Сайтқа кіру Тіркелу

Өзіңді де, өзгені де аяла

Өзін - өзі тану 3 - сынып
Аялауды табиғаттан үйрен. Халық даналығы
Сабақтың тақырыбы: Өзіңді де, өзгені де аяла (слайдымен)
Сабақтың мақсаты: Балалардың “Мейірімділік” адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
Өзіңді өзгені аялаудың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру; өзіне, өзгелерге аялы, сыйлы қарым - қатынастарын дамыту; сүйіспеншілікке, қамқорлыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: оқулық, дәптер, үнтаспа слайд, көрініс.

Сәлемдесу:
Жарқырап күн де ашылды,
Күн нұры түгел шашылды.
Қайырлы күн қонақтар
Біз әдепті баламыз.
Қайырлы күн ұстазым,
Біз көңілді боламыз

Шаттық шеңбері
Оқушылар мұғаліммен, бірге шеңбер құрып тұрады.
Сәлеметсіңдер ме, балалар?
Қане, бәріміз шеңбер бойлай, тұрайық.

Қане қане тұрайық
Үлкен шеңбер құрайық
Оң жақтағы көршіге,
Сол жақтағы көршіге
Күлімсірей қарайық
Көкке қолды созайық
Бір – бірімізден озайық
Құшақтасып әр кез де
Тату - тәтті болайық
Көңіл күйлерің жақсы болсын

Әңгімелесу
А р а
З и я н
А л ғ ы с
А д а м
Д а у ы л
Мұғалім сабақ тақырыбының мәнін түсіндіру мақсатында «Сөз жұмбақ» шешу жүргізіледі.
1. Ағаш кесетін құрал.
2. Темекі адам денсаулығына.....
3. Ризашылық білдіру дегеніміз не?
4..... - тіршілік иесі.
5. Өте күшті жел.
• Аялау деген сөзді қалай түсінесіңдер?
• Сендерді кімдер аялайды? Ал өздерің ше?

- Балалар, бүгін сабақта «Өзіңді де, өзгені де аяла» деген тақырыпта әңгімелесеміз.
Иә, балалар, аялау дегеніміз ата - ананы, достарды, үлкен - кішіні, қоршаған ортаны желеп - жебеу, оларға жанашырлықпен қарау, жақсылық жасау.
Мәтінмен жұмыс
Оқушылардың аялау туралы пікірлерін білу мақсатында әңгімелеу жұмысы ұйымдастырылады.
Оқуы әңгімелеп береді
" Жанашыр"
Бірге оқитын құрбыларымен доп ойнап шаршаған Дастан үйіне қайтып келе жатты. Кенет ол көшенің бұрылысында кедір - бұдыр жолға қайта - қайта сүрініп - жығылып, сенделіп жүрген қыз баланы көрді. «Соқыр ма өзі, машина басып кетеді - ау» деп ойлады Дастан.
Жүгіріп қыздың қасына келді.
- Жолдан былай шық, - деді Дастан, қыздың қолынан ұстай алып, —
әне, машина келе жатыр. Өзің неғып жүрсің?
- А - а - дасып кеттім! - деді қыз бала өксіп.
- Қайда тұрушы едің?
- Көзі жоқ балалар үйінде. Сен кімсің?
- Мен Дастанмын. Қорықпа, үйіңе апарып саламын.
Ақбөпе жетім еді. Ол зағип балалар үйінде тұратын. Сонда оқиды. Өзі ән салады. Дауысы қандай әдемі, күміс қоңырау сияқты. салып ойнап жүріп көшеге шығып кеткенін өзі де аңғармаған.
Артынан достары:
- Ақбөпе, Ақбөпе! - деп шарқ ұрып іздеп, айқайлағанымен таба алмай қойған болатын.
Дастаннан әуелде сескеніп қалған Ақбөпенің бірте - бірте бойы үйренді. Енді ол қолын созып, жаңа досының қайратты кекілін, таңқы танауын, қалқиған құлағын сипады. Сонан соң жақындап, иығымен түйістіріп, бойын өлшеді. Екеуінің бойы бірдей екен. Екеуі әңгімелесіп, зағип балалар үйіне келе жатты.
- Мен ғарышкер боламын, - деп қояды Дастан мұрнын маңыздана тартып.
- Мен әнші болғым келеді, - дейді Ақбөпе, ұяла сөйлеп, жымиып.
Міне, олар Ақбөпенің үйіне келіп те қалды. Ақбөпенің келгенін сезген балалар қатты қуанды.
Ақбөпені де, Дастанды да құшақтап, орталарына алды. Бірі билеп, бірі сырнай тартты.
Шаршағанын ұмытып, Дастан үйіне ерекше көңілмен қайтты.
Дастан, Дастан, келіп тұр! - деп, көпке дейін қол бұлғап қалды, оның жаңа достары.

Мұғалім оқушыларға аялау туралы пікірлерін білдіруге жетелейтін мынадай сұрақтар қояды.
• Дастанның қызға аяушылық сезімін неден аңғаруға болады?
• Дастанды балалар не үшін мақтан тұтты деп ойлайсыңдар?
• Осы әңгіме мазмұны бойынша қандай ой қорытуға болады?
Балалардың жауаптарын мұғалім толықтырады:
- Дұрыс айтасыңдар, аялау өзіңе қуаныш сыйлайды.
Сергіту сәті: (сахналық көрініс)

Жағдаяттарды талдау
Оқушылар осы әдіс арқылы сабақта алған білімдері бойынша ойларын түйіндейді.
1. Аружанның кішкентай сіңлісі Алтынай дүниеге келді. Үйдегілер қуанышты. Туыстары жақсы тілектер айтып, Алтынайға әкелген сыйлықтарын беріп жатыр. Аружан бұған өкпелі. Алтынай өмірге келгенге дейін анасы өзін алдына алып, құшақтап аялайтын. Барлық сыйлық та, жақсы тілектер де тек өзіне айтылушы еді. Енді өзіне көңіл бөлінбегеніне ренішті.

• Аружанның қылығы дұрыс деп ойлайсыңдар ма? Неліктен?
• Сендер Аружанның орнында болсаңдар, не істер едіңдер?

2. Мұхит сабақтан келе жатып, шөп арасынан қыбырлаған бір нәрсені байқап қалды. Қараса, кіп - кішкентай мысық, үсті - басы су - су. Мұхитқа аянышты көзбен қарап, мияулап тұр. Мұхит мысықты аяп, үйіне алып келді. Оны орап, пештің жанына жатқызды. Жылы үйге кірген мысық маужырап ұйқыға кетті. Сәлден кейін есік қоңырауы сылдырлады. Ашса, көршісі Асылхан екен. Ол мысығын жоғалтып, таппай Мүхитқа келген еді. Пештің түбіндегі ораулы өз мысығын көріп, Мұхитқа күдікті көзбен қарап, мысығын құшақтап шығып кетті.
Балалардың жауаптары.
1. Сендер Асылханның орнында болсаңдар, не істер едіңдер?
Сендер Мұхиттың орнында болсаңдар, не істер едіңдер?
Балалардың жауаптары

Дәйексөз
Балаларға адамдарды, айналаны риясыз, шын көңілмен аялау қажеттігін ұғындыру мақсатында дәйексөздің мәні түсіндіріледі.
Мұғалім тақтаға жазылған «Аялауды табиғаттан үйрен» деген халық даналығына балалардың назарын аударады және оны түсіндіреді:
- Табиғаттың қай жаратылысын алып қарамайық, бәрі де адамдарды аялайды. Мысалы, нұрын төгеді, суын береді, ауасымен дем алдырады және олар осы жақсылығын міндет етпейді. Сондай - ақ адамдарды бөлмейді, бар жақсылығын бәріне бірдей көрсетеді. Адамдар да дәл солай жасауы тиіс. Сондықтан да халық «Аялауды табиғаттан үйрен» дейді.
Дәптермен жұмыс
Оқушылар сабақтан түйген ойларын тапсырма орындауда тереңдете түседі.
Тапсырма: Дәптердегі ребусты шешіп, шешуін жазыңдар.
Шешуі: Аялау - мейірімділікті қажет етеді.
Қорытындылау
Мұғалім бүгінгі сабақты қоржында берілген сөздерді пайдаланып түйіндейді.
Жүректен жүрекке
Мұғалім оқушыларға өзінде, өзгені де, айналасында аялауға даяр екендігін жүрек жылуларымен бөлісу арқылы білдіруді ұсынады
- Аялау жылы, мейірімді жүректен пайда болады. Бәріміздің де жүрегіміз жылы, мейірімді. Сол жылылық пен мейірімді бір бірімізден аямайық. Оқушылар оң қолдарын жүрек тұсына қойып. жылылығын түсіріп алмастай етіп екінші қолымен демеп. кезегімен оң жағында тұрған оқушының қолын қысады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×