Сайтқа кіру Тіркелу

Адамзатты аялайық

Адамзатты аялайық
Өзіңді де, өзгені де аяла
Аялауды табиғаттан үйрен.
Мақсаты: Балалардың «махаббат», «сыйластыққа» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері: өзіңді, өзгені аялаудың адам өміріндегі маңызын түсіндіру, өзіне, өзгелерге аялы, сыйлы қарам - қатынастарын дамыту, сүйіспеншілікке, қамқорлыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.
Оқушылар қаз қатар тұрып, барлығы қол ұстасып тұрады. Мұғалім оң жағында тұрған оқушыға жүрекшені ұстатады. Бала жүрекшері жүрек тұсына қойып, өз тақпағын айтып болған соң: «Мен жақсылық жасағым келеді!» деген сөзді өз лебіздерімен жеткізеді. Осылайша барлық бала айтып шығады.
Мен Нұрдәулет атты баламын,
Айтқан тілді аламын.
Сыпайымын әр кезде,
Жігерлімін, жанамын
Мен Еламан
Ұшырамын ойды алыс
Ізгілікке бастайды
Іздену мен толғаныс.
Менің атым Жанона
Таңқалдырдым талайды.
Жақсы болу өнеге,
Сыпайылық ұнайды.
Мен Сержан боламын,
Көңілімде қылау жоқ.
Ел тілегін тілеймін,
Ақ жүректі ұлан боп.
Мен Мұрат баламын,
Менің де көп арманым.
Ізгілік пен ибалық,
Мінезден нәр алғанмын.
Мейірімді Жанет баламын, Жақсы жанның досымын. Барлық адам – бауырым,
Бар мұсылман – асылым.
Мен Назерке қыздарың,
Ақ гүліндей Ауланың.
Нәзіктікті сүйемін
Сұлулыққа бас иемін.
І. Ана тілі:
қалың - жарық -
аласа - мейірімді -
момын - қымбат -
ақ - кіші -
тәтті - ащы –
2.«Астана» тақырыбына эссе жазу
1 - сынып
Мақал - мәтел
ІІ. Математика. 1 - сынып
1. Байдың шапаны 7 алтын ақша, ал Алдаркөсенің шапаның 3 алтын ақша тұрады. Байдың шапаны Алдар көсенің шапанынан қанша қымбат?
2. Алдаркөсенің 8 алтын ақшасы бар еді. Ол 3 алтын ақшасын жұмсады. Оның қанша ақшасы қалды?
1. Салыстыр:
4+4*9 – 1
9+1*6+4
10 - 5*4+3
4 - 2*3 - 3
8 - 3*7+2
5+2*7 - 0
2. Теңдеудің шешімін тап.
3+а=7
8 - а=5
А+6=10
а - 6=3
4 - а=3
а+1=8
ІІІ. Әріптерден сөз, белгілі бір сөйлем құрау.
Б--------------А-------А----------Ж---------А---------О---------Ш
Балалар аулада аққала жасады. Арман орманға шықты.
Сөзден сөз құрау.
Кемпірқосақ: кемпір, қос, ақ, сақ, пір, кір, секір, қар, есір, кесір, қосақ, кем, қақ, рас, қор.
Кітапхана: кітап, хан, ана, ата, апа, тапа, тана, пана, ін, ат, хат, пах, тап.
Хор: Отан
Жүректен жүрекке.
Мұғалім оқушыларға өзін де өзгені де аялауға даяр екенін жүрек жылуларымен бөлісу арқылы білдіруді ұсынады.
- Аялау жылы, мейірімді жүректен пайда болады. Бәріміздің де жүрегіміз жылы, мейірімді. Сол жылылық пен мейірімді бір - бірімізден аямайық. Оқушылардың қолдарын жүрек тұсына қойып, жылылығын түсіріп алмастай етіп, екінші қолымен демеп, кезегімен оң жағында тұрған оқушының қолын қысады.
Менің атым Нұрлыбек
Сөз сөйлеймін ойлана.
Сабырлымын қайда да
Барсам деймін айға да.
Мен ғой Әсем Меруерт
Балалықты – ай дариға
Сыпайылық – сұлулық,
Керім ғой, ел тани ма?
Әсем Салтанат мен едім
Елді сүйем жүрегім.
Білім нәрін сіңіріп,
Достарыммен көп едім.
Мен Бексұлтан баламын
Жаман болмас бала көп
Басқарамын мен ертең
Бұл Отанда қала көп.
Болашағы қаланың
Мен Мырзахан боламын.
Дос жаранды сыйлаймын
Келеді елге ұнағым.
Мұғалім:
Әдеп сақта әмәнда
Әрбір адам адамға
Жасап жүрген жақсылық
Қайырады саған да.
Аялауды қалай сезінеміз? Аялауды қайдан үйренгеніміз абзал?
адамдарды Нұрын төгеді
аялайды Ауасымен демалады
Суын береді
Бар жақсылығы бәріне бірдей Адамдарды бөлмейді
Ендігі кезекте балалар «Ой толғаныс» «Кім жылдам?»ойынын ойнаймыз. Логикалық есептер.
Қорытындылау: Ойын еңбекке бейімдеудің, дене шынықтыру мен сергітудің құралы және ұжымдық, әрекет. Бірге ойнау кезінде әдептілікпен қатар әділеттілік те қажет. Дөрекі сөз айтып, даурығу, бірін - бірі мазақтау мәдениетсіздік, әдепсіздік боп табылады. Кешірімді, әділетті болу бір - бірінің көңілін қалдырмау нағыз аялы болуға жетелейді.
«Анашым» әні. Орындайтын: Тілеуов Нұрдәулет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×