Сабақтың тақырыбы: Математик, физик, астроном.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: жаратылыстану бағытындағы қызмет түрлерімен таныстырып, математик, физик, астроном мамандарының жұмыс сипаты, еңбек жағдайы, кәсіби біліктілігі, жақын кәсіп түрлері туралы білім беру;
Дамытушылық: алған білімдерін практикада пайдалану салаларымен таныстырып, білімнің адамға қызмет ету жолдарын үйрету;
Тәрбиелік: ұқыптылыққа, шыдамдылыққа, зейінділікке, абстракті және конструктивті ойлай алуға тәрбиелеу.
Оқыту құралдары: Альбомдар, суреттер, буклеттер, оқулықтар.
Әдістер мен оқыту іс - әрекеттері:
Мұғалім оқушылардың өткен тақырыпта алған білімдерін естеріне түсіріп сұрақ қояды. Биолог, географ, химик мамандары арасында байланыс бар ма? Осы мамандық иелерінің арасында ұқсастықтар мен айырмашылықтарды атаңдар.
Оқушылардың өз бетінше жүргізетін іс - әрекеті
Венн диаграммасын толтырады.
Сабақтың мазмұны мен барысы:
Мұғалім жаңа сабақты түсіндіруден бастайды.
Оқушылардың жаңа сабақты меңгеруге деген белсенділіктерін арттыру мақсатында сергіту сәті ретінде төмендегі сұрақтарға жауаптар алуға болады:
Ең жасыл -?
Ең тәтті -?
Ең күлкілі -?
Ең қиын -?
Ең байсалды -?
Ең күрделі -?
мамандықтарды ата, математик, астроном, физик мамандықтарына өз беттеріңше сипаттама беріп, ойыңды дәлелдеуге тырыс.
Жаңа сабақ жоспары:
1. Математик:- жұмыс сипаты;
- жұмыс жағдайы;
- білімі мен білігі;
- талаптар;
- жақын қызмет түрлер
2. Физик:- жұмыс сипаты;
- жұмыс жағдайы;
- білімі мен білігі;
- талаптар;
- жақын қызмет түрлері.
3. Астроном:- жұмыс сипаты;
- жұмыс жағдайы;
- білімі мен білігі;
- талаптар;
Мұғалім оқушылардың жауабын қорытындылап, жаңа сабақты түсіндіреді.
Математика ең көне ғылымдардың бірі және сонымен қатар білімнің көптеген салаларының негізі болып табылады.
Математикалық жұмыстар негізгі екі санаттан тұрады:
Теориялық математика мамандары жаңа бағыттарды дамыту және математиканың қазіргі принциптерін жаңа заңдылықтары мен олардың арасындағы байланыстарды анықтау математикалық ғылымды жетілдіре түседі. Бұл көптеген ғылыми және инженерлік жетістіктердің негізі мен жасалымдарын жасауға жәрдемдесетін абстрактілі білім екенін түсіндіреді.
Қолданбалы математика ғылымының өкілдері бизнесте, басқару саласында, инженерияда, сондай - ақ, күнделікті өмірде, қоғамдық ғылымдарды нақты проблемаларды тұжырымдау және шешу үшін математиканы жетілдіру мен есептеу әдістерін - теория мен техниканы пайдаланады. Мәселен, олар компьютерлік және коммуникациялық желілердің математикалық қырларын, жаңа емдік құралдардың әсерін, авиациядағы аэродинамикалық сипаттарды немесе бизнестегі құндылықтарды бөлу мен өндірістік процесстерді талдай алады.
Қолданбалы математиканың мақсаты басқарудың математикалық теориясы; дискретті математика ( бөлінетін өлшемдер туралы математика), жетілдірілген автоматтар (роботтар) теориясы мен сандық әдістер және т. б. бағыттар бойынша қолданбалы маңызы бар қазіргі заманғы математика тармақтарын дамыту болып табылатыны жөнінде айту керек. Сабақ барысында ВВС Чудеса жизни (наука итехника) топтамасынан тақырыпқа сай ОНЛАЙН ВИДЕО көрсету керек (http:/www. youtube. com.)
Ал физиктер туралы оларды астрономдарменен байланысты әңгімелеген тиімді.
Физиктер табиғаттағы заттардың өзара әрекетке түсуінің негізгі принциптері мен заңдарын, олардың құрылымы мен ерекшеліктерін, энергияның пайда болуы мен берілуін, материя мен энергияның өзара әрекетке түсуі құбылыстарды зерттейтінін түсіндіреді. Тәжірибелік жұмыстарға, бақылаулар мен деректерді талдауға сүйене отырып, оларға тартылыс күші, электромагниттік күштер, ядролық өзара әрекетке түсу және т. б. тәрізді табиғат күштерін сипаттайтын заңдарды түсіндіруге тырысатыны айтылады. Танымын кеңейту мақсатында «Это не фокус, это физика» тақырыбында ОНЛАЙН ВИДЕО ұсынуға болады (http:/wikibit.net/v/)
Астрономия - физиканың бір саласы ретінде түсіндіріледі.
Астрономдар планеталар мен жұлдыздарды, олардың пайда болуын, дамуын және мүлде өшуін зерттеумен шұғылданады. Кеңістік құрылымының жалпы заңдылықтарын, аспан денелерінің, соның ішінде жасанды ғарыш объектілерінің жасалуы мен даму мәселелерін, ғарыш денелерінің физикалық табиғатын: тығыздығын, температурасын, массасын, химиялық құрамын, жасын, олардың өзара әрекеті мен даму ерекшеліктерін, аспан денелері қозғалысының заңдарын зерттейді. Астрономдар жұлдыз карталарын жасаумен және құрастыратын, аспан координаттарының дәл жүйесін белгілеумен, аспан денелерінің кеңістікте орналасуы мен орын ауыстыруын өлшеу әдістерін сипаттаумен, жердің және басқа планеталардың формасын зерттеумен шұғылданатынын түсіндіреді. С
абақ барысында ВВС Чудеса жизни (наука итехника) топтамасынан тақырыпқа сай ОНЛАЙН ВИДЕО көрсету керек (http:/www. youtube. com.).
Жұмыс жағдайлары туралы математиктер мектептік мекемелерде, жекеменшік фирмаларда, кеңселерде, сонымен бірге жоғарғы және орта арнаулы оқу орындарында оқытушы болып та жұмыс істейтіні айтылады. Олардың жұмыс аптасы 40 сағаттан тұрады.
Физиктер зертханалар мен зерттеу орталықтарында жұмыс істесе, астрономдар обсерваторияларда, зерттеу орталықтарында, ғарыш айлықтарында жұмыс істеп, өз білімін навигация проблемаларын шешу үшін пайдаланады, ғарыштық және зерттеу бағдарламаларына қатысады. Оқушыларға обсерваториялардың қыстың өзінде жылытылмайтыны, себебі сәл ғана ауа ағысы, мәселен, жылы ауаның жоғарыға көтерілуінің өзі де бақылау жүргізіліп отырған объектілер бейнесін көмескілендіріп жіберетіні туралы айтылады. Сабақ барысында Космонавтика - Наука - 25 тонна тақырыбындағы бейне ролик көрсетуге болады.(http://poigratm - online. ru/video/hauka/smotret) Индия - Древняя наука о полетах.
Білімі мен білігі: Бұл мамандықтарға дайындау университеттердің математика, физика факультеттерінде жүргізілетіні айтылуы тиіс. Қолданбалы математика бөлімі Қазақ мемлекеттік ұлттық университеті мен Қарағанды университетінде бар.
Талаптар. Математиктің бойында кәсіби дағдылардан басқа зейінділік, ұқыптылық, ұзақ уақыт тапжылмастан жұмыс істей білу, абстрактылы түрде және жаңашылдық тұрғысынан ойлана алатын қаблет болу керек.
Физик мамандығы кәсіби білімге қоса зерттеушілік қаблетті, ғылыми талдау жасауға бейімділік тәрізді қасиеттерді талап етеді.
Жақын қызмет түрлері:
Статистші, бағдарламашы, талдаушы. Экономика, қаржы, физика салаларының мамандары, ақпаратшы - математик, кибернетик - математик.
Биофизик, геофизик, химик, математик.
Дәйексөз.
Ш. Айтматовтың « Ғаламды тану - адамды тану» деген нақыл сөзі адамның өзін - өзі тану үшін үнемі ізденіс үстінде болатындығына оқушылардың көзін жеткізеді. Ғаламды, жалпы жаратылысты, болмыс сырын ашуға ұмтылу – адамзаттың мәңгілік мұраты екендігін түсіндіре отырып, оқушылардың қоршаған ортаны танып білуге құштарлығын оятудың маңыздылығы ескерілген жөн.
Түйіндеме.
Оқушылар ғарыштан түсірген ғаламшарлар суретімен таныстырып, жаратылыстану бағытындағы ғылымдар саласының байланысын тағы бір рет дәлелдеп, сала мамандарының ғалам алдындағы жауапкершілігінің зор екендігіне назар аударту керек.
Математик, физик, астроном
- myrzakulova saltanat
- 31 мам 2014
- 3333
- 0
- 0
Ілмек сөздер: математик, физик, астроном мамандарының жұмыс сипаты, еңбек жағдайы
Ұқсас жаңалықтар:
Жылу, электр және жарық құбылыстары 8- сынып (тақырыптық жоспар)
Курс теориялық және практикалық бөліктерге бөлінеді. Теориялық бөлімінде экспериментальды физикалық зерттеулердің қажетті принциптері және әдістері...Сабақ топтама
Астрономия ғылымы, физика және астрономия ғылымдары арасындағы байланыстар, халық астрономиясына және астрономияның бүгінгі салаларына байланысты...Мұражай жұмысының әдіскері, тарихшы, археолог
Сабақтың мақсаты: Білімділік: білім және гуманитарлық ғылымдар саласындағы қызмет түрлерімен таныстырып, мұражай жұмысының әдіскері, тарихшы,...Биолог, географ, химик
Сабақтың мақсаттары: білімділік: жаратылыстану бағытындағы қызмет түрлерімен таныстырып, биолог, географ, химик, эколог мамандарының еңбек жағдайы,...Мектеп математика курсындағы пәнаралық есептер және оларға қойылатын талапт ...
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті Тәуелсіздіктің 20 жылдығы атындағы №266 мектеп-лицей Есқалиева Гүлнұр Бақытбекқызы Егеменді...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.