Кештің мақсаты:
Оқушыларды жерлес ақынның шығармашылығымен таныстырып, кіші буын жастарға патриоттық рух беріп, адамгершілік қасиеттерге баулу. Ақын өлеңдері арқылы халқына, тілге, Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту.
Өткізілетін орны: мектептің акті залы
Көрнекілік құралдар: видеобейне, ақын портреті, слайдтар, кітап көрмесі, ақын туралы жазылған пікірлер, техникалық құрал - жабдықтар, аудио аппаратура.
Шақырылған қонақтар: ақын Қанғожин М. М., оқушылар, мектеп әкімшілігі, мұғалімдер.
І. М. Қанғожин туралы видеобейне. (акті залының шамы сөніп, көрермендерге видеобейне көрсетіледі)
1 жүргізуші
2 жүргізуші
1 жүргізуші:
Қазақстанның халық ақыны, жазушысы Мүтәллап Мұхамадиұлының шығармашылығына арналған «Көркем сөздің жұлдызы» атты әдеби - сазды кешімізге қош келдіңіздер!
2 жүргізуші:
Бүгінгі өтіп жатқан іс - шарамыздың мақсаты – оқушыларымызды жерлес ақынымыздың шығармашылығымен таныстырып, кіші буын жастарға патриоттық рух беріп, адамгершілік қасиеттерге баулу.
1 жүргізуші:
Олай болса, Мүтәллап Мұхамадиұлы бүгін бізде қонақта. Аға, сізді сахнаға шақырамыз. Төрлетіңіз! (Ақын қошеметпен сахнаға шығады)
(жүргізушілердің сөздерімен қатар слайдтар көрсетіледі)
2 жүргізуші:
Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі;
1 жүргізуші:
Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері;
2 жүргізуші:
Солтүстік Қазақстан облыстық «Қазақ тілі» қоғамының алғашқы төрағасы;
1 жүргізуші:
Бүкілодақтық және Республикалық телебайқауының жеңімпазы;
2 жүргізуші:
Республикалық Мағжан Жұмабаев өнер фестивалінің жүлдегері;
1 жүргізуші:
Солтүстік Қазақстан облысы мен Есіл ауданының құрметті азаматы;
2 жүргізуші:
Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты;
1 жүргізуші:
М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университетенің профессоры.
2 жүргізуші:
Мүтәллап ата, біздің мектеп ерекше мектеп. Бір шаңырақ астында оннан астам ұлт өкілдерінің оқушылары білім алуда, олар өз ана тілдерімен қатар қазақ тілін де меңгеріп жүр. Оның ішінде қазақ пен қырғыз, орыс пен белорус, шешен мен ингуш, поляк пен кәріс, әзірбайжан мен армян балалары тату өмір сүріп жатыр. (оқушылар өз тілдерінде сәлемдеседі).
ІІ. Би «Пиала»
1 жүргізуші:
Мүтәллап 1937 жылы Ленин ауданындағы Қарағаш ауылында дүниеге келген екен. Бұл ауыл ақ қайыңды ормандар арасында орналасқан. Ақынның өзінің алғашқы өлеңдер жинағына «Ақ қайындар аралы» деп ат қоюы да осыдан болар.
2 жүргізуші:
Табиғат алақаны аялап өсірген Мүтәллап жүрегінде поэзия сазы ерте дүрсіл қаққаны сөзсіз. Туған жердің тамаша табиғаты мен келісіті келбеті Мүтәлаптың көрікті жырларына арқау болды.
Ринат (10 «А» сынып, татар бөлімінің оқушысы) «Қарағаш» өлеңі. (Қарағаш туралы видеобейне)
Мектеп тілшісі: (тілші ақынмен амандысып, қасына жайғасады)
- Ассалаумағалейкүм Мүтәллап ата! Қош келіпсіз! Сізбен кездескеніме өте қуаныштымын. Біздің мектепте ай сайын шығып тұратын «Мектеп хабаршысы» атты газетіміз бар. Сол басылымда тілшімін. Ұлтым әзірбайжан 11 сыныпта оқимын.(слайдтар көрсетіледі) Сіз кезінде телестудияда аға редактор, бас редактор болып істедіңіз. Мен де сіздің жолыңызды қуып, мектептен кейін журналитика саласының маманы болғанымды армандаймын. Мектепте тілші болып жүргенім, арманымның бастауы деп ойлаймын. Рұқсат болса сізге бірнеше сауалым бар.
Мектеп тілшісі:
1. Қарапайым трактор тіркеушісінен бүгінгі дәрежеңізге жетудің құпиясы неде?
Ақынның жауабы.
Мектеп тілшісі:
Рақмет, бүгін міне ақ сақалды ата болдыңыз. Сіздің еңбек жолыңыз біз үшін үлгі - өнеге.
Ал енді сіздің «Қариялар» атты өлең шумақтарын тыңдап көрейік.
Саша (9 «Б» сынып, кәріс бөлімінің оқушысы) «Қариялар» өлеңі. (слайдтар көрсетіледі)
1 жүргізуші: Отан отбасынан басталады демекші, Мүтәллап Мұхамадиұлы біздің өңірге және бүкіл Қазақстанға танымал ақын - жыршы ғана емес, ол – Зүбәйра тәтеміздің жан жолдасы, қос ұлдары мен жалғыз қызының қадірлі әкесі, немерелерінің данасы.(слайдтар көрсетіледі)
2 жүргізуші: Мүтәлап ата, сізге арнап біздің жас мұғалім Самал Мұқамадияқызы өзінің арнауын жолдайды. Қабыл алыңыз. (Домбыраның сүйемелдеуімен Самал Мұхамадияқызының ақынға арнауы)
ІІІ. Ақынға арнау
(Мүтәллап ақынға)
Қош келдің, қадірменді ұлы аға,
Еңбектерің танылды ғой баршаға!
Қарапайым қазағымның баласы,
Қамын баққан халқымның ұлы тұлға!
Толғауымды өзіңе мен арнадым,
Көк аспанға қыран құстай самғадым.
Қасқақ сәтте шабытым оянса да,
Мүтәллаптай ұлы ақын бола алмаймын.
Қуанған да, жылаған да күйің бар,
Тіл кесіліп, сөз жетпеген сәтің бар.
Әлемнің де тынысын тыңдай алдың,
Күйінішің, сүйінішің жырың бар.
Арнауларың алаштың баласы үшін,
Мүтәллаптай Мағжанды кім жырласын.
Ащы жырды рухына бағыштадың,
Жайлы жатып топырағы торқа болсын.
Өмірге сендей ақын келе бермес,
Қалмапты өзіңе бағындырар еш белес.
Қазіргінің Мағжаны сен боласың,
Ғасыр өтсін, мың өтсін атың өшпес.
Солтүстік туған жерім - тамған қаным,
Кетпей қойды - ау «шала қазақ» атанғаның.
Ғабең, Сәбең, Мүтәллаппен дәлелдеймін
Нағыз қазақ жағасында Есілдің.
Үлесің мол, Қызылжарды қазақ қылдың,
Ит жеккенде қазақтарым «татар» болдың.
Бәйге, көкпар, айтысыңда алыптың,
Асқақтатып тарихыңды қайтардың.
Аманатын қалдырған ұрпақ үшін,
Паш етеміз, қол соғамыз біздер бүгін.
Өскелең кіші буын біле жүрсін,
Орны ерекше Мүтәллаптың біздер үшін.
Мектеп тілшісі:
2. «Көргендерім - көңілге түйгендерім» атты еңбегіңізде Нұрсұлтан Әбішұлымен көзбе - көз кездесіп сұхбаттасқаныңыз туралы жазылған. Сол кездесуден қандай әсер алдыңыз?
Ақынның жауабы.
Мектеп тілшісі:
Шынында да ата, өте бақытты екенсіз. Президенттің жанында отырып, әңгімелестіңіз. Ондай мүмкіндік барлығына берілмейді. Өзіңіздің тағы бір өлең шумақтарына да кезек жетті. Келесі тыңдайтын өлеңіміз президентке жазған арнауыңыз.
Магас (10 «Б» сынып, ингуш бөлімінің оқушысы) «Президентке» өлеңі
IV. Би «Қазақ вальсі».
Мектеп тілшісі:
3. Алаштың ұлы - Мағжанға көптеген ой толғауларыңызды арнапсыз. Оқырман назарына «Менің Мағжаным» атты жаңа кітабын ұсыныпсыз. Ақынның жырларын жиыстырып, бастырып шығарыпсыз. Тіпті туған ауылыңызда Мағжанға арнап той өткізіпсіз. Осы туралы айтып кетсеңіз?
Ақынның жауабы.
Мектеп тілшісі:
Әрине Мағжан атамыз өскелең ұрпақ үшін үлкен мұра қалдырды. Сондықтан жерлес ақынымыз, Мағжан Жұмабаевтың аты біз үшін мәңгілік. Ұлы Мағжанға шығарған бір толғауыңызды тыңдайық.
Вилен «Мағжан ақын» (9 «Б» сынып, армян бөлімінің оқушысы)
1 жүргізуші: Мүтәллап ата, біздің «ақ, қара, сары» оқушыларымызды қазақша сөйлетіп жүрген «сегіз қырлы бір сырлы» қазақ тілінің дарынды мұғалімдері. Олардың сізге дайындаған ән шашуы бар екен. Мағжанның сөзіне жазылған әдемі әнді қабыл алыңыз. (Гүлнәз Сапарқызы, Жадыра Жандосқызы, Жанна Жансерікқызы «Сүйемін» әнімен)
Мектеп тілшісі:
4. Мүтәллап ата, келесі бейнесюжетке назар аударайық. (акті залының шамы сөніп, көрермендерге видеобейне көрсетіледі) Тіл жанашыры екеніңізге көзіміз жетіп отыр. Сіздің сюжетте айтылған сөздеріңізден кейін енің бір сауалым туып отыр. Мемлекеттік тіл және еліміздің тәуелсіздігі: осы екі ұғымның байланысы неде?
Ақынның жауабы.(Кейін баяу композиция қосылып, оқушылар көрініске шығады)
V. Көрініс. (белорус бөлімі «Тәуелсіздік таңы» көрінісімен)
1 жүргізуші: Мүтәллап ата, қазір сіздердің алдарыңызға, елімізідің жарқын болашағы, мектеп жанындағы шағын орталықтың кішкентай балапандары шығып, сізге нағыз ұлтжанды азаматтар екендерін дәлелдейді. (Шағын орталықтың кішкентай бүлдіршіндері сахнаға шығады)
VI. Шағын орталықтың нөмірі.
Біз (1 бүлдіршін), жас қырандар (2 бүлдіршін), егеменді (3 бүлдіршін), тәуелсіз (4 бүлдіршін), көпұлтты (5 бүлдіршін), мемлекетте (6 бүлдіршін) тұрамыз (хормен).
Біз, жас қырандар, еліміздің тілін, дінін, тарихын сақтауға тырысамыз. (Дәл солай)
Біз, жас қырандар, сіздердің, үміттеріңізді, ақтаймыз. (Дәл солай)
1 жүргізуші: Осындай патриоттық нотада Мүтәллап Қанғожиннің «Қызылжарым жаңа ғасыр көшінде» атты толғауы да ақ қағаз беттеріне түскен екен. Ақынның осы өлеңіне жас сазгер Сенкебаев ән жазған. (Финалға «Қызылжарым жаңа ғасыр көшінде» әнімен әдеби кешке қатысқан мұғалімдер мен оқушылар шығады)
2 жүргүзуші: Қазақстанның халық ақыны, жазушысы Мүтәллап Мұхамадиұлының шығармашылығына арналған кешіміз мәресіне де жетті.
1 жүргізуші: Құрметті Мүтәллап ата, біз үшін уақыт тауып, әңгімелесіп, сұрақтарымызға жауап бергеніңізге мың алғыс! Жүз жасаңыз ата! Бүгін сізбен болған мектептің өнер тарландарына батаңызды беріп кетсеңіз, нұр үстіне нұр болар еді.
Көркем сөздің жұлдызы» атты әдеби-сазды кеші
- gulnaz64
- 14 ақпан 2014
- 23211
- 0
- 0
Ілмек сөздер: ақынмен кездесу, сазды кеш
Ұқсас жаңалықтар:
Мұқағали Мақатаевқа арналған әдеби-сазды кеш «Жырлайды жүрек»
Ақиық ақын, артына айрықша өшпейтін із қалдырған Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасау. М. Мақатаевтың өлеңдері мен әндері арқылы...Бала Мұхаметқалидан ақын Мұқағалиға дейін
Мұқағали Мақатаевтың артына қалдырған өшпес мұрасы, жарық жұлдыздың қараңғы түн қойнауынан құпия сәулесін шашқанындай жарқырай түсуде....Бүгін менің туған күнім, ой пәлі - ай әдеби – композициялық кеш
Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасау, әндері мен поэмаларымен танысу. Ақынның өлеңдері мен поэмалары арқылы жасөспірімдерді...Оралхан – Алтайдың Кербұғысы
Жазушы, драматург, публицист, Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының, Н. Островский атындағы бүкілодақтық әдеби сыйлықтың, Қазақстан Мемлекеттік...Қазақ поэзиясының алып айсбергі
«Қазақ поэзиясының алып айсбергі» атты әдеби сазды Қадыр Мырзалиев шығармашылығына арналған кешінің сценариі...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.