Тақырыбы: «Дос жүрегін шекара бөле алмайды» фестиваль
Мақсаты: Оқушыларға тәуелсіздіктің -20 жылдығы мерекесіне байланысты еліміздің көп ұлттылығын, достығын насихаттай отырып, достық пен бауырмалдыққа, бейбітшілікке тәрбиелеу.
Әдісі: мерекелік іс-шара.
Көрнекілігі: әр ұлт бойынша костюмдер, шар, гүл, нақыл сөздер.
Барысы.
Әнұраным көкейде жатталады,
Сонымен бейбіт күнім басталады.
Шәмші атамның шығарған асқақ әні,
Әркімнің жүрегінде сақталады
Қазақстан Республикасының әнұраны орындалады.
«Сан ғасырлардан бері қазақтың кең даласына көптеген ұлттар мен ұлыстардың ұрпақтары келіп орнығып, бір-бірімен тамыр, дос болып, тату-тәтті өмір сүріп келе жатыр. Дархан көңілді, кең пейілді қазақ халқы оларға құшағын ашты. Ата-бабамыздың осы үлгісі, өзге халықтардың баласын дініне, тіліне,түріне, ұлтына қарамай бауырға басқан төзімшіл, толеранттық мінез-құлқы бізге мұра болып қалды. Бұл – біздің тарихи қасиетіміз, өсіп өркендеуіміздің басты негізі. Осы бірлік пен достықты тереңдете білудің арқасында біз көп қиыншылықтарды жеңе білдік» деген болатын елбасымыз.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
1991 жылы 16 желтоқсанда қазақ халқы өзінің тәуелсіздігін алды, егемендікке ие болды.
Міне, тәуелсіздікке де, 20 жыл.
Тәуелсіздік адамзаттың әнісің,
Тәуелсіздік – елдігімнің жанысың.
«Бүгін менен болашақ» бар бұл сөздің
Түсінетін қасиетті мәнісің!
Ән: «Атамекен»
Достық деген – сан ғасырдың ғажабы
Доссыз өткен әр секундтың азалы.
Дос дегенің – мына өмірдің ажары,
Доссыз болу жалғыздықтың азабы.
Жаны жарқын жайдарлы, жарқын өскен қазағым,
Жібек мінез, мәрт көңіл, шалқып өскен қазағым.
Досы менен дұшпанын теңдей көрген қазағым,
Бұйда етіп, нарына алтын ескен қазағым.
Сайын дала төсінде сайрап өскен қазағым,
Ұлы менен қыздары жайнап өскен қазағым.
Өнерлі боп шетінен өрге тартқан қазағым,
Ата дәстүр мұрасын сақтап өскен қазағым.
Ән: «Қазағым»
Қазақта «Отаны бірдің – тілегі бір, жүрегі бір» деген жақсы сөз бар. Жүзі басқа болса да жүрегі бір, тілі басқа болса да тілегі бір, атасы басқа болса да Отаны бір қаншама ұлттар мен ұлыстарды біріктіріп, дүние жүзі мойындап отырған елміз. Көп ұлт өкілдері тұратын ел болуымыз - біздің байлығымыз, мақтанышымыз.
Ұлы Достық!
Жазира – өлке, гүл маусым,
Жасыл әлем, саған мәңгі нұр жаусын!
Қарсы алдыңнан тарқамасын тыңдаушың
Мың құбылтқан
Бұлбұл болсын жырлаушың!
Орыс әні және орыс биі
Бүгінде біздің елімізде 90-нан астам әр түрлі ұлт өкілдері тұрады. Олардың қай-қайсысы болсын Қазақстанды өз Отаным деп санайды. Сонымен қатар өздерінің ана тілдерін, тарихи Отандарының тарихы мен шежіресін, салты мен дәстүрлерін болашақ ұрпақтарына үйретуге, өз ұлттарының рухани тәрбиесімен тәрбиелеуге ынталы.
Сен бар жерде, аспан ашық, тау да асқақ!
Саған барып жарасамыз даулассақ.
Қасиетіңе құдай қызыр дарытып,
Мерейіңді үстем еткен әу баста-ақ!
Корей ұлтының биі.
Біз ортақ үйіміздің шаңырағы биік, керегесі берік болып, босағасынан ырыздық-дәулет кетпегенін қалаймыз. Оған Қазақстанда тұратын барша халықтың өзіндік үлес қосуымен бір-бір уық болып қадалғанын жақтаймыз.
Өзбек биі
Діни конфессиялардың ең басты ерекшелігі өзара сыйластық болып табылады. Рухани өз ара түсіністік пен ұлтаралық келісім қоғамымызды татулық пен халықтар бірлігіне шақырып қана қоймай, өзге мемлекеттер үшін бейбіт елдің үлгісіне айналды.
Татар биі
Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Әрбір қазақстандық өзінің ұлттық ерекшелігіне қарамастан Қазақстан оның құқығы мен еркіндігін әрқашан қорғауға дайын тұрған мемлекет екенін әрқашан сезінуі қажет. Тек сол жағдайда ғана қазақстандық патриотизм сезімін ұялату мен тәрбиелеудің негізі қалыптасады деген сенім білдіруге болады. Тек сондай жағдайда ғана еліміздің әрбір азаматы әлем танып отырған Қазақстан атты мемлекеттің азаматы болғандығын мақтан тұтар еді» деген сөзі де жалпы қазақстандық патриотизмді дәріптеудің маңыздылығын айқындай түседі
Қара жорға биі.
Тәуелсіздік кіндігін
Кескен халық бірлігі.
Ынтымағы барша ұлттың
Нұрын шашқан күн бүгін.
Бірлігі мен ынтымағы халықтың,
Көгімізде жарқырайды жарық күн,
Ырыс, дәулет, бақыт үшін халықтың,
Жайнай берсін, жайнай берсін жарық күн!
Ән: Қазақ елі.
Қорытындылау.
Дос жүрегін шекара бөле алмайды
- ramuk_b
- 28 наурыз 2012
- 8691
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Дос, ұлттар, жүрегін, тәрбие сағаты
Ұқсас жаңалықтар:
Бейбіт болсын болашақ
1 - мамыр Қазақстан халқының ынтымағы мен бірлігі мерекесі құтты болсын! Бүгінгі кеш ерекше, өйткені 1 - мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні...«Бірлігіміз жарасқан» атты іс-шара
“Отаны бірдің – тілегі бір, жүрегі бір”деген жақсы сөз бар. “Жүзі басқа болса да жүрегі бір, тілі басқа болса да тілегі бір, атасы басқа болса да...Қазақстан - ынтымақ ордасы
Тәуелсіздік кіндігін, Кескен халық бірлігі. Ынтымағы барша ұлттың, Нұрын шашқан күн бүгін....Мәңгілік ел
«№ 21 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ Өткізген: Керимкулова М. Б...Ынтымақ - достық кепілі
БҚО, Теректі ауданы, Приречный ЖОББМ, ІІ санатты информатика-математика пәндері мұғалімі Айшуаков Мерлан Адилович Ынтымақ - достық кепілі Ынтымақ-...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.