Тақырыбы: «Астана - айбыным» авторлық өлеңдер кеші
Мақсаты: Білімділік: Оқушыларға Астана - жаңа Елорданың саяси, экономикалық, мәдени дамуының орталығы екенін түсіндіру.
Дамытушылық: Астана жылнамасын құру, жаттау арқылы оқушылардың есте сақтау қабілетін дамыту, Астана тарихын насихаттау арқылы тіл байлығын, сөз саптауын, ойын жеткізе білу дағдыларын жетілдіру.
Тәрбиелік: Астананың мәдени жетістіктерінің, Азия ойындарының негізінде оқушыларды Отансүйгіштікке, әсемдікке, салауаттылыққа баулу.
Түрі: сыныптан тыс іс - шара
Көрнекілігі: Интерактивтік тақта слайдтары, плакаттар, оқушылар шығармашылығынан суреттер
Барысы:
1. Оқушылырды сапқа тұрғызу
2. Тақырыппен, мақсатымен таныстыру
3. Әнұран орындау
4. Астана тарихы
5. Қорытынды
1 - жүргізуші: Сәлеметсіздер ме құрметті ұстаздар мен жиналған қауым! Бүгінгі «Астанам - айбыным» атты авторлық өлеңдер кешіне қош келдіңіздер! Алғашқы сөзді мектеп директоры Абумаликов Ерлан Қанатбайұлына береміз, болашақ ақындарымызға өзінің ізгі тілегін білдіріп, кешімізді ашып берсін.
2 - жүргізуші: Балалар, Астана – еліміздің бас қаласы. Әр елдің баласы өз Отаны, туған жері туралы біліп, оны көркейтіп, қадірлей білуі керек. Біз – осы елдің болашақ патриотымыз. Үлкендеріміз жасап берген жолды алдағы уақытта жалғастырушылар – біздер, яғни кейінгі ұрпақ.
Ендеше Астана туралы бүгін жырлап, әңгімелеп, мақтан етейік.
1920 жылдан бастап Қазақстанның тұңғыш астанасы. 1925 жылы Қызылорда қаласына көшірілді. Түрксіб құрылысы астананы Алматыға көшірудің басты себебі болды. Бұл заң жүзінде 1927 жылғы 3 сәуірде, іс жүзінде 1929 жылы жүзеге асырылды. Астана (1998 жылдың 6 мамырына дейін - Ақмола) Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 20 қазандағы Жарлығымен және Қазақстан Республикасы Парламентінің мақұлдауымен 1997 жылғы 10 желтоқсаннан бастап Қазақстан Республикасының астанасы болып жарияланды. Қазақстанның жаңа елордасы – Астананың халықаралық тұсаукесері 1998 жылғы 10 маусымда өткізілді. Астана халықаралық іскерлік және мәдени орталыққа айналып келеді. Қалада әкімшілік, іскерлік, әлеуметтік - мәдени, ғылыми - білім беру және бизнес - орталықтардың, тұрғын үй кешендерінің, алдыңғы қатарлы мемлекеттер астаналарының стандарттарына сай келетін елордалық инфрақұрылым нысандарының құрылысы жанданып, бой көтерілуде. Әкімшілік орталық аймағында ҚР Президентінің резиденциясы, ҚР Парламенті мен Үкіметінің ғимараттары орналасқан. Елорданың іскерлік орталығында кеңселер мен компаниялар, сауда орталықтары, мейманханалар, ал әлеуметтік - мәдени орталығында театрлар, мұражайлар, демалыс орындары, спорт залдары, ойын - сауық орталықтары орналасқан.
1 - жүргізуші: Астана – күн санап көркейіп келе жатқан қала. Оның өсіп - көркендеуі, сөз жоқ, мемлекетіміздің абыройы. Осы аз уақыт ішінде Астана келбетіне ішкі сұлулығы үйлесіп, қанат жайып, сырттан келгенді де, іштен барғанды да тамсандыратын ғажайып қалаға айналды.
2 - жүргізуші:
Астана – арман қала,
Бағы бар жанған қала.
Тұрады ол жап - жас болып,
Мен үлкен болғанда да.
Астана - сұлу қала,
Біз оны анамыздай
Сүйеміз шынында да.
1 - жүргізуші:
Сәулесі түскен Есілге,
Сарыарқа төсінде.
Армандай әсем қала бар,
Бір көрсең, мәңгі қалар есіңде.
Астанам саған табынам,
Аңсаймын, сағынам.
Таңдарың қандай жарқын,
Жандарың қандай алтын,
Бақытқа бастаған Астанам.
Биікте болсын байрағың,
Мақтаным, айбарым.
Күн өткен сайын құлпырып,
Көктемгі әсем гүлдей жайнағын.
Елордам менің еңселі,
Ерліктің өлшемі.
Арудай қала, аяулым,
Мәңгілік сүйіп өтем мен сені.
2 - жүргізуші: Астана туралы қанша жырласақ та көп болмақ емес, ендігі кезекті мектебіміздің оқушыларының жүрегінен шыққан өлеңдеріне берейік.
«Бәйтерек»
Өтті – кетті азап күн
Жетті бізге азат күн
Аспанамда тіреп тұр
Бәйтерегі қазақтың.
Нағыз бақыт осы да,
Көңілімнің хошы да.
Ұя салған бақ құсы,
Бәйтеректің басына.
«Ана тілім»
Сен мына қызыққа қарашы,
Жоқ бұған ешкімнің таласы
Қай тілде сөйлесе анасы,
Сол тілде сөйлейді баласы.
Сондықтан өз тілін қадірлеп,
Барым деп,
Жырым деп,
Атаған тек ана тілім деп!
Сайлау Бекзат, 7 «б» сыныбы
«Астана»
Астана бас қала ғой, арман қала,
Онда бар Сарыарқадай аппақ дала
Самал жел, таза ауа көкжиектен
Еседі Сарыарқаның баурайында.
Адамды баурап алар кереметі,
Бар жанды бір шаттыққа кенелтеді
Он үш жылдың ішінде елбасымыз
Астананы бақытқа жетеледі.
Астана Есіл өзен жағалары,
Астана Қазақстанның алаулары,
Бәйтерек, Ханшатырлар, тағы басқа,
Астананың көркейер бастаулары.
Астана, Астанадай бар ма қала,
Астана тебіренбес жазық дала
Осындай шаттық, бақыт Қазақстанның,
Кетпесін, мәңгі тұрсын жолдарында.
Қойшыбай Темірлан, 8 «а» сыныбы
«Астанам - айбыным»
Астанам – бас қалам,
Жайнайсың сен жас қалам.
Бәйтерегің бар жайнаған,
Бүкіл халық сайлаған.
Жайнай бер Астанам,
Гүлденген бас қалам
Жастардың болашағы қолыңда
Қазақстанның мақтанышы сен - мәртебелі Астанам!
Төлбаева Ақбота, 8 «а» сыныбы
«Астанам - айбыным»
Астана - Еуразияның жүрегісің,
Астана - әр адамның тірегісің
Астанадай жер болмас бұл әлемде,
Көз тартарлық сұлулығы бір қараса.
Бәйтерегі жайқалған үніменен,
Ақ Ордасы жайқалған гүліменен.
Астана сұлулықтан сыр шертеді,
Көп еді - ау айтып жатса сұлулығы.
Сенен мен ештеңені аямаймын,
Сен тұрғанда ештеңеден аянбаймын
Қазақтың керегесі кең емес пе,
Шаңырағы теңескен бұлтпенен.
Жаздым саған Астана арнап өлең
Аспанымдай көгілдір ту елімде
Бұл күнде халқымда бар ма арман,
Астанадай сұлу, көркем жер тұрғанда!
«Тәуелсіз Қазақстаным менің»
Ең бірінші бас иемін еліме,
Содан кейін алғыс айтам жеріме
Топырағыңнан айналайын, қара жер,
Қуанамын тәуелсіз болған еліме.
Жиырма жылың құтты болсын алдымен,
Егеменді тәуелсіз ел Қазақстан
Әр адамның жүрегінде тұрсың сен,
Аспандағы ай сияқты тербеліп.
Кеше ғана зар қақсадың, жыладың,
Бүгін міне әуеніңді тыңдадым
Бөленіп тұрмын, кенеліп тұрмын бақытқа,
Елімнің жарқын ертеңін көріп алыстан.
Неге мен қуанбайын елім барда?
Неге мен зар қақсайын жерім барда?
Елімнің желбіреген туы тұрса,
Жүрегімде қалмайды еш күдігім.
Мінеки, таңы атты жиырма жылдың,
Тәуелсіздік алғанына қазағымның
Бұл күнді тойлап жатыр барлығы да,
Еуразия жүрегі Астанада.
Қазағым гүлі болшы бәрінің де,
Туыңды желбіретші бәріне де.
Жүрегім сен деп соғады дүрсілдеп,
Мақтанам мен, қазағым, мақтанышым.
Қазағым - сенсің менің асқар тауым,
Самғасам сенсің менің ұшар әнім.
Арманым да, тағдырым да қазақ елі,
Анам да, әкем де сенсің менің.
Жаса мәңгі, қазақ елі, жаса мәңгі,
Қастерлеп сені мәңгі мен өтермін
Ешқашанда мен сенен бас тартпаймын,
Ана тілім, қазақ тілім - дана тілім.
Сан ғасырлар аңсаған асыл арман,
Тәуелсіздік алу болды басты арман
Болашаққа үңіліп бір қарасақ,
Мақсат, мұрат, өркениетпен табысқан.
Жастармыз болашақтың түлектері,
Армандар орындалған тілектегі.
Бойдағы талап, жігер, қайрат, еңбек,
Тұрғандай аяғымнан тіреп мені.
Елімнің патриоты мен боламын,
Үлесімді еліме мен қосамын
Қазақстан - Отаным, еркіндікке бөленген,
Жер бетінде сәуле шашқан өз елім.
Мырхеева Әсел, 8 «а» сыныбы
«Астанам - айбыным»Дәуірлердің көшінде,
Елбасы кеп шешімге
Отау тіккен Астана
Сарыарқаның төсінде.
Наурызда нұр тұнған,
Сәуірімде сыр тұнған
Жас Астана көктемде,
Кілемдейін құлпырған.
Барлық бояу қанықты,
Сол кілемге дарыпты.
Мың бұралған Есілмен,
Ою - өрнек салыпты.
Тыныштықпен таң атқан,
Әсем әуен таратқан.
Әз Астанам өзіне,
Әлем жұртын қаратқан.
Мырзаев Қайсар, 8 «б» сыныбы
«Астанам - айбыным»
Астанам менің айбыным,
Өзіңнен аспас ай - күнің
Жарыққа шыққан кезімен,
Мен сені айға теңеп ем.
Аспандағы ай - күнін
Бақытқа мен теңеп ем,
Аспандағы бақ құсын
Батырға мен теңеп ем
Елді жаудан қорғайтын,
Даналарға теңеп ем
Алға елін жетелеген,
Есілге мен теңеп ем
Айдай әсем жағасын,
Болашаққа теңеп ем
Елді алға бастайтын,
Бар әлемге танытқан
Жасай берсін Нұрсұлтан,
Әнге қосар ойым бар
Асқақтата думанды
Тәуелсіз ел!
Ұл - қызың мақтанды!
Қанатбек Бақыт, 9 «б» сыныбы
«Астанам - айбыным»
Астанам - айбыным,
Тамсанып қараймын.
Көркіңе көз тоймай,
Өскеніңді қалаймын.
Астанам - жас қалам!
Астанам - бас қалам!
Қазақстанды көркейткен,
Әсем қелем - Астанам!
Астанам, Астанам...
Жетілген бас қалам,
Нұрсұлтан ағам отырған,
Ақ Ордам, Астанам!
Мен қарап мақтанам,
Жарқын жарық қаламмен,
Кең байтақ даламмен,
Биік - биік тауыммен,
Ұшы қиыр тасыммен,
Мөлдір бұлақ суыммен,
Көгілдір көк туыммен,
Өйткені мен Қазақпын!
Отанды қорғап қалмақпын!
Біздің өмір, біздің көңіл,
Әрине, біз қазақпыз,
Қазақстанды дамытып,
Жүлделі орын алмақпыз.
Қазақстанда - Астана,
Жайнаған бас қала
Бәйтерек орналасқан
Нұрлы қала - Астана!
Астанам - айбыным,
Өтпес сенсіз жай - күйім.
Бір көріп ғашықпын,
Сен ғой менің байлығым.
Астанам - жайнаған гүлім,
Аспанда жарық төгіп
Жарқыраған күнім
Астанам - гүлденген қалам,
Бағынады саған қазақ далам!
Астана - жұмақтайсың,
Көргеннің көзі тоймайды.
Көрмегенге жұмбақтайсың,
Сені күні - түні ойлайды.
Арқабаева Ділбара, 9 «б» сыныбы
«Астанам - айбыным»
Арқаның байтақ төрінен
Бой түзеп әсем гүлдедің
Жанымнан үзіп өзіңе
Келеді жарық нұр бергім.
Қуанам әсем көркіңе
Ертеңге қарап талпынған
Өзгерер қалпым жоқ менің
Өзіңді сүйген қалпымнан.
Қызығып саған қараймын,
Өзіңсің ақ таң, арайлым
Өзіңді сүйген жүрекпен,
Бәріне тіпті барамын.
Бәйтерегіңнен көз салып,
Есілге ерке тамсанып,
Ақ Орда сұлу, Ханшатыр,
Жүремін әр кез мақтанып.
Жиырма жыл өтті зымырап,
Тәуелсіз елім шаттанам.
Ғажайып көркем жас қалам,
Айбыным менің - Астанам!
Өміржанова Әсел, 9 «б» сыныбы
«Тәуелсіздік»
Тәуелсіздік біздерге
Оңайлықпен келген жоқ
16 - шы желтоқсанның
Қасіреті болған көп.
Қызық көрмей бұл өмірден
Қырылды талай жас қыршын,
Тәуелсіздік аламыз деп
Аямады өз жанын.
Қайрат сында ағалар
Сабирадай сұлулар
Құрбан болған жер үшін
Қалың қазақ ел үшін!
Еске аламыз 16 - шы желтоқсанды
Терін төккен ағалар мен даналарды
Ұмытпайсың ешқашанда
Қадірлі бұл тұлғаларды.
Жеңіске жетіп бұл таңда
Тәуелсіз ел атандық
Көк байрақты желбіретіп
Қазақтың байтақ жерінде.
Жаңа әлемдегі Қазақстаным
Дамыған ел қатарында.
Жетіп талай жетістікке
Көрінші биік шыңдардан!
1 - жүргізуші: Ал жиналған көпшілік! Болашақ ақындарымыздың жүрегінен шыққан туындыларын тыңдадыңыздар! Енді, өз еліміз, жеріміз, астанамыз туралы әсем әнді қабылалыңыздар!
Авторлық өлеңдер кеші
- Айдын Бота
- 4 сәуір 2014
- 7292
- 0
- 0
Ілмек сөздер: сценарий, авторлық өлеңдер кеші
Ұқсас жаңалықтар:
Астана - әсем қала
Астана - әсем қала. Ол өзінің ауыз толтырып айтарлықтай ерекшеліктерімен де ерекшеленеді....Астанам
Еліміздің жаңа елордасы - Астана қаласын дәріптеу. Оқушылардың жаңа астананың ерекшеліктерін тани білуге, тәуелсіз Қазақстанның тарихындағы орнын...Астана - айбынды ақ ордам
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Сапақкөл орта мектебі директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қисымбетова Саржан Каримжанқызы...Алтын төрім - Астана
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, «Сымбат» жеке мектебі бастауыш сыныбының мұғалімі Макуова Нуршат Аманкосовна...Астана-асқақ арман
Атырау қаласы, №35 мектеп-гимназиясы Асанғалиева Дина Сабақтың тақырыбы: "Астана – асқақ арман" Сабақтың мақсаты: Республикамыздың жаңа астанасы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.