Тақырыбы: Тәуелсіз Қазақстан
Мақсаты: Еліміздің тарихы туралы түсінік беру. Өз Отанын сүюге тәрбиелеу. Еліміздің рәміздерін қастерлеуге үйрету. Туған елге деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Өз ана тілін, әдет - ғұрпын, салт - дәстүрін сақтауды бойына дарыту.
Мұғалім сөзі: Еліміздің тәуелсіздігін – ата – бабаларымыз арман еткен. Еліміздің тәуелсіздігі үшін талай боздақтар жанкештілікке барған.
- Еліміздің тәуелсіздігі үшін күрескен батырларға.
Ағыбай батыр, Қанжығалы Бөгенбай батырлардан бастап, беріректе Бауыржан, Мәншүк, Әлия сынды батырлар сол ел қорғауды ұран еткен, сол үшін құрбан болып, ел құрметіне бөленген батырлар.
Ресейдің езгісінде болып, тіліміз бен дінімізден безіп, орыстанғалы тұрғанда Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сабира Мухамеджанова, Рүстембек Қасенов сияқты қыршын жастардың құрбандыққа баруы арқасында ғана тәуелсіздік алып, егеменді ел болдық.
Жүргізуші:
Қазақстан республикасы – біздің туып өскен жеріміз, біздің Отанымыз. Бұл жерде қазақ халқы ертеден тұрып келеді.
Қазақтар мал өсіріп, жер игеріп, өз Отанын жаудан қорғаған, жерін болашақ ұрпағына мұра етіп қалдырған, яғни біз үшін.
Қазақстан дейтін менің бар елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далада атам қолға ту алған
Бұл далада өскен жанда жоқ арман1991 жылы 16 желтоқсанда Тәуелсіз Қазақстан Республикасының Мемлекеті туралы заң қабылданды.
- Әнұраным - жан ұраным,
Айтар әнім - сөйлер сөзім,
Туған жерім - сағынарым,
Мәңгі бақи шырқалады,
Республика әнұраны
/Әнұран орындалады/
Жүргізуші: Тәуелсіздік – біздің бас ұранымыз, көгілдір Туымыз – біздің болашақ бағымыз, нұрлы таңымыз.
- Балалар, Қазақстан қандай ел?
- Еліміздің рәміздерін кім атап береді?
- Ел ордамыз қалай аталады?
- Қазақ елін кім басқарады?
- Қазақстанда қанша ұлт өкілдері тұрады?
Анель
Он алтыншы желтоқсан
Тәуелсіздік алған күн.
Ерекше боп мәңгілік
Ел жанында қалған күн.
Адильхан
Он алтыншы желтоқсан
Қазақ деген қалың жұрт
Ел мерейі тасыған.
Бәрін кешті басынан.
Анель
Туымызға көгілдір,
Бір қарамай өтпейміз.
Сол көк Тудың астында,
Көгереміз, көктейміз.
Исмайл
Мереке бүгін ұлы күн,
Бабалар рухы көксеген.
Азатты елдің ұлымын,
Теңескен төбем көкпенен.
Назар
Дүбірлетсін өңірді
Дүбірлесін дүлділі.
Қазақ деген елімнің
Құтты болсын бұл - күні!
Хор: Иа солай
Отан туралы өлең шумақтарына кезек береміз.
Аймерей
Көп аузынан түспейтін
Отан деген немене?
Оның тұлға түс кейпін,
Достым, білгің келе ме?
Отан – сенің ата - анаң,
Отан – досың, бауырың,
Отан – өлкең, астанаң
Отан – аудан ауылың.
Аружан
Отан – тарих, Отан – тіл,
Жазған елің, ер халқың,
Отан – өлең, Отан – жыр,
Көтерген көкке ел даңқын.
Алихан
Отан туған еліміз
Отан туған жеріміз
Отан ортақ үйіміз
Көңілді ән күйіміз
Отан осы достарым,
Көңiлге оны түйе бiл!
Отан деп өсiп жас жаның,
Оны ардақтап сүйе бiл!
Анель
Отан деген – атамекен
Отан деген – туған ел
Отан ана - отан үлкен,
Қазақстан туған жер!
Назар
Енді міне біз тәуелсіз ел болдық
Басқалармен терезесі тең болдық
Әрқашанда біз дайынбыз тайсалмай
Отан үшін болуға да құрбандық
Алихан.
Ана тiлiм – ұраным,
Ана тiлiм – құралым,
Ана тiлiм болмаса,
Болмас едi жыр әнiм.
Мақал - мәтелдерге кезек береміз.
Айдана
Алтын ұяң — Отан қымбат,
Құт - берекең — атаң қымбат,
Аймалайтын — анаң қымбат,
Асқар тауың — әкең қымбат (Қазыбек би).
Исмайл
Бұлбұл гүлзарын сүйеді,
Адал адам Отанын сүйеді.
Анель
Жауда қалған бұлбұлдан
Отанға кайтқан ит артық.
Адильхан
Орағың өткір болса, қолың талмайды,
Отаның берік болса, жауың алмайды.
Аймерей
Отан елдің анасы,
Ел ердің анасы.
Алихан
Отан қадіріне жетпеген өз қадіріне жетпейді.
Сахналық көрініс. Мақал – мәтелдер:
1 – оқушы: «Сағынған ер елін аңсайды,
Сарала қаз көлін аңсайды» демекші ауылыма жеттім – ау!
2 – оқушы: «Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас» деп бекер айтылмаған ғой құрдас.
3 – оқушы «Ел іші алтын бесік» ауылдан алыстап қайда барамыз.«Пәлен жерде пайда бар, Өз еліңдей қайда бар» - кіндік қанымыз тамған жер қашанда ыстық қой!
1 – оқушы: «Туған жердің жуасы да тәтті» ғой шіркін!
2 – оқушы: Айтпа құрдас! «Әркімнің өз жері жұмақ»
3 – оқушы: «Туған жердің жері де көрікті,
Елі де сүйікті» деген рас – ау!
«Әркімнің өз жері – алтын бесік» екенін ұмытпайық.
«Әріптер сөйлейді» ойыны
Оқушы өзі таңдаған әріпті алады. Сол әріптен басталатын сұрақ беріледі.
«Кім жылдам» ойыны (Сандар сөйлейді, сандардың орнына әріптерді қою арқылы отан туралы мақалды оқи алады)
Аа - 1 Әә - 2 Бб - 3 Вв - 4 Гг - 5 Ғғ - 6 Дд - 7
Ее - 8Ее - 9 Жж - 10 Зз - 11 Ии - 12 Йй - 13
Кк - 14 Ққ - 15Лл - 16 Мм - 17 Нн - 18 ң - 19 Оо - 20 Өө - 21Пп - 22 Рр - 23 Сс - 24 Тт - 25 Уу - 26 Ұұ - 27Үү - 28 Фф - 29 Хх - 30 һ - 31 Цц - 32 Чч - 33 Шш - 34 Щщ - 35 ъ - 36 Ыы - 37 Іі - 38 ь - 39Ээ - 40 Юю - 41 Яя - 42
20, 25, 1, 18, 7, 37 24, 28, 41 20, 25, 3, 1, 24, 37, 18, 1, 18, 3, 1, 24, 25, 1, 16, 1, 7, 37.
Жауабы: Отанды сүю отбасынан басталады.
Аа - 1 Әә - 2 Бб - 3 Вв - 4 Гг - 5 Ғғ - 6 Дд - 7
Ее - 8Ее - 9 Жж - 10 Зз - 11 Ии - 12 Йй - 13 Кк - 14 Ққ - 15Лл - 16 Мм - 17 Нн - 18 ң - 19 Оо - 20 Өө - 21Пп - 22 Рр - 23 Сс - 24 Тт - 25 Уу - 26 Ұұ - 27Үү - 28 Фф - 29 Хх - 30 һ - 31 Цц - 32 Чч - 33Шш - 34 Щщ - 35 ъ - 36 Ыы - 37 Іі - 38 ь - 39Ээ - 40 Юю - 41 Яя - 42
20, 25, 1, 18, - 20, 25, 25, 1, 18 7, 1, 37, 24, 25, 37, 15
Жауабы: Отан - оттан да ыстық
Хор: Көк тудың желбірегені
Қорытынды:
- Тәуелсіздік мәңгілік сақталсын,
Алдымызда барлық үміт ақталсын
Тату – тәтті бірлік болып қашанда
Бейбіт өмір бар халықпен жақталсын.
Тәуелсіз Қазақстан
- ramuk_b
- 16 ақпан 2015
- 5110
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Еліміздің тәуелсіздігі, Қазақстан республикасы біздің Отанымыз
Ұқсас жаңалықтар:
Отан туралы мақал-мәтелдер топтамасы
Туған жердей жер болмас, Туған елдей ел болмас....Тәуелсіз елдің ұландарымыз
«Тәуелсіз елдің ұландарымыз» атты ашық тәрбие сағатын ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер!...Мен Тәуелсіз Қазақстанның азаматымын!
Отанымызды сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге баули отырып, туған жеріне деген сүйіспеншілігін ояту. Елін, жерін, тілін, тарихын құрметтейтін...Отан, туған жер, ел туралы мақал-мәтелдер
Туған жер – тұғырың, Туған ел – қыдырың. Ел қадірін көрген біледі, Жер қадірін жүрген біледі....«Туған жерім – Қазақстан»
«Мемлекеттік тілде оқытатын Заречный орта мектебі» КММ Мектепалды даярлық тобы Тәрбиеші: Естекова Ж.С Тақырыбы: «Туған жерім – Қазақстан» ...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.