Қызылорда облысы, Қазалы ауданы,
Әйтекеби кенті, № 266 мектеп – лицейдің
информатика пәнінің мұғалімі
Жұбанова Мөлдір Берікқызы
ШЫҒЫС ШАМШЫРАҒЫ – ҰРПАҚТАРҒА ҰЛАҒАТ
Саяхат сабақ
Сабақтың мақсаты: Ғани бойындағы ұйымдастырушылық, шешендік, табандылық, әділдік, адалдық, шыншылдық, әлсіздерге қамқорлық, қайсыбірін санамалап айтайық, асыл қасиеттер тоғысқан тұлға өнегесін ұрпақтарға үлгі етіп, рухани тәрбие беру. Мемориалдық музейге саяхат жасау.
«Қазақстан мен Орталық Азия жастарының жалынды жетекшісі, шығыс жастарының ұйымдастырушысы болған белгілі қоғам қайраткері Ғани Мұратбаев есімі елге ғана емес, әлемге белгілі. Ол өз басына дарыған жігер - күш пен ақыл - парасатын шығыс халқының кемел келешегіне бағыттады. Егер сарғайған тарих парақтарына көз салсақ, он бес жасар баланың аласапыран кезеңде мәртебелі де лауазымды ұйымның мүшелігіне қабылдануы тектен - тек болмаса керек. Тұла бойы қайсарлық пен қайратқа, намыс пен жігерге, ойы ақыл мен парасатқа толы Ғани шығыс жастарының кемел келешегі үшін өмірін сарп етті».
Еркін ӘБІЛ
Қазақтан шыққан жарық жұлдыз Ғани Қазалыда туған. Содан да Ғани Мұратбаевтың өмірі мен қоғамдық қызметін зерттеп, насихаттайтын Ғани музейі Қазалыда қоныс тепкен. Музей экспозициясымен танысқан адам Ғанидың жастығына қарамастан ауыр кезеңдерде атқарған жұмысымен, оның қайрат пен намысқа толы рухымен тілдесе алады. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың сындарлы саясатын жүзеге асыру мен рухани тәрбие беру жолында Ғани Мұратбаев атындағы мемориалдық музей ұжымы Ғани мен ол туған аймақ тарихы туралы деректер жинап, музей қорын тың жәдігерлермен толықтыруға, жастарды Ғани рухында тәрбиелеуде ауқымды насихаттық жұмыстар жүргізіп - ақ келеді. Музей үйін шартты түрде алғанда Ғанидың қайнап тұрған қара қазаны десек, ондағы жәдігерлер – халқымыздың рухани қазынасы. Бір құптарлығы, уақыт өткен сайын тың жәдігерлермен толығып, Ғанидың азаматтық тұлғасы ашыла түсуде.
Ғани Мұратбаев музейінің сыртқы көрініс.
Музей қызметкерлері бізді жылы қарсы алды. Оқушылар музей жәдігерлерін тамашалап, жан - жаққа көз жүгіртті.
Ағымдағы жылы Ғани музейінің ашылғанына 40 жыл толып, торқалы тойы болып өтті. Осы жылдар шеңберінде музейдің керегесі кеңейіп, шаңырағы биіктеп барады. Кезінде музейдегі жәдігерлер саны бары - жоғы 200 болса, бүгінде 5500ге жетіп отырғанын айтып берді. Әрбір жыл сайын музеймен танысып, Ғани рухына тағзым етушілер саны 17 мыңға жуықтайтын көрінеді.
Ғанидың жұмыс бөлмесі, қолданған заттары
Шығыс шамшырағының музейін материалдық техникалық жарақтандыру мақсатында жыл сайын мемлекет қаржысы бөлініп, бірнеше рет реэкспозициялық жұмыстар жүргізіледі екен.
Үш тілді қатар меңгерген, білімнің қашанда ізденбесе аздық ететін, еңбек сүйгіштігімен, батырлығымен, өткер тілімен өз заманында оқ бойлы озық тұлғасы бола білген біздің мақтанышымыз Ғани қашанда үлгі өнеге кілті.
Саяхат барысында, оқушылар өз сұрақтарына жауап алып, үлкен шабытпен қанаттанды. Алған әсерлері жайында оқушылар ой бөлісіп, тіпті әңгімеге арқау болған Ғани туралы өлең туды.
Ғаниға!
Жырлайық бүгін Ғанидай биік қыранды,
Азаттық үшін алысқан асыл ұланды.
Бұл күндерде есімін ел таныған,
Жалынды жастар шырқата берген ұранды.
Ғани ағам ер еді,елім деген,
Жанашыр боп жастарға жеңілмеген
Ол қазақтың аты өшпес қайраткері,
Өр тұлғалы,тумасынан қайратты еді.
Ол әрқашан көздеген әділдікті,
Жетімдерге қамқор боп,ерлік етті.
Ол жасаған ізгі істер ұмытылмас,
Өтседағы сан жылдар,ғасыр тіпті.
Шығыстың шолпанындай жарқыраған,
Ерекше еді елі үшін бір туған.
Дарынды тұлғадара әркез қазаққа,
Бүгінде ол жастардың жыры болған.
Тұлғалардың тұнып тұрған арнасы,
Ғани аға Қазалының тумасы.
Өтседе ғасыр 110 жыл,
Еңбегінің жарқыраған жалғасы.
Менде аға атыңды мақтан етем,
Өзімнен кейінгіге мақтап өтем.
Орның сенің ұмыт болмас біз үшін,
Бұл өлеңді өзіңе арнау етем.
Міне, жастардың басын біріктіріп, халықты сауат ашуға шақырған, қашанда ізденіс үстінде жүретін Ғанидың 110 жылдық мерей тойы тәуелсіздіктің 20 жылдық торқалы тойымен қатар келіп, Тәуелсіздікті аңсап өткен Ғани атамызды орнынан бір аунатқан болар. Тіпті Ғани атамыз бізге рух, күшжігер бергендей болды. Тағзым жасаушылар санының көптігін көріп, көңіліміз бір марқайып қалды. Алған әсерімізді сөзбен жеткізу мүмкін емес. Кеудемізге мақтаныш сезімі масаттанып тұрды. Әрине, масаттанбасқа, өйткені біз Шығыс шамшырағы болған Ғанидың ұрпағымыз, жерлесіміз.
Көрнекті қоғам қайраткерінің тағылымды қасиеттерін ұрпақтарға үлгі етіп, халыққа тұрақты түрде насихаттап келе жатқан Ғани музейінің келешегі кемелденіп - ақ келеді. Ғанидың өзі “Болашақ жастардікі” деген емес пе. Демек, жастарға патриоттық тәрбие беріп, оларды отансүйгіштікке баулып келе жатқан мемориалдық музей ұжымына сәттілік тілейміз.
Шығыс шамшырағы Ғаниға - 110 жыл
- Muldir
- 14 сәуір 2012
- 8873
- 0
- 100
Ілмек сөздер: тәрбие сағаты, Ғани, Мұратбаев
Ұқсас жаңалықтар:
Жүрегін жұмыр жердің дүрсілдеткен
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №100 орта мектебінің жоғары санатты химия пән мұғалімі Нұрмашева Жазық Әлімбетқызы Сабақтың...Өткеніміз өнеге, күткеніміз келешек.
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №100 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі, Әлиева Гүлсім Кеңесқызы Cабақтың тақырыбы: Өткеніміз...Ғ. Мұратбаев туралы білеміз бе?
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №100 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Бердешева Жадыра Тақырыбы: Ғани Мұратбаев туралы білеміз...Шығыс шамшырағы - ұрпақтарға ұлағат
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №100 орта мектебі. Авторы: Саулебаева Ләззат Шакиқызы санаты: бірінші Білімі: жоғары Сабақтың...Ғани Мұратбаевтың 110 мерей тойына арналған «Ғани ерлігі - өшпес өнеге» атт ...
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, Ы.Алтынсарин атындағы № 204 орта мектептің тарих пәні мұғалімі Дузелбаева Гулнар Жамалбекқызы ...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.