Тақырыбы: Баланың бас ұстазы - ата - анасы
Мақсаты: Ата - аналардың мектеппен тұрақты қарым - қатынасын қалыптастыру. Мектеппен қарым - қатынастың тиімді модельдерін іздестіру. Балалар өмірінде ата - аналардың ролі туралы мағлұматтар бере отырып, пікір алмасу, балалардың дүнетанымын, қабілетін, дарынын дамыта отырып, білімді, салауатты ұрпақ тәрбиелеуде жанұяның ролін дамыту.
Көрнекілігі: Сызбалар, нақыл сөздер, мониторингтер.
Жиналысқа қатысушылар: ата - аналар, пән мұғалімдері, сынып жетекшілер, мектеп әкімшілігі.
Өткізу әдісі: дөңгелек үстел.
Түрі: Еркін микрофон.
Жоспары.
І. Кіріспе сөз. «Баланың бас ұстазы - ата - анасы»
ІІ. Ой - толғаныс
1. Бала тәрбиесі туралы нақыл сөздер мен мақал - мәтелдер туралы
өз ойларын айту.
2. Оқушылардың құттықтауы.
ІІІ. Сұхбат бөлімі «Пікірталастан шындық туады, шындық кірлеген ойды жуады»
Жұмбақ кейіпкердің әңгімесін тыңдау, сұрақтар қою, пікір айту.
Ата - ана туралы жазған оқушы шығармаларын тыңдау.
Ойландырған сұрақтар.
ІҮ. Ата - аналардың құқықтары мен міндеттерімен танысу, оқушы ережесі туралы әңгімелесу.
1. Жағдаяттарды шешу.
Ү. Жаңа оқу жылына ата - аналар комитетін сайлау.
ҮІ. Қорытынды.
І. Кіріспе сөз. Отбасы адамзат бесігін тербеткен ұя болса, баланың бас ұстазы - ата - ана. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деген ата - бабаларымыздан қалған асыл сөздің сырына үңілер болсақ, бала әкеден - ақыл, анадан - мейір алады. Ата - анаға баладан жақсы ешкім жоқ. Сондықтан қай ата - ана болсын баласының білімді, әдепті болуын армандайды. Ал бар тәрбиеміздің көзі ата - бабаларымыздан қалған асыл да дана сөздер. Яғни небір кереметтің барлығы осы айтылған нақыл сөздер мен мақал - мәтелдерде екені сөзсіз. Сондықтан да бүгінгі жиынымыздың алғашқы бөлімінде айтылар әңгімеміз де осы төңіректе болмақ. (Тақтаға жазылған нақыл сөздер мен мақал - мәтелдерге байланысты өз ойларын айтады.)
ІІ. Ой - толғаныс.
1. Тәрбиенің ең тамаша мектебі - отбасы.
2. Бала әкеден - ақыл, анадан - мейірім алады.
3. Балапан қыран болу үшін оны самғатып ұшыратын ата немесе әке де қыран болуы керек.
4. Баланы 5 жасқа дейін патшадай күт, 10 жасқа дейін құлдай жұмса,
15 жастан асқан соң - досыңдай сырлас.
ІІІ. Пікірталастан шындық туады, шындық кірлеген ойды жуады.
Ата - ана Оқушы
Мұғалім
- Құрметті ата - аналар! Осы көрсетілген сызбанұсқада оқушы - мұғалім - ата - ана байланысының дұрыс қалыптаспағаны, үзік сызықтардан, көрініп тұр. Сондықтан да осы мәселе төңірегінде дөңгелек үстел басында ата - аналарымызды қатыстыра отырып, ой бөліссек дейміз.
- Бірінші кезекте ата - ана мен бала арасындағы үзік сызықтың пайда болу себептеріне тоқталып көрейік.
Сұрақ. Баласын сүймейтін ата - ана бола ма? Әрине, болмайды. Бірақ ата - анасын сүймейтін бала болуы мүмкін. Бұған ата - ана өзіміз кінәлі емеспіз бе?
Ата - ананың балаға деген махаббаты 2 түрлі болады 1. Саналы махаббат.
2. Санасыз махаббат. Санасыз махаббат мынандай түрде болады. Инстингтік махаббат - бұл хайуандардағы тәрізді. Қатыгез махаббат - ұрып соғып тәрбиелеу. Сатулы махаббат - жақсы көргенін ақшаға сатып алу арқылы білдіреді. Осындай түрдегі ата - ананың балаға деген махаббаты арқылы баланың болашақта дұрыс тәрбие алмайтыны дәлелденген.
Ата - ананың махаббаты
Санасыз Саналы
инстингтік.
қатыгез.
сатулы.
Ендеше, бүгінгі бала тәрбиесі туралы пікірталасымызды әрі қарай қозғау үшін жұмбақ кейіпкердің әңгімесін тыңдайық.
Жұмбақ кейіпкер:
Менің баламның бастауыш сыныпта оқу үлгерімі өте жақсы еді. Мұғалімдер мақтағанда төбем көкке бір - ақ елі жетпей қалушы еді. Оның алып келген 5 - тік бағаларына ақша беріп отырдым. Елден ерекше киіндірдім, өйткені ол менің жалғыз ұлым еді. Өсе келе ол мектепте соңғы сабақтардан қашып кететін болды. Күнде ақша сұрайтын болды. Неге керегін сұрасам, «мектепке мереке күніне немесе туған күнге баруым керек, сол үшін»- дейді. Бір күні сынып жетекшісі үйге келіп, баламның мектептегі өрескел қылықтары (темекі шегіп, сабақтан қашатындығы) туралы айтты. Бұл жайды әкесіне айттым. Әкесі қатал кісі еді. Баламды ұрды, ұрысты. Бірақ соңғы кезде балам маған өкпелі сияқты. Бұрынғыдай еркелемейді, ашылып әңгіме айтпайды. Мектепке барғысы келмейді. Мен түсінбедім. Маған қандай ақыл айтасыздар?
Сұрақ.
Сіз бұған кімді кіналайсыз?
Балаңыздың достары қандай балалар?
(Ата - аналардың пікірлері тыңдалады.)
Психолог қорытындысы.
2. Ата - ана туралы жазған оқушы шығармаларын тыңдау.
Зерттеудің қорытындысы. (психолог сөзі)
9 - 10 - 11 сыныптар арасында оқушылар мен ата - аналардың қарым - қатынасын анықтау үшін анкета сұрақтарын беру арқылы оқушылардың ойларын еркін ашық айтуын қадағалап отырдым.
Сауалнамаға қатысқан оқушылардың саны: 86
Сұрақ.
1. Сіз ата - анаңыздың қандай үлгі қасиетін қалар едіңіз?
1. Бұл сұрақ бойынша оқушылардың басым көпшілігі ата - аналарымыздың мені жақсылыққа, адамгершілікке, еңбек сүйгіштікке үлкенді сыйлауға, кішіге көмек көрсетуге, ақылды болуға тәрбиелегенін қалар едім - 65%
2. Ата - анамыздың өтірік айтпағандығын, өз сөзіне сенімді болғандығын қалар едім - 35%
Сұрақ.
2. Ата - анаңыздың жиі айтатын тәрбиелік жақсы сөздері?
Сабағыңды жақсы оқы, тентек болма, өтірік айтпа, таза жүр, ешкімнің еңбегін жеме, адал бол - 74%
Сұрақ.
3. Ата - анаңыздың қандай жаман қылықтары ұнамайды?
Арақ ішкені, шылым шеккені, карта ойнағаны, үйде болмауы - 71%
Ұрсып, ұрғаны, ұрысқаны - 17%
Сабырсыздығы, шыдамсыздығы, ашуланшақтығы - 12%
Осы анкета сұрақтарын қорыта келе, ата - аналарымыздың көпшілігі өз бойларындағы қасиеттерін көрсете алмағандығын байқап отырмыз. Оқушыларды біржақты тәрбиелегендігі көрініп тұр. Сондықтан әке де, шеше де балаларының жан дүниесіне үңіліп, мінез - құлқындағы ерекшеліктерді жете білгені жөн. Балалармен әңгімелескен кезде олардың пікірлерімен санасып отырған орынды. Әке мен шеше ұл - қызымен үй шаруасында әңгімелесіп, ой бөлісуге болады. Баланың бойына барлық жақсы қасиеттерді дарыту, тіпті жанында жүрген достарына дейін мән беру, табиғат сыйлаған дарыны болса дамыту, дұрыс білім алуына жағдай жасау - ата - ананың басты парызы.
3. Ойландырған сұрақтар.
Біздің халқымыз ер - азаматты шаңырақ иесі десе, әйел - ананы отбасының алтын қазығы дейді. «Халық айтса, қалт айтпайды»- дегендей, ерлі - зайыптыларға осы бір тамаша теңеулер тереңнен толғанып, өмір тәжірибесінен алынған болса керек. Ер – азамат шаңырақ тірегі екені дәлелдеуді қажет етпейді. Ал отбасын шашау шығармай, бәрін де белгілі бір тәртіпке салып, тура жолдан тайдырмай ұстап отыратын әйел - ананы алтын қазыққа теңеуде дәл басып айтылған сөз екенін күнделікті тұрмыста көріп жүрміз. Демек, отбасының ұйтқысы мықты болса, шаңырақ шайқалмай, түтіні де түзу шығады.
Олай болса, құрметті ата - аналар, біздің әйел адамдарымыз, яғни аналарымыздың бойынан осындай қасиеттер үнемі табыла бере ме? Осы мәселе бойынша мына сұрақ төңірегінде ой бөлісіп көрейік
Сұрақ.
- Отбасындағы әйел - ана қандай болуы керек деп ойлайсыз?
- Бала тәрбиесінің ең үлкен мектебі - әке мен шешенің бір - бірімен қарым - қатынасы. Біз ата - аналар осы мәселеде қателіктер жіберіп жүрген жоқпыз ба?
- Жанұядағы адамдардың бір - бірімен қарым - қатынасының бала тәрбиесіне әсері бар ма?
ІҮ. Ата - аналардың құқықтары мен міндеттерімен танысу, оқушы ережесі туралы әңгімелесу.
Баланы білім шыңына көтеру үшін ата - ана мен мұғалім бірлесе қолдау көрсете жұмылғанда ғана еңбектері күткен нәтижеге қол жетері хақ. Сондықтан да ендігі кезекте ата - ана мен мұғалім арасындағы байланысты (яғни жаңағы кестеде көрсетілген үзік сызықты қалай жалғаймыз) қалай нығайтамыз? Ол үшін алдымен ата - аналардың құқықтары мен міндеттерін, оқушы ережесін еске түсіріп өтейік. Сөз мектеп директоры А. О. Алиеваға беріледі.
Сұрақ.
1. Оқушының білім алуын қалай ұйымдастырып жүрсіз?
2. Дарынды дамыту үшін қалай жұмыстанасыз?
Жағдаяттар
Құрметті ата - аналар, сіздер де бала тәрбиесінде емтихан күнделікті әр сағатта, жыл бойы кездеседі. Сондықтан кейбір кездесетін жағдаяттарды қалай шешесіздер, соны білгім келеді.
Сіз үйде тығыз бір жұмыс істеп жатырсыз. Балаңыз өзіне көңіл аударғанын қалайды. Сіз не істер едіңіз?
Қызыңыз немесе ұлыңыз сіздің алғашқы махаббатыңыз туралы білгісі келеді. Сіз не айтар едіңіз?
Сіз балаңыздың темекі тартқанын байқап қалдыңыз. Не істер едіңіз. Өзіңіз темекі тартар ма едіңіз?
Бүгін балаңыздың сыныптасының туған күні еді. Соған оқушылар жиналып, ауылдан ұзақтау жерге табиғатқа шықпақшы болды. Сіздің ұлыңыз машинамен алып шықпақшы болып, сыныптастарына уәде беріп кетті. Сізге осы жағдайды айтып машинаңызды беруді сұрады. Сіз не істер едіңіз?
Телефон шырылдайды. Анасы немесе әкесі баласына «мені жоқ дей салшы»- деді. Сұрақ. Теріс тәрбие беріп тұрған жоқсыз ба?
Сіздің жанұяңызда үлкен анаңыз бар. Ол кісімен сіздер үнемі келіспей қаласыздар. Сондықтан да жанұяда үнемі ұрыс - керіс туындайды. Үлкен кісіге қатты - қатты сөздер айтасыздар. Бұл бала тәрбиесіне әсер етеді деп ойламайсыз ба?
Ү. Жаңа оқу жылына ата - аналар комитетін сайлау.
ҮІ Қаулы алу.
Қорытынды:
Сонымен, құрметті ата - аналар, бүгінгі кезекті жиналысымызда мектеп пен отбасының ынтымағын арттыра отырып, баланы қалай азамат етіп тәрбиелейміз деген мәселені шешуге тырыстық. Бірлесе отырып, осындай тығырықтан шығудың жолын іздедік.
Сондықтан да бұдан әрі де осы істерімізді аяқсыз қалдырмай, дәстүрге айналдырамыз деп ойлаймын.
Балаларымыздың жарқын болашағының мәнді болуына атсалысайық.
Ұл - қыздарымыздың саналы тәрбие мен нақтылы білім алуларына күш салайық. Ұлағатты ата - әже, асқар таудай әке, парасатты ана бола білейік!
Баланың бас ұстазы - ата - анасы
- ramuk_b
- 2 ақпан 2015
- 9227
- 0
- 0
Ілмек сөздер: салауатты ұрпақ тәрбиелеуде жанұяның ролі, ата-ана мен ұстаздың қарым қатынасы
Ұқсас жаңалықтар:
Ата-аналармен жұмыс жүргізу жолдары
Мақсаты: Балабақшамен ата - ана арасындағы қарым - қатынасты күшейте отырып, отбасында балаға ата - ананың ықпалын арттыру. Бала тәрбиесінде ата -...Тәрбие үйден басталады
Отбасы - адамзат бесігін тербеткен ұя болса, «Баланың бас ұстазы - ата - анасы». Бұлар балаға отбасылық өмірдің қыры мен сырын, тылсым дүниенің...«Мөлдір бұлақтан» атты отбасылық сайыс сценарииі
«Мөлдір бұлақтан» атты отбасылық сайыс сценарииі. 1 - жүргізуші: Қайырлы күн ұстаздар, ата - аналар, құрметті шәкірттер! 2 - жүргізуші: «Мөлдір...Баланың бас ұстазы - ата-ана
Баланың бас ұстазы - ата - ана «Баланы әуелі мейір - шапағатқа, Онан соң ақыл - парасатқа, ақырында Еңбек пен ғылымға баулуы» Халық даналығы Баланың...Баланың бас ұстазы ата-ана.
Ақтөбе қаласы, «Сымбат» жеке мектебінің Бастауыш класының мұғалімі Макуова Нұршат Аманқосқызы Тақырыбы: Баланың бас ұстазы ата-ана....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.