Сайтқа кіру Тіркелу

«Менің Отаным - Қазақстан»

Сабақтың тақырыбы «Менің Отаным - Қазақстан»

Мақсаты: 1. Еліміздің Ата заңың құрметтеуге әрбір жас жеткіншекті өмірдегі өз құқығын, міндеттерін білуге, Ата заңың сыйлауға, достық қарым - қатынасты қалыптастыруға, кез - клген мәселені әділ шешуге, ұлттар мен ұлыстардың арасындағы достық пен ынтымақтастықты дәріптеу. Оқушылардың Қазақстан туралы білімдерін кеңейту.
2. Оқушыларды құқықтық сауаттылыққа, ойлау, сөйлеу мәдениеттерін дамыту, қабілеттерін шыңдау.
3. Патриоттық тәрбие беру.
Көрнекілігі: бүктемелер, рәміздер, Ата заң, тарихи мәліметтер, суреттер мультимедиа т. б
Сабақтың түрі: Тренинг – сабақ, пікірлесу.
Сабақтың жүру барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі:
(сыныпты дайындау, оқушыларды түгелдеп, сабаққа назар аударту)
Әнұран орындалады. (видео)
Сабақтың эпиграфы: «... Мен өз халқымның жолында басымды бәйгеге тіккен адаммын. Маған ары үшін жанын садаға ететін осындай текті халыққа, мені ұлым деп, перзентім деп төбесіне көтерген халыққа, арғы - бергідегі қазақ баласының бірде – бірінің пешенесіне бұйырмаған бақыты - толыққанды тәуелсіз мемлекет құрудың қасында болу бақытын бұйыртқан халыққа қызмет етуден артық ештеңенің керегі жоқ, осы жолда мен бойымдағы бар қайрат - қабілетімді, білім - білігімді аямай жұмсаймын, қандайда да тәуекелге барамын...» Н. Ә. Назарбаев

ІІ. Негізгі бөлім
Мұғалім сөзі; Биылғы жыл - еліміз үшін мерейлі белестер жылы.

Көрініс «Тарих өткелдері»
Немересі: Әже, атам ылғи «Сенің болашағыңды ойлаймын, өткен өмірді ойлаймын» дейді. Оның өткен өмірі қандай?
Әжесі: Е, балам атаң, ата - бабаң не көрмеді дейсің?! 1723 жылы жоңғар шапқыншылығы,
1930 - 1932 жылдардағы алапат аштық, одан 1937 - 1938 жылдардағы ағаларымыздың жазықсыз жазаға ұшырауы...
1986 жылы Тәуелсіздік жолында жастарымыз ереуілге шықты. Міне, өткен өмір.
Бұған да тәуба. Еліміз өз Тәуелсіздігін алып, егеменді ел болдық.
Егеменді ел болудың белгісі -
Басқа жұртпен тең жұлдызы, тең күші.
Егеменді деген сөздер естілер
Ата жұрттың арғысы мен бергісі.
Еліміздің егемендігін осылай жырлаймыз, балам. Ұмытпаңдар, айналайын ұрпағым.
Елін, жерін сүйетін үлкен азамат болыңдар!

Бодандықтың бұғауын бұзған егемендік сағаты сыртылдай соғып Тәуелсіздіктің нұрлы таңы атты. Қазақ халқы бабалардан мирас болған
ата - мекенімізді тәуелсіз ел етті. Тұңғыш Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. Туған еліміздің мемлекеттік тәуелсіздігінің қасиетті нышандары аспан түстес зеңгір көк Туымыз, айшықты Елтаңбамыз бен асқақ Әнұранымыз келді.
Тұрмысы шалқып, түтіні түзу ұшқан бай-қуатты мемлекетке айналды. Татулықты - тұрақтылықтың және тұрақтылықты - дамудың тұғыры етті.

«Көк тудың желбірегені» видеоролик көрсетіледі.

Биыл ел болып 550 жылдығын атап өткелі отырған Қазақ хандығы да - ұлы дала шежіресінің жарқын беттері. Біз мыңжылдықтар тоғысында жаңа мемлекет құрдық. Батыр бабалардың арманын ақиқатқа айналдырдық. Тарихымыздың қай кезеңіне көз салсақ та, ол бірліктің жылнамасы. Қазақ әлсіресе алауыздықтан әлсіреген, күшейсе бірліктен күшейген. Бірлігі бар қазақты ешкім жеңе алмаған.
Ата Заң. Аталар аманаты. Кешегі Қасымның «қасқа жолы», Есімнің «ескі жолы», Тәукенің «Жеті жарғысының» жалғасы, заңды мұрагері – біздің бүгінгі Конституция. Нұрлы таңмен арайланып, байтақ та байырқалы еліміздің алтынмен апталған Ата заңы өмірге келді.
“Конституция”- латын тілінен аударғанда “құрылым”, «өкілім» деген ұғымды білдіреді. Қазақша мағынасы - ел, мемлекет болудың тетігі деген сөз. Онда маңызды үш мәселе – мемлекеттік және қоғамдық құрылыс, адамның немесе азаматтың құқықтық мәртебесі және мемлекеттік органдардың қызметтік жүйесі қамтылған.
Адам дүниеге келгеннен кейін, оның өмірін, денсаулығын, тыныштығын, біздің мемлекетіміздің Ата Заңы – Конституция қорғайды.
«Қазақстан - біздің ортақ үйіміз»

«Еліміздің мәңгілік темір қазығы болатын идея терең тарихтан бастау алады және бүгінгі күннің мұраттарына сай келуі тиіс».
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы.

«Түркі жұртының мұраты - Мәңгілік ел». Осынау бір ғана сөйлемге барлығы сыйып тұр. Бабалардың арманы, бүгінгі еліміз бен болашақ ұрпақтың биік мақсаттары бәрі үндеседі.
Қазақстанның ұлттық идеясы - Мәңгілік ел 1995 жылы ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномені – Қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылды. Бүгінгі таңда халық ассамблеясының құрылғанына 20 жыл толып отыр.
Қазақстан халық Ассамблеясының құрамына 820 этномәдени бірлестік кірген. 130 - дан астам ұлттар мен ұлыстар мекендейді. Тарих көшінің белгілі бір кезеңінде тағдыр тауқыметін арқалап,
Қазақстан халық Ассамблеясы Алматыдағы ең көрікті ғимараттың бірі – Ғылым Академиясы үйінде орналасқан.

Би терапиясы ( видеоролик)
ІІІ. « Кездейсоқ микрофон»
Әр топқа сұрақтар беріледі

І - топ
1. Конституция сөзінің аудармасы қалай? (құрылым, өкілім)
2. ҚР - да мемлекет билігінің бірден - бір бастауы? (Халық)
3. «Жеті жарғыны» қабылдаған қазақ ханы кім? (Тәуке хан)
4. Мемлекеттік бас құжат (Конституция)
5. Мемлекеттік елтаңбаның авторы? (Ш. Уалиханов, Ж. Мәлібеков)
6. Дүниежүзіндегі тұңғыш конститутция қай жылы пайда болды? (АҚШ 1787)
7. Бала құқықтары туралы конвенция қашан қабылданды? (1989 ж 20қарашада БҰҰ - ң бас ассамблеясы қабылдады)
ІІ - топ
1. Егемендік алғаннан кейін ҚР - да конститутция қанша рет қабылданды? (2рет; 1993ж 28 қаңтар, 1995ж 30 тамыз)
2. Республикадағы жоғарғы заң шығарушы органды ата? (парламент)
3. ҚР өзін қандай мемлекет ретінде орнықтырды? (демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік)
4. ҚР - ның төл теңгесі қашан қолданысқа енді? (1993 ж 15 қараша)
5. ҚР - ның жаңа әнұраны қашан қабылданды? (2006 ж 6қаңтар)
6. ҚР конститутциясы неше бөлімнен, неше баптан тұрады?
( 9 бөлім, 98бап)
7. Еліміздің мемлекеттік тілі (қазақ тілі )

VІ. « Адасқан әріптерді орналыстыру»
1. ЕКОНЮС - БҰҰ - ның білім, ғылым және мәдениет жөніндегі ұйым.
АТКРЕДИЯМО – халық еркі немесе билігі
2. ЕНТЕЗПРИДЕ – мемлекет басшысы
УАТРА - айырбас үшін арнайы өндірілетін өнім
3. АТТӨЛЖҰҚ – азаматтықты куәландыратын құжат
РПАЕЛМАНТ - заң шығарушы орган
V. «Болашаққа сапар» Үстіміздегі жылдың сәуір айында Елбасы Н. Ә. Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына кірісу рәсімінде сөйлеген сөзінде алдағы уақытта «Мемлекеттік құрылыстың одан арғы 100 нақты қадамы» атты Ұлт Жоспарын ұсынатынын айтқан болатын. Жақында Елбасының бұл жоспары халықтың назарына Ұлт Жоспары – 5 реформа «100 нақты қадам» деген тақырыппен ұсынылды. «100 нақты қадам» - бұл жаһандық және ішкі сын - қатерлерге жауап және сонымен бір мезгілде, жаңа тарихи жағдайларда ұлттың дамыған мемлекеттердің отыздығына кіруі жөніндегі жоспары. «100 нақты қадам» елімізге «2050 - Стратегиясын» жүзеге асыру мен Қазақстан мемлекеттілігін нығайтуға, жолдан адаспауға, күрделі
кезеңнен сенімді өтуге жағдай туғызатын беріктік қорын жасап беретін болады. Жоспардың негізгі мақсаты «АУРУЛАРДЫҢ СЫРТҚЫ БЕЛГІЛЕРІН» СЫЛАП - СИПАП ҚОЮ ЕМЕС, ОЛАРДЫ «ЖҮЙЕЛІ ЕМДЕУ» болып табылатын қоғам мен мемлекетті түбегейлі қайта өзгертуге негіз қалайды.

5 реформа 100 нақты қадам

І. КӘСІБИ МЕМЛЕКЕТТІК АППАРАТ ҚҰРУ
II. ЗАҢНЫҢ ҮСТЕМДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
ІІІ. ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМ
IV. БІРТЕКТІЛІК ПЕН БІРЛІК
V. ЕСЕП БЕРЕТІН МЕМЛЕКЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

«Қазақ елі» әні
VІ. Қорытынды.
Бірлігімізді тұмардай сақтай білсек, еліміз үшін алынбайтын белестер жоқ. Бүгінде олар тегі басқа болғанымен, теңдігі бір, қаны бөлек болғанымен жаны бір, арманы ортақ, біртұтас халыққа айналды. Туған елдің туының астында бірігіп, туған жердің тұғырын биік етуге бел шешкен азаматтарды бір тағдыр күтеді.
Елбасымыз айтқандай;
«Бір халық» бұл – барлығымыз үшін ортақ мүдделер.
«Бір ел» бұл - барлығымыз үшін ортақ Отан.
«Бір тағдыр» бұл - біз бірге жүріп өткен қиындықтар мен жеңістер!

І топ оқушылары хормен – Қазақстан -
ІІ топ – біздің болашағымыз!

І топ – Қазақстан -
ІІІ топ – соғып тұрған жүрегіміз!
Қазіргі заман – білімдінің заманы. Сондықтан оқы, білім ал, еліңе адал қызмет ет. «Асулардан асады жастар әлі, зор болашақ бүгінен басталады» деп бүгінгі білім күніне арналған сабағымызды аяқтаймыз.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Бүгінгі шақ және болашақ

Бүгінгі шақ және болашақ

Күтілетін нәтиже Сабақтың міндеттері: - Біріккен Ұлттар Ұйымының Бала құқықтары туралы Конвенциясы туралы жалпы түсінік алу...
Құқықтық сауаттылық – заман талабы

Құқықтық сауаттылық – заман талабы

Мақсаты: 1. Оқушылардың құқықтық білімдерін тексере отырып, жауапкершілікті арттыру, алдына мақсат қоя білуге баулу. 2. Оқушылардың ойлау, тыңдау,...
Қазақстан - 2050» стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр

Қазақстан - 2050» стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр

Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы Л.Қылышев атындағы ОЖББМ бастауыш сынып мұғалімі Мусина Айдана Калаповна...
Бір халық – бір ел бір тағдыр

Бір халық – бір ел бір тағдыр

Сабақтың мақсаты: білімділік 1) Оқушыларды елін сүюге, Отанға деген мақтаныш сезімін арттыруға, еліміздің тәуелсіздігінің паш ететін түрлі тарихи...
Құқықтық сауаттылық - заман талабы

Құқықтық сауаттылық - заман талабы

Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Қараой селосының Қараой мектеп - бала бақшасының аға тәлімгерімін Мамбетова Дамира Жалғасбайкызы Тақырыбы: Құқықтық...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×