«Мәңгілік ел»
Мақсаты: Оқушыларға халық, ел, жер, Отан туралы білім бере отырып, ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: нақыл сөздер, еліміздің рәміздері, әр ұлттың киімі, гүлдер, шарлар.
Сабақтың барысы:
Мұғалім: Қайырлы күн, құрметті оқушылар, ата - аналар, ұстаздар, қонақтар!
Арайлы жаздың үш айын мазмұнды да, мәнді өткізіп, сағынышпен алтын ұя мектебімізге оралып отырған оқушылар «Білім күні» мерекелеріңіз құтты болсын!
Бүгінгі өткелі отырған тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Мәңгілік ел». «Кезінде тағдырдың жазуымен қасиетті қазақ даласына сан түрлі ұлт өкілдері қоныс тепті. Бүгінге олар тегі басқа болғанымен теңдігі бір, қаны бөлек болғанымен жаны бір, арманы ортақ біртұтас халыққа айналды. Туған елінің туының астында бірігіп, туған жердің тұғырын биік етуге бел шешкен азаматтарды бір тағдыр күтеді әр уақытта. Осылай елдігіміздің ертеңі ошақтың ұштағаны секілді «бір халық, бір ел, бір тағдыр» деген үш сөзге сыйып отыр», деп атап көрсеткен елбасымыз Н. Ә Назарбаев.
«Бірлігі берекелі, тірлігі мерекелі ынтымағы жарасқан елдің ғана ырыс нәсібі мол болмақ. «Халық бірлігіне бекем болды. Ел иесі қазақ халқы да ешкімге шетқақпайлық көрсеткен жоқ. Ұлтына, тілі мен дініне қарамай, барша ұлт, ұлыс өкілдерінің теңдігін Атазаңымызда айқындап алдық. Табысқа тоқмейілсіп, тоқырап қалмай, алыс болашағымыздың темірқазығы «Қазақстанның 2050 жылға дейінгі стратегиясын» қабылдадық», мұнда негізгі жаңа патриотизмнің түпқазығы ретінде ел бірлігі алынып отыр.
«Бірлік бар жерде бақыт бар»
«Ынтымақ - достық кепілі»
Отан - әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз. Адам жүрексіз өмір сүре алмайды. Отан - біздің туған жеріміз, өзіміздің туған - туысқанымыз, дос - жаранымыз бен тұратын еліміз.
Біздің Отанымыз - Қазақстан.
Отан дейміз от жаққан жерімізді,
Отан дейміз өсірген елімізді.
Отан дейміз туған жер, атамекен -
Биік тау, орман, тоғай, көлімізді.
Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ
Ол бірақ, өз үйіңнен басталады..
Ән: «Туған жер»
Бүгінгі Қазақстан дүние жүзіндегі көптеген мемлекеттер таныған ел. Оның өз Елтаңбасы, Туы, Әнұраны бар.
Оқушы:
Тәуелсіздік кіндігін
Кескен халық бірлігі.
Ынтымағы барша ұлттың
Нұрын шашқан күн бүгін.
Оқушы: Бірлігі мен ынтымағы халықтың,
Көзімізде жарқырайды жарық күн,
Ырыс, дәулет, бақыт үшін халықтың,
Жайнай берсін, жайнай берсін жарық күн.
Әнұраным - біздің Отанымыздың салтанатты үні. Өр үні. Өміршең үні. Оның қалықтай көтерілген әуеніне туған жердің рухы мен сазы шымырлай шалқиды. Кеудені мейірлі мақтанышқа бөлейді, арманыңды аялай самғады.
Қазақстан Республикасының әнұраны орындалады.
Елтаңбам қандай тамаша!
Елтаңбамызға көз салсақ ортада қазақтың қарашаңырағы, күн сәулесіндей уықтар шашырай шапағын шашқандай, екі жақтағы қанатты пырақтар арынды да қарымды, жоғарыда бес бұрышты жұлдыз жарқырайды. Жарығымен «Қазақстан» жазуы жарқырай түскендей.
Оқушы:
Елтаңбасы елімнің
Неткен әйбат әдемі.
Тұнығындай көңілдің
Ортада аспан әлемі.
Жалауыма қарасам көңілімді мақтаныш кернейді. Ол шарықтайды, көңіл қалықтайды. Жалауым - жасыл байрағым, әлемнің барша елдерімен терезе теңестіріп, асқақ желбіреп тұр.
Оқушы:
Жарасқан байрақтың мәні бар,
Көк аспан, күн - қыран сәні бар.
Көк байрақ ашық күн кеңісім,
Алтын күн белгісі жеңістің.
Арқаның қақ төріне қоныс тепкен құт мекеннің құйқасы құнарлы, төскейі шұрайлы.
Осынау өлкеде жас қала бас қалаға айналды. Келбетіне көрік қосты, келешегіне сенім әкелді. Зәулім үйлер көбейді, оқтай түзу даңғылдары ұзарды. Шаңырағы биіктеп, шаттығы әуелеген қала күннен өсіп келеді. 1997 жылы Ақмола мекені Астана шаһарына, Елордасы Астана қаласына айналды. Қазақстан Республикасының өмірінде бұл – төртінші астана. Алғашқы астанасы - Орынбор қаласы, екінші астанасы - Қызылорда қаласы, үшінші астанасы - Алматы қаласы болса, төртінші астанасы осы Астана қаласы болып отыр.
Оқушы:
Заман жаңа, ел жаңа,
Күлімдейді кең дала,
Өз Астанам - өз Ордам,
Сүйенерім сен ғана!
Далам! Кең – байтақ. Сондықтан ғой, күмбір - күмбір көне күй мен толғауы тоқсан жырларымызда - «Ұшса құстың қанаты талады, шапқан аттың тұяғы тозады, Атырауы – айшылық, Қаратауы толғаған.»
Оқушы:
Көрікті өлкеме қарашы,
Тізілген орман - тау, қаласы.
Алтай мен Атырау арасы,
Қазақтың кең - байтақ даласы.
Республика халқының саны 16 миллиондай.
Жергілікті ұлт қазақтармен бірге басқа да 130 - дай ұлт өкілдері тұрады. Мұнда ұлтына, нәсіліне қарамай барлық халық өкілдері бір - бірімен туысқандай болып кеткен. Қазақстанның шаруашылығы мен мәдениетін дамытуға барлық ұлт өкілдері белсене қатысып, бірлесе еңбек етіп келеді.
Ән: «Ел қорғауға әзірміз»
Оқушы:
Тірлігімен адам байлық жасады,
Бірлігімен асулардан асады.
Адал жандар жер – ананы қорғаңдар,
Абайлаңдар бейбітшілік жасағы.
Оқушы: Достық бізге тым ыстық,
Бірлік – байлық, ырыс – құт.
Жарқырасын күніміз,
Жаса, жаса тыныштық
Хор: «Достық»
Мәңгілік ел
- ramuk_b
- 10 ақпан 2015
- 3956
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Қазақстанның 2050 жылға дейінгі стратегиясы, тәуелсіздік туралы
Ұқсас жаңалықтар:
Менің сүйікті Жезқазғаным!
«Жезқазған қаласының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің №21 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ Өткізген: Керимкулова М. Б...Қазақстан - 2050» стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр
Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы Л.Қылышев атындағы ОЖББМ бастауыш сынып мұғалімі Мусина Айдана Калаповна...Менің Қазақстанымды әлем таниды!
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласының «№21 жалпы білім беретін мектебі» бастауыш сынып мұғалімдері Сауытбаева Гульмира Серикбаевна Керимкулова...Туған елге саяхат
Тақырыбы: Туған еліме саяхат Мақсаты: 1. Оқушылардың елжандылық қасиетін дамыту, туған жерге, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, туған тарихын...Ынтымақ - достық кепілі
БҚО, Теректі ауданы, Приречный ЖОББМ, ІІ санатты информатика-математика пәндері мұғалімі Айшуаков Мерлан Адилович Ынтымақ - достық кепілі Ынтымақ-...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.