Ақ босағаның алтын діңгегі - әжелер
Мақсаты: Балаларға Наурыз мерекесі туралы түсінік беру, ұлттық дәстүрмен таныстыру. Халқымыздың салтын, әдет – ғұрпын құрметтеуге, өнегелі, өнерлі азамат болуға, бірлікке, достыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Нақыл сөздер, суреттер.
Барысы: Ұйымдастыру
Балаларды сахнаға тұрғызу.
ІІ. Кіріспе
Армысыздар ақ жаулықты әжелер!
Армысыздар, мұғалімдер әз жандар!
Жүздерінен мейіріммен нұр төгілер,
Алдарыңда жауқазындай құлпырған,
Балғын шақты өнерпаз балалар!
Мұғалім: Құрметті ата - аналар, ұстаздар! Бүгін мектепалды даярлық тобының ата - аналарымен бірге ұйымдастырылған «Ақ босағаның алтын діңгегі - әжелер» атты іс - шарамызды көріп тамашалағалы отырсыздар. ұлыстың ұлы күні, Наурыз мерекесі құтты болсын! Отбасыларыңызға аманшылық, жанұяларыңызға табыс, бірлік тілеймін. Бүгінгі іс - шарамыз бес бөлімнен тұрады.
1. Таныстыру.
2. Мақал - мәтел.
3. Өз өнерін көрсету
4. Сұрақ – жауап
5. Қазақтың салт - дәстүр рәсімдерімен таныстыру
Әділ - қазылар алқасын сайлап алайық
Бұл іс - шарамыздың мақсаты асыл әжелерімізден үлгі - өнеге, тәлім - тәрбие, бата алу. Сайысымызды бастамас бұрын балаларымыздың шағын концертін көріп тамашалаңыздар.
1. Оу, аман ба, жараңдар,
Алтын таңға қараңдар.
Ерте жайнап атты таң,
Естіліп тұр шаттық ән.
Күннің жаңа нұры бар,
Бұның ғажап сыры бар.
Халық сүйген мейрам бұл,
Қарсы алайық тұрыңдар!
2. Оу, жараңдар, келіңдер!
Той қызығын көріңдер!
Жаса, жаса, Жаңа күн!
Наурыз оң болсын,
Ақ мол болсын!
3. Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!
Босқа қарап тұрмаңыздар!
Наурыз тойы басталды!
Қазақтың бір салты деп;
Тойға шашу шашайық!
Шашу шашылады.
Хор: Наурыз.
4. Сәлем ата - аналар!
Айналайын балалар!
Қызыр баба аман ба?
Жаса жайлы заманда,
Уақыт үдеп келдім мен,
Бақыт тілеп адам
5. Жақсы ма, ата халіңіз,
Менің атым Наурыз.
Балдай тәтті бал уыз,
Алып келдім алыңыз.
Қар астында қыс қалды.
Қар еріді, су ақты.
Алып келдім құстарды,
Алып келдім шуақты.
6. Ашық болсын күніміз
Ашылады нұрымыз.
Бай тұлғалы өңірде
Айтылады жырымыз.
Күн менен түн теңелді
Гүл мен жерді жайнатады
Ән. Жау, жаңбыр
7. Ақ қар кетіп, қыс өтіп
Шырайлы шуақ жаз жетіп
Күн мейрамы ежелден,
Құтты болсын, Наурыз.
8. Наурыз тойын жұп жазбай
Биыл қарсы алайық.
Досқа құшақ ашайық.
Өлең жырға басайық
9. Жас шыбық егеміз,
Көктесін, көгерсін.
Төлге жем береміз,
Қырға төл көп өрсін.
10. Малдар төлдеп, қой қоздап,
Сүттен бұлақ ағызған.
Жаңа жылдың сипаты.
Молшылыққа аңыз боп,
Басталыпты Наурыз.
Би: Қыздар биі
11. Қар еріді, су ақты
Күндер келді шуақты
Байтақ дала келбеті,
Түкті кілем сияқты
Көкке бояп өңірді
Көктем келді көңілді.
Бау - бақшада, орманда
Құстар әні төгілді.
12. Салт - дәстүрмен жараса
Қайта құрып жаңаша
Жарыса өнер көрсетіп,
Той тойлаймыз тамаша!
13. Жаңарғаны сананың
Ұмытады мұны кім?
Ата салтын бабамның
Алып келді ұлыс күн
Бір анадан туғандай
Бір ұядан ұшқандай
Бір аспанның астында
Бір дастарқан басында
Әсем әнге салайық.
14. Қарды ерітіп жылғасы,
Наурыз келді - жыл басы.
Шуақ төкті жарық күн,
Мейрамында халықтың.
Ән: Ақ мамам
15. Күн мен айға әкемнің
Берем ыстық сәлемін.
Қарттарыма сүйініп,
Сәлем берем иіліп
Орындалсын ойларың,
Құтты болсын тойларың
16. Наурыз, Наурыз
Жаңа күн, жаңа жыл!
Тойлаймыз бәріміз.
Шырқаймыз жаңа жыр
Ән: Қошақаным
17. Береке бірлік болсын деп,
Көп көжеден дәм татып,
Күшейтейік бірлікті,
Еңбекпенен тірлікті.
18. Уызды ішеміз
Көжеге тоямыз
Ауланы, үйді біз,
Тазартып қоямыз
19. Бата беріп атамыз
Бата беріп апамыз
Тәтті болып жасалған
Наурыз дәмін татамыз
Би. Ұлдар биі
Жүргізуші: кері кету есігін біз ашпайық,
Әжелерді біз қарсы әдеппен алайық.
Ең бірінші кезегіміз - танысу,
Ал қанекей сайысымызды бастайық
1. Бөлім. Таныстыру.
Ұлағатты әжелердің сөздерін,
Тыңдайық біз ынтаменен зер салып.
Кезек келді өнегелі сөздерге,
Сөз өнері мақал менен мәтелге.
2. Бөлім. Мақал - мәтел.
Ән жырға өлеңдерге төселермін,
Ақ жаулықты әжелерге есе бердім.
Оу, халайық, көрейік, біз ендеше,
Үлгі берер өнерлерін шешелердің.
3. Бөлім. Өз өнерін көрсету.
Тамаша күйлері, ән - жыры,
Біздерге барлығы ұнады.
Ал қазір сіздерге қоятын,
Бар менің бірнеше сұрағым.
4. Бөлім. Сұрақ - жауап.
1. Рамазан айы қай кезде болады?
2. «Қызға қырық үйден тыю»дегенді қалай түсінесіз?
3. Наурыз көже қалай жасалады?
4. «Бастаңғы» деген не?
5. «Кіндік шеше»деген кім?
6. Самарқандтың көк тасы қай күні ериді?
7. «Ерулік» деген не?
8. Күн менен түн қай күні теңеледі?
Егеменді ел болып қалыптастық,
Өркениетке аяқты нық бастық.
Келешекте енді мін болмайды,
Салт - дәстүр, әдет - ғұрып танытпасақ.
5. Бөлім. Салт - дәстүр рәсімдерімен таныстыру.
Сөз кезегін әділ қазыларға береміз.
Қорытындылау: Біз бүгін өте тартымды іс - шараны көріп тамашаладық. Наурыз мерекесі туралы, салт - дәстүр, әдет - ғұрып туралы, әжелердің ұлағатты сөздерін тыңдадық. Әжелерімізге үлкен рақмет айта отырып, денсаулық, отбасыларыңызға аманшылық тілейміз. Әжелердің құрметіне ән жолда
Ақ босағаның алтын діңгегі - әжелер
- ramuk_b
- 19 сәуір 2014
- 4670
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Ақ босағаның алтын діңгегі әжелер, Наурыз мерекесі туралы
Ұқсас жаңалықтар:
Қош келдін, Наурыз!
Мақсаты: Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы мағлұмат беру; Балаларды елін, Отанын сүюге, ұлттық салт - дәстүрін дәріптеуге тәрбиелеу;...Армысың, әз Наурыз!
Мақсаты: Наурыз мейрамы туралы түсініктерін тереңдету. Білімділік: Халқымыздың ұлы мейрамы – Наурыз тойы туралы балалардың білімдерін кеңейту....Қош келдің, әз Наурыз!
Мақсаты: Қазақтың ұлттық мейрамы Наурызды балаларға кеңінен насихаттай отырып, ұлтжанды, мейірімді халықтың дәстүрі дәріптеуге баулу....Қош келдің, Наурыз!
Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы, Л. Қылышев атындағы Шилі ОЖББМ бастауыш сынып мұғалімі Имашева Венера Жоломановна..."Наурыз тойы – дәстүрлі мереке" (сыныптан тыс шара)
БҚО, Шыңғырлау ауданы Тасмола ОЖБББМ Китарова Лайла Толыбаевна...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.