Мақсаты:
1. Оқушылардың білімдерін пысықтау, қайталау. Жұптасып жұмыс істеу дағдыларын арттыру.
2. Оқушыларды шапшаңдыққа, тапқырлыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу
Ата - аналармен тығыз байланыс орнату.
3. Ойлау қабілетін, ой өрістерін дамыту.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі
- Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар! 3«в» және 3 «г» сынып оқушыларының арасында өтетін «Жұлдызды сәт» сайыс - сабағын бастауға рұқсат етіңіздер.
Ал құрметті қонақтар
Ортаға назар салайық
Сайыскерлер шықпақ сайысқа
Қол соғып қарсы алайық!
Сайыс - сабаққа барлығы 10 оқушы қатысады.
Сәлеметсіздер ме, оқушылар!
Нақты ғылымдарға қызығушылар.
Естігенін есте тұтып,
Оқығанын миға тоқушылар.
Сәлеметсіздер ме, ата - аналар!
Сіздер де келіп қалыпсыздар
«Жұлдызды сәт» сайысымызға
Сәттілік сіздерге де тілейміз біз.
Есепті түрлі - түрлі шығарамыз,
Арасында ойын ойнап жарысамыз.
Ойға оралымды, қиын сұрақ бәрі де бар.
Әзіл есепті де жүзеге асырамыз.
1. Бүгінгі «Жұлдызды сәт» сайыс – сабағымыз «ғажайып математика» пәнімен тығыз байланысты. Сондықтан барлық оқушыларды «Шаттық шеңберіне» шақырамын.
Мінекей, сыныпта тыныштық
Естілмейді дыбыс түк
Мұны біз де қоштаймыз,
Кешіккендерді тоспаймыз
Ғылымдардың патшасы
Математика жайында
Ойнайық та, ойлайық!
Сайысымызды бастайық!
Мұғалім:
Шын жүйрік шабысынан табылады.
Нақты білім, терең ой сыналады.
Баға берер әділқазы ортамызда
Сіздерге құрметпенен қол соғайық.
2. Әділ қазылар алқасымен таныстыру.
3. Оқушылар өздерімен таныстырып, өмірлік ұстанымдарын айтады.
2. Келесі кезекте сайыскерлеріміз өздерін таныстыруға сөз берейік.
4. Ойын ережелерімен таныстыру.
Сайыскерлер берілген сұрақтардың дұрыс жауаптарының нөмірін көрсету керек. Егер ойыншылардың барлығы бірдей дұрыс жауап берсе – барлық ойыншыға бір - бірден жұлдызша беріледі. Егер ойыншылардың бірі дұрыс жауап бермей қателессе, оған жұлдызша берілмейді.
ІІ – Негізгі бөлім
1 - сайыс: Ойлап тап!
99 100 606 800 9 1 20
Сұрақтар:
1) А∙3=27 А=? (9)
2) Екі таңбалы жұп санды тап (20)
3) Ең кіші үш таңбалы сан (100)
4) В: 4=200 в=? (800)
5) Ең кіші тақ сан (1)
6) 6 жүзд. 0 онд. 6 бірл. тұратын сан (606)
7) Ең үлкен екі таңбалы сан (99)
2 - сайыс: «Қатесін тап»
2 минуттің ішінде берілген өрнектерден қатесі бар өрнектің нөмірлерін теріп жазу.
1) 35: 5= 36 4) 42: 6=7
2) 3 ∙ 8 = 524 5) 3 ∙ 9 = 36
3) 60 – 13 = 57 6) 45 + 14= 59
3 - сайыс «Ой сергіту сайысы» Жұмбақ шешу.
Математикалық атаулар мен ұғымдар,
Есте болар, оқушылар, бәріңнің де.
Енді бір сәт солар жайлы жұмбақ шешсек
Артық болмас, бастайық, кезек бізде.
1 - жұмбақ
Өмірің сенің қызық,
Жолында жоқ түзу сызық,
Басы да жоқ аяғы.
Бір айналым баяғы. (дөңгелек)
2 - жұмбақ
Дүкеннен мен сабын алдым,
Оның және қабын алдым,
Он екі дәптер, он бір қарындаш,
Тіс ысқышты тағы да алдым.
Есептеші сонда бәрі
Қанша болды, қолда бәрі? (26)
3 - жұмбақ
Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,
Ұзындығы жазылып тұр бойында. ( сызғыш )
4 - сайыс: «Логикалық тізбектер»
Өсу ретімен орналастыр:
16 53 209 81
Кему ретімен орналастыр:
310 301
313 103
5 - сайыс: Викториналық сұрақтар:
1. Үстелдің төрт бұрышы бар. Егер бір бұрышты кесіп тастаса, неше бұрыш қалады? ( 5 )
2. Сағат тілі тәулігіне неше рет тік бұрыш жасайды? ( 4 рет)
3. Мектепке келе жатқан 5 балаға қарсы жолда тағы 4 бала жолықты.
Мектепке неше бала барды? ( 5 бала )
4. Екі адам 4 сағат шахмат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойнады? ( 4 сағат)
5. Отбасында 3 ағайынды бала бар. Әр бала бір - бірінен 3 жасқа кіші. Ал барлығының жастарының қосындысы 15 жыл. Әрқайсысының жасы қаншада? (үлкені 8 жаста, ортаншысы 5 жаста, кішісі 2 жаста)
6. Жанұяда 2 ұл және әр ұлдың 2 әпкесі, 1әкесі бар. Әр қыздың бір анасы
бар. Жанұяда барлығы қанша адам бар?
( 2ұл, 2 қыз, 1 әкесі, 1 анасы - 6адам)
7. Ұшақ Семейден Алматыға дейін 1 сағат 20 минут ұшады, ал кері қарай 80
минут ұшады. Бұл айырмашылықты қалай түсінесің? (екеуі тең)
8. Қандай жолмен еш уақытта адам жүрмейді? (құс жолымен)
6 - сайыс «Қызықты логика»
1. Түзудің бойынан 6 нүкте ал. Сонда қанша кесінді пайда болады? (3)
2. Егер алты 7 цифрін пайдалана отырып 2 амалдан тұратын өрнек құрастырсақ, мәні 100 - ге тең болады. Өрнекті құрастырып көріңдер:
(777 - 77): 7=100
3. Сағат түнгі 10 - да қар жауып тұрса, 24 сағаттан кейін күннің жарқырап тұруы мүмкін бе? (жоқ)
4. Екі нүктенің арасындағы түзу. (кесінді)
5. Әлия Молдағұлова көшесінде 1 - ден 100 - ге дейін сандар бойынша үйлер нөмірленген. Осы үйлердің ішінде 5 саны неше рет кездеседі? (10 рет)
6 - сайыс: Жартылай финал «Жалғасын тап»»
(Бұл сайысқа ең көп жұлдызша жинаған төрт сайыскер өтеді)
Мақалдың жалғасын табу:
1. Күлме досқа, келер басқа.
2. 100 теңгең болғанша, 100 досың болсын.
3. Ана сүті – бой өсіреді, ана тілі ой өсіреді.
4. Кітап – білім бұлағы, білім – өмір шырағы.
5. Әдепті бала – арлы бала, әдепсіз бала сорлы бала.
6. Әдептілік белгісі – иіліп сәлем бергенін.
Финал
«ТАҢҒАЖАЙЫП» сөзінің әріптерінен сөздер құрастыру.
Ең көп сөз құрастырған сайыскер жеңімпаз атанады.
Қорытынды бөлім.
Санаңды сенің толтырар,
Математика пәні бар.
Сабағыңды егер оқысаң,
Өмірде саған жол болар.
Мұғалім: Сайысымыздың соңғы сәті таяп қалды.
Ал, қазір әділқазылар сөз алады.
Сайысымыздың жеңімпаздарын анықтап,
Мақтау қағаз, сыйлықтарын тапсырады.
Жеңімпазды марапаттау.
Жұлдызды сәт
- Алмагүл Манаповна
- 5 қаңтар 2016
- 4086
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Жұлдызды сәт ойыны, ғажайып математика
Ұқсас жаңалықтар:
"Алғыр алтау" оқушылар арасында сайыс
Мақсаты: Оқушылардың ойлау, сөйлеу, математикалық білім қабілеттерін арттыру. Қызықты ойындар, сұрақтар арқылы логикалық ойлау, есте сақтау қабілетін...Математикалық сандық
Сабақтың мақсаты: 1) Оқушылардың ой - өрісін кеңейтіп есте сақтау қабілетін шыңдау, оқушылардың білімге қызығушылығын арттыру. 2) Оқушыларды...Қызықты әзіл - есептер
Қарасу орта жалпы білім беретін мектебінің 7 сынып оқушысы Талапов Ерасыл Жетекшісі: Дуйсенбаева Арнагул Имангазиевна...Математикалық сайыс
Қуандықова Әзима...Математикалық сандықша
Жамбыл облысы, Меркі ауданы, №18 А.Қосанұлы атындағы ОМ Математика пәнінің мұғалімі Байбосынова Р.Ж....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.