізуші:
Уа, жігіттер, жігіттер,
Бар өнерге салыңдар.
Жігіттің сұлтаны деген атқа,
Білемін, бәрің лайықсыңдар.— деп біз сендерге сенім артамыз.
Келесі IV байқау «Өнерлі өрге жүзеді» деп аталады. Бұл байқау шарты бойынша әрбір сайыскер өзінің қолымен жасаған бұйымдарын көрсету керек.
1 жүргізуші:
Қазіргі таңда жалпы қоғам алдына қойылып отырған басты мақсат:
салауатты өмір салтын құру. Қазақстан Республикасын болашақта да, қазіргі таңда да денсаулығы мықты, басында алты асыл қасиеті бар, халқының салт - дәстүрін құрметтейтін ер жігіттер басқаруы керек. Біздің жігіттердің білегімен елінің ертеңін қорғай алама екен соны сынап көрелік.
Ендеше келесі V байқау «Мен алыппын» деп аталады. (білек күресі)
2 жүргізуші Өнерлі жігіт өрге жүзер дейді халқым,
Өнерлі болса жігіттер болар сылқым.
Қане жұртым көрелік «нағыз жігіт»,
Қағып таңдай, тамсанып, десіп «шіркін».
Біздің барлығымызға белгілі ер адамдардың барлығы әдемі, сымбатты көріну үшін костюм - шалбар киіп, келісімді галстук тағады. Біздің жігіттер галстукты қалай байлау біледі екен тамашалап көрелік. VI байқау «Мен кербезбін» деп аталады.(сайыскерлер галстук байлап көрсетеді.)
1 жүргізуші:
Сайыста жеңісте бар, жеңілісте бар,
Қуанып, шаттанып күлуде бар.
Өнерін тамашалап, отыр қауым,
Сайыста әділ қазылар тағыда бар.- деп «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» демекші бүгінгі сайысымызды таразылап әділ бағасын береді деген оймен келесі сөз кезегін әділ қазылар алқасына береміз.(Әділ қазылар алқасы сөйлейді). Жеңімпаздарға мақтау қағазын, сыйлықтар табыс етеді.
2 жүргізуші:
Көтере бер, көркейе бер, өсе бер
Өмір жолы еңбекпенен шешілер.
Шыңға шығар шынар болып шынайы,
Кездеспесін ешқашанда кесірлер.
1 жүргізуші:
Барына риза болсын көрермендер,
Байқадық білгенді де, білмегенді.
Осымен бұл қызықты тамамдасақ,
Тағыда үйренерміз аман болсақ – деп бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз.
Жігіттің сұлтаны
- gulnas-hihmetova
- 6 қаңтар 2016
- 4658
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Жігіттің сұлтаны сайыс сабақ, салт-дәстүрді дәріптеу
Ұқсас жаңалықтар:
Ханзада мен ханшайым
Лагерь ханзадасы мен ханшайымы Мақсаты: Халықтық тәрбиенің асыл қазынасы ұлттық мәдениетті, имандылық, ізгілік, әдептілік қасиеттерді қалыптастыру,...«Жігіт сұлтаны» сайысы
Асыл тастан, өнер жастан шығады деп дарынды, Халық айтса, халық сөзі, әрқашанда нанымды. Сол өнердің жолын қуған «Жігіт сұлтаны» сайысына қатысатын...Мен сенің өміріңнің жалғасымын
Cабақтың мақсаты: Әке мен баланың арасындағы сыйластықты көрсету. Өнерге, сұлулыққа, жинақтылыққа, ұқыптылыққа ата - анамен байланысты қамту....Нағыз қазақ жігіті
Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы Қызылсу орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Ташенова Амида Қонысбайқызы...Жігіт сұлтаны
«Жігіт сұлтаны» Мақсаты: 1. Ата салтын насихаттай отырып, нағыз қазақ жігітінің бойындағы қасиеттерімен таныстыру....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.