Сайтқа кіру Тіркелу

Шыдамдылық – асыл қасиет

Тақырыбы: Шыдамдылық – асыл қасиет.
Мақсаты: Шыдамдылық туралы білімдерін кеңейту, және оны өмірде пайдалана
білуге үйрету.
Әңгімелер арқылы оқушылардың тілдерін дамыту, сөздік қорларын молайту.

Оқушыларды шыдамды болуға, сабыр сақтауға, төзімділікке тәрбиелеу
Әдісі: әңгімелеу. тест.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайд.
Барысы:
Шыдамдылық деген не? Шыдамдылыққа байланысты қандай мысалдар келтіре аласыздар?
«Жазықсыз жазықты» әңгімесін тыңдап, ары қарай талқыға салу сіздердің құзырларыңызда.

Жазғы демалыстың басталған кезі еді. Мақсат есімді жиенім екеуміз ауылға барамыз деп жоспарладық. Шаштаразға кіріп шашымызды алдырып, қамсыз келе жатқанбыз. Жолда бір бала артымыздан қалмады. Бізге мазақтай қарап, ыржалақтап күліп, мазаны алғаны. Қалжыңдасатын құрдасы, не танысы емеспіз. «Қой» десем, әлгі бала қылығын одан бетер үдете түсті.

- Маған айтып жатырсың ба?- десем, ол тіпті есірді.
- Иә,- деп шиқылдайды. Бұл аздай едіреңдеп, дөңайбат көрсете бастады. Тыныш құтылсақ деген ниетімізді ол қорыққанға баласа керек.
Көтерген жұдырығын қағып жіберіп, сол қолымен оны соғып қалдым. Құлап түсті. Әрі қарай кете бердім.

Үйге кіргенім сол еді, Мақсат телефон соғып тұр.
- Дастан шатақ болып жатыр. Сені полиция іздеп жүр,- деді..
Оған сенбей, манағы жерге өзім келдім. Алыстан бақылап қарап тұрмын. Мақсаттың айтқаны рас екен. Тіпті, «жедел жәрдем» көлігі де келіпті. Мен ұрған мықтының «миы шайқалыпты». Денем түршігіп, жүрегім дүрсілдеп кетті.
Алды-артыма қарамай қаштым..

Бірақ, қашқанда қайда барасың! Полиция мені бөлімшеге алып келді. Шырылдап шешем, қабағы түсіп әкем жетті. Олар әйтеуір бір мәмілеге келген сияқты. Күзетші сержант «енді боссың» деп мені қоя берді.

Ата-анам жәбірленушінің аяғына жығылып, айыбын төлеп, әрең кешірім алыпты. Осыны білген кезде ұяттан өртеніп кете жаздадым. Не десе де кінәлі мен емес едім. Бірақ оны қалай дәлелдейсің? Әлгі бұзақы баланың таяқ жегені рас еді.
Осы оқиға ұзақ уақыт есімнен кетпей жүрді...

Қызықты тест: Сен қандай оқушысың?

Кейбір оқушылар сабақ үстінде өздерін көңілді ұстайды. Ал кейбіреулерінің керісінше іштері пысып, тықыршып қоңырау дауысын асыға күтіп отырады. Қасындағы, артындағы, алдындағы оқушыларға бірнәрселерді сыбырлап, одан қалса қағаз лақтырып, ақыр соңында мұғалімнен ұрыс естиді. Алайда сыныптастары мен мұғалімге барлық уақытта жағымды әсер қалдырып, ұнап жүру әр оқушының өз қолында.

1.Сен күлдіргі әңгімелер білесің бе?
А)Иә, көп білемін
Б) Білемін, бірақ сабақ үстінде оны айтуға болмайды:
В) Білмеймін.

2. Кез-келген өлеңнің бір шумағын жатқа айта аласың ба?
А) Иә, айта аламын.
Б) Айтамын, бірақ сөздерін шатастырып аламын.
В) жаттауға тырысып жүрмін, бірақ қолымнан келер емес.

3. Би билеуге қалайсың?
А) Билей аламын.
Б) Билей алмаймын.
В) Тек қана балабақшада үйренген билерді билеймін.

4. Басыңды жерге қойып тік тұра аласың ба?
А) Басыммен де, денемнің басқа мүшелерімен де тұра аламын.
Б) Біреудің көмегі арқылы ғана тұрамын.
В) Бас түгілі аяғыммен азар тұрып жүрмін.

5. Тіліңді мұрныңа дейін жеткізе аласың ба?
А) Жеткіземін.
Б) Тек басқа адамның мұрнына ғана.
В) Жаттығып жүрмін.

6. Сен қандай да бір өнер көрсете аласың ба?
А) Көрсете аламын:
Б) Мұғалімнің дауысын саламын.
В) Білмеймін, байқап көрген жоқпын.

Егер сен «а» нұсқасын көп жинаған болсаң: Сен өте көңілді оқушысың, мектепте де, үйде де бәрінің көңілін тауып жүресің. Ойыңа келгенді ешкімнен қысылмай ақ айта саласың. Сыныптастарың сені қатты сыйлайды, тіпті саған ұқсағысы келетіндері де болып қалуы мүмкін. Әрдайым осы қалпыңды сақтап жүрсең сыныпта сенен өткен «супер» оқушы болмайды.

Егер сен «б» нұсқасын көп жинаған болсаң: Сен сыныптастарыңның алдында біреуден артық болып көрінгенді қаламайсың, сондай-ақ біреуден кем болмайсың. Әрқашан да айтар сөзіңді ойланып барып айтасың. Мұғалімдер сені жасына қарағанда тым салмақты десе, сыныптастарың ешкімді менсінбей мұрнын шүйіріп жүреді деуі әбден мүмкін. Сондықтан оларға өзіңнің шын мәнінде қандай екеніңді көрсетіп, ашылғаның жөн.

Егер сен «в» нұсқасын көп жинаған болсаң: Сен өте тұйық оқушысың. Сабақ айтқанда да абыржып, сасқалақтап қаласың. Сыныптастарыңмен мүлде ашылып әңгіме де айтпайсың. Сенен басқалардың бәрі саған сенен артық көрінетін секілді.
Ал шын мәнінде олай емес. Олардың қолынан келген нәрсе сенің де қолыңнан келеді. Тек сәл-пәл өзіңе деген сенімділік керек.
Темперамент және мінез туралы талқылау
Қорытындылау.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×