Көрініс: «Соғыс қасіреті» (күй ойнап тұрады)
Немересі: Әже, әже! Бүгін менен бақытты адам жоқ. Жаңа өмірдің баспалдағын дәрігер боп бастағым келеді. (әжесін құшақтап еркелей күледі)
Әжесі: Талабына нұр жаусын, арманыңа жет балам! (маңдайынан сүйіп, қасына отырғызады, әкесі жымиып, салмақты кейіпте пышағын қайрап отыра береді, келіні ыдыс алып, келе жатып, радиодағы хабарды тыңдап тұрып қалады).
Радио: Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! Сөйлеп тұрған Москва. Бүгін, таңертеңгі сағат 4 - те Неміс фашисттері Германия мен Совет Одағының арасындағы шабуыл жасамау туралы шартты опасыздықты бұзып, біздің еліміздің территориясына басып кірді.
(Ән «Священная война», қолындағы ыдысы түсіп кеткен келіні жылап, бетін жабады).
Немересі:
— Аттан! — деді,
Ол қазір аттанады.
Жауынгердің ролін атқарады.
Неге бізге үмітсіз тесілесің?
Аттан, әке,
Жолыңнан кешігесің.
Кеудесінде жаны бар пақырларың,
Тауып жейді сенсіз де несібесін. (әкесін келіп құшақтайды)
Әкесі:
— (әкесі қолындағы бір жасар баласын қызына беріп тұрып)
Тыңда балам, тыңда күнім,
Болуға жара қолқанат.
Кәрі анам, сәби інің,
Барлығы саған аманат.
Әжесі:
— Оралсын аман жеріне,
Көріссін туған елімен.
Келің - ау көздей қалтаға
Топырақ салып беріп жібер.
Келін:
— (қалтаға салынған топырақты берген келін)
Кебін киген өледі,
Кебенек киген келеді.
Үлкен үйден дәм татса,
Кешікпей дейді келеді. (жарының соңынан жылап қалады)
Соғыс кезінде оқ атылмады демесе, ауылдағы тіршіліктің қиындығы майдандағыдан кем болған жоқ. Аналар мен балалар, ақсақалды аталар бәріне төзді. Таңның атысынан көннің батысына дейін ферманың жұмысымен әскерлерге арнап шұлық тоқыды.
Киіз үйдің ішінде апасы мен келіні жүн түтіп, шұлық тоқып отыр. Қызы ұршық иіріп, аянбай еңбек етіп отыр.
Келіні: Апа балалардың әкесінен хат келмегелі көп болды.
Апасы: ия, балам, амандық болса балам аман есен оралар. Зұлым соғыстың аты өшсін.
Соғыс оты өртенгелі ержүрек ерлеріміз үшін қызмет етіп келеміз.
Осы кезде солдат киімін киген хатшы бала келеді.
Сұрапыл соғысқа көппен бірге..........та аттанды. Ол 258 - атқыштар дивизиясының 999 - атқыштар полкінің құрамында ұрысқа қатысып, Воронеж қаласын жау әскерлерінен азат етуге үлес қосты. Одан соң Сталинград шайқасына қатысты. «Сталинградты қорғағаны үшін» медалін иеленді. Дегенмен, майдан даласында соғыстың соңына дейін жаумен қарсыласа алмады. Ауыр жараланып, ерлікпен қаза тапты.
Сәрсенбі, 9 мамыр 1945 жыл
43 - ші ЖЫЛДЫҢ ТАМЫЗЫ
1943 жылы Сталинградтан...............отбасына баласы Мәліктің «қаза тапқандығы» жөнінде қаралы қағаз келіпті.
– Содан ата - ана жаманат хабарға сенерін де, сенбесін де білмепті.
Еңкілдеген ана тоқыған шұлықтарын хатшыға ұсынып тұрып:
Бұлт басты,
Ашық сәні қашты аспанның.
Жоғалсын заты бұлай бас қосқанның.
Анаға ең ауыр күн тіршілікте —
Боздап кеп,
Боздағымен қоштасқан күн.
Қайғыдан кәрі таулар қап - қара боп,
Жеткізді жерге дейін қайың басын.
Радиодан жаңалықтар берілді.
1945 жылдың 30 сәуірінің кешінде 6 сағат 30 минутта Жеңіс туы тігілді. Ту тіккен — Рақымжан Қошқарбаев. 4 жылға жуық созылған қан төгіс аяқталды. 9 мамыр — Жеңіс күні. Бірақ бұл жеңіс оңайлықпен келмеді. КСРО - ның 1710 қаласы күл талқан болды. 70 мыңнан астам село мен деревняны өрттеп жіберді. Қаншама ана баласыз, қаншама бала әкесіз қалды. Соғыс даласынан 20 миллионнан астам адам қайтқан жоқ, ал соның ішінде 350 мыңы қазақ болатын.
Қателескен қаралы хабар. Әкесі со, ыстан аман есен оралып, бейбіт күн орын алады.
Иә аспанымызда Жеңіс туы желбірегеніне — 70 жыл. Соғыс өрті өшіп, қайғы мұңнан арылып, бейбітшілік орнап, бақыт гүлін тергенде — 70 жыл.
70 жыл — бейбіт көктем таңы атқалы,
70 жыл — шуақты күн таратты әнін.
Талай құс содан бері қайта оралды,
Талай бақ әлеміне қайта оранды.
Соғыста өлгендер тек оралмайды,
Тек ұрпақ олар жайлы айтады әнді.
70 жыл — жауыздықтың ажал оғы,
Біздің елдің үстінен ұшпағалы.
«Майданнан хат» (үзінді):
Хат жазамын майданнан,
Мейірімшіл ғазиз - анама
«Жақыным - жарым» дегенмен,
Анаңдай жақын бола ма?
Көңілінде тілек, көзде жас,
Екі қолың жағаңда.
Қасірет шегіп, қан жұтып,
Сарғайдың ба санаға?
Сағынған соң мен ойлап,
жүрегің оттай жана ма?
Ет бауырың елжіреп,
Қайғыра берме балаңа.
Сабырдың суын бере көр,
Жаныңдағы жараңа.
Ажалсыз адам өлмейді.
Мезгілсіз шөлмек сына ма?
Ердің басы ел үшін,
Арыма жаным садаға.
Бұлт жамылып қар төсеп,
Мен жатырмын далада.
Бақыт гүлін терген күн
- Шыналиева Жансая
- 4 қыркүйек 2015
- 3571
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Бақыт гүлін терген күн атты тәрбие сағаты, жеңіс күнге арналған іс-шара
Ұқсас жаңалықтар:
Қазақша презентация (слайд): Тоғызыншы 9 Мамыр - Жеңіс күні
Фашистік Германия 1941 жылы 22 маусымда соғыс жарияламастан, тұтқиылдан КСРО - ға шабуыл жасады. Кеңес Одағының Ұлы Отан соғысы басталды....Желбіре, Жеңіс жалауы!
Мақсаты: Балалардың бойына жеңісті дәріптей отырып, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілік қасиеттерін арттыру. Жеңіс салтанатын көре алмай кеткен...Еңсесі биік-ұлы Жеңіс!
Мақсаты: Балаларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, оларға патриоттық тәрбие бере отырып, өз...Ұлы таулар аласармайды, ұлы есімдер ұмтылмайды
Әнұран ойналады: 1 - жүргізуші: Қайырлы күн, ардақты ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі күн - көптен күткен салтанатты күн, зымыраған уақыттың қанатында...Жеңіс күніне арналған өлеңдер
Ұлы жеңістің 79 жылдық мерекесі жақын қалды. Осыған орай мектептерде түрлі шаралар ұйымдастырылуда. Бұл өлеңдер сол кезде қажет боп қалар деп ойлаймын...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.