Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: Оқушыларға сәлемдесудің түрлерімен таныстырып, оның инабаттылық, әдептілік, адамгершілік қасиеті екенін
түсіндіріп, білімдерін нығайту.
ә) дамытушылық Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, дүниетанымын, сөйлеу мәдениетін дамыту.
б) тәрбиелік: Оқушыларды үлкенді сыйлауға, кішіге ізет көрсетуге, сыйластыққа, ынтамақтастыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ (дәстүрлі емес сабақ)
Сабақтың тақырыбы: Сәлем - сөздің анасы
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: Оқушыларға сәлемдесудің түрлерімен таныстырып, оның инабаттылық, әдептілік, адамгершілік қасиеті екенін
түсіндіріп, білімдерін нығайту.
ә) дамытушылық Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, дүниетанымын, сөйлеу мәдениетін дамыту.
б) тәрбиелік: Оқушыларды үлкенді сыйлауға, кішіге ізет көрсетуге, сыйластыққа, ынтымақтастыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ (дәстүрлі емес сабақ)
Сабақтың әдісі: Ойын элементтері
Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар, кеспе қағаздар Пәнаралық байланыс: әдеп, мәдениеттану
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесіп, түгелдеу. Сабаққа назарын аудару.
Құрамында 10 оқушы болатын екі топ қатысады. І - топ «Ұлағат» тобы. ІІ - топ «Зерек» тобы. Сайыс ҮІІ айналымнан тұрады.
I айналым: «Таныстыру»
II айналым: «Сәлемдесу рәсімдері»
III айналым: «Әдептілік қағидалары»
ІҮ айналым: «Әдептілікке байланысты тиым сөздер»
Ү айналым: «Әдептілік туралы мақал - мәтелдер»
ҮІ айналым: « Ұшқыр ойдан - ұтымды жауап»
ҮІІ айналым: Қорытынды
I айналым: «Таныстыру»
Бұл шартта әр топ өздерінің ұраны мен топтарын таныстырады.
I топ «Зерек» тобы Ұраны: Кішіден ізет, үлкеннен парасат
Біздің де тобымызда өнерлі коп,
Көрермен өнерліге сүйсінер кеп,
Зерек деген тобымызға
Жақсы баға берсін деп тіледік көп
II топ «Ұлағат» тобы Ұраны: Үлкеннен ұлағат, кішіге аманат Тобымыз «Ұлағат» атына сай,
Өнерлі балаларымыз бәріміз де
Бәйгеден озып келген жүйрік аттай
II айналым: «Сәлемдесу рәсімдері»
Әр топ әр елдің сәлемдесу түрлерімен таныстырады. Амандасудың бірнеше түрлері бар: қол беріп амандасу, төс қағыстырып амандасу, қолды сүйіп амандасу, маңдайдан сүйіп амандасу, көзден сүйіп амандасу.
III айналым: «Әдептілік қағидалары»
Әр топ жағдаяттық сұрақтарға жауап береді.
1. Қолында 2 ауыр сөмкесі бар бір әжей базардан келе жатыр еді. Алдынан ойнап 2 бала шығып, әжейді абайсызда қағып кетеді. Әжей жығылып, қолындағы бар заты шашылса да, екеуі артына қайырылмай алысып ойнап кете береді. Егер де сіз сол балалардың орнында болсаңыз не істер едініз?
2. Екі оқушы мектепке келе жатыр еді, алдарынан қарт кезігіп қалды. Ол оқушылардан мектепке дейін жол көрсетуін сұрады. Сонда оқушылар өздерін асығыс екенін айтып, өз жөндерімен кетіп қалады. Егер де сізде осындай жағдай болса сіздің іс әрекетіңіз?
3. Қоғамдық көлікте орында отырдыңыз, бір аялдамадан балалы әйел мінді ондай жағдайда қандай әрекет жасайсыз?
4. Көшеде жүргенде қандай әдептілік ережелерін сақтау керек?
ІҮ айналым:: «Әдептілікке байланысты тиым сөздер»
Бұл айналымда оқушылар әдептілікке байланысты тиым сөздер айтады.
1. Үлкен кісімен сөйлескенде қолыңды қалтаға салып тұрма
2. Үлкен кісімен сәлемдескенде қолыңды бұрын ұсынба
3. Бас киімді теппе, аяқ асты тастама
4. Кемтар адамға күлме.
Ү айналым: «Әдептілік туралы мақал - мәтелдер»
Бұл шартта оқушылар мақалдың жалғасын табады.
1. Әдептілік белгісі - иіліп сәлем бергені
2. Әдептілік, ар - ұят - амандықтың белгісі
3. Әдепті бала - арлы бала Әдепсіз бала - сорлы бала.
ҮІ айналым: «Ұшқыр ойдан - ұтымды жауап» Бүл шартта топ басшылары білім бәйгесіне түседі.
«Зерек» тобының сұрақтары:
1. Әдептілік дегеніміз не?
2. Үлкен кісімен қалай сөйлесу керек?
3. Қонақ келгенде не істейсің?
4. Мектепте, сыныпта қалай жүру керек?
5. 5 асыл істі атаңыз?
6. Жағымсыз әдеттерді атаңыз?
7. Не ұнамсыз?
8. Әдепті бала қандай болады?
« Ұлағат» тобының сұрақтары
1. Әдепті бала әдептілікті қайдан үйренеді?
2. Қонаққа барғанда өзіңді қалай ұстау керек?
3. Сіз бен сенді шатыстырған күнің болды ма?
4. 5 дұшпанды атаңыз?
5. Қайырымдылық дегеніміз не?
6. Саған өзіңнің досыңның қандай қасиеттері ұнайды?
7. Удан ащы не бар?
8. Әдепсіз бала қандай болады?
ҮІІ айналым: Қорытынды
«Сиқырлы таяқша» ойыны. Балалар дөңгелене отырып, сиқырлы таяқшаны бір - біріне көрсетіп, сол баланың жақсы қасиеттерін айтады.
Ж - жігерлі
А - адал
Қ - қайырымды
С - сыпайы
Ы - ынтымақты.
Оқушылардың алты айналымнан өткен фишкаларын есептеп, нәтижелерін шығарып, топтар марапатталады. Жоғары ұпай алған топ сайысымыздың жеңімпазы атанады.
Сәлем - сөздің анасы
- Жанана
- 11 желтоқсан 2013
- 36354
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Сәлем сөздің анасы, сайыс сабақ, сәлемдесудің түрлерімен таныстыру
Ұқсас жаңалықтар:
Әдептілік - тәрбие бастауы
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Үстірт орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Жақсыбаева Шолпан...Білекті бірді, білімді мыңды жығар
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, №25 Т. Рысқұлов атындағы мектеп - гимназия Кененбаева Жанар...Әдепті сөз. Ә.Табылды
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, №1 орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі Тағаева...Әдептілік белгісі, иіліп сәлем бергенің
Атырау облысы, Исатай ауданы, Жанбай селосы, Хамидолла Наубетов атындағы орта мектебінің мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі: Маутова Злиха...Сәлем түзелмей, әлем түзелмейді
Тақырыбы: Сәлем түзелмей, әлем түзелмейді....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.