Сабақтың тақырыбы: «Тәуелсіздік тірегім, елім деп соққан жүрегім».
Сабақтың мақсаты:: Оқушыларды туған жерін, елін, Отанын сүюге, қазақ елінің ұлттық нышандарын қастерлеуге, жерін, оның табиғаты мен байлық қазынасын қорғауға тәрбиелеу; Оқушыларды өз елін, жерін қорғап оны ойлай білетін ұлтжанды, патриот сезімі ұялаған, өз ойын айқын, көркем жеткізе алатын толыққанды жеке тұлға етіп тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Әр топтың шығарған газеттері, слайд.
Өтілу барысы: - Құрметті мұғалімдер, оқушылар! Бүгінгі біздің «Тәуелсіздік тірегім, елім деп соққан жүрегім.» атты сынып сағатына қош келдіңіздер!
- 16 желтоқсан қандай күн?
- Тәуелсіздікті қашан, қай күні алдық?
Мұғалім сөзі:
Тәуелсіздік алғанымызға 28 жыл толды. Тәуелсіздік біздің ең басты бақытымыз. 1991 жылы 16 желтоқсан - тарихтағы ұлы күн. Бұл күн Қазақстан өзінің тәуелсіздігін жариялайды. Тәуелсіздік жолы оңай жол емес, бұл жолда сан мыңдаған адамның арманы мен тағдыры тәлкекке түсті.
Желтоқсан оқиғасы — 1986 жылы 17 — 19 желтоқсан аралығында Алматыда болған қазақ жастарының КСРО үкіметінің отаршылдық, әміршіл - әкімшіл жүйесіне қарсы наразылық қимылдары.
Себептер:
1. Желтоқсан оқиғаларына арналған Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік монументі.
2. Көтерілістің басталуына Мәскеудегі орталықтың республика халқының пікірімен санаспастан Ресейдің Ульянов облысы партия комитетінің 1 - хатшысы Г. В. Колбинді ҚКОК - нің 1 - хатшысы етіп тағайындауы түрткі болды.
«Желтоқсан желі» бейнесюжет
Ендеше, осы арадан біздер желтоқсан оқиғасы туралы бейне сюжетке көз салайық.
Мұғалім: Ғасырлар бойғы езгіге қарсы тұрған қазақ халқы Мәскеудің өктемдігіне наразылық білдіріп, табанға тапталып бара жатқан тілі мен дінінің, ұлттық болмысының сақталуына жүрек бұлқынысын білдірген 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына биыл 28 жыл толды. Алаңға шығып, өз ойларын айтуға тырысқан қазақтың өрімдей қарусыз жастарына мұздай құрсанған солдаттар мен полиция қызметкерлері қарсы қойылды.
Қыз - жігіттерді аяусыз таяққа жықты, түрмеге қамады. Қайрат, Ләззат, Ербол Сәбира сынды жаңа ғана есейіп келе жатқан тал шыбықтай жастарымыздың өмірі көктей солды. Қазақ халқын дүние жүзіне танытқан жазықсыз құрбандардың ерлігі ешқашан ұмытылмайды. Біз әрдайым жігіттердің жүректі үніне, қыздардың ел намысын қорғаған ерлігіне, күнәсіз күйіп кеткен келбетіне бас иеміз.
1 минут үнсіздік жарияланады.
Тәуелсіздік тірегім, елім деп соққан жүрегім
- Каусарым
- 10 қараша 2019
- 10982
- 0
- 100
Ілмек сөздер: тәуелсіздік күніне арналған сабақ жоспары, тәрбие сағаты жоспары
Ұқсас жаңалықтар:
Тәуелсіздік бастауы-Желтоқсан
Сабақтың мақсаты: 1. Тәуелсіздік күні туралы мағлұмат беру. Тәуелсіздік үшін күрескен, желтоқсан құрбандарын еске түсіріп, соның ішінде Қайрат...Тәуелсіздік алған күн
Он алтыншы желтоқсан - Тәуелсіздік алған күн. Мерекеге ел тосқан Атамменен барғанмын....Тәуелсіздік
Аққудай қанат қаққан, Қазақ елі. Үнемі ат үстінде күн өткелі, Таңданды, алға ұмтылды Дүбірлетті. Көк туын алға қарай желбіретті....Тәуелсіз елдің ұландарымыз
«Тәуелсіз елдің ұландарымыз» атты ашық тәрбие сағатын ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер!...Желтоқсан жаңғырығы
Дәстүрлі емес сабақ жоспары (Тәуелсіздіктің 31 жылдығына арналған бірыңғай қазақ тілі күні) Сабақтың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы!...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.