Табиғатты аялай да, бағалайық та білейік» атты шығармалар, суреттер сайысы
Сабақтың мақсаты:
Оңушыларды жердің қадірін, байлықты бағалай білуге, туған табиғатты сүю және қамқорлық, жанашырлық сезімге баулу. Оқушылардың табиғат жөніндегі ой - өрісін кеңейту, білімге деген құштарлығын, логикалық ойлау қабілетін арттырып, табиғатын сүюге, оны қорғауға, ұйымшылдыққа, өзара сыйластыққа тәрбиелеу.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды жердің қадірін, байлықты бағалай білуге, туған табиғатты сүю және қамқорлық, жанашырлық сезімге баулу. Оқушылардың табиғат жөніндегі ой - өрісін кеңейту, білімге деген құштарлығын, логикалық ойлау қабілетін арттырып, табиғатын сүюге, оны қорғауға, ұйымшылдыққа. өзара сыйластыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, баяндау, жарыс
Сабақтың көрнекілігі: табиғат туралы даналық сөздер, суреттер, буклеттер
Сабақтың пәнаралық байланысы: дүниетану. география. биология
Сабақ барысы:
1. Шығармаларды қорғау
2. Салған суреттерге түсінік беру
3. Табиғат туралы мақал - мәтелдер, өлеңдер, нақыл сөздер тыйым сөздер айту
4. Қорытынды
Мұғалім: Елбасымыз Н. Назарбаевтың 2030 жылғы дейінгі стратегиялық даму бағдарламасында «Қоршаған ортаны ластауға, экологиялық қалыпты жағдайды бүлдіруге жол бермеуге зор көңіл бөлгендіктен оңушыларға экологиялық білім беріп, табиғатты қорғауға тәрбиелеу, бүгінгі күннің кезек күттірмейтін өзекті мәселелердің бірі».
Табиғат айналамыздағы қоршаған орта. Табиғат адамзаттың қайнар көзі.
Табиғат өмірімізге қажетті рухани байлық. Табиғат - айналамызды қоршап тұрған ізгілікті әлем. Табиғат - адам тәрбиешісі.
«Экология» терминін 1866 жылы ірі неміс зоологы Э. Геккель ғылымға алғаш рет енгізді.( гр «ойкос»- үй, тұрақ, мекен, баспана дегенді білдірсе,»логос» ғылым, ілім, зерттеу деген сөз)
Экология организм мен қоршаған орта арасындағы байланысты, қарым - қатынасты зерттейтін ғылым. Біздің Отанымыз - Қазақстан дүние жүзіндегі табиғат байлығы мен мол елдердің бірі. Қазақстанның байлығын ысырап етпей, ластамай, оларды ұқыпты, тиімді пайдалану керек. Табиғатты қорғау әрбір азаматтың борышы.
Экологиялық шығармаларды қорғау 5 - сыныптар өздерінің экология| туралы жазған рефераттарын қорғайды.
Мен және экология бағытындағы суреттерге түсінік беру. 5 сыныптар өздерінің жазған суреттеріне түсінік береді.
Табиғат туралы өлеңдер, нақыл сөздер, мақал - мәтелдер, тыйым сөздер| айту. Оқушылар табиғат туралы мақал - мәтелдер, нақыл сөздер айтады.
Судың да сұрауы бар.
Бақ өсіргеннің бағы жанар.
Жұпар ауа - дертке дауа. 1
Көкті жұлма - көктей соларсың.
Туған жердің топырағы да ыстық.
Қорытынды. Әділқазылар әділ бағасын беріп, оқушыларды марапаттайды.
Табиғатты аялай да, бағалайык та білейік
- Жанана
- 19 желтоқсан 2013
- 38838
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Экология, табиғатты аялай да, бағалайык та білейік, шығармалар, суреттер сайысы
Ұқсас жаңалықтар:
Жанды және жансыз табиғат
Мақсаты: 1. Жанды табиғат, оның тіршілік ортасы және жансыз табиғатты қайталанбас құбылыс түрлері туралы білімдерін жетілдіру....Табиғатты аялайық (шығарма)
Табиғат тіршіліктің құт - берекесі. Табиғатты қорғау міндетіміз....Бізді қоршаған табиғат (Танымдық сайыс)
Атырау қаласы, М. Отаралиев атындағы негізгі мектептің биология пәні мұғалімі Жубанова Галя Нигметқызы...Табиғатқа аялы алақан
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділігі: Табиғат жайлы түсінігін тереңдету, жалпы табиғат жайлы мағлұмат беру, барлық тыныс тіршіліктің бастауы, көктемнің...Табиғат - тіршілік көзі
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, № 1 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Мұздыбаева Раушан Хасенқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.