Сайтқа кіру Тіркелу

Не? Қайда? Қашан?

«Не? Қайда? Қашан?» интеллектуалдық ойыны
Өтілетін орны: мәжіліс залы
Ұйымдастырушы: «Есепші» мамандығы бойынша арнайы пән оқытушысы
Қатысушылар: барлық мамандықтағы оқушылар

Мақсаты: 1. Оқушылардың әр салада білімдерін кеңейту, білім деңгейін,
шығармашылық ізденісін байқау. Оқушылардың жалпы білім беру пәндерінен алған білімдерін өмірде пайдалануға үйрету.
2. Сұрақтарға толық жауап беру дағдысын қалыптастыру.
3. Сөйлеу шеберлігін жетілдіру, белсенділігін арттыру.
Әдіс - тәсілдер: ойын, сұрақ - жауап.

1. Іс - шараның барысы.
Ойынға қатысушылармен танысу.
Құрметті оқытушылар және оқушылар! Биылғы оқу жылының қараша айының 17 - 22 жұлдызы аралығында 15 қараша - Ұлттық валюта және Қаржыгерлер күніне орай «Теңге - Тәуелсіздік символы» тақырыбындағы апталықта өткізіліп отырған «Не? Қайда? Қашан?» атты интеллектуалдық ойынымызға қош келіпсіздер! Оқушылар өз білімдерін жоғары дәрежеде көрсетеді деген үмітпенен қатысушыларымызға сәттілік тілейміз!
Ең алдымен, сайысқа қатысушылармен танысып өтейік.
(Музыка орындарына жайғасу)
І топ «ДИНАР» (топта 6 оқушыдан)
ІІ топ «ТЕҢГЕ» (топта 6 оқушыдан)

Әділқазылар алқасымен таныстыру.
------------------------------------

2. Кіріспе сөз.
Уа, жараңдар, жараңдар,
Мына бізге қараңдар,
Мінеки залда тыныштық,
Естілмейді дыбыс түк,
Мұны біз де қоштаймыз
Кешіккендерді тоспаймыз,
Ал ендеше келіңдер,
сайысымызды бастаймыз.

3. Ойынның барысы: Әр команда өздерін таныстырады. Команда мүшелері алты адамнан құралады.
Ойын ережесі. Екі командаға жеребе тастау арқылы бірінші қай команда ойнайтынын белгілеу керек. Ойын 12 раундтан тұрады. Әр раундта 1 сұрақ қойылады, сұраққа бір минутта топпен бірге ақылдаса отырып жауап беру керек.

Үстел үстінде 2 сұрақтан салынған 12 конверт қойылады, әр конвертің сыртында пәндер немесе қойылатын сұрақтардың не нәрсеге байланысты болатыны жөнінде жазылған. Егер ойыншылар дұрыс жауап берсе, 10 ұпай алады. Ал егер ойыншылар сұраққа қате жауап беретін болса, онда келесі команда жауап бере алады. Екі команда да дұрыс жауап бере алмаса, ұпай берілмейді.
Ойыншылар қандай сұраққа жауап беретінін, ойын үстелін айналдырғаннан кейін бағыттауыш көрсетеді.
Егер үстел бағдары, ойналынған секторды көрсетсе және ондағы сұрақтарға жауап беріліп қойылған болса, онда сағат тілі бойынша оң жақтағы сектордың сұрағына жауап береді.
Егер ойыншылар сұрақтың жауабын білетін болса, 1 минут ойланбай - ақ жауап беруге болады.
Егер бұл сұрақ жауабы дұрыс болса, бұл 1 минуттық уақыттары келесі сұраққа жауап іздегенде қосылады.

ГЕОГРАФИЯ СҰРАҚТАРЫ:

1. Канада жалауында не бейнеленген?
Жауабы: Үйеңкі жапырағы
2. Анхель сарқырамасы қайда орналасқан?
Жауабы: Әлемдегі ең биік Анхель сарқырамасы - Венесуэланың тропикалық ормандарында, Канайма ұлттық саябағында орналасқан. Қайталанбас табиғат кереметінің биіктігі - 1000 метрге жуық, ал судың үздіксіз түсу биіктігі - 800 метр.

САЛТ - ДӘСТҮР СҰРАҚТАРЫ
1. Торсық – Орталық Азиядағы түркі халықтарының қымыз, шұбат, іркіт құюға арналған ежелгі ыдысы. Торсық түйенің, бұғының, өгіздің мойын терісінен жасалады. Сұрақ: неге торсықтың пішіні айшық сияқты келеді?
Жауабы: Ішкен кезде ішіндегі сусын таусылмасын деп екі жағын айшық қылып
жасаған. Кейін ішіне сауған сүтті құйып, бұрынғы сусынды ашытқы ретінде
пайдалану үшін.
2. Сақтар ең алғашқы болып тамаққа сары майды қолданды. Оның қазіргі сары майдан айырмашылығы қандай? Жауабы: Оны жылқының сүтінен жасаған.

ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП СҰРАҚТАРЫ:
1. 1С: Бухгалтерия бағдарламасының авторы Борис Нуралиевтен бұл бағдарламаның атын неге 1С деп қойдыңыз деген сұраққа ол, бұл бағдарламаның атының 2 артықшылығы бар деген екен. 1 - сі ол белгісіз мағынасыз ат адамды қызықтырады деген, ал 2 - ші артықшылығы неде? Жауабы:(барлық каталогтарда бұл бағдарлама бірінші шығады, себебі 1С)
2. 1953 жылы Францияның бір үлкен магазинінде қолында әтірі бар бір кісі кіре салып, әтірді еденге лақтырып сындырады. Сұрақ: Қандай мақсатпен әтірді сындырады? Жауабы: (жарнама)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×