Алау» жазғы сауықтыру алаңы
Лагерь ханзадасы мен ханшайымы
Мақсаты: Халықтық тәрбиенің асыл қазынасы ұлттық мәдениетті, имандылық, ізгілік, әдептілік қасиеттерді қалыптастыру, өнерлі, білімді оқушыларды анықтау.
Жүрісі:
Құрметті тәрбиешілер мен демалушылар бүгінгі «Қазақтың ханзадасы мен ханшайымы» атты байқауға қош келдіңіздер!
Ендеше ханзада мен ханшайымдарды ортаға шақырайық:
1. Шүкірбаев Ернұр, Исабай Ләйлә - « Балдырған» тобы
2. Тағанбаев Ерасыл, Жарылғасқызы Айжан - «Жас қыран» тобы
3. Жаңбырбаев Думан, Базарбаева Альбина - «Шағала» тобы
4. Ерғалиев Бағжан, Жеңісбекова Назира - «Достық» тобы
Жүргізуші:
Қайсысы әнші, кім биші
Талабына қарайық
Кімдер зерек, кім жылдам
Таланттарын табайық - өнер сүйер қауым бүгінгі байқау шарты 5 турдан тұрады.
1. «Сәлем - сөздің анасы» (таныстыру)
2. «Жүйрік болсаң тауып көр» (білімділік сайысы)
3. «Өнерлі өрге жүзер» (өз өнерін көрсету)
4. «Сұлулықтың сыры» (сән үлгісі)
5. Үй тапсырмасы
Жүргізуші:
Қазылар орнықтырар әділдікті
Кімдердің жауаптары кәміл шықты
Білім мен тапқырлықтың сайысында
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты - бүгінгі байқауға төрелікке ететін әділ қазы мүшелерімен таныс болайық:
1. Лагерь бастығы Қойшина Айсауле
2. Лагерь бастығының орынбасары Дүйсенбаева Акерке
3. Лагерь психологі Шағанова Гүлім
Жүргізуші:
Сайыскерлер келіп жетті танысуға
Бойындағы бар дарынды дарытуға
Тайсалмастан сахнаға келіп жетті
Әдеппенен, ізетпенен, танысуға - олай болса, 1 турымыз «Сәлем сөздің анасы» таныстыру сайысын бастаймыз.(өздерін таныстырады)
Жүргізуші: «Сәлем сөздің анасы» атты бөлімі бойынша әділқазы алқасынан сайыскерлеріміздің бағасын сұраймыз.
Ал сайыскерлер сұраққа қалайсыздар
Сіздер өтер әлі де талай сын бар
Тапқырлықпен тауып айт қысылмай - ақ
Жауап берсеңдер сұраққа жарайсыңдар
(сұрақтар қойылып, жауап алынады).
«Жүйрік болсаң тауып көр» атты бөлімі бойынша әділқазы алқасынан сайыскерлеріміздің бағасын сұраймыз.
Жүргізуші:
Өнер қуып әрбірі өтер дейміз,
Бір басына өнері жетер дейміз
Сайысқа келген ханзадалармен, ханшайымдар,
Өз өнерін ортаға көрсетсін дейміз.
(өз өнерлерін көрсетеді)
(Сайыскерлер келесі турға дайындалғанша) Ән орындайтын Бораш Айтбек
«Өнерлі өрге жүзер» атты бөлімі бойынша әділқазы алқасынан сайыскерлеріміздің бағасын сұраймыз.
(Сайыскерлер келесі турға дайындалғанша) Би орындайтын Еділова Әйгерім
Жүргізуші:
Көйлек киіп әдемі,
Тамсандырам елімді
Түрлі - түсті сән көйлек
Көз тартады не керек - деп келесі «Сұлулықтық сыры» сән үлгісі бойынша келесі 4 турымызды бастаймыз.
«Сұлулықтық сыры» атты бөлімі бойынша әділқазы алқасынан сайыскерлеріміздің бағасын сұраймыз.
Көркем сөз оқитын Сембаева Құралай
Жүргізуші:
Келесі соңғы 5 турымыз үй тапсырмасы ханзада мен ханшайымдардың өздері дайындап келген заттарын көрсету, таныстыру.
«Үй тапсырмасы» атты бөлімі бойынша әділқазы алқасынан сайыскерлеріміздің бағасын сұраймыз.
Қорытынды бөлім: Әділқазы алқасына сөз кезегін беру (марапаттау).
Ән орындайтын Серікқызы Альбина
Жүргізуші:
Бойларыңда от бар екенін байқадым
Көздеріңде шоқ бар екенін байқадым
Әрқашанда осы шақты өшірмей
Жалындатып шарықтаңдар әрдайым.
Осымен бүгінгі «Қазақтың ханзадасы мен ханшайымы» атты байқау өз мәресіне жетті.
Келесі кездескенше сау болыңдар!
Өнерлі өрге жүзер
Үй тапсырмасы
Сұлулықтың сыры
Жеңімпаздарды марапаттау
Ханзада мен ханшайым
- Aisaule
- 6 маусым 2022
- 40832
- 0
- 100
Ілмек сөздер: Ханзада мен ханшайым, жазғы сауықтыру лагері
Ұқсас жаңалықтар:
Күз ханзадасы мен ханшайымы. Сайыс (сценарий)
Мақсаты: 1) Алтын күз мерекесін өткізу. 2) Күз туралы түсініктерін кеңейту. 3) Табиғатты қорғауға тәрбиелеу....Аяулы күз, Алтын күз
Армысыздар ұлағатты ұстаздар, жалынды да жігерлі жас достарым, Берекелі де мерекелі «Аялы күз, Алтын күз» мерекелеріңіз құтты болсын. Әрбір күніміз...Алтын күз ханшайымы, Алтын күз ханзадасы
Терістіктен желдетіп, Жаңбырлатып, селдетіп, Шаттандырып біздерді, Шат шадыман күз келді....Алтын күз мерекесі
Күзгі жеміс - жидектен Жасаған тамақ тұр міне Мұрныңды жара есіктен...Алтын күз
Зал іші күздің жапырақтарымен көркемделген. Бір бұрышында алма ағашы жемісімен тұр «күз»әуені ойналғанда сайысқа қатыспайтын балалар залдың ішін...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.