Сайтқа кіру Тіркелу

Қылмыс үшін кім жауапты

Сыныбы: 9 сынып
Тақырыбы: “Қылмыс үшін кім жауапты”
Мақсаты: Оқушыларды қылмыстан аулақ болуға тәрбиелеп, ата – ана жауапкершілігін ұғындыру, баланың жазаға тартылатынын түсіндіруді мақсат еткен едім.

Қатты тәртіп көрсе бала күнінде,
Өнерімен қуантады түбінде.
Бала нені білсе жастан ұядан
Өле – өлгенше соны таныр қиядан,-
депті ХІ ғасырда өмір сүрген Жүсіп Баласағұн. Ғұламаның құнды, шыңның шыңына жетіп, түйген тәрбиесі – бұл отбасы, яғни, әке мен шешенің қатты тәрбиесі. Сол тәрбиені бала жасынан сіңірсе, танығаны да, тапқаны да сол болмақ.
Түрі: сыныпішілік сайыс
Көрнекілігі: Слайдтар, проектор, компьютер

Барысы:
1. Топтар өздерін таныстырады. (эмблема, ұраны, топтың аты)
2. Сұрақ – жауап сайысы
3. Мақал - мәтелдер сайысы
4. Ситуациялық сұрақ
5. Капитандар сайысы
6. Қолқа салу.
7. Қорытынды.

Әр сайыста балдар беріледі, жоғарғы ұпай 10, төменгі ұпай - 5. Кімде көп ұпай болады, сол топ жеңімпаз атанады. Енді1-кезеңіміз сайыскерлерімізді екі топқа бөлеміз.
І - топ. Қоғам
ІІ - топ. Құқық

ІІ кезең. Сұрақ – жауап сайысы
І Қоғам тобының сұрақтары1. Қылмыс дегеніміз не? (қылмыс дегеніміз – заң деп танитын әрекет немесе әрекетсіздік)
2. Ата – ана баласы алдында қандай міндеттерді атқаруы керек? (балалардың денсаулығын қадағалау, оларды дұрыс тәрбиелеу, орта білім алуын қамтамасыз ету)
3. ҚР Конституциясы қашан қабылданды және биыл оған неше жыл толды?
(1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдум ҚР – ның жаңа Конституциясын қабылдады. Биыл соған 13 жыл толды)
4. Жазаның қандай түрлері болады? Бала жазаға неше жастан тартылады?
(16 жастан тартылады. Түрлері айып салу, құқықтан айыру, қоғамдық жұмысқа тарту, еңбекпен түзету жұмысы, бас бостандығын шектеу)
5. Баланың құқықтарын ата (денсаулығын сақтауға, тегін орта білім алуға, дәрігерлік көмек алуға, өмір сүруге)

ІІ Құқық тобының сұрақтары
1. Құқық дегеніміз не?
(Құқық дегеніміз – мемлекет тарапынан заңдастырылған және қорғалатын, жалпыға бірдей міндетті нормалар жүйесі)
2. Оқушылардың міндеттерін ата?
(сабақты себепсіз босатпау, сабақ кестесі бойынша сабаққа дайын болу, сабақта тәртіп бұзбау, мектеп мүлкін бүлдірмеу, сабақ жүргізуші ұстаздың қойған талаптарын орындау)
2. ҚР Конститутциясы неше бөлімнен және неше баптан тұрады, онда нелер айтылған?
(9 - бөлім, 98 - баптан тұрады, онда: жалпы ережелер, сот, президент, үкімет, адам құқықтары туралы айтылған)
3. Неше жастан бастап қылмысы үшін жауапкершілікке тартылады?
(14 - жастан бастап жауапқа тартылады мынадай қылмыстары үшін: кісі өлтіру, тонау, ұрлау, бұзақылықтың ауыр түрін жасау, қаруды, әскери оқ - дәріні ұстау, қорқыту, терроризм)
4. Жазаны жеңілдететін жағдайлар қандай?
(адам аңдаусызда жасап алған қылмысына шын жүректен өкінсе, кінәлі істеген қылмысының зардабын өзі жойса)

ІІІ кезең. Мақал – мәтел сайысы
1. Қоғам тобы: Ұрлық түбі – қорлық.
2. Өтірік өрге баспас.
3. Тәрбие - тал бесіктен.
4. Адамсыз қоғам жоқ, қоғамсыз адам жоқ.
5. “Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің”.
6. Әкеге қарап ұл өсер, Анаға қарап қыз өсер.
1. Құқық тобы: Ақылды болсаң арыңды сақта, ар ұят керек әр уақытта.
2. Ақылдан артық хандық жоқ,
Жомарттан артық нарлық жоқ.
3. Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.
4. Өлімнен ұят күшті.
5. Ұят - иманға тән.
6. Татулық - табылмас байлық.

IV кезең. Көрініс
Қоғам тобына: Мектепте үзіліс кезінде Мақсат Қайраттың кітабын ұрлап алды. Қайрат кітабының жоғалғанын сынып жетекшісіне айтты. Сынып жетекшісі жұмыс жүргізе келе кімнің ұрлағанын анықтады.
Сұрақ: Сенің ойыңша Мақсат қандай жаза тартуы керек?

Құқық тобына: 14 және 16 жастағы екі жасөспірім кешке өз аудандарында серуендеп жүріп, бірнеше телефон автоматтардың трубкаларын жұлып алды. Ол тірліктері полиция нарядымен тоқтатылды.
Сұрақ: кім және қандай тәртіппен оларды жауапкершілікке тартады.
Капитандар сайысы: Екі топтың капитаны “қылмыскер” сөзінен бірнеше сөз құрау керек.

VI кезең.
Қолқа салу. Жеңілген топ жеңген топқа бір сұрақ қоюы тиіс.
VIІ кезең. Қорытынды бөлімде 2 топтың білімдері бағаланып, озаттары марапатталады.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Құқықтық сауаттылық – заман талабы

Құқықтық сауаттылық – заман талабы

Мақсаты: 1. Оқушылардың құқықтық білімдерін тексере отырып, жауапкершілікті арттыру, алдына мақсат қоя білуге баулу. 2. Оқушылардың ойлау, тыңдау,...
Құқық бұзушылық және жасөспірім

Құқық бұзушылық және жасөспірім

Мақсаты: Құқықтық тәрбиенің өмірлік қажеттілігін оқушыларға түсіндіру. Құқықтық тәрбиенің, жігердің қоғамда маңызы зор екендігі түсіндіріп құқықтық...
Үздік құқықтанушылар

Үздік құқықтанушылар

Мақсаты: а) Білімділігі: Оқушылардың құқықтық білімдерін жетілдіру, құқықтық білім әр адамның өзіне керек екенін ұғындыру, заң алдындағы...
Құқық- әділет пен парасат жолы

Құқық- әділет пен парасат жолы

Мақсаты: Білімділік – оқушыларға адам құқықтары мен бостандықтары жайлы баптардан түсінік қалыптастыру, құқықтық білімдерін толықтыру; Дамытушылық –...
Құқықтық тәрбие

Құқықтық тәрбие

Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Сағыз селосы №9 орта мектептің информатика пән мұғалімі Матеуова Жанаргүл Нұрымқызы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×