Сайтқа кіру Тіркелу

Қазақ вальсінің королі - Шәмші Қалдаяқов

Тақырыбы: Қазақ вальсінің королі - Шәмші Қалдаяқов
Мақсаты: Оқушыларды біртуар ұлы композитор Ш. Қалдаяқовтың өмір жолымен таныстыру, оның орасан зор еңбектерін насихаттау, белсенділікке, тапқырлыққа, өз бетінше көркем сөйлеуге баулу;

Оқушылардың жан - жақты ойлауын, ізденуін дамыту, ой өрісін кеңейту, көркем сөздермен өз тұжырымдарын жасай отырып сөздерді орынды пайдалануға дағдыларын қалыптастыру.
Оқушыларды адамгершілікке, имандылық пен әдептілікке тәрбиелеу;
Көрнекілігі: Ш. Қалдаяқовтың портреті, жазылған плакаттар, слайд - шоу

Сабақ барысы:
Мұғалім сөзі:
Құрметті Ұстаздар, қадірлі оқушылар, әнді қадір тұтатын ағайын!
Бар қазақты тамсандырған,
Таңнан таңға ән салдырған,
Өзін әнмен қарсы алдырған,

Ән өмірінде жарық жұлдыздай сәуле шашып, айрықша із қалдырған, күллі қазақ халқының ұлттық мақтанышына айналған Ш. Қалдаяқовтың қазақ халқына сіңірген еңбегі орасан зор.

Туған жерінің әрбір қуанышы мен шаттығына ән болып, жыр болып төгілген, шашу болып шашылған Шәмші жүрегі, Шәмші тілегі, Шәмші әуені үнемі халқымен бірге. Сағыныш пен сағымға айналған асыл ағаны ән әлемі ақ тілектің, тәтті үміттің құсына балап, бүгінгі «Қазақ вальсінің королі - Шәмші Қалдаяқов» атты ашық тәрбие сағатымызды бастаймыз.

Жүргізуші: Шәмші 1930 жылы кеурегі мен жусаны жүз түрлі дертке шипа Қызылқұм өңіріндегі мөлдір сулы Арыс өзенінің жағасында дүниеге келген. Әкесінің азан шақырып қойылған аты Әнапия екен, жеңгелері есімін атамай аяғындағы кішкене қалды көріп Қалдыаяқ деп кетсе керек. Шәмші мектепке барып әліппе ұстағанда мұғалімдер сұрағанда «Әкем аты - Қалдыаяқ» деп жауап беріпті. Сонымен Қалдаяқов болып кетіпті. Әкесі он саусағынан өнер тамған ұста, зергер болғанымен әншілікпен әуестігі жоқ болады. Бұл қасиет Шәмші бойына шешесінен, нағашыларынан дарыса керек. Шәмші «Табиғи дарынымның ана сүтімен келгеніне қуанбасам ренжімеймін» дейтін.

Көрініс.
Досы: Оу, Қалдыаяқ ұлды болдың, бауы берік болсын!

Қалдыаяқ: Мен баламның атын ескі хисадағы Жамшид патшаның атымен атағалы жур едім.
Бірақ, оның дауысы патшаның даусынан гөрі әншінікіне көп ұқсайды екен.
Досы: Қалдыаяқ, балаң адамдардың патшасы емес әннің патшасы болса тақияңа тар келмес.
Қалдыаяқ: Айтқаның келсін! Жамшид болсын. Барымда байлығым да осы балам. Халқыма адал қызмет ететін адам боп өссе - арманымның орындалғаны.

Оқушы: Ән өміріндегі жарық жұлдыздай сәуле шашып, айрықша із қалдырған
Шәмші Қалдыаяқұлы – күллі қазақ халқының ұлттық мақтанышы. Сондықтан да 40 - жыл бойы біздің аспанымызда махаббат пен сағынышқа толы Шәмші әуендері шырқалды.

Оқушы: Қазақ әні мәдениетінің алтын қорына елеулі үлес қосқан Ш. Қалдаяқовтың шығармашылық мұрасы - ұлтымыздың баға жетпес байлығы, рухани қазынасы.

Оқушы: Шәмші әндеріне басқа түгіл ағылшынның өнер қайраткері Роберт Файлер таң қалып «Мен қазақтың ұлы композиторымен танысқаныма қуаныштымын. 300 - ге жуық ән шығару деген - ұлы ерлік! Сізге ескерткіш орнату керек» деген екен.

Оқушы: 20 - ғасырдың 60 - жылдарынан бері бүкіл қазақ шырқап келе жаткан Шәмші әндерімен қаншама жас ұрпақ тербеліп өсті. Содан да халқымыз оны «Қазақ вальсінің королі» деп құрметтеп, мақтап етеді. Шәмші Батыс Өнеріндегі вальсті қазақ табиғатына жақындатып, ұлтымыздың төл өнеріне айналдырып жіберген.

Вальс биленеді.
Жүргізуші: «Ән де адам секілді өз тағдырымен туады» деген рас сөз. Шәмшінің 300 - ге жуық әр әнінің өзіне тән туу тағдыры бар. Жамшид Шәмші атанып оның композиторлық атағы шыққан кезде анасы қайта айықпайтын ауруға ұшырады. Өзінің о дүниелік екенін сезген анасы Алматыдан Шәмшіні шақыртады.- Балам, мен өмірден ерте кеттім деймін, немере сүйіп, келін көруді құдай маған бұйыртпады. Тағдыр солай, қайтейін. Бір тілеуім, сен аман бол! Дүниеге келген әнің айтылмай жатып үзілмесін., бақытты бол, балам.

Анасының ақ лебізін естіген Шәмші өзін сәбидей сезінді. Ойланып қараса, анасы оған әлемнің жарығын силапты, осы сәтте Шәмші ерекше толқиды.. Сонда былай дейді:

- Ана мен сенің басыңа кесене ғимарат орнатам деп айта алмаймын, бірақ мен саған әннің ең асылын, ең нәзігін арнап жазамын, ол ешқашан ұмытылмайды. Бұл 1957 жылдың 4 - қыркүйегі болатын. Шәмші өзінің сөзін 1961 жылы орындайды

Ән: «Ана туралы жыр».
Жүргізуші: Шәмші аға өзінің «Сығын серендасы» әні жайлы былайша сыр толғайды. «Әр ән ішімнен шыққан баламен тең 1959 жылы консерваториядан шығып қалып, ауылға қайтуды ар санап, жерлес жастардың үйін паналап жүрдім.

Жаздың бір күні Алматының батыс жағында «Тастақ» атты базар бар. Сол жерде бір топ сығандар гитараға қосылып, мәре - сәре болып жатыр екен. Қолым бос уақытым мол ерігіп жүрген мен жаңағылардың өнерін тамашалап біраз тұрып қалдым. Сызылыта салынған ән, мың бұралған би жаныма жағып барады. Біраз уақыттан кейін менің де қаным қызып, арқам қозып сыған жігіттің қолындағы гитараны алып, өзімнің таяуда ғана шығарған бір әнімді айтып бердім. Менің мұндай өнерімді көрген олар: «Жігіт, тағы бір ән, тағы...»деп әр тұстан қолқалай бастады. Мен қысылмай тағы бір ән орындап бердім. «Ой мынауың керемет, ырғақ қой, тамаша жарайсың!»- деп сығандар мені ортаға алып, сайран көлінің маңындағы мекеніне қонаққа шақырды

-«Олай болса сен де бізбен бірге тұр. Анау шеткері тұрған шатыр қонақтар үшін арнайы қойылған. Соған түнеп жүре бер. Сендей өнерлі жігіт бізге де керек»,- деп жылы ықыласын білдіреді. Сөйтіп екі ай уақыт өте шықты. Күз келіп сығандар жылы жаққа қоныс аударуға дайындалды, мен не істерімді білмей састым. Сығандар болса әй Шәмші бізбен бірге жүре бер, табордан өзіңе ұнайтын қызды ал, сен сияқты көңілді адамға әрдайым бір кісілік орын бар»
деп қолқа салды. Мен ойланып, тәтті қиялға берілмей, есімді жиып Алматыда қалуды жөн көрдім. Бірақ шынымды айтайын, көп уақытқа дейін қөңілді сығандар ортасын аңсап жүрдім. Сол сыған достарыма деген сағыныштың арқасында «Сыған серендасы» өмірге келген еді.»

Ән: «Сыған серендасы»

Оқушы: Шәмші өз әндерінің қалай жазылғаны айтып жүретін, бірақ та «Арыс жағасында» әнінің қалай жазылғанын айтқан емес. Бірде одан жазушы Оразбек Бодықов осыны сұрағанда, сәл жымиып, біраз ойланып, былай дейді: «Маған бір күні қара торы жігіт жолықты да былай деді:

- Екеуміз де бір өзеннің бойында туыппыз, бір өзеннің суын ішіппіз. Мен осында нақ сүйіктімді, ең сұлуымды тауыппын. Шәмші деген атыңыз бар, қалайша сізге бір сұлу жолықпады?
- Неге олай дейсің? Менің қиялымдағы сұлу осы жерде туды.
- Олай болса неге әндеріңіздің арасында Арыс жоқ, неге ерке өзеннің сұлуларын ән етпедіңіз?- дейді әлгі жігіт.
- мен кімді ән етемін, кімді онда сенің қандай шаруаң бар?- деп ашуландым.- Шаруам бар, неге ерке өзеннің сұлуларын жырламадыңыз, әлде жақтырмадыңыз ба? – деді де әлгі жігіт тайып тұрды.

Ол менің дәл ауырып тұрған жерімнен түртіп кеткен еді. Осылайша осы әннің жазылуына әлгі жігіт себеп болды».

Ән: «Арыс жағасында»
Оқушы: Әр адамның өз өмірі секілді, әр әннің өз тарихы бар деп толғанған Шәмші «Менің Қазақстаным»әнінің туу тарихын «Ақмоланы Целиноград деп атап, бес облысты бір өлке етіп, оны Ресей жаққа бермекші болып жүрген кезбен байланыстырады. Қазақ жері бөлшектенгелі жатқанда оның асқақтығын жырлайтын ән керектігін сезеді. Сөйтіп «Менің Қазақстаным»- әні туады. Өлеңін Жұмекен Нәжімеденов жазады. Радиоға Жамал Омарова жазады да, олардың өтініштері бойынша күніне бірнеше рет орындап отырады. Осы ән елімнің әнұраны болады деп Шәмші аға біліп айтқандай. 1986 жылы 17 – желтоқсанда еркіндікті аңсаған жастар Алматыда алаңда «Елім - ай» мен осы әнді айтып шықты. бүгінде халқына рухани қару болған «Менің Қазақстаным» әні 2006 жылы 7 - қаңтар №112 баптың 3 - тармағында Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес әнұран болып қайта оралды.

ӘНҰРАН орындалады.

Жүргізуші:
Халық Шәмшіні «Қазақ вальсінің королі» деп бекер айтпаса керек. Оның көптеген әндері вальс ырғағына жазылған. Шәмші әндеріне вальс билемеген жан бар ма? Біздің әке - шешелеріміз осы вальстің ырғағында жүріп бір - бірімен танысып табысты емес пе? Сонымен алдарыңызда тағы да вальс. «Қуаныш вальсі» орындайтын Көпжасарова Нұршаш

Жүргізуші: Шәмшінің «Менің Қазақстаным», «Ақ маңдайлым», «Ақ сұңқарым», «Қара көз», «Қуаныш вальсі», «Ақ ерке - Ақ жайық», «Әнім сен едің»,»Кешікпей келем деп ең», Бақыт құшағында», «Отырардағы той» сияқты әндерінің өмірі ұзақ, қазақ халқымен бірге жасайтыны даусыз. Шәмші әндерінің қай ұрпаққа да берері мол.

Шәмшіге бірі аға, бірі іні болып ән арнаған Мұқағали Мақатаев пен Мұхтар Шахановтың арнаулы өлеңдері де бар. Аспанынан қазақтың ән боп ұшқан, дара туған дарын Шәмші Қалдаяқовқа 83 өлең арналыпты. Қазақтың Шәмші ағасы - ән ағаға айналып барады.

Ешбір жан жаза алмаған әнді жаздың,
Үніндей жарасымды Аққу – қаздың.
Бетховен, Штраустан орның бөлек
Шәмші боп қазағыңа мәңгі қалдың.

Әндер бар бір – біріне ұқсамайтын,
Шырқасаң ырғақтары ұнамайтын.
Әндер көп өшпейтұғын мықтысы бар
Егесін дер кезінде сұрамайтын.

Естіртіп тағдыр қатал жылататын,
Елітіп тәттісімен жұбататын.
Өмірге өлшеп берген өнерімен
Шынарын биік шыңнан құлататын.

Кешегі заман ағым солай болды,
Шындыққа адам жаны қорғалмады.
Шәмілге Мұқағали мұңын шағып
Шәмшіден ән жазуға сұранады.

Жүргізуші:
Еліңмен әнің салмайды бөлек іргесін,
Болашаққа барасың, бастап жыр көшін
«Менің Қазақстанымменен» жан аға,
Қазақтың көк байрағыменен біргесің.
Әндерің менен айдынды шалқар көлдейсің
Көңілімде әлі отырған күліп сол кейпің
Жер бетінде қазағым аман тұрғанда
Өлмейсіз аға, өлмейсіз аға, өлмейсің.

Шырқалса әнің қалада, дархан далада
Тыңдайды ұйып, бесікте жатқан балада
Соңына өшпес рухани мұра қалдырдың
Тірісің мәңгі, тірісің мәңгі жан аға

Мұғалім: Арман - ай! Халқымыздың сүйікті перзенті, ән өнерінің әйгілі ақтангері Шәмші аға дүние салғанда қабырғасы қайыспаған кісі жоқ шығар. Өмірде өзгеше бітім болмысы бар қимас адамын жоғалтқанда өйтпегенде қайтеді. Өмір жолы сан тарау, қиын да күрделі, аты аңыз, ел жүрегінде қалған Отырар өлкесінің ұланы Жер - Ананың жылы ұясынан өз орнын алып, мәңгілікті бір мезет құшағына сыйғызып, өмірден кете барды,- дей келе бүгінгі Шәмші шығармашылығына арналған «Қазақ вальсінің королі - Шәмші Қалдаяқов» атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Қыздарға ән арнар, тек арада - Шәмші жоқ

Қыздарға ән арнар, тек арада - Шәмші жоқ

Бұл күнде әнші көп, Көзінде жанбаған жалын от. Кешегі дәп сенше жазатын, Бірақта - Шәмші жоқ....
Біз тұрғанда Шәмші өлмейді, басқа Шәмші еш келмейді

Біз тұрғанда Шәмші өлмейді, басқа Шәмші еш келмейді

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, № 194 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Аяпова Динара...
«Нәр берген ән бұлақтан» Шәмші Қалдаяқовтың еске алуға арналған ән кешінің  ...

«Нәр берген ән бұлақтан» Шәмші Қалдаяқовтың еске алуға арналған ән кешінің ...

Әдеби - музыкалық кештің мақсаты: 1. Ән өнерімізге жарық жұлдыздай сәуле шашып, айрықша із қалдырған, «Вальс падишасы» атанған Шәмші Қалдаяқовтың...
Ән болып қалықтаған... Ш. Қалдаяқов – «Ана туралы жыр» - үйрету

Ән болып қалықтаған... Ш. Қалдаяқов – «Ана туралы жыр» - үйрету

Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Бабатай орта мектебінің музыка пәнінің мұғалімі Бижанова Мира Сисенқызы...

"Сағындырған әндер-ай" Шәмші Қалдаяқовтың 80 жылдығына арналған ән байқау ...

Мунайтбасова Жулдыз Темирхановна Ақтөбе облысы,Шалқар қаласы № 1 орта мектеп тәлімгері...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×