Сайтқа кіру Тіркелу

Ұстаз

Сабақтың тақырыбы: «Ұстаз» (презентациясымен)
Сабақтың мақсаты:
Мұғалімнің білім берудегі орны мен оның адамгершілігі жайында оқушылар ұғымы кеңейеді.
Мұғалім еңбегінің құнын түсінуге, оның жақсы жақтарын өмірде үлгі етуге уағыздай отырып, оқушылар адамгершілікке, әдептілікке, мұғалімді құрметтеуге тәрбиеленеді
Сабақтың түрі:(СТО) технологиясы, топтық
Сабатың әдісі: ой шақыру, топтастыру, сұрақ қою қайтадан сұрақ қою, әлемді шарлау, бес жолды өлең
Көрнекілігі: суреттер, сызбалар, слайдтар «Мектеп өмірі» бейнетаспа
Міндеттері:
1.Мазмұнға байланысты міндеттер
Мәтіннің тақырыптық негізін тани алады.
2. Сын тұрғысынан ойлауды дамытуға байланысты міндеттер:
- Мәтінмен жұмыс істей отырып талдау жасайды, өз қарасын білдіріп, пікір айтады.
3. Топтық жұмысқа байланысты міндеттер:
- бір - бірімен пікірлесе отырып, ортақ қорытынды шығарады, білгенін ортаға
салуға үйренеді
4. Бағалау (бағалау парағы)
Сабақтың барысы
І Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды сабаққа даярлау
1. Қызығушылықты ояту, мерекелерге сабаққа қатысу, қатысу, үй тапсырмасын орындау, күнделік толтыру, үзіліске шығу
Алғаш мектепке келген кездерін әңгімелеу (бейнетаспадан үзінді көрсету )
Топтастыру стратегиясы
- Ұстазды кім деп айтуға болады?
- Ұстаз қандай болады?
«Топтастыру»
Ең алғаш балаларды оқуға шақырған тұңғыш педагог кім?
Ыбырай Алтынсарин - қазақтың көрнекті ақыны, жазушысы. Ол қазақтан шыққан тұңғыш педагог ағартушы ұстаз.
2. Мағынаны тану сатысы
а) Мұғалімнің мәтінді оқуы, түсіндіруі
Ұстаз, мейірімді, сезімтал. Ол нұрлы, шуақты адам. Саған әрқашан жол сілтеп жөн айтады. Мұғалім бағбан, ол гүл өсірушімен бірдей. Ол шаршамайды, талмайды. Үнемі сенің қамыңды ойлайтын ақылшың.
ә) мәтінді оқыту
Сұрақ қою қайтадан сұрақ қою
1, 2 жұптасу арқылы сұрақ қою
- Алғашқы ұстазын неге ыстық?
- Сенің алғашқы ұстазын кім?
- Ең алғаш мектепке келген кезіңді айтып бере аласың ба?
- Қай кезде ұстазыңның шашы ағарады?
3. Ой толғаныс сатысы (әлемді шарлау)
І топ «Менің ұстазым» эссе жазу
ІІ топ «Біздің мектеп»
ІІІ топ «Үлгілі оқушы»
«Бес жолды өлең»
І топ
Кітап
ІІ топ
Қоңырау
ІІІ топ
Қалам
Үйге тапсырма
Мәтінді оқу, мазмұндау
І топ Ұстаз туралы өлең шығару
ІІ топ Ұстаз туралы мақал жазу
ІІІ топ « Болашақтағы мектеп» сурет салу
Бағалау
№ Оқушының аты - жөні
Өзін - өзі бағалау
Топтың бағасы
Мұғалім бағасы
Қорытынды баға

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×