Тақырыбы: Менің Отаным – Қазақстан
Мақсаты: Оқушыларды өз Отанын, туған жерін, туған тілін сүйіп, құрметтеуге тәрбиелеу. Егемендіктің мәнін түсіндіру. Отанына деген сүйіспеншілігін, мақтаныш сезімін арттыру.
Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері, кітаптар, түрлі суреттер.
(Сұрақ бойынша оқушылар жауап береді)
Отан, деген сөзді естігенде нені елестетесіңдер?
Өз Отаның туралы не білесің?
Қазақ халқының хандарын білесің бе?
Қандай батырлары бар?
Қазақтың бес арысы деп кімдерді айтамыз?
“Үш бәйтерегіміз” кімдер?
Қазақстандық Ұлы Отан соғысының батырларын Желтоқсан жұлдыздарын білеміз бе?
Қазақстан Тәуелсіздігін қай жылы жариялады
Мұғалім: Иә, осы хандарымыз, батырларымыз, ерлеріміз туған жерін, елін жауларынан аман алып қалам деп айқасты. Халық бірлігін нығайтты. Тарихқа үңілсек еліміздің басынан не өтпеді?(“Елім - ай” әнінің сазы баяу орындалады)
1 оқушы: Төле би:
Ұя салған қарлығаш
Балапаны ұшпай ұядан
Мен үйімді жықпаймын.
Шапсаң да басым жоғары
Ердің ары - ел ары
Маған қымбат бәрінен
Балапанның обалы.
Қалмақ батыры: Тоқтат қылышты
Ұшқан құсты жылатпа
Жан бітірді Төле би!
Өліп кеткен ұятқа
“Қазақ” деген халықтың
Шаңырағы құламас!- деп батыр Төле бидің ұлылығына бас иіп, шығып кетеді.
2 оқушы: Мен қазақпын, биікпін байтақ елмін
Қайта тудым, өмірге қайта келдім
Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске
Айта бергім келеді, айта бергім
Дүркірете елінен жауды қуған батырларымыз: Қабанбай, Бөгенбай, Шағатай, Қарасай, Наурызбай, Райымбек, Махамбет, Исатай т. б. бабаларымыздың ерлігі бізге үлгі - өнеге.
Мұғалім: Өз елінің бостандығын, теңдігін аңсаған Мағжан, Сәкен, Ахмет, Шәкәрім, Бейімбет, Ілияс сынды ағаларымыз жазықсыз құрбан болып кетті. Тарихта өшпестей іздерін қалдырды
1986 жылы 16 - желтоқсан оқиғасы Отанын сүйетін, Отаны үшін отқа түсетін жастарымыздың қарға тамған қанымен бірге елімізге егемендік - Тәуелсіздік әкелді.
3 оқушы: Қайрат деген атым бар
Қазақ деген затым бар,
“Еркек тоқты” құрбандық
Атам десең, атыңдар - деп Қайрат ел теңдігі, ел намысы үшін ажалға басын тікті.
Тәуелсіздік -
Тәубелі елдің ұраны.
Қиялды елдің қыраны,
Жат рухқа жалтақтатпас пендесін
Жанарлардың шырағы.
4 оқушы: Тәуелсіздік -
Айналайын құныңнан,
Түсе көрме тұғырдан
Отаныма мәңгілігің үшін де
Садағаң болсын шыбын жан.
Мұғалім: Білесің бе сен бірақ. Қазақстан жалауын?
Ерікті елде бар белгі
Мағыналы сымбатты.
Елтаңбасы елімнің
Маған, саған қымбатты.
Көк байрағы бабаның
Бүгінгі ұрпақ алауы
Азат елдің шалқыған
Көңілі деп білерсің
5 оқушы: Туған тілім - тірлігімнің айғағы
Тілім барда айтылар сөз ойдағы
Өссе тілім мен де бірге өсемін
Өшсе тілім мен де бірге өшемін
Ән: “Қазағым менің” орындайтын хор.
Қорытынды:
Мұғалім: - Міне, балалар, еліміздің басынан ұмытылмас талай оқиғалар өтті. Уақыт өтіп жатса да, жүректерде ұмытылмайтын мәңгі есімдер сақталады. Отан қорғаушы ерлер рухына тағзым етіп, құрмет көрсетіп, мақтаныш тұту біздің міндетіміз. Әрқашанда Отанымызды гүлдендіруге, көркейтуге, қорғауға әзірміз.
Менің Отаным – Қазақстан
- Галя
- 27 қыркүйек 2014
- 5347
- 0
- 40
Ілмек сөздер: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері, егемендік, Отан
Ұқсас жаңалықтар:
Отаным - алтын бесігім
Мақсаты: Оқушыларды Отанды сүюге, қазақ елінің рәміздерін қасиеттеуге, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыруға тәрбиелеу Мұғалім: Қазақстан...Тәуелсіздік күні
Мақсаты: оқушыларды Отанды сүюге, қазақ елінің рәміздерін қастерлеуге, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Көрнекілігі: Қазақстан картасы....Тәуелсіздік тірегім, елім деп соққан жүрегім
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды туған жерін, елін, Отанын сүюге, қазақ елінің ұлттық нышандарын қастерлеуге, жерін, оның табиғаты мен байлық қазынасын...Отаным – алтын бесігім
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылар өзінің елін, жерін, тарихын сүю арқылы қазақстандық патриоттық сезімге тәрбиелеу. 2. Оқушыларды өз Отанын, елін, жерін...Елімнің еркіндігі – Тәуелсіздік
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы «Асанәлі»балабақшасы Мергенова Динара Мырзасейтқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.