Ана - өмір шуағы
Мақсаты: Аналарды, ұстаздарды, аруларды мерекелерімен құттықтау, ананы құрметтеу, қыз баланы сыйлау, парасатты, мейірімді болуға баулу.
Көрнекілігі: залды мерекеге сай безендіру, ұстаздарға арналған құттықтау плакат
Барысы:
Жүргізушілер ортаға шығады.
1 - жүргізуші:
Ана деген - жүректегі асыл ән,
«Ана - бақыт» деген сөзге қосылам.
Анаға арнап айта берсең сөз жетпес
Ол дегенің - өмірдегі асыл жан!
2 - жүргізуші:
Армысыздар, асыл аналар, ұлағатты ұстаздар, аяулы арулар! Сіздерді
8 - наурыз «Халықаралық әйелдер» күні мерекесімен құттықтаймыз!
1 - жүргізуші:
Дүниедегі барлық өмірдің сарқылмас бұлағы - ана. Ақын да, батыр да анадан туады.
Ана - үйдің берекесі, қыз баланың өнегесі, отбасының темір қазығы, шаруаның несібесі.
Ананың көзінен төгілген нұр жан - жағына шуағын шашады, олай болса
- Балалар, сендерге осы жарық дүниені сыйлаған кім?
- Ана
2 - жүргізуші:
«Өмірде ана - бұлақ, ана - пана
Өмірді өркендетер ана ғана»- дей келе бүгінгі 3 «А» сыныбында өткелі отырған « Ана - өмір шуағы» атты кешімізді ашық деп жариялаймыз.
Хор: «Асыл ана»
1 - жүргізуші:
Армысыз, еліміздің асылдары,
Жайнаған көңілдердің жасыл бағы
Сіздер үшін ән мен күй, жыр менен би,
Сіздер үшін мереке шашулары.
Ән: « Ана туралы жыр»
2 - жүргізуші:
Шырылдап жерге түскеннен - ақ біздің ең жақынымыз
1 - жүргізуші:
Ең бір досымыз.
2 - жүргізуші:
Ең бір ұстазымыз
Бірге: Ол – Ана
1 - жүргізуші:
Ананың жолы басқа
Ана деген сөздің өзі ыстық
2 - жүргізуші:
Ана десе толқымайтын жүрек
Тасымайтын қан
Сезбейтін сезім болуы
Бірге: Мүмкін емес
дей келе келесі кезекті оқушылардың әдеби монтажына береміз.
1 - оқушы:
Ана деген - адамзаттың данасы,
Ана деген - сәбилердің панасы
Ана деген – жарық жұлдыз шырағың,
Ана деген - қайнар ыстық бұлағың
Ана деген - өмірдегі қамқорың
Ана деген - сүйенерің жан құрбың
2 - оқушы:
Ана десе сезім билер тым ыстық
Жарасымды адамдарға туыстық
Бір адамға берсе ана мейірім
Орнар еді бар әлемде тыныштық
3 - оқушы:
Құрметтейік, о, адамдар аналарды
Бізді өмірге әкелген даналарды
Себебі ана деген асыл жан ғой
Ойлауменен істелік әр қадамды
4 - оқушы:
Алтын адам жасымнан аялаған
Мен үшін игілікті аямаған
Сабақтан үйге шаршап келгенімде
Бал сөзі жаным деген сая маған.
2 - жүргізуші:
Десек те уақытпенен жарыспайды
Қияға қиялымен қарыштайды
Шәкірттер шын жүректен тебіреніп.
Өнерлерін ұстаз аналарға бағыштайды
1 - жүргізуші:
Мейлі бол ұлы тұлға
Мейлі жет тайсалмайтын ұлы шыңға
Ұмытпа ол ұстаздың жақсылығы
Болмайды оны мәңгі ұмытуға
Ұстаз деген - асылдың ақ сынығы
Ұлылықтың таусылмас ақ шырыны
Қалықтап жетсең егер биіктерге
Ұмытпа ол да ұстаздың жақсылығы.
Ән: «Ұстазым»
1 - жүргізуші:
Құттықтаймын мейрамыңмен аналар,
Әр күлгенің бізге бақыт саналар.
Еңбегіңді еш етпейді өмірде
Елің, жұртың, ұл мен қызың бағалар.
2 - жүргізуші:
Ақ тілеулі кең пейілді аналарымыз өмірдің бастауы, тіршіліктің сәні. Аналар біздің басты байлығымыз. Ана - адамзат мекен еткен жер шарының әр түкпірінде, әр үйде мейірім мен мерейдің, достық пен туыстықтың туын тіккен аяулы жан.
Келесі кезекте көрініс.
2 - жүргізуші:
Адам ең алдымен ана алдында қарыздар. Ана қарызы алтынға бөлеуді, ақ орда салуды қаламайды. Ана баласының ер жетіп адал болуын қалайды. Анаға осыдан басқа артық тарту таралғының керегі жоқ.
1 - жүргізуші:
Мұсылман қауымы анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да қарызыңнан құтыла алмайсың деген. Сондықтан да бәріміз де ана алдында қарыздармыз. Сол борышты өтеу бізге міндет.
Әдеби монтаж.
5 - оқушы:
Адам зат қуат алар ақ сүтіңнен,
Мәпелеп әлдилеген пейілің кең.
Аналық махаббатың кәусар бұлақ,
Сөнбейтін ақ жүрегің мәңгі шырақ.
Ән:
Диана Әсем. « Арулар - асыл жандар»
2 - жүргізуші:
Аналардан нәр алған бұл көк пен жер
Аналар деп келеді гүл көктемде.
Аналардың сүтімен ер жеткендер
Өнерлерін күйменен селт еткендер
Тамсандырар сендерді бұл жігіттер.
Би: Қамшы би
1 - жүргізуші:
Ана деген - бастауы ұлылықтың,
Ана деген - рәмізі сұлулықтың.
Ана деген бір жыр бар шырқалатын
Асқақтатар биікке ұрпақ атын.
Мәнерлеп оқу «Менің анам»
2 - жүргізуші:
Ән шырқалар бақытымен бағымен
Ән айтылса ұйып тыңдар жанымен
Ән айтпақшы Әсем сынды қызымыз
Өшпес ыстық, алаулаған жалынмен
Ән: Апатайым
1 - жүргізуші:
Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,
Тәтті ұйқыңды бөліп талай үн қаттың.
Өміріме нәрін берді ақ сүтің,
Кең құшағың аясындай гүл бақтың.
2 - жүргізуші:
Міне, құрметті қонақтар, ұлағатты ұстаздар, аяулы арулар, оқушылар сіздерге арнап дайындалған « Ана - өмір шуағы» атты тәрбие сағаты осымен аяқталды.
Ана - өмір шуағы
- Жұмакүл
- 19 қазан 2013
- 22416
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Тәрбие сағаты, 8 наурызға арналған сценарий
Ұқсас жаңалықтар:
Ана - өмірдің гүлі
Тәрбие сағаты Тақырыбы: «Ана - өмірдің гүлі» Сабақтың мақсаты: 8 - наурыз Халықаралық әйелдер күнімен аналарды құттықтау....Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Онды орта мектебі, тарих пәні мұғалімі Саламатова Алтынгүл...Анасы бар адамдар ешқашан картаймайды
Тақырыбы: Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды. Мақсаты: Анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, Ананы құрметтеу, сыйлай білуге, оқушылар...Ана - өмірдің шуағы
Мақсаты: Ана - өмірдің шуағы, ана - өмір гүлі, анаға тек ұлылық тән екенін ұғындыру. Анаға деген бала махаббатын ояту: Анасын сүю арқылы еліне,..."Қарттарым, аман-сау жүрші"
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы № 1 орта мектеп тәлімгері: Мунайтбасова Жулдыз Темирхановна...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.