Сайтқа кіру Тіркелу

Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл

Ағылшын тілі мұғалімі Амантаева Айгул Нурланқызы

Тәрбие сағаты
Сабақтың тақырыбы: Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл
Мақсат, міндеттері: Қазақ хандығының құрылу тарихымен таныстыру, қазақ жеріндегі тұңғыш дербес мемлекеттің жаулап алушылық соғыстар нәтижесінде емес, халықтың ғасырлар бойы армандаған арман тілегі мен өзара туыстығы нәтижесінде дүниеге келгенін түсіндіру.
Тұңғыш қазақ мемлекетінің құрылуына негіз қалаған қоғам қайраткерлерінің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу, өз елінің тарихына, адал ұлдарына деген құрмет сезімін қалыптастыру.
Табыс критерийлері: (Күтілетін нәтиже) Оқушылар Қазақ хандығы туралы біраз мағлұматтар алады. Қазақ хандарын басқарған хандарды таниды. Есте сақтау қабілеттері дамиды
Түйінді идеялар (Әдісі): Сұрақ – жауап, хронология, сөзжұмбақ
Ресурстар (көрнекіліктер): Слайд, видео, постер
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу, түгендеу, топқа бөлу, топтағы рөлді анықтау

Жаңа тақырып: Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған тақырыпты түсіндіру:
1 Қазақ хандығының құрылуы.
2 Қазақ хандары.
3 Тарихи шолу (сұрақтар)
4. Мәнді цифрлар

XIV — XV ғасырларда барлық қазақ тайпалары ұлан - байтақ аймақты мекендеп жатты. Ертістен Оралға, Алтайдан Каспийге, Қараталдан Сырдарияға, Тянь - Шань тауларынан Қаратауға дейінгі аумақты қамтыды. Қазақ даласын мекендеген негізгі тайпалар: үйсін, қаңлы, қоңырат, найман, керей, маңғыттар болды. Қазақ даласындағы көшпенді тайпалар, сол кездегі үш ірі мемлекет — Ноғай Ордасы, Моғолстан, Әбілхайыр хандығы немесе Өзбек Ұлысының құрамында болды. Бірақ олардың қайсысы болмасын, күнделікті өмірде қажетті қауіпсіздік пен этникалық аймақтың бірлігін қамтамасыз ете алмады. Әбілхайыр хандығы экономикалық және саяси құлдырауды бастан кешіп жатқан еді. Мемлекеттің ішкі саясаты негізінен, билікке таласып жатқан Жошы ұрпақтарымен күресуге бағытталды. Күннен - күнге күшейген феодалдық езгімен, хан билігінің қысымына шыдамаған халық көтеріле бастады.

Жағдай, 1457 жылы Әбілхайыр ойраттардан жеңіліс тапқан соң тіпті ушыға түсті. Бұл жайт, халықты Әбілхайыр билігінен құтқарар, билеуші іздеуге мәжбүр етті. Орыс ханның ұрпақтары Жәнібек пен Керей сұлтан, қазақ тайпаларының мұң - мұқтажын жеткізуші, көсемдерге айнала бастады. Әбілхайыр ханмен күресуге лайықты сәт таппаған, Керей мен Жәнібек туған далаларын тастап шығып, өздерін құрмет тұтқан Моғолстанға кетуге мәжбүр болады. Моғолстан билеушісі Есен - Бұға қазақ сұлтандарын сый-құрметпен қарсы алып, Шу өзенінің жағасынан жер береді. Есен - Бұға қазақ сұлтандарына жер бере отырып, ойраттар жиі шабуылдап жатқан шекарасын бекітпек болады. Мұхаммед Хайдар Дулатидің жазуынша осылайша 1465 жылы Керей мен Жәнібек сұлтандар Қазақ хандығының іргетасын қалады. Бірінші хан болып, Керей сайланды. Айта кету керек, ру-тайпалардың өзара бөлініп, басқаларға қосылуы ол заманда қалыпты құбылыс болып саналатын. Бірақ, ру - тайпалардың Әбілхайыр аймағынан жаппай қоныс аударуы, билік үшін соғысып жатқан Шыңғыс ұрпақтары арасында аймақта ерекше жайт болды. Оқиғаның салмақ алып бара жатқанын түйсінген Әбілхайыр, Моғолстанға жорыққа жақсылап дайындала бастайды. Алайда, жорық үстінде ауырып, қайтыс болады. Әбілхайыр өлімі мен Өзбек ұлысының күйреуі, қазақ сұлтандарына Дешті Қыпшақ даласына қайта оралып, сайын далада билік үшін жүріп жатқан күреске араласуға, мүмкіндік берді. Олардың басты ойы, бұл аймақты жаңа мемлекеттің орталығын айналдыру болатын. Сол кезден бастап, далалық тайпаларды бағындыру олардың саяси, әскери қызметтерінің негізіне айналды. XV ғасырдың70 - 80 - ші жылдары Жәнібек пен Керей, кейінірек таққа отырған Бұрындық хандардың бар күштері жаңа мемлекеттің іргесін кеңейтіп, күшейтуге жұмсалды.

Керей хан, Болат сұлтан ұлы, Орыс хан шөбересі 1465 — 1474 жылдары билеген.
Әз - Жәнібек хан, Барақ хан ұлы, Орыс хан шөбересі 1474 — 1480 жылдары билеген.
Бұрындық хан, Керей хан ұлы, 1480 — 1511 жылдары билеген.
Қасым хан, Әз - Жәнібек хан ұлы, 1511 — 1522 жылдары билеген.
Момыш хан, Қасым хан ұлы, 1522 — 1523 жылдары билеген.
Тайыр хан, Әдік сұлтан ұлы, 1523 — 1533 жылдары билеген.
Бұйдаш хан, Әдік сұлтан ұлы, 1533 — 1538 жылдары Жетісу өңірін билеген.
Тоғым хан, Жәдік сұлтан ұлы, 1533 — 1537 жылдары билеген.
Ахмет хан, Жаныш сұлтан ұлы, 1533 — 1535 жылдары Сырдария маңын билеген.
Хақ - Назар хан, Қасым хан ұлы, 1538 — 1580 жылдары билеген.
Шығай хан, Жәдік сұлтан ұлы, 1580 — 1582 жылдары билеген.
Тәуекел хан, Шығай хан ұлы, 1582 — 1598 жылдары билеген.
Есім хан, Шығай хан ұлы, 1598 — 1628 жылдары билеген.
Жәнібек хан, Есім хан ұлы, 1628 — 1643 жылдары билеген.
Салқам Жәңгір хан, Есім хан ұлы, 1643 — 1652 жылдары билеген.
Батыр хан, Бөлекей сұлтан ұлы (Әз - Жәнібек хан ұлы, Өсеке сұлтанның ұрпағы), 1652 — 1680 жылдары билеген.
Тәуке хан, Жәңгір хан ұлы, 1680 — 1715 жылдары билеген.
Қайып хан, Хысырау сұлтан ұлы (Есім хан ұрпағы), 1715 — 1718 жылдары билеген.
Болат хан, Тәуке хан ұлы, 1718 — 1729 жылдары билеген.
Әбілмәмбет хан, Болат хан ұлы, 1729 — 1771 жылдары билеген.
Абылай хан, Көркем Уәли сұлтан ұлы, 1771 — 1781 жылдары билеген.
Кене хан, Қасым сұлтан ұлы, (Абылай хан немересі) 1841 — 1847 жылдары билеген.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×