Сайтқа кіру Тіркелу

Табиғат ана

Тақырыбы: Табиғат - ана
Мақсаты: Балаларды табиғат әсемдігін көре білуге, оны аялауға, қорғауға тәрбиелеу, экологиялық білімділік, ойлау қабілетін дамыту.
Көрнекілігі: табиғат тақырыбына арналған нақыл сөздер, буклеттер, альбомдар, кітаптар.
Мұғалім: Қымбатты ұстаздар, оқушылар!
Табиғат — тіршілік атаулының құтты қоныс - секені, тіршіліктің түлеп өсуіне қажетті нәрі, жер бетіне көрік берген сәні. Халық ұғымында табиғат деген сөз жер, аң, туған жер, атамекен сөздерімен қатар тұрады. Олай болса, тәрбие сағатымыз да табиғат туралы болмақ.
Олай болса,
Егемендік нышаны жарқын жастық,
Болшаққа сеніммен қадам бастық.
Көркейтейік туған жер табиғатын,
Кең даламда жайқалсын алтын астық —
деп сайысымызды бастаймыз. Әр топ өздерін таныстырады, әрі ұрандарын айтады.
2) Қазақпыз ғой бәйге десе қозатын,
Қосатұғын күре атын, боз атын.
Басталады «бәйге» атты жарысымыз,
Шықсын шәкірт шыңдарға қол созатын, - деп келесі кезеңіміз сұрақ - жауап.
3. Ну орман, жасыл орман, мынау орман,
Далаға қорған болып тұра қалған.
Барлығы баласындай бір - ақ үйдің,
Барлығы жаралғандай бір адамнан.
О, құдірет, неткен шалқар күй ең сен,
Бүгін менің жиі еңсем.
Осылай да ойланып қой, адамдар,
Жығылмайсын орманыңа жүгінсең —
деп үшінші кезеңіміз мақал - мәтел жарысы. Жалғасын табу
4. Табиғат әсемдіктің төркінісің,
Ән саламыз бір сенің көркің үшін.
Жан - жануар табынып бір өзіңе,
Сенен асып тұрғандай бар тынысын — дегендей ендігі кезеңіміз «Құлақтан кіріп бойды алар!» табиғат тақырыбына ән орындау не өлеңді жатқа оқу
5. Табиғат, сен тіршілік, тұнып тұрған,
Сен Күнсің көтерілген күліп қырдан.
Сен көлсің, сен армансың, сен бұлақсың,
Адамға сұлулықты шын ұқтырған — деп бесінші кезең «Егер сен … болсаң!» кезеңі өз ойларын айтады.
6. Табиғат егіз адаммен,
Ұқсастық табам содан мен,
Мәңгілік болсын егіздер,
Жер — Ана, көл, теңіздер. Келесі кезеңіміз «Табиғат – Ана» суретті қорғау
7. Туған жерді сүю парыз,
Туған жерді күту – парыз.
Сүю үшін білу – парыз,
Қасиетін ұғу парыз,
Күзетінде тұру парыз — деп, Мұзафар Әлімбаеватамыз айтқандай кең байтақ еліміз жайлы, туған жердің табиғаты жайлы, аң - құстары, өсімдіктері жайлы білу керекпіз. Ендеше табиғаты жайлы білімдеріңді байқап көрелік, ендеше келесі кезеңіміз «Табиғатым — тұнған байлық». Өз туған жеріміз «Аққұм» ауылының тарихына, онда кездесетін өсімдіктер, құстар, жануарлар жайында не білеміз соған тоқталып өтейік.
1. Ақыл - дария алсаң да таусылмайды, Жер – қазына саусаң да таусылмайды
1. Аяз, әліңді біл, Құмырсқа жолыңды біл
1. Ерді талап ұшырар, Құсты қанат ұшырар
2. Атасы жер жырта білмегеннің
Баласы тұқым себе алмас
1. Алтын болмаса, зергер қор болар..
Жер болмаса диқан қор болар
1. Адам ұйымшыл.. Мал үйіршіл
2. Жері азған елде
Тоқшылық болмайды
1. Көлдің көркі – құрақ
Таудың көркі – бұлақ
1. Тары жеген тарықпас
2. Диқан жауында тынығады..
Балықшы дауылда тынығады
1. Сағадағы су ішеді
Аяқтағы су кешеді
1. Сөз анасы – құлақ
Су анасы - бұлақ
1. Орманшы … отынға жарымайды
2. Көп жүрген жер – көл..
Құм жүрген жер – шөл
1. Дауылды күні құс салма..
Жауынды күні жылқы алма
1. Ойдағы үй селдікі..
Өрдегі үй – желдікі
Жазықтағы үй елдікі
1. Диқан еккенін жейді..
Жылқы тепкенін жейді
1. Дауылдың алды – жел
Жаңбырдың арты – сел
1. Ағаш жапырағымен, жер топырағымен
2. Атына қарай тұрманы
Егінге қарай қырманы
1. Құстың жайын салған білер
Құдық жайын қазған білер
1. Ақсақ қойдың аузына,
Жел айдаған қаңбақ түсер
1. Мезгіл жетсе мұз да ерір
2. Батар күннің, атар таңы бар
3. Жер – қазына
Су – гауһар
1. Қой семірсе – құт
Ешкі семірсе – жұт
1. Қыран жүйрік пе
Қиял жүйрік пе?
1. Туған жердей жер болмас
Туған елдей ел болмас
1. Кісі елінде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол
2. Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық
Сұрақ - жауап
1. Қазақстанның «Қызыл кітап» қай жылы шықты?
(1978 жылы)
1. Ауыл жылын қай жылдар еншіледі?
(2003 - 2005 жылдар)
1. Көктемгі төл шөптердің ішінде шаруашылық үшін ең пайдалы шөп?
(мортық)
1. Қазақстанда неше қорық бар?
(9 қорық бар. Ақсу - Жабағылы, Алматы қорығы, Барсакелмес, Наурызым, Қорғалжын, Марқакөл, Үстірт, Алтай қорығы, Алакөл қорығы)
1. «Қансонарда бүркітші шығады аңға,
Тастан түлкі табылар аңдығанға.
Жақсы ат пен тату жолдас бір ғанибет,
Ыңғайлы ықшам киім аңшы адамға» өлеңінің авторы кім? (Абай)
1. Қазақстан территориясында күріш қай облыста өсіріледі? (Қызылорда)
2. Тосын желді не деп атайды? (Құйын)
3. Судың деңгейінен көтерілуі не деп аталады? ( тасқын)
4. Қазақстан қандай елдермен шектеседі?
(Қытай, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Туркменстан)
1. Сырдария жағасындағы биіктігі 2 - 3см болатын бұта тектес ағаш?(жыңғыл)
2. Шөл даланың көп жылдық тікенікті өсімдігі? (жантақ)
3. Әлемдегі ең бай кім? (жер қойнауы)
4. Сырдың «сары алтыны» дегеніміз не? (күріш)
5. Біздің өзен - көлдердің ең ірі тұрғынын ата? (жайын)
6. Өзен «санитарын» ата? (шаян)
7. Суға түсті, жүзді, сүңгіді. Бірақ үсті құрғақ, ол кім? (үйрек)
8. Өсімдіктің қай бөлігі таза оттегін бөледі? (жапырақ)
9. Қызылорда жеріндегі дәрілік өсімдіктерді ата? (жусан, адырыспан, шашыратқы, бақ - бақ т. б)
10. Дәмді аяғымен сезетін жәндік? (шыбын)
11. Бөкеннің лағын қалай атайды? (құралай)
12. Қызыл кітапқа енгізілген тоғайлы өңірдің ағашы? (тораңғыл)
13. Өзі жәндік және жіп шығарады? (өрмекші)
14. Біздің облыстағы ірі өнеркәсіптің салынуына себеп болған өсімдік? (қамыс)
15. Бақаның бақшадағы пайдасы? (шыбын - шіркейлерді құртады)
16. Сырдария өзенінің бұрынғы аты? (сейхұн)
17. Көтеріліп теңізден,
Аспанға биік барамын
Биіктен қайта түскенде
Өңі кірер даланың (жаңбыр)
1. Далада аттай тулайды,
Әуеде құстай зулайды (жел)
1. Бар ма, жоқ па оны білмейсің,
Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің. (ауа)
1. Сауыттан мықты шапаны,
Жәндіктің нағыз шабаны (тасбақа)
1. Қандай құс ұя жасамайды, жұмыртқасын өзі баспайды? (көкек)
Кері қайту
Ілмек сөздер: экология, құстар, табиғат
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×