Тақырыбы: «Ас – адамның арқауы»
Мақсаты:
1. Денсаулықтың негізі – дұрыс тамақтану екенін түсіндіру. Ырым тыйымдармен таныстыру.
2. Ұлттық тағамдарды насихаттау.
3. Ұлттық салт – дәстүрімізді құрметтеу, ұлттық сана – сезімдерін ояту.
Сабақ типі: Жаңа тақырыпты меңгерту.
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап.
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ.
Көрнекі - құралдар: Мақал – мәтелдер, тыйым сөздер жазылған плакаттар, сабақтың тақырыбы, ұлттық киімдер, ұлттық ыдыстар, ұлттық тағамдар, көрініс құралдары.
С А Б А Қ Б А Р Ы С Ы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды үш топқа бөліп құрастыру.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
- Өткен тәрбие сағатында қандай тақырып өттік? (Денсаулық – зор байлық).
- Адамның көңілді болуы неге байланысты?
- Денсаулықтың арқасында ұзақ жасаған кім еді? (Ұлықпан хакім).
- Денсаулықтың негізі - дұрыс тамақтану.
ІІІ. Жаңа сабақ. Олай болса бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы: «Ас – адамның арқауы» - деп аталады.
Балалар дұрыс тамақтанбасақ оның денсаулыққа кері әсер етеді.
Тамақтанғанда да ол тамақтың таза жасалғанына оның мерзімінен асып кетпегеніне аса мән беру керек. Және де тамақтанған кезде асықпай отырып, көп шайнап, сонан соң жұту керек. Тамақты тез, асығып жүріп жесең тез тойып қаласың, және де бұл ашқарақтыққа, қомағайлыққа қалыптастырады. Сол себепті тамақ теледидар алдында отырып жеген жөн.
І - топ – «Береке». Ұраны: Ас – жүрген жер – береке.
ІІ - топ – «Алтын дән». Ұраны: Дүниедегі көп байлықтың ең негізгісі – нан.
ІІІ - топ – «Дастархан». Ұраны: Дастархан дәмі – киелі.
І - кезең. Әр топ өз тағамдарын таныстырып, қорғап шығады.
І - топ. Еттен жасалған тағамдар.
ІІ - топ. Ұннан жасалған тағамдар.
ІІІ - топ. Сүттен жасалған тағамдар.
ІІ - кезең. Әр топ дастархан басындағы дәстүрлерге тоқталады. Мысалы, дастархан басындағы адамдар жасына қарай отырады. Тамақтана отырып, ырым - тыйым сөздер айтады. Тамақтанып болғаннан кейін, асқа бата береді.
ІІІ - кезең. Үш топ өз тағамдарына байланысты мақал - мәтелдерін айтып жарысады.
Мақал – мәтелдер.
1. Ас - атасы нан, нан атасы – дән.
2. Аз ас, көп ниет.
3. Ас иесімен тәтті, тағамымен жақсы.
4. Ашта жеген құйқаны тоқта ұмытпа.
5. Ет етке, сорпа бетке.
6. Бір түйір дәнде, бір тамшы тер бар.
7. Айран ішкен, құтылады, шелек жалаған тұтылады.
8. Сиыр сауып ішшең, мың күндік.
Сойып жесең, бір күндік.
9. Сиырдың сүті тілінде.
10. Ексең егін, жерсің тегін.
ІV кезең. Олай болса келесі кезеңде әр топтың дайындаған көріністері мен тағамдарына байланысты жарнамаларын тамашалайық.
І - топ. Көрініс.
Бірде Науан әжесіне еріп, егіс даласына келді. Ол шашақты басы иіліп тұрған бидай сабақтарын көріп, әжесінен:
- Мынау өсіп тұрғандар не? – деп сұрады.
- Науажан, бұл өсіп тұрған нан, - деп жауап берді.
- Нан болса таба наны қайда?
- Таба нан да осы дәннің ішінде.
- Ақ тоқаш ше?
- Тоқаш та осы дәнге сыйып тұр Науажан.
- Әже, кіп - кішкентай қауызды дәнге осынша көп нан қалай сыйып тұр? - деп Науажан таң қалды.
- «Ас – атасы нан, нан атасы – дән!- деген Науажан, осынша мол дүние, тоқшылық әр бір дәннің ішінде – деді әжесі.
ІІ - топ. Көрініс. Ұн мен майға ұшыраспай
Бірде халуа пісіру туралы сөз қозғалыпты.
- Мына менің халуа жасамаққа талпынғаныма бірнеше жыл болды, бірақ әлі күнге сәті түспей - ақ қойды, - деп Әпенге сөз қатты.
- Ұн болған кезімде майым болмай, ал майым болған кезде ұным болмай қалады, осынша уақыт бойы ұн да май да қатар таба алмағаным ба?- дейді.
- Ұн да, май да болған кезде менің өзім болмай қаламын – деген екен.
ІІ - топ. Жарнама. Аспаз.
Қағаздан қантым бар,
Матадан мантым бар.
Шырыннан шәйім бар,
Желімнен балым бар.
Орамал дастархан,
Аспазбын ас тартам.
Қонақтар бар мәзір,
Бәрі де болды әзір.
Алыңдар, алыңдар,
Бәрің қарық болыңдар.
ІІІ - топ. Жарнама.
Сусынға бай халқымыз,
Қандай тәтті бал қымыз.
Шалап, қатық айран бар,
Ішіп ал да ойнаңдар.
Сусынға бай халқымыз,
Қандай тәтті бал қымыз.
Айтқанымды істеңдер,
Тек шикі су ішпеңдер.
Сөзжұмбақ
1. Өңделген бидай ( Ұн).
2. Майға қуырылған шеңбер нан (Күлше).
3. Айраннан алынатын, жейтін өнім (Құрт).
4. Сиырдан алынатын сусын (Сүт).
5. Бидай, арпа қосылып жасалған сусын (Ашытпа).
6. Бидай, күріш, тары – бұлар дәнді -? (Дақыл).
7. Ұйыған сүттен жасалатын қою сусын (Қатық).
8. Піспеген нан (Қамыр).
9. Жейтін заттың жалпы атауы (Тағам).
10. Түйе сүтінен жасалатын сусын (Шұбат).
11. Биенің сүтінен жасалатын сусын (Қымыз).
ІV. Қорытынды.
Бүгін сендер ұлттық дәстүр жайында айтып, ұлттық тағамдармен танысып, ырым - тыйымдарды да білдіңдер. Осының бәрі өздігінен орындалмайды, үстелге өздігінен келмейді. Ол үшін көп еңбектену керек.
«Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей», демекші нңбек етулерің керек. Сендердің еңбек еткендерің ата - ананың айтқандарын тыңдау, орындау, сабақты жақсы оқу. Олай болса сөзді қазылар алқасына берейік.
Мадақтау қағазымен белсенді топты марапаттау.
Ас – адамның арқауы
- Дәрігүл
- 11 сәуір 2014
- 40787
- 0
- 0
Ілмек сөздер: ашық тәрбие сағаты, ас адамның арқауы, тамақтануы
Ұқсас жаңалықтар:
Ас – адамның арқауы
№17 ұлттық өркендеу орта мектеп - кешенінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Базарбаева Алма Мұратбекқызы...Сүт және сүт өнімдері
Сабақтың тақырыбы: Сүт және сүт өнімдерінен дайындалатын тағамдар Сабақтың мақсаты: Білімділігі: төрт түлік малдан өндірілетін сүттің өзіндік жеке...Қазақтың ұлттық тағамдары
Сабақтың мақсаты: Ұлттық тағамдар туралы тереңірек мағлұматтар беру, «ой-қозғау» тәсілдері арқылы оқушылардың танымдылықтарын, өз бетімен әрекеттену...Ас - адамның арқауы
№35 мектеп-гимназиясының физика пәнінің мұғалімі Баймуханова Гульназым Куанышевна...Бар байлықтың басы – нан
Нанның дастарханға қалай келетіндігін айтып, оған көптеген адамдар еңбек еткендігін түсіндіру....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.