Сайтқа кіру Тіркелу

Жеті қазына

Балалар, Сағи қайда? Ол Қазына іздеушілер фильмін өте жақсы көретін еді ғой. Тағы да қазына іздеуге кеткен болар. Мен мына қазына толы сандықшаны жасырып қояйын. Сағи келген соң сұрақ қоя отырып, Сағи бұл заттың не екенін табуға тырысып көрсін.
Қазына
1. Ол жеті санымен байланысты.
2. Ол алтын түсті.
3. Оны теңіздің астынан іздейді.
4. Ол бәрінен де қымбат
5. Оны қарақшылар іздейді.

Ендеше балалар, қазына дегенді қалай түсінесіңдер?

Жеті санын қасиетті санаған қазақ халқында «Жеті қазына» деген сөз бар. Жеті қазына - қазақтың дәстүрлі дүниетанымындағы философиялық түсініктердің бірі. Қазақ халқы Жеті қазынаны ер жігіттің өмірімен байланыстырып, оның ұғымына мыналарды жатқызады:
1. Жүйрік ат
2. Қыран бүркіт
3. Құмай тазы
4. Берен мылтық
5. Қанды ауыз қақпан
6. Майланғыш ау
7. Өткір кездік
Ер жігіттің жүйрік аты – қанаты. Қыран бүркіті - қуаты. Құмай тазысы - абыройын асқақтатар сенімді серігі. Мылтығы – қаһарлы оты. Қақпаны - серті. Ауы – әдіс - айласы. Кездігі – сұсы. Халық Жеті қазынаны өмір қажеттілігіне негіз етіп тартқан.. Қазақ халқының жеті қазынаны жеті ырыс деп атауының да мәні осында.
Тойдан келген әженің түйіншегіндегі конфеттер арқылы.
«Қыран бүркіт» және « Жүйрік ат» топтарына бөлінеміз.
Бүгінгі сабақты «Аптаның жеті күні» деген атпен өтеміз.
«Дүйсенбі»: Бастапқы сөз
«Сейсенбі»: Домбыра Дастан
«Сәрсенбі»: Кім жылдам?
«Бейсенбі»: Топтық жұмыс
«Жұма»: Топ басшылар сайысы
«Сенбі»: Қонақ кәде
«Жексенбі»: Демалу.

1. Дүйсенбі күні: «Бастапқы сөз»
Жеті қазынаны ата:
1. Ер жігіт.
2. Сұлу әйел
3. Ақыл білім
4. Жүйрік ат
5. Қыран бүркіт
6. Берен мылтық
7. Жүйрік тазы

2. Сейсенбі күні: «Домбыра Дастан»

Домбыра қазақ халқының қасиетті аспабы. Сендердің алдыларыңда домбыраның суреті кескінделген кеспелер таратылған. Кімде - кім сол тапсырманы мүлтіксіз орындаса домбыра кескіні естелікке қалады.
Жеті жетекші, Жеті ғашық, Жеті ғалам, Жеті күн, Жеті жұт, Жеті жоқ, Жеті жетім, Жеті ата, Жеті қат көк, Жеті амалдарды атаңдар.

3. Сәрсенбі күні: «Кім жылдам?
«Бес жолды өлең»

4. Бейсенбі күні: «Топтық жұмыс»
Графити әдісі бойынша топтық жұмыс жасап, өз ойларын флипчарқа түсіріп, постер қорғау.

5. Жұма күні: «Топ басшылар сайысы»
Топ басшылар мақал - мәтелдер жарысын өткізеді.

6. Сенбі күні: «Қонақ кәде»
Қазақта қонақ кәде деген жоралғы бар. Келген қонаққа сый ретінде ауылдың алты ауызы айтылып, қонақтар тарапынан қонақ кәде жасалған. Естеріңде болса, өткен сабақта келесі оқылымға жеті қазынаға қатысты жұмбақтар дайындап келуді тапсырған болатынмын. Сол жұмбақтарды екі топ бір - біріне жасырып, қонақ кәде жасайық.
7. Жексенбі күні: «Демалу»

Рефлексия: «Екі жұлдыз, бір тілек». Оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлерін стикерлерге жазып, тақтаға іледі.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×