Сайтқа кіру Тіркелу

Мейірімділіктің жолы- жарық күн

Мейірімділіктің жолы - жарық күн.

Мақсаты: адамның бойындағы – ұнамды ұнамсыз қасиеттерді айта отырып оқушыларды адамгершілік, кішіпейілділік тазалық, достық жақсылық, ар - ұят, инабаттылық, елін, жерін сүю әдептілік, мейірімділік сияқты адам бойындағы асыл қасиеттерді бағалай білуге тәрбиелеу.
Әдіс тәсілі: сыни тұрғыдан ойлау, топтастыру жұмысы, ой бөлісу.
Түрі: тәрбие сағаты
көрнекілік: кітаптар көрмесі, суреттер, слайдтар.
Барысы.
Ұйымдастыру
а) Сәлемдесу
ә) Оқушылардың көңіл күйлеріне назар аудару.
Кіріспе
Адам баласы өзінің жан дүниесін қайырымдылық пен қайғыны түсіне білу қасиеттерімен нығайтып, шынайы өмір сүре білуі керек.
Жүргізуші: Қымбатты оқушылар бас назарымызды тақтаға аударайық, адамгершілік, мейірімділік сөзіне ой жүгіртейік. Мейірімділік деген не? Мейірімділік туралы біздің көз қарасымыз қандай?
Мейірімділік қандай қасиеттерден тұрады. Алдымыздағы параққа өз ойымызбен мейірімділік ұғымына жаттататын қасиеттерді толтырайық:

Міне, оқушылар, бүгінгі сабақтың тақырыбын аштық
Сонымен сабақтың тақырыбы: Мейірімділіктің жолы - жарық күн.

«Мейірімділік»- адамдар бір – біріне жылы сезімін білдіріп, тек жақсылық ойлауы, игілік жасау арқылы мейірімділік таныта алуы.
Мейірімді, қайырымды, сезімтал адам әрдайым жақсылық жасауға дайын тұрады. Ақ ниетпен жақсылық жасау адамның ішкі дүниесінің байлығын, жан сұлулығын, парасаттылығын көрсетеді. Бүгін біз сабақта жақсы қасиеттерінің бірі мейірімділік туралы әңгімелесеміз. Балалар мейірімділік әр адамның жүрегінде өмір сүреді.
Мейірімділікті адамның көзінен көруге, іс қимылынан табуға болады. Мейірімді адамды бәрі жақсы көреді.
 Олай болса мына сұрақтар бойынша ойымызды ортаға салайық.
1. Сенің ойыңша мейірімді адам қандай болуы керек?
2. Өздерің қандай мейірімді іс жасадыңдар?
3. Шаттық шеңбері
Балалар, барлығымыз « шаттық шеңберіне» тұрайық
Бір бірімізге мақтау айтып, жақсы тілек жолдаймыз.
Ойын «Күннің мейірімді шуағы»
Қазір, оқушылар, бәріміз көзімізді жұмып әдемі әуеннің ырғағымен ішімізден ата - аналарымызға, достарымызға, жанымызға жақын адамдарға жақсы тілек тілейік. Бірақ не тіледік, кімге тіледік ол жөнінде ешкімге айтпайсыңдар.
Қазір мына жүректі бір бірімізге ұсына отырып мақтау айтып, жақсы тілек жолдаймыз. Мәселен, мен «Гүлнұр, саған өмірдегі бар жақсылықты тілеймін, жүзіңнен күлкі жүрегіңнен мейірім нұры кетпесін» деймін. Келесі оқушы әрі қарай өз ойымен сабақтайды.
Балалар, тақтадағы қанатты сөздерге назар аударып мәнін ашайық.
Қанатты сөздер
Айналаңа мейірімді болу адамды жақсылық жасауға жетелейді.

«Адал жанды өнеге тұт өзіңе».
Жүсіп Баласағұни.
Жақсы тәртіп әдетке айналса - ырыс,
Жаман тәртіп әдетке айналса – қырсық.
Ғабиден Мұстафин.
Бала болсаң болғандай бол,
Ағайынға қорғандай бол.
Нұржан шешен.
Үлкенді ізетте,
Кішіні құрметте.
Бауыржан Момышұлы.
Мейірімділіктің жолы - жарық күн.
Майлықожа Сұлтанқожаұлы.

Алтын ақыл
Үйде, мектепте, «Сәлем», «Сәлеметсіз бе», «Қайырлы түн» деген сияқты ізгі сөздерді ұмытпа.
Жасы кішілер үлкендерге сәлем беріп, ал үлкендер кішілерге қамқор болуы тиіс.
Мұны есте сақта
Әр күніңді жақсы ойлар ойлаумен бастап, бос өткізбе.
Күні бойы өзіңді қоршаған адамдардың бәрі туралы тек сүйіспеншілікпен және ізгілікпен ойлай жүр.
Тыныштық сақтай білуге, нәзік үнмен биязы, мәдениетті сөйлеуге үйрен.
Ұйықтар алдында бүгін қанша адамды қуанттым, жұбатқаныңды, қайырым жасағаныңды есіңе түсір.
Ата - анаңның мейірім шуағын сезініп қадірлей біл.
«Жақсылыққа жақсылық - әр кісінің ісі,
Жамандыққа жақсылық - ер кісінің ісі» деген мақалды түсініп жадыңда ұста.
Қорытынды
Мейірімді, қайырымды сезімтал адам әрдайым жақсылық жасауға дайын тұрады. Ақниетпен мейірімділік жасау адамның ішкі дүниесін байлығын, жан сұлулығын көрсетеді. Адамға жағымды нәрселердің бәрі мейірімділік арқылы жүзеге асады. Мейірімділік адамның ізгілігін анықтайды. Әрқашан жүрегіміз мейірімділікке толы болсын!
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Мейірімділік – асыл қасиет

Мейірімділік – асыл қасиет

Мейірімді адам өзге адамға, тума - туысқандарына, табиғатқа деген жанашырлық сезімін, қамқорлығын көрсетуге дайын тұрады. “Табиғаттағы барлық жылу –...
«Мейірімділік сенен басталады»

«Мейірімділік сенен басталады»

Мақсаты: Тәрбиеленушілердің мейірімділік, қайырымдылық құндылықтары туралы, «қайырымды адам» туралы түсініктерін кеңейту және жақсылық пен...
Адамдардың қажетіне жарай біл!

Адамдардың қажетіне жарай біл!

Бәрі де адам бойындағы асыл қасиеттер мен мінезден басталады. Жақсы қасиеттерге қайырымдылық, мейірімділік, достық жатады. Адам дүниеге келгенде...
Шығармашылық  шаттығы

Шығармашылық шаттығы

Мақсаты: Оқушылардың таным жолында жеткен өзіндік ізденістерінің жемісін шығармашылықпен қолдана алу және өзін - өзі танудың жалпыадамзаттық...
Адамгершілік-асыл қасиет

Адамгершілік-асыл қасиет

Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Қараой мектеп-бала бақшасы Мырзагалиева Сандигул Сандигалиевна Адамгершілік-асыл қасиет...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×