Сайтқа кіру Тіркелу

Озық ойлы оқушы

Сыныптан тыс жұмыс
"Озық ойлы оқушы" интеллектуалдық сайысы
Мақсаты:
Оқушылардың білімге деген құштарлығын ояту; танымдық қабілеттерін арттыру; шешендік сөз өнеріне баулу, тілге деген құрмет сезімін ояту; жеңіске деген ұмтылысын ынталандыру; ерік пен жігерін шыңдау.
Құрал - жабдықтар: интербелсенді тақта, слайдтар.
Тұлпарлар дүбірлетер шабысқанда,
Бәйгеден жүйрік озар жарысқанда.
Өзіңді сынап көргің келсе егер,
Білімнің бәйгесінен қалыс қалма!
І тур. Бәйге
1. Натурал санға жатпайды
а) 1
в) 10
с) 0
д) 1000
2. Апаңның күйеуі саған кім болады?
а) көке
в) жезде
с) әке
д) ата
3. Өсімдіктің қай мүшесі суды буландырады?
а) тамыр
в) жапырақ
с) сабақ
д) тұқым
4. Цифрлары әртүрлі ең үлкен екі таңбалы сан
а) 10
в) 90
с) 99
д) 98
5. «Бармағын тістеді» дегенді қалай түсінесің?
а) қуанды
с) ренжіді
в) өкінді
д) қобалжу
6. Желтоқсан айында неше күн бар?
а) 30
в) 31
с) 29
д) 28
7. Қатаң, ұяң, үнді дауыссыздары бар сөз
а) қармақ
с) мұнай
в) балапан
д) сөмке
8. Мен ойлаған санға 13 - ті қосқанда 30 шықты. Мен ойлаған қандай сан?
а) 43
в) 7
с) 17
д) 6
9. Барлық жерде бар нәрсе.
а) топырақ
с) су
в) ауа
д) ағаш
10. Артығын тап
а) барыс
с) түлкі
в) қасқыр
д) қоян
11. У қай сөзде дауыссыз?
а) уақыт
с) шашу
в) қару
д) ерулік
12. Тіктөртбұрыштың периметрін тап.
6 см
3 см
а) 9 см
в) 18 см
с) 6 см
д) 16 см
ІІ тур. Дода
Математика
1. 9 +х = 12 теңдеуінің шешімі нешеге тең? 3 - ке тең
2. 15 - тен 7 - еуі кем қандай сан? 8 саны
3. 50 санының көршілерін ата 49 және 51
4. Асанның 100 теңгесі бар еді.
Ол 40 теңгелік 2 нан сатып алды.
Сатушы Асанға неше теңге қайтарды? 20 теңге
5. Сыныпта барлығы 23 оқушы бар. Оның
10 - ы қыз бала, Қалғаны ұлдар. Ұлдар нешеу? 13 ұл
6. Берілген үшбұрыштың бұрыштары қандай? Сүйір
7. 1 жылда неше ай бар? 12 ай
Дүниетану
1. Өсімдікті жасыл түске бояйтын зат хлорофилл
2. Мұнайды қалай өндіреді? бұрғылау арқылы
3. Құбылнаманың көк тілі қай тұсты көрсетеді? солтүстікті
4. Өсімдікті топыраққа бекітіп тұратын мүше. тамыр
5. Бидай қандай жеміске жатады? құрғақ
6. Ақбөкен немен қоректенеді? шөппен
7. Теңіздің суы қандай? ащы
Спорт
1. Қызылорданың футбол командасы қалай аталады? Қайсар
2. Шахмат тақтасында неше тор көз бар? 64
3. Боксшылар қай жерде күш сынасады? рингте
4. Олимпиада чемпионы атанған қызылордалық зілтемірші Илья Ильин
5. VІІ қысқы Азиада ойындары қай қалада өтеді? Алматы мен Астанада
6. Футболда 1 тайм неше минутқа созылады? 45 мин
7. Волейболды барлығы неше адам ойнайды? 12 адам
Өнер
1. Хорды кім басқарады? дирижер
2. Теріден жасалатын ұрып ойнайтын аспап дабыл
3. Музыканың қатты орындалуы форте
4. Әнде әр шумақтан соң қайталанады қайырма
5. Затқа қарап салған суретті не деп атайды? натюрморт
6. Табиғат бейнеленген сурет қалай аталады? пейзаж
7. Бояу араластыратын тақтайша қалай аталады? палитра
Салт - дәстүр
1. Жаңа зат сатып алған адамға не береді? байғазы
2. Қуанышты хабарды айтпас бұрын не сұрайды? сүйінші
3. Сәби алғаш қаз тұра бастағанда жасалатын дәстүр тұсаукесер
4. Ағаңның келіншегі саған кім болады? жеңге
5. Жаңа көшіп келген көршіге берілетін ас ерулік
6. Киіз үйдің ең жоғарғы бөлігі қалай аталады? шаңырақ
7. Жылқының төлін не деп атайды? құлын
ІІІ тур Жорға
А
1. Тік бұрыштан үлкен бұрыш доғал
2. Бірде дауысты, бірде дауыссыз болатын дыбыс у
3. Ең үлкен бір таңбалы сан 9
4. Қызылорданың бұрынғы аты Ақмешіт
5. Күн талтүсте қай тұстан көрінеді? оңтүстіктен
6. Аспаз қамырды немен жаяды? оқтаумен
7. Күйді қай аспапта орындайды? домбырада
В
1. Тік бұрыштан кіші бұрыш сүйір
2. Алфавиттің ең соңғы әрпі қандай? Я
3. Ең кіші екі таңбалы сан 10
4. Астананың бұрынғы аты Ақмола
5. Үнемі солтүстіктен көрінетін жұлдыз темірқазық
6. Әншілер ән айтқанда қолына не ұстайды? микрофон
7. Музыкалық нота саны нешеу? жетеу
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×