Сайтқа кіру Тіркелу

"Толағай" оқушылар арасындағы сайыс

«Толағай» көңілді мәре сайысы

Мақсаты: Оқушыларды шапшаңдыққа, күштілікке, дәлдікке баулу
Денсаулықтарының шымыр да мықты болуына ықпал ету, салауатты өмір салтына, әдемілікке тәрбиелеу. Спортқа деген қызығушылығын арттыру.
Міндеті: Әр түрлі спорттық ойын түрлерімен танысу, тәсілдерін меңгеру.
Оқушылардың икемділігі мен ептіліктерін, мергендік пен шапшаңдылық қабілеттерін дамыту.
Түрі: Эстафеталық ойын
Өтілетін орны: Спортзалы
Көрнекілігі: Эстафета таяқшалары, доптар, секіртпелер, арқан,
жалаушалар, ысқырық, уақыт өлшеуіш т. т. б.
Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Негізгі бөлім
Құрметті көрермендер! Ұстаздар! Ата - Аналар, оқушылар, барша спорт сүйер қауым!
Бауман негізгі мектебінің бастауыш сынып оқушылары арасындағы «Толағай» көңілді мәре сайысына қош келдіңіздер!

Шынықсаң шымыр боларсың,
Сауығып айдай толасың
Спортты серік ете біл
Жақсы азамат боласың
Жеңімпаз болу оңай ма,
Арман болған талайға
Болмасаң да ұқсап бақ,
Жарысқа түсіп қалайда.
Ұстанған салауатты өмір салтын,
Жасқанып, ешқашан да мойымайтын,
Болашақ спортшылар келді ортаға
Қол соғып қарсы алайық, қане, халқым!
Жарысқа қатысушы бастауыш сынып оқушыларын ду қол шапалақтап ортаға шақырамыз

1 - ші топтың аты «Барыс»
Топтың ұраны: Барыстай айбатты боламыз, Елді қорғап тұрамыз!
2 - ші топтың аты «Тұлпар»
Топтың ұраны: Бәріміз – біріміз үшін, біріміз – бәріміз үшін!
3 - ші топтың аты «Сұңқар»
Топтың ұраны: Парасатты, айбынды,
Боламыз біз сегіз қырлы, бір сырлы.
Бүгінгі ойынымыздың кезеңдерімен таныстырып өтейін:
І - кезең
1) Таныстыру (Шарты: топ - команда өздерін таныстыру және ұраны)
2) Эстафета (Шарты: эстафета таяғымен жүгіру)
3) Секіртпемен секіру (Шарты: Секіртпемен секіріп, тапсырманы орындау)
IІ - кезең
4) Мерген (Шарты: допты жерге ұрып жүгіріп, қалқандағы себетке салу)
5) Қапшықпен секіру (Шарты: екі аяқпен қапшыққа киіп, мәреге секіріп бару)
6) Паровоз (Шарты: паровоз болып бір оқушы қалған оқушыларды вагон қылып тіркеп жинайды)
ІII - кезең
7) Тарақандар жарысы (Шарты: қолды артқа тіреп, екі аяқтарды алдыға қойып жүгіру)
8) Арқан тартыс (Шарты: команда болып арқан тартысу)
Спорттық сайысымыз 5 балдық жүйемен бағаланады.
- Сайысты бастамас бұрын, сайысымызға әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныстырайық:
Ойын барысында ескерілетін мәселелер: қауіпсіздік сақтау ережесін сақтау, оқушыларды қатыстыру, үш команданың ұпайын есептеп жеңген команданы анықтау, марапаттау. Әр ойынның қорытындысын айту.
Ендеше сайысымызды бастаймыз!
Кері қайту
[tags]
Ілмек сөздер:
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×