Сайыс жоспары
Тақырыбы: Табиғат – тіршіліктің тірегі
Мақсаты: дүниетану пәнінен алған білімдерін тексеру, оқушылардың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, табиғатты қорғауда жауапкершілікті қалыптастыру, табиғатқа деген мейірім мен ықыласын, табиғат байлықтары мен жан - жануар, өсімдіктерге жанашырлықпен қарауға тәрбиелеу.
Түрі: сайыс
Формасы: топтық
Көрнекілігі: слайдтар, табиғат көріністері суреттері, нақыл сөздер, қима суретттер, парақшалар,
Сайыс жоспары:
1. Бәйге
2. Нақыл сөз - білгенге ақыл сөз
3. Есте сақта
4. Капитандар сайысы
5. Табиғат суреттері
Барысы:
Мұғалім: Табиғат - тіршілік атаулының құтты қоныс мекені, тіршіліктің түлеп өсуіне қажетті нәрі, жер бетіне көрік берген сәні. Табиғат, Жер - Ана, атамекен, туған жер деген ұғымдар бір - бірімен тамырлас, әрі тағдырлас.
Табиғат! Осы бір жүрекке жылы, көңілге қонымды естілетін салиқалы сөзде қаншама мазмұн, терең мағына, ұлағатты мол ұғым, тұжырымы кең, ой жатыр десеңізші!
Табиғат - адам бойында адамгершілік абзал қасиеттерді қалыптастыратын ұлағатты ұстаз, тәлімі мол тәрбиеші.
Ендеше, ұлы табиғатымыздың құрметіне бүгінгі білімділер сайысын өткізейік.
Сайысқа 3 топ қатысады.
1 - топ: Аспан
2 - топ: Жер
3 - топ: Су
Сайыс шарттары:
1. Бәйге
2. Нақыл сөз - білгенге ақыл сөз
3. Есте сақта
4. Капитандар сайысы
5. Табиғат суреттері
Әділ қазылар алқасымен таныстыру.
Сонымен сайысымызды бастайық.
1 - кезең «Бәйге» деп аталады.
Шарты: интерактивті тақтада 10, 20,, 30 ұпайдан тұратын ұяшықтар болады. Әр топ қалаған ұяшықтарын таңдап, ондағы сұрақтарға жауап береді. Топ 3 рет ұяшық таңдайды. Ұпай ұяшықтың санына байланысты.
10 ұпайлы ұяшық сұрақтары:
1. Жазық деген не? Жазық түрлерін ата
( Жазық деп құрлық бетінің тегіс немесе сәл белесті алқаптарын айтады. Түрлері: тегіс және бедерлі).
2. Кенді пайдалы қазбаларды ата.
( Темір, мыс, қорғасын, алтын, алюминий, никель, графит).
3. Ауа қоспасындағы ең көп газ
( Азот).
20 ұпайлы ұяшық сұрақтары:
1. Қазақстанның қорықтары
( Наурызым, Барсакелмес, Ақсу - Жабағылы, Марқакөл, Алматы, Үстірт, Алқакөл, Қатон - Қарағай, Қорғалжын).
2. Қазақстаның өзендері
( Сырдария, Жайық, Іле, Ертіс, Есіл, Жетісу, Тобыл).
3. Қазақстандағы биік таулар
( Тянь - Шань, Алтай, Іле Алатауы, Жоңғар Алатауы).
30 ұпайлы ұяшық сұрақтары:
1. ҚР тәуелсіздігін ең алғашқа болып мойындаған қай мемлекет?
( Түркия).
2. ҚР БҰҰ қашан мүше болып кірді?
( 1992 жылы наурыз).
3. Семей атом сынақ полигоны қашан жабылды?
( 1991 жыл).
2 - сайыс «Нақыл сөз - білгенге ақыл сөз» деп аталады.
Шарты: әр топ табиғат, туған жер туралы мақал - мәтелдерді жазады. Бұл сайысқа 1 минут уақыт беріледі. Осы уақыт ішінде көп мақал жазған топ жеңімпаз болады. Әр топтан бір оқушы ғана жазады.
3 - сайыс «Есте сақта» деп аталады.
Шарты: тақтада дүниетану пәніне қатысты бірнеше ұғым, заттардың суреттері шығады. Суретке мұқият қарап алу үшін 1 минут уақыт беріледі. 1 минуттан соң суреттер өшіріледі де, оқушылардығң есте сақтап қалған суреттердің атын жазуларын сұраймын. Ең көп суретті есте сақтап қалған топ жеңімпаз атанады.
Суреттер: глобус, карта, компас, тау, өсімдік, қасқыр, түлкі, қоян, көмір, бұлт, күн. жауын - шашын, адам, мұрын, көз, аяқ, қол.
4 - сайыс «Капитандар сайысы»
Шарты: әр топ басшысы табиғат, туған жер туралы өлең оқу керек. Бұл сайыста өлеңнің мазмұнына және мәнерлеп оқуға басты назар аударылады.
5 - сайыс « Табиғат суреттері» деп аталады.
Шарты: әр топ үйден табиғат тақырыбына сурет салып әкеледі. Сол салған суреттерін таныстырып, түсіндіреді.
Мұғалім: Сонымен, балалар, бүгінгі біздің сайысымыз өз мәресіне жетті.
Көрініс: «Аңшы мен бала»
- Құс аулауға шығамысың?
- Шығамын.
- Атқаныңды жығамысың?
- Жығамын.
- Міне мылтық атамысың?
- Атамын.
- Құсың қайда қарағым - ау?
- Атпадым.
- Таппадың ба тоғайдан құс?
- Таппадым.
- Көп еді ғой көлде құс.
- Көп екен.
- Неге атпадың?
- Түк дәлелім жоқ екен.
- Атуға сен қимадың ба?
- Қимадым
Туған жердің құстарын да
Өзіне қайта сыйладым.
Марапаттау сәті
Мұғалім: Өзіміздің анадай аялаған туған жердің табиғатына сүйіспеншілікпен қамқорлық жасап, қорғау - әрқайсымыздың азаматтық абзал борышымыз және парасатты парызымыз.
Қазақстан - атамекен, жер - анам,
Ата - баба өсіп - өнген кең далам.
Қазақстан сенде туып, сенде өстім,
Қарыздармын сол үшін де мен саған.
Қазақстан - туған жерім, киелім,
Қасиетіңді қастерлеп, басымды да иемін.
Табиғатың тұнып тұрған қазына,
Соның бәрін аялаймын, сүйемін.
Табиғат – тіршіліктің тірегі
- Гү
- 12 мам 2013
- 15757
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Бастауыш сынып, табиғат тіршіліктің тірегі, Сайыс сабақ
Ұқсас жаңалықтар:
Жанды және жансыз табиғат
Мақсаты: 1. Жанды табиғат, оның тіршілік ортасы және жансыз табиғатты қайталанбас құбылыс түрлері туралы білімдерін жетілдіру....Табиғатты аялайық (шығарма)
Табиғат тіршіліктің құт - берекесі. Табиғатты қорғау міндетіміз....Табиғатты аялай да, бағалайык та білейік
Оңтүстік Қазақстан облысы,Шымкент қаласы, №25 Т. Рысқұлов атындағы мектеп - гимназиясы Кененбаева Жанар Кулахметовна...Табиғат - тіршілік көзі
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, № 1 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Мұздыбаева Раушан Хасенқызы...Жер ортақ үйіміз
Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы,Қайрат Рысқұлбеков атындағы №33 жалпы білім беретін орта мектеп Биология пәнінің мұғалімі Турысбекова Гульмира...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.