Сайтқа кіру Тіркелу

Абай шығармашылығы

Қарағанды қаласы
№ 101 мектеп - лицейінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Ахметова Гүлденсін Елубаевна

Тәрбие сағатының тақырыбы: Абай шығармашылығы

Мақсаты: Абай шығармашылығы туралы оқушыларды іздендіру. Парасатты, сөз құдіреті мен көркемсөздің мәйегін бойына сіңдіру.
Қанымызда бар шешен де тауып шебер сөйлеуді ұрпақ бойынан көру. Ұлыларымызды құрметтеу, сол арқылы оқушы бойына мақтаныш сезімін тудыру.
Көрнекіліктер: интербелсенді тақта арқылы аудио - видео жазбалар мен презентация. Абайдың дүниеге келуі «видео - фильм»

Айша: Иә, алып тұлғалы, қазақтың бір туар ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы осылайша дүниеге келген екен.

Альфара: Хронологиялық кесте
1. 1845ж. 10 тамызда Шыңғыс тауының баурайында дүниеге келген. Анасы Ұлжан мен Айғыздың арқасында «Телғара» атанып өсті.
2. 1855 - 1857 ж. Ауыл молдасынан сауат ашты. 9 жасында «Кім екен деп келіп ем түйе қуған» деген ең алғашқы мысқыл өлеңін шығарды.
3. 187 - 1859 ж. Семей қаласында Ахмет Риза медресесінде білім алды. Үш ай «Приходская школа» орыс мектебінде қосымша оқиды. Араб, парсы, түркі тілдеріндегі шығыс ақындарының кітаптарын оқыды.
4. 1870ж. Семей қаласында Лев Толстойдың кітабын сұрап тұрғанда Е. П. Михаэлиспен танысты.
5. 1876 - 1878ж. Абай қоңыр Көкше еліне үш жыл болыс болды. Абай үш сайлауда інісі Ысқақты, екі сайлау Оспанды, бір сайлау Шәкәрімді болыстыққа сайлады. 28 жастағы Абайдың үстінен күндес топтар жоғарыға өтірік арыз - шағымдар жазды. Үзікбай Бөрібаевтың жалған арызымен Абайдың үстінен Семейдің ұлықтары тергеу ісін қозғайды.
6. 1877 - 1878 ж. Абай 12 іспен тергеліп, Семейде 3 - 4 ай жатады. 1884ж. Абайды ақтап 700 кісі куәлік беріп, «қылмыстық ісі» жабылады.
7. 1880 ж. Михаэлис арқылы Н. И. Долгополов, С. С. Гросс, П. Д. Лобанский, Н. Коншин секілді орыстың демократтарымен танысты.
8. 1889 ж. 25 – ке жуық өлең шығарады. Осы жылы «Күлембайға», «Жаз» деген өлеңдері Омбыдағы «Дала уалиаты» газетіне Көкбайдың атымен жарияланды.
9. 1890 - 1898 ж. Қара сөздерін жазды.
10. 1891 ж. Інісі Оспан қайтыс болған соң мұңды өлеңдер жаза бастады.
11. 1895 ж. Баласы Әбдірахман 27 жасында қайтыс болады.
12. 1898 ж. Өзінің бала кезгі досының ұйымдастыруымен түрлі ру басылары Абайды соққыға жығады, дүниесін тонайды.
13. 1899 ж. Абайдың өлеңдері көбейеді.

Абай шежіресінің сызбасы тақтадан көрсетіледі

Әлішер: Кеңес өкіметі тұсында Абайдың әкесі Құнанбай туралы да теріс пікір болды. Ол шынжыр балақ, шұбар төс шонжар, елді қанап, қиянат көрсеткен адам ретінде бейнелейді.
Шындығына келетін болсақ, Құнанбай белгілі ру басы, ел құрметіне бөленген, көпке танылған, адал, шешен адам болған. Поляк революционері Янушкевич өзінің жазбаларында оның іскерлігіне, адамгершілігіне сүйсініп, шешендігі, тапқырлығы жағынан батыстың белгілі ойшылдарымен қатар қояды, тиісті білім алса олардан артып түсер еді деп тамсанады.

Перизат: Құнанбай қажы - ел көкейінде ұзақ уақыт тозаң баспай сақталатын асылдардың бірі. Ал Абай болса - сол асылдардың тот баспайтын сынығы. Әжесі сүйікті немересі Абайға ән - жыр ертегілерді ұзақты кеш айтып беріп отыратын. Анасы Ұлжан Абай үшін елдің атақты әнші – жыршыларын әдейі шақыртып, бірнеше күн күтіп қонақ етіп, ән-жырларын тыңдатып кейін оларды үлкен сый құрметпен шығарып салады екен. Абай осылайша жастайынан туған халқының рухани байлығынан мол сусындап өскен.

Руслан: Өмірінің көпшілігін далада өткізетін көшпелі елдің баласы Абайға қоршаған табиғатының әсері де мол болды. Туған жерінің әсем табиғаты сезімтал жастың ақын боп қалыптасуына да елеулі ықпалын тигізген еді. Абай табиғат, қоғам адам өмірінің бір бірімен тығыз байланысын жасынан сезіп өсті. Бұл оның табиғатқа деген сүйіспеншілігін тәрбиелеп, кейіннен шығармаларында халқының сипатын, туған жер табиғатын жырға қосқанда олардың ерекшеліктерін дөп басып, нағыз шындық бейнесін беруіне жәрдем жасады. Бала Абай дін оқуын місе тұтпай, білімін өз бетінше жетілдіруге ұмтылды.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
«Абай жолы» роман - эпопеясының қысқа мазмұны №13

«Абай жолы» роман - эпопеясының қысқа мазмұны №13

Он шақты күннен бері Абай Семейде Каталашкада (түрмеге дейінгі жазалау орны) отыр. Кошкин барып Абай үстінен үлкен акт жазған болатын. Абайдың...
«Абай жолы» роман - эпопеясының қысқа мазмұны №10

«Абай жолы» роман - эпопеясының қысқа мазмұны №10

Абай соңғы күндері мызғуды қойып, қажылық туралы көп кітаптарды оқып, ізденіп жатты. Себебі, әкесі Құнанбай қажылыққа кеткелі жатқан еді....
Абай бүлдіршіндер жүрегінде

Абай бүлдіршіндер жүрегінде

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Ы. Алтынсарин орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қайыржанова Жұмагүл...
Ыбырай Алтынсарин – ағартушы, педагог

Ыбырай Алтынсарин – ағартушы, педагог

Сабақтың тақырыбы: «Ыбырай Алтынсарин – ағартушы, педагог» Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушыларға қазақтың ірі ғалымы, ағартушы, педагог Ыбырай...
Абай Құнанбаев-жазба әдебиеттің негізін салушы

Абай Құнанбаев-жазба әдебиеттің негізін салушы

Атырау қаласы, Еркінқала орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі, Өтепова Тойған Қуанышқызы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×